Зиянды жәндіктерден өсімдіктерді қорғау



Дата06.07.2017
өлшемі69.2 Kb.
#26582
ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРДЕН Өсімдіктерді қорғау
Агадиева М.С – ж.ғ.м,оқытушы

Бисалыева Р.Н-ж.ғ.м,оқытушы


Өсімдік зиянкестері ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің белгілі бір мүшесіне бейімделіп, сонымен қоректенген болса – тамыр, сабақ, жапырақ, бүршік, гүл, жеміс т.б. зиянкестері деп ажыратылады. Олардың таралуы және егістіктің белгілі бір өсімдіктерінде зиянкестердің бірнеше түрлерінің шоғырланып қалыптасуы – қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер түрлерінің сол ортаға бейімділігімен тікелей байланысты. Қоршаған орта факторларының үйлесімділігі (жылылығы, ылғалдылығы, жауын-шашыны, жыртқыштары, тоғышарлары) көптеген зиянкестердің көбеюіне әкеліп соқтырады. Оның алдын-алу үшін карантин ережесін сақтай отырып, ұйымдастырушылық, агротехникалық, биологиялық және химиялық шараларды дер кезінде қолдану керек. Өсімдік зиянкестерінен арылу үшін агротехникалық (ауыспалы егіс тәртібін сақтау, тыңайтқыш шашу, арамшөптерді отау, т.б.), биологиялық (өсімдік зиянкестерінің паразиттерін, табиғи жауларын пайдалану), физика-механикалық (зиянкестердің өсіп-өнуіне тосқауыл қою, олардың жұмыртқаларын құрту), химиялық (улы химикаттарды пайдалану), биофизикалық және биохимиялық шаралар қолданылады. Өсімдік зиянкестерінен қорғанудың теориялық және практикалық мәселелерімен Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты мен республикалық тиісті мекемелер айналысады.

Мәдени өсімдіктердің зиянкестері – дәнді дақылдар мен мәдени өсімдіктерді зақымдаушы және олардың тіршілігін жоюға әкелетін жәндіктер. Өсімдіктерге зиянкестер мен аурулардың зардабынан келетін шығын өте көлемді. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы (ФАО) жөніндегі ұйымының мәліметі бойынша азық-түлік дақылдарының әлемдік ықтимал өнімінің жылма-жыл әлемдік шығыны шамамен 20-25 % құрайды.

Мәдени өсімдіктердің зиянкестерінің саны көп және әр түрлі. Оларға құрт-құмырсқалар, кенелер, қарынаяқты молюскалар өкілдері, жалаңаш шырыштылар, зиянды кеміргіштер жатады. [1,2]

Ал зиянкеспен негізгі күрес шаралары мыналар.



Химиялық күресу шаралары. Өсімдіктердің химиялық күресу шаралары зиянкестерлерге (құрт-құмырсқалармен, кенелермен, саңырауқұлақтармен, кемiргiштермен тағы басқалардың) бұл организмдердің дамытуын құртып немесе тоқтатуға қабiлеттi химиялық заттарды қолдануда негізделген.  Өсiмдiктердiң химиялық қорғау құралдарының кең тараған атауы – пестицидтер (лат pestis- зиян, қирату;  caedo- өлтіру). Пестицидтердiң ерекшелiгi олардың улылығында немесе улағыштықта болады, тағы бір ерекшелігі азғантай санымен организмдердің нормалы тіршілік әрекетін бұзып, тіршілігін тоқтатады.

Улағыштықтар мөлшерін анықтайтын заттар доза немесе мөлшерлеу болып табылады, организмның улануы үшiн жеткiлiктi. Дозаны организммен салыстырғанда удың массасы бiрлiктерiндегi негiзiнен бiлдiредi немесе оның денесiнiң массасының бiрлiгiне (мг/г, г/кг). Организмге улы әсердiң дәрежелерi бойынша дозалар танып бiледi: өлiммен аяқталар немесе өлiм, пестицидтің аз мөлшері, организмеде қайтымсыз өзгерiстерге және өлімге әкеледі; сублетальді - организмді қайтымсыз өзгерістерге, бірақ өлімге әкелмейді; табалдырықты — организмнің тiршiлiк әрекетiндегi (әдетте аударылатын) болмашы өзгерiс шамданған доза.

Қылқан зиянкестері ұзақ уақыт бойы түсуіне байланысты химиялық күресу шаралары тиімді болады. Мұндайда химиялық препараттар өзінің улағыш қасиетін ұзақ уақыт бойы сақтай алуы қажет. Осы талапқа сай келетін химиялық препарат — бұл ГХЦГ гамма - изомерінің 16%-дық минералды — майлы эмульсиясы. ГХЦГ гамма — изомерін қолдану мүмкін болмағанда, пиретроидті инсектицидтерді қолданған жөн.

Әлсіреген ағаштарды химиялық жолмен қорғаумен қатар, жаңа отырғызылған ағаштардағы қоңыздарды ұшып шығардың алдында және қыстайтын жерінде құртуға болады. Улы химикаттар кабықтың қатпарлы арасымен аға отырып, қабықжегі зиянкестер бұрғылаған тесіктеріне, қабық астына кіреді. Соның нәтижесінде, дернәсілдер, қуыршақтар, жас қоңыздар қырылып, өз тіршіліктерін жояды. Ал ұшып шығу кезінде аман қалған қоңыздар қабық бетіндегі улы химикатпен уланып өледі. Қылқан зиянкестері қарсы қыстайтын жерлерінде күресу үшін топырақтың бетін, тамырлар жүйесін және ағаштың негізгі қылқанын улы химикатпен өңдеу жүргізіледі (1 «м» ауданға — 0,25-0,5 л улы сұйық жұмсалады).

Жалпы, кылқан зиянкестері жәндіктерге қарсы ұйымдастырылған күресті дұрыс жүргізе білу керек. Сондай — ақ, сол қабықжегі зиянкестермен күрестің нәтижесі жақсы болуы үшін, олардың биологиясын жақсы білу талап етіледі. Әр түрлі қылқан түрлеріне әр түрлі әдіс қолданылмаса, барлығына бірден-бір әдіс әсерлі бола алмайды.

Осы зиянкес жәндіктерге қарсы химиялық заттарды пайдалану басқа әдістерге қарағанда тиімді. Улағыш дәрілер инсектицид деп аталады. Инсектицидтерді қолдану тәсіліне қарай ішкі мүшелерге әсер ететін және сырттан әсер ететін улы заттарға бөлінеді. Ішек арқылы ішкі ағзаға әсер ететін химиялық затты бунақдене көп кездесетін жерге шашады. Сонда бунақденелер еліктіргіш затты жеп, уланып, қырылады. Сырттай әсер ететін улы затты газ немесе сұйық күйінде пайдаланады. Бұл зиянкес жәндіктердің терісі арқылы әсер етеді. Соңғы кезде химиялық улы заттар аса сақтықпен пайдаланылуда [6]



Химиялық өңдеулер жүргiзу. Химиялық өңдеулер зиянкестер мен аурулар зиянкестiктiң экономикалық шегiнен артық таралған жерлерде жүргiзiледi. Өсiмдiктердiң зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте арнайы аппаратура қолданылады. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi жұмыстарды орындаушы фирмалар да конкурстық негiзде айқындалады. "Агроөнеркәсiптiк кешеннiң салаларын несиелендiру және мемлекеттiк iс-шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар бiрiншi кезекте мемлекеттiк қор жерлерi мен шекаралас мемлекеттермен шектесетiн аумақтарда жүргiзіледi. Химиялық iс-шараларды жүргiзудiң көлемi жыл сайын мониторингтiк зерттеулердiң негiзiнде айқындалады. [3,4]

Агротехникалық iс-шаралар жүргiзу. Агротехникалық iс-шаралар зиянкестер мен аурулардың орнығу (зақымдану) тығыздығын азайту мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң өз күшiмен және қаражатының есебiнен жүргiзiледi. Шегiртке тұқымдастарына қарсы күресу үшiн қолданылатын егiншiлiк жүйесiне, егiс айналымының сызбасына қарай күзгi және көктемгi кезеңдерде культивациялау немесе дискiлеу, немесе тiстi тырмалармен тырмалау жүргiзiледi. Бұдан басқа, күзде сүдiгерлiк өңдеу жүргiзуге болады. Агротехникалық iс-шараларды жүргiзудiң көлемi де жазғы-күзгi кезеңдерде жүргiзiлетiн зерттеулердiң негiзiнде айқындалады және зиянкес пайда болған алқаптарда өнімді жинап алысымен, қалған өнім қалдықтарын жинап кемінде 50 см тереңдікте топырақ қабатына көміп жою керек.

Жерді терең етіп жырту,ауыспалы егістің тәртібін сақтау, егіске шекаралас жерлердегі арамшөптерді жою қажет. Зиянкестертің аналығы жұмыртқасын сала қоймайтындай үлкен түйіндердің пайда болуына жағдай жасайтындай мәдени өсімдіктердің ерте пісетін сорттарын ерте егу қажет.

Биологиялық күресу шаралары. Табиғатта организмдердің әр түрлi түрлердiң арасындағы антагонистiк арақатынастардың болуында негiзделген. Әдiстiң тәжiрибесiнде олардың тiршiлiк әрекетiнiң өнiмдерi, микроорганизмдер, сонымен бiрге энтомофагтарды қолданылады. Биологиялық әдіске энтомофагтардың тіршілігіне қолайлы жағдай жасау жатады. Энтомофагтар (жыртқыш аңдар және арамтамақтар) және патогендiк микроорганизмдер зиянкестерлердің санын шектейтiн табиғи факторларға жатады. Жыртқыш аңдар олардың жұмыртқасын, дернәсілдерін, қуыршақтар немесе имаголарды құртады.  Микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, және т.б) зиянкестерлерді ауруға шалдықтырып өлімге әкеледі. Орман зиянкестерлердің жыртқыш аңдары буынаяқтыларға және омыртқалы жануарларға көбiнесе жатады.

Буынаяқтыларға өрмекшi тәрiздi және құрт-құмырсқаларды жатқызады. Кенелер және питомникте кең таралған өрмекшiлер жұмыртқаларды, майда дернәсілдерді және әртүрлi зиянкестерлердің имаголарын құртады.

Барлық жерде орман биоценозында пайдалы сасық қоңыздардың дернәсілдері кездеседі, олар әр түрлі зиянкестерлердің дернәселдерін,  қуыршақтарын жояды. Әсіресе қызылденелі сасық қоңыздар пайдалы.

Химиялық әдістерге қарағанда биологиялық әдістің пайдасы көп. Оларды қолданған кезде қоршаған орта пестицидтермен ластанбайды. Биологиялық әдістің адамға, өсімдікке, орман биоценозына кері әсер етпейді. Олар ақырын әсер етсе де, көпке дейін зиянды жәндіктердің санын ұзақ уақыт көбейтпей тұрады.

Механикалық және физикалық күресу шаралары. Бұл шара әр түрлі физикалық, механикалық құралдарды және құрал-саймандарды қолдана отырып зиянкестерді жояды. Бұл шаралар өте ауыр, оны үлкен аудандарда, басқа күресу шаралардың тиімсіз болған жағдайда қолданады. Бұл әдістің ерекшелігі адам өміріне және қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Питомниктерде зиянкестердің дернәсілдерін, қоңыздарын, қуыршақтарын жинап, көзін құртады.Топырақты жыртуда және культивация жасағанда топырақта өмір сүретін зиянкестердің дернәсілдерін механикалық құрылғылармен, қалғандарын қолмен жинап алуға болады содан кейін оларды жояды. [6,7]

Қорыта айтқанда:

Өсімдіктердің зиянкестерiне және ауруларына қарсы күрес жөнiндегi жедел iс-шаралар өзiнiң мазмұны бойынша бiрдей, бiрақ оларды жүргiзудiң мерзiмдерiмен ғана ерекшеленетiн жұмыстарды жыл сайын орындауды көздейдi дей келе, осы жұмысты зерттеуді ары қарай жалғастыруды жалғастырамын.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Жемчужина А.А., Стенина Н.П., Тарасова В.П. Защита растений на приусадебных участках. - Ленинград: Агропромиздат, 1985. - 264с.

  2. Приусадебный сад и огород / под редакцией П.К. Шувалова. - Саратов: Приволжское книжное издательство, 1984. - 240с.

  3. Сусидко П.И., Писаренко В.Н. Защита садовых и овощных культур без применения пестицидов. – М.: Росагропромиздат, 1991. - 78с.

  4. Краюшкина Н.С., Дадыко В.И., Иванова К.А. Уход за садом. - Ленинград: Агропромиздат, 1986. - 191с.

  5. Хессайон Д.Г. Всё о болезнях и вредителях растений. – М.: Кладезь-Букс, 2008. – 128 с.

  6. Список химических и биологических препаратов борьбы с вредителями и болезнями, разрешенных для применения в сельском хозяйстве на 2004 г. – М.: 2004. – 148 с.

  7. Санитарные правила по хранению, транспортировке и применению пестицидов (ядохимикатов) в сельском хозяйстве. – М.: Агропромиздат, 1991. – 45 с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет