Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстары мен нұСҚаулықтары



Дата21.01.2018
өлшемі406.2 Kb.

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы
Орман ботаникасы пәні бойынша

5В080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы ісі мамандығының студенттеріне арналған




ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________



Құрастырушы: _________ б.ғ.к., аға оқытушы Мадиева Қ.М.


Биология және экология кафедрасы

Орман ботаникасы пәні бойынша

5В080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы ісі мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______ Исимбеков Ж.М. 20__ж. «____» ________


Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010ж. «25» қараша № 3 хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Бүркітбаева Ұ.Д. 20__ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛГЕН

ХТжЖФ деканы ____________ Ахметов Қ.Қ. 20__ж. «_____»_____________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20__ж. «_____»_______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама


Кіріспе
Ботаника - өсімдіктер дүниесі тіршілік формаларының алуан түрлілігі, олардың құрлысы мен тіршілік процестеріндегі заңдылықтар туралы ғылым. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.

Өсімдіктердің морфологиясының мақсаты студенттерді ботаниканың қазіргі ғылыми жетістіктері мен жинақталған білімге жүгіне отырып өсімдіктердің құрылыстық ерекшеліктерімен, өсу және даму заңдылықтарымен таныстыру.

Студенттер өсімдік клеткалары мен ұлпаларының, тамыр және өркендер жүйесінің морфологиясы және анатомиясы сонымен қатар өсімдіктің генеративтік мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктері туралы мәліметтер алып, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының басты бағыттарын, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізін, олардың жастық және маусымдық өзгерістерін білуі қажет.

Пәнді терең меңгеру үшін дәрістік курста, зертханалық жаттығуларда және оқу-далалық тәжрибелерде, табиғи тірі өсімдіктерді, гербарий қорын, препараттарды, жоба суреттерді, слайдтарды, кестелерді үйлестіре дұрыс пайдалана білуі қажет.

Студенттер алған білімін және пайдаланылған әдебиеттерін өздерінің теориялық деңгейін одан әрі тереңдету үшін пайдалана білуі керек.

Ботаника ғылымы туралы жалпы түсінік. Зат алмасу типтері. Өсімдіктердің адамдар өміріндегі маңызы. Өсімдіктер әлемін қорғау. Ботаниканың дамуы. Өсімдік морфологиясының бағыттары мен тәсілдері. Өсімдіктердің морфологиялық эволюциясы және онтогенетикалық дамуы. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктер морфологиясында қолданылатын жалпы биологиялық маңызы бар проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін тәсілдер.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мына білімді алуы керек: Өсімдіктің морфологиялық құрылысымен танысу; өсімдіктің анатомиялық құрылымын зерттеу тәсілін үйрену; өсімдіктің көбею түрлерін; өсімдіктер дүниесінің қазіргі классификациясын; өсімдіктің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын айқындай білу; негізгі өсімдіктің тұқымдастарын, туысын және түрінің белгілерін айыра білу; негізгі өсімдіктер тұқымының өнімділігін болжауды үйрену.

Оқылған материалды анализдеу, ең негізгісін анықтау, салыстыра білу, зерттелген құрылыстың себебін анықтау, дұрыс қорытынды шығару; ғылыми және оқулықты әдебиеттермен жұмыс істей білу; зертханалық техниканы дұрыс пайдалану; өсімдіктерді қорғай білуі керек.



МИКРОСКОП

1-тақырып. Микроскоптың құрлысы. Уақытша препараттар жасап және оны микроскоппен көріп жаттығу.

Жұмыстың мақсаты: Микроскопты пайдалану тәртібін үйрену. Уақытша препараттар дайындау. Қаралаған объектілердің суретін салу әдістері.

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы бойынша жүргізілетін зертханалық сабақтар оптикалық аспап – микроскоптың құрылысымен, оның қарапайым және жетілдірілген түрлерімен танысу.


Уақытша препараттар жасағанда қарастырылатын объектіні, зат айнасының үстіне тамызған судың, немесе глицериннің, реактивтің, немесе бояғыш заттың ерітіндісінің үстіне салады да, бетін жабын айнасымен жабады. Мұндай препаратты бір айдан артық сақтауға болмайды. Ұзақ уақыттар бойы сақталатын препараттарды тұрақты препараттар деп атайды.

Кесіндіні ұстарамен жасайды. Ұстараның өткірлігі, онымен шаш алатындай болуы керек. Егер ұстара онша өткір болмаса, оны алдымен жұмсақ қайрақпен, содан соң қайыс белдікпен қайрау керек..

Кесінділер дайындау үшін ұсақ объектілерді бузинаның өзегінің жарықшағына, тығынға, картоптың түйнегінің немесе сәбіздің түбірінің жарықшағына қыстырады. Цилиндр тәрізді органдарын (сабақ, тамыр) ұш ба-ғытта кесуге болады: көлденеңінен, ұзынша радиалды, ұзынша тангентальды.

Объектіні сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарының арасына қысады да, скальпельмен оның үстін тегістейді, содан соң ұстарамен өзіне қарай жұқалап, үлкен жылдамдықпен қиғаш кесінділер жасайды (егеп кесуге болмайды). Бұл жағдайда объектіні мүмкіндігінше тік, ал ұстараны горизонталь бағытта ұстау керек. Қолдың екеуіде барынша бос болу керек, олармен столға сүйенуге, немесе кеудеге қойып қысуға болмайды. Бірден бірнеше кесінді жасау керек. Ұстараны және объекті үнемі сулап отыру керек. Кесіндіні ұстарадан суға салынған жүмсақ кисточкамен алады да, оны кеуіп кетпес үшін суға салады.

Ұстарамен жұмыс істеген кезде мынадай ережелерді сақтау керек.

1. Ұстараны тек кесінді жасау үшін ғана пайдаланады.

2. Ұстараны уақытылы қайрап және түзетіп отырады.

3. Столдың үстіне ұстараны ашық қалдырмайды.

4. Ұстарадағы кесіндіні алғанда, оған қатты нәрсемен тиіп кетпеу керек.

5. Жұмыс аяқталған соң ұстараны жақсылап сүртіп қояды.



Уақытша препараттар жасағанда, жүмыстың (операцияның) мынадай жүйелілігін сақтау керек.

1. Зат айнасы мен жабын айнасын тазалап жуып, сүрту керек.

2. Зат айнасының бетіне сүйық нәрсе тамызады (суды, глицеринді, реактивтің немесе бояғыштың қоспасын).

3. Зерттейтін органның кесіндісін ұстарамен жасайды.

4. Ең жұқа кесіндіні таңдап алып, оны зат айнасының үстіндегі су тамшысының бетіне салады.

5. Кесіндіні жабын айнасымен жапқанда, оның астында ауа қалып қоймайтындай етеді. Ол үшін жабын айнасын қырынан екі саусақпен алады, астыңғы қырын сұйық тамшының шетіне тақап әкеледі де, біртіндеп түсіреді.

6. Егер сұйық көп болса, ол жабын айнасының астынан ағып шығады, мұндай артық сұйықты арнайы кесіп дайындаған сорғыш қағазбен сорғызып алады. Егер жабын айнасының астында ауамен толтырылған қуыс қалса, онда жабын айнасының шетіне сұйықты тамызып, қалған ауаны осы сұйықпен ығыстырады.

Сурет: микроскоппен препаратты көріп зерттеп, суретке салып алады. Сурет мүмкіндігінше жақсы салынған, детальдары айқын белгіленген болуы керек. Оған препаратта жоқ нәрселер түспеу керек. Көріністі беретін құрал ретінде, тек түзулерді және нүктелерді пайдаланады. Суретті жай қаламмен салады. Суреттің мөлшері, ондағы қажетті детальдардың барлығын салуға мүмкіндік беретіндей болуы керек.

Өсімдіктің микроскопиялық органдарының құрылысын зерттегенде, схема түрінде салынған суреттерге көп мән беріледі. Сурет істелген жұмыс жөніндегі есеп материал ғана емес, сонымен бірге ол зерттеудің тәсілі болып табылады. Суретке салу кезінді, препаратқа ерекше зер сала отырып қарап, оны жан-жақты зерттейді.


КЛЕТКА
2-тақырып. Өсімдіктер клеткасының құрылысы
Жұмыстың мақсаты: Пияздың баданасының етті қабыршағының эпидермисінің клеткасының құрылысы. Қажетті материалдар: пияздың баданасы, йодты калидегі йодтың ерітіндісі.

Препаратты дайындау үшін пинцетпен, немесе сапты инемен пияздың томпайған етті қабыршағынан эпидермисін сыдырып алады да, оны зат айнасының бетіне тамызған реактивтің үстіне сырт жағын жоғары қаратып жатқызады да, бетін жабын айнасымен жабады.

Объективтің кіші үлкейткішімен оның бір қабат клеткалардан тұратын жұқа бөлігін табады. Ондағы ядросы, цитоплазмасы айқын көрінетін клетканы, көру аясының ортасына келтіреді, содан соң объективті үлкен көрсеткішке ауыстырады да, объектіні зерттейді.

Препараттан клетканың түссіз қабықшалары көрінеді, олардан кейде қалыңдаған жерлерді-пораларды байқауға болады. Әрбір клетканың ішіндегі сары түйіршікті цитоплазмада, қоңырлау –сары түсті 1-2 ядоршығы бар ядро айқын байқалады. Жас клеткаларда ядро оның ортаңғы бөлігінде орналасады және қабықшаға қарай тарамдалған сілемдері бар цитоплазмамен қоршалып тұрады. Цитоплазманың сілемдерінің арасында вакуольдер орналасады, ал ортаңғы бөлігін үлкен вакуоль алып жатады.

Клетканың құрылысын зерттей отырып, олардың 1-2 ін суретке салып, детальдарын белгілейді.
ПЛАСТИДТТЕР
3-тақырып. Хлоропластар.
Жұмыстың мақсаты: Элодейдің жапырағының клеткаларындағы гиалоплазманың қозғалуы. Хлоропластар. Алғашқы крахмал. Қажетті материалдар: сабақтың басталуына 30 минут қалғанда үзіп алынған және Петри табақшасындағы 20-250 С температурадағы суға салынған элодейдің жапырағы, йодты калийдегі йодтың ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Пинцетпен элодейдің жапырағын алады да, оны зат айнасының бетіне тамызылған судың бетіне салады, содан соң жабын айнасымен жабады. Объективтің үлкен үлкейткішімен жапырақтың түп жағын қарайды.Ортаңғы жүйкенің бойынан, гиалоплазмасы қабықшаның ұзына бойымен, қозғалып бара жатқан клетканы табады. Мұндай қозғалысты айнамалы қозғалыс деп атайды. Ол гиалоплазманың өзімен бірге хлоропластарды жылжытып ала кетуіне байланысты айқын көрінеді. Яғни, хлоропластардың өзінің қозғалуы өте баяу болады. Клетканың ядросын көрінбейді десе де болады. Тек кейбір жағдайларда, оларды хлорпластары аз болып келетін жапырақтың шетіндегі иректелген тістерінің клеткаларынан көруге болады. Хлоропластардың формасы линза тәрізді болып келеді. Клетканың ортасында вакуоль орналасады. Бір клетканы суретке салып, оның бөліктерін белгілейді және гиалоплазманың қозғалысының бағытын стрелкамен көрсетеді.

Хлоропластардан алғашқы крахмалды табу үшін, крахмалға реактив болып табылатын йодты калийдегі йодтың ерітіндісімен жапыраққа әсер етеді. Осыдан объективтің үлкен үлкейткішімен хлоропластардың ішінен алғашқы крахмалдың қара-көк түсті дәндерін табады. Бұл жағдайда гиалоплазманың клеткадағы қозғалысы тоқталады. Ішінде хлоропласты және алғашқы крахмалы бар клетканы суретке салып, олардың детальдарын белгілейді.


4-тақырып. Лейкопластар.
Жұмыстың мақсаты: традесканцияның жапырағының клеткасындағы лейкопластар. Қарайтын материалдар: Вергин традесканциясының (Тгаdescantia virginiса) немесе жасыл традесканцияның (Т. veridis) жаңа кесілген сабақтары.
Препарат жасау үшін традесканцияның сабағынан жапырақты үзіп алады да, оны сол қолдың сұқ саусағына, төменгі сия -көк түсті жағын сыртына қаратып орайды. Оң қолмен иненің көмегімен, ортаңғы жүйкенің үстіндегі эпидерманы жапырақтың түбіне жақын жерінен сыдырып алады, содан соң пинцетпен оның бір бөлігін зат айнасының үстіндегі су тамшысының бетіне, сырт жағын жоғары қаратып, жатқызады. Осыдан кейін барып жабын айнасымен оның - бетін жабады. Уақытша препарат дайьн болғаннан кейін, объективтің кіші үлкейткішімен оның шет жағынан жұқа участокті табады. Содан соң, ондағы алты бұрыш тәрізді болып келген, вакуольдеріндегі антоциан пигментінің болуына байланысты, ақшыл-сиякөк, немесе қызыл түске боялған, ұзынша клеткаларды қарастырады. Препаратты қолмен жылжыта отырып, ядросы жақсы көрінетін клетканы табады. Объективтің үлкен үлкейткішімен препараттан ядроны қоршаған, ұсақ, түссіз, шар тәрізді денешіктерді көруге болады. Бұлар лейкопластар. Кейде олардың көп болатындығы сонша, тіптен ядроны толығымен жауып қалады. Лейкопластар цитоплазманың қабықшаға жақын жатқан қабатында және оның ядроға қарай бағытталған сілемдерінде да болады. Олар микроскоптың диафрагмасы жабықтау болса ерекше жақсы көрінеді.
5-тақырып. Хромопласт.
Жұмыстың мақсаты: Піскен жемістердің жұмсак, етженді бөлігінің клеткаларындағы хромопластар Кажетті материал: итмұрынның, бұрыштың, шетеннің, ландыштың және баска өсімдіктердің жаңа терілген және фиксаторға салынған жемістері.
Піскен жемістің қабығын иненің ұшымен жыртады да, аздап оның жұмсақ етженді бөлігінен алып, зат айнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салады, содан соң оны жайлап езіп, бетін жабын айнасымен жабады. Осыдан кейін барып препараттан, объективтің кіші үлкейткішімен бос жатқан клеткалары бар участокті табады. Содан соң объективті үлкен үлкейткішімен ауыстырады да, объектті зерттейді. Мұндай клеткалардың формасы дөңгелек болып келеді. Олардың қабықшалары өте жұқа болады. Клеткалардың ішінде хромопласттардың шоғырлануы жақсы байқалады. Шетеннің жемісінде олардың формасы ұзынша созылған ұшы үшкірленген, аздап иілген болып келеді, ал итмүрынньщ және қызыл бұрыштың жемістерінде олар сопақтау, ландыштың жемісінің клеткаларында азды-көпті шар тәрізді
КЛЕТКАДАҒЫ ТУЫНДЫ ЗАТТАР
6-тақырып. Кальций оксилатының (СаС204) кристаллдары
Жұмыстың мақсаты: Клеткадағы туынды (эргастикалық) заттар және кристалдар. Қажетті материалдар: пияздың пиязшығының құрғак кабықшасының алдымен суда қайнатылған, содан соң глипериннің судағы ерітіндісінде 10-15 күндей үсталған кесіндісі; қымыздыктың немесе бегонияның жапырақгарының сағактары; қырлышөптің тамырсабағы; глицерин.
Пияздың пиязшығының құрғақ қабықшасынан, бегонияның немесе қымыздықтың жапырақтарының сағағының көлденең кесіндісінен, қырлышөптің тамырсабағынан препараттар дайындайды. Содан соң микроскоптың кіші үлкейткішімен кристалдары бар клеткаларды табады да, оларды қарастырады . 1-2 жекелеген таяқша тәрізді және крест тәрізді болып біріккен кристалдары (пияздың пиязшығының қүрғақ қабықшасынан), друздары (бегонияның немесе қымыздықтың жапырақтарының сағағынан), ине тәрізді кристалдардың жиынтығы-рафиттері (қырлышөп) бар клеткаларды тауып суретке салады. Осыдан кейін барып оларды белгілейді.
7-тақырып. Бидайдың дәнінің эндосперміндегі клеткалардың алейрон дәндері
Жұмыстың мақсаты: Қарайтын объектілер мен кажетті материалдар; алдын ала суда жібітілген жөне спиртте фиксацияланған бидайдың қатты сортының дәндері, йодты калийдегі йодтың ерітіндісі, глицерин.
Препарат жасау үшін зат айнасының бетіне йодты калийдегі йодтың ерітіндісінің бір тамшысын тамызады. Содан соң бидайдың дәнінен көлденең кесінділер жасайды да, кисточканың көмегімен немесе пинцетпен олардың 2-3-ін зат айнасының үстіне салып, бетін жабын айнасымен жабады.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен кесіндінің жұқа бөлігін (участогін) тауып ондағы спермодерманың (түқым қауызы) астыңда орналасқан алейрон қабатының клеткаларынан тұратын алтындай сары жолақты табады. Содан соң микроскоптың үлкен үлкейткішімен тығыз болып орналасқан кубик формалы үсақ алейрон дәндерімен толтырылған алейрон қабатының клеткаларын көруге болады. Кейде клетканың ортасында ядросы байқалады. Дәннің тереңдеу орналасқан эндоспермінің клеткаларында крахмал дәндері көрінеді.

Алейрон қабатының бірнеше клеткаларын, құрғақ жеміс қабымен бірігіп кеткен спермодерманы және крахмал дәндері бар эндоспермнің клеткаларын суретке салып алады. Содан соң олардың детальдарын белгілейді.
8-тақырып. Корлық крахмал
Жұмыстың мақсаты: Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымдағы қор заттары. Сабаққа қажетті материалдар:. картоптың түйнегі, алдын ала суға жібітілген бидайдың, жүгерінің сүлының, күріштің, дәндері, гречиха немесе бірнеше өсімдіктсрдің түрлерінің крахмал дәндерінің қоспасынан алынған ұн.
Картоптың түйнегінің кішкентай бөлігін кесіп алып, оны зат айнасының бетіне сүйкейді де, үстінен пипеткамен бір тамшы су тамызады. Бүл жағдайда бүлінген клеткалардан крахмал дәндері суға жүзіп шығады.

Нәтижесінде судың үсті көмескіленеді. Осы тамшының бетін жабын айнасымен жабады да, алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен, содан соң үлкен үлкейткішімен қарастырады. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен карағанда сопақтау және жұмыртқа тәрізді жылтыр, эксцентрлік қабаттары бар крахмал дәндері жақсы көрінеді. Крахмал дәндері қабаттарын қарастырғанда конденсордың диафрагмасын жауып, микромерлі винтті аздап бұрап айналдырады. Картоптың көптеген қарапайым крахмал дәндерінің арасынан, сиректеу болса күрделі және жартылай күрделі дәндерді кездестіруге болады. Бірнеше крахмал дәндерін суретке салып белгілейді.

Бидайдың крахмал дәндерін, бидайдың ұнынан препарат жасап көруге болады, әсіресе оларды бидайдың ісінген дәндерінің эндоспермінен алған жөн. Дәнді жарып кесіп, одан иненің ұшымен эндоспермнен алады да, зат айнасы-ның бетіндегі судың тамшысының бетіне салып, үстінен жабын айнасымен жабады. Содан соң препаратты микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарастырады. Бүл жерде препараттан мөлшері екі түрлі болып келетін, сопақша және дөңгелек формалы крахмал дәндері көрінеді.

Үлкен крахмал дәндерінен көмескі концентрлі қабатгарды көруге болады, ұсақтарында мұндай қабаттар жоқ. Микроскоптың көру аясына бүлінген клетканың қалдығы түсуі мүмкін. Бидайдың бірнеше крахмал дәндерін суретке салып олардың мөлшерін картоптың ірі крахмал дәңдерімен салыстырады.

Жүгерінің крахмал дәндерінен препаратты дәл бидайдың крахмал дәндерінен жасағандай етіп дайындайды. Жүгерінің крахмал дәндері қарапайым, көп қырлы болып келеді. Алайда бұл қырлар тегіс болып келеді. Мүндай крахмал дәндерінің ортасыңда штрихтар, галочкалар немесе жүлдызшалар секілді жарықшақтары болады. Бірнеше крахмал дәндерін суретке салу керек.

Ең соңында бірнеше крахмал дәндерінің қоспасынан жасалған ұннан препарат жасап олардың қандай өсімдіктерге жататындығын анықтайды.


9-тақырып. Майкененің дәнінің эндоспермінің клеткаларындағы шыны майлар
Жұмыстың мақсаты: Қарайтын объектілер мен кажетті материалдар. Майкененің немесе күнбағыстың дәндері; судан III бояуы.
Дән арқылы кесінді жасап, оны зат айнасының үстіне тамызылған судан III бояуына салады да, бетін жабын айнасымен жабады. Содан кейін барып жабын айнасының үстінен сапты инемен байқап соққылайды немесе жайлап үстінен басады. Бұл кесілген клеткалардан май тамшыларын шығару үшін жасалады. Судан III бояуын шыны майы бойына оңай сіңіреді, нәтижесінде май тамшылары сарғыштау-қызыл түске боялады. Микроскоптың кіші үлкейткішімен препараттан кесінділер жұқа шетін табады, содан соң микроскоптың үлкен үлкейткішімен жекелеген клеткаларды қарастырады. Осы клеткалардан және оларды қоршаған ерітінділсрден боялған шыны май там-шыларын айқын көруге болады. Осы клеткалардың 1-2-ін суретке салып, детальдарын белгілейді.

ҰЛПАЛАР



10-тақырып. Элодей сабағының алғашкы меристемасы
Жұмыстың мақсаты: Элодейдің сабағының жоғарғы ұшындағы бүршігінен, тікесінен кесіп жасаған тұракты микропрепарат.
Элодейдің сабағының жоғарғы ұшындағы бүршігінен, тікесінен кесіп жасаған тұрақты препараттан, төбе жағы дөңгелектеніп келген ұзынша апексті, микроскоптың кіші үлкейткішімен табады. Оның үстінде, бүршіктің түп жағынан өскен, жапырақтардан түзілген күмбез көрінеді. Препаратты жылжытып отырып осы жапырақтардың пайда болуын және өсуін бақылайды: апекстен біраз қашықтықта сабақтың үстінен төмпешіктер түрінде жапырақтардың бастамасы пайда болады; сабақтың бойымен төмендеген сайын төмпешіктер үлкейе түседі және біршама ұзарып, келешегінде жапырақтың формасына келеді. Кейбір жапырақтардың қолтығында тағыда бір-бірден төмпешіктер болады, олардан келешегінде қолтық бүршіктері жетіледі. Осы бүршіктер бұтақтарға бастама береді.

Үстінгі бүршіктің контурлық суретін салып, оның құрылысының (структурасының) бөлшектерін белгілеу керек.

Содан соң, апексті микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарап, алғашқы меристеманың клеткаларының ерекшеліктерін атап көрсетеді. Егер препаратты жылжытып, төмендеу орналасқан клеткаларды қарасақ, онда мынадай жағ-дайды байқауға болады. Апекстен қашықтаған сайын клетка ішіндегі заттардың түсі ашықтау бола бастайды, цитоплазмада үлкен вакуольдер түзіледі, ал клетканың мөлшері айқын ұлғаяды. Клетканың қабықшалары қалыңдап, анық көрінеді. Ядроның мөлшері өзгермейді, сондықтанда ол, ұлғайып өскен клетканың аз бөлігін алып түрады. Меристеманың осылайша маманданған үлпаға айналуы, әсіресе апексті жауып тұратын үлкен жапырақтарда айқын байқалады. Меристеманың 2—3 клеткасын, ал оның қасына салыстырып қарау мақсатында, жапырақтың маманданған ұлпасының 1—2 клеткасын салу керек. Оларды белгілейді.
ҰЛПАЛАР
11-тақырып. Құртқашаштың (ирис) жапырағының эпидермисі. Әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарының эпидермисіндегі түктер (трихомалар).
Жұмыстың мақсаты: Құртқашаштың (ирис), алманың немесе картоптың, аюқұлақтың, жиденің немесе шырғанақтың тірі немесе фиксацияланған жапырақтары. Құртқашаштың жапырағының көденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепараты көру.
Құртқашаштың жапырағының кесіндісінен эпидермисін сыдырып алып, оның бір шетінен пинцетпен кысып ұстап, зат айнасының бетіндегі, аддын ала тамызған судың тамшысының үстіне салады да, жабын айнасымен бетін жабады. Препараттың ең жұқа жерінен, микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда эпидермистің клеткалары көрінеді. Олардың арасында жартылай жұмырланған, кішкентай клеткалар, екі-екіден жұп түзіп орналасады. Бұл устьица аппаратының түйістіргіш клеткалары. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен эпидермистің клеткаларын және түйістіргіш клеткаларды зерттеп қарап, олардың ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Устьица аппаратымен оған жақын орналасқан эпидермистің клеткаларын суретке салып, оларды белгілейді.

Устьица аппаратының құрылысының толық көрінісін, оның көлденең кесіндісін көрсетеді. Құртқашаштың жапырағының көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты препараттан, жоғарғы немесе төменгі эпидермистің устьица аппаратын тауып, оны микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарастырады. Эпидермистің үлкен клеткаларының арасында, екі кішкентай жұмыртқа тәрізді түйістіргіш клеткасы бар, ойыстар байқалады. Түйістіргіш клеткалардың үшкір ұштары бір-біріне қарама-қарсы бағытталған болады. Олардың арасында саңлауы, ал төмеңдеу үлкен ауа қуысы болады. Устьица аппаратын, эпидермистің оған жақын орналасқан клеткаларын және жапырақтың хлорофилл дәндері бар паренхималарын (мезофилл) суретке салып, олардың әрбір бөліктерін белгілейді.

Содан соң, эпидермистің өсінділерін, трихомаларын қарайды. Скальпельмен, немесе пинцетпен алманың жапырағының астыңғы бетіндегі аздап қызғыштау өсінділерін (трихомаларын) сыдырып альш, зат айнасының бетіндегі, алдын ала тамызған судың тамшысының үстіне салып, жабын айнасымен жабады. Осындай препаратты микроскоптың кіші улкейткішімен қарағанда, қабықшалары қалың болып келетін, протопластары жоқ иілген ұзын клеткалар көрінеді. Бұл бір клеткалы өлі трихомалар. Аюқұлақтыңда трихомалары өлі болады, бірақта олардың құрылысы күрделірек: 2—5 клеткадан тұратын, бірінші, қатардың өсінен, топтасьш орналасқан бір клеткалы тармақтардың бірнеше ярустары кетеді. Жиденің қабыршақтарын жапырақтың астыңғы бетінен инемен, немесе скальпельмен зат айнасының бетіне қырып түсіреді. Олар көп клеткалы, пішіні жалпақ жұлдызша тәрізді. Жұлдызшаның әрбір сәулесі бір өлі клетка болып есептелінеді. Әрбір түрден I -2 ден трихомалар салады.


12-тақырып. Бузинаның сабағының кабығы (пробка)
Жұмыстың мақсаты: Бузинаның бір-екі жылдық сабағы, судан III ерітіндісі. Бузинаның көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.
Бузинаның бұтағының жұқа көлденең кесіндісін зат айнасының бетіндегі алдын ала тамызылған судан III срітіндісінің үстіне салады да, жабын айнасымен жабады.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен препаратты қарағанда, әдетте жартылай жыртылған эпидермистің жалпақ клеткалары көрінеді, одан кейін қабықтың сәулелі орналасқан клеткаларының дұрыс қатары жатады. Қабықтың астында ішіндегі заттары қою, қабықшасы жұқа болып келетін клеткалардың қабаты-тоздық камбий (феллоген) орналасады. Одан өзекке қарай хлорофилл дәндері бар паренхималық үлпаның — феллодерманың қабаты жатады. Тек орналасуына қарай феллодерманың клеткаларын, өзінен төмен жатқан қабықтың негізгі ұлпасынан ажыратуға болады.

Содан соң жасымықшаны қарастырады. Ол екі жақты томпайған болып келеді. Жасымықшаньщ астындағы тоздық камбий өте жиі бөлінеді. Оны мынадан байқауға болады, тоздық камбийден бөлінген клеткалардың бірнеше қабаты, тұрақты ұлпаға айналып үлгермеген және сыртқы түрі жағынан да олардың камбийден айырмашылығы болмайды.

Жасымықшаны, оған жақын жатқан перидерманы суретке салып, олардың жекелеген бөліктерін белгілейді.


13-тақырып. Кант қызылшасының жапырағының сағағындағы бүрыштық колленхима
Жұмыстың мақсаты: жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған қант қызылшасының жапырағының сағағы.

Қант қызылшасының жапырағының сағағының көлденең кесіндісін, бір тамшы судың үстіне салып, препарат дайындайды. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, сағақтың шығыңқы қабырғаларының, өзара алмасып келіп отыратын, ақ және қара дақтардан түратын торға ұқсас жылтыр, ұсақ клеткалы ұлпалармен толтырылғандығы байқалады. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарағанда клетканың ақ түсті, сыртқы жылтыр болып қалыңда-ған қабықшаларын оңай айыруға болады. Олар бір-бірімен жұқа, көп жағдайда зорға байқалатын бөліктері арқылы байланысып тұрады. Клетка қабықшасының бұлайша қалыңдауы, олардың бұрыштарын ғана толтырып қоймайды, сонымен бірге жұмырланып келген, шығыңқы жерлері арқылы клетканың ортаңғы қуысына да өтеді. Сонымен мүндай клетканың қуысы, көлденең кесіндісіңде көпбұрыш түзеді. Мұндай көпбұрышты қуыстың қабырғалары әдетте ойыс болып келеді. Препараттан оның түсі қара болып көрінеді. Микрометрлік винтті пайдалана отырып, қабықшалары бұрыштарынан қалыңдаған клеткалардың орталық табықшасын көруге болады. Сонымен бірге клетканың алғашқы формасында қалпына келтіруге болады. Колленхиманың бірнеше клеткасын суретке салып, детальдарын белгілейді.


14-тақырып. Казтамактың (герань) сабашның сүректік талшығы
Жұмыстың мақсаты: Қазтамақтың сабағының жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған кішкентай кесіндісі, флороглюцин, тұз қышқылы.

Қазтамақтың сабағының көлденең кесіндісіне флороглюцинмен және тұз қышқылымен әсер ете отырып препарат дайындайды да, оны микроскоптың кіші үлкейткішімен қарастырады. Препараттан сабақтың шетінен біршама қышықтау жерде ұсақ клеткалардың жиынтығынан тұратын ұлпаның қызыл шеңбері көрінеді. Оған іш жағынан сопақтау болып келген өткізгіш шоқтары жанасып жатады. Бұл сүректік талшық (либриформ). Оны микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарағанда қабықшалары бірдей болып қалыңдаған, бір-біріне тығыз жанасып жататын клеткалар көрінеді.

Бірнеше сүректік талшықтарды, көлденең кесіндісінен, суретке салады да, детальдарын белгілейді.

Қазтамақтың сабағының бір кесіндісінен эпидермисіне жақын жерден, диаметрінің ұзына бойында жұқа кесінді жасайды. Оған жоғарыда айтылған реактивтермен әсер ете отырып препарат дайындайды. Содан соң микро-скоптың кіші үлкейткішімен сүректік талшықтардың қабатын табады. Оның ең жұқа жерін микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарастырады. Тікесінен кесіп қарағанда, сүректік талшықтардың өте ұзын екендігіне оңай көз жеткізуге болады. Олар көп жағдайда микроскоптың көру аясына симайды. Бұл клеткалардың көлденең қабырғаларының қиғаш орналасуына байланысты, олардың төменгі үштары үшкір болып келеді.

Сүректік талшықтардың тікесінен жасалған кесіндісінен, бірнеше клетканы суретке салып, детальдарын белгілейді.
16-тақырып. Алмүрттың жемісіндегі склереидтер
Жұмыстың мақсаты: Алмұрттың жаңа үзілген, немесе фиксациялапған иіспеген жемісі; флороглюцин және тұз қышкылы.
Алмұрттың жаңа үзілген, немесе фиксацияланған піспеген жемісі арқылы жұқа кесінді жасап, оған флороглюцинмен және тұз қышқылымен әсер етеді. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда түссіз паренхималық клеткалардың арасында, реактивтің әсерінен қабықшалары қызарған клеткалардың тобы көрінеді. Жемістің жұмсақ етті бөлігінің қабықшалары жұқа, ұзынша клеткалары, олардан сәулелер секілді шашырап, таралады. Кесіндінің ең жұқа жерінен 2—5 клеткадан тұратын склереидтердің тобын таңдап алады да, оны микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарайды. Клетканың аса қалың қабықшасынан олардың қатпарлығы, сонымен бірге жіңішке, жиі тарамдалған поралы-каналдары көрінеді.

Склереидтердің 2-3-уін суретке салып, олардың жекелеген бөліктерін белгілейді.


17-тақырып. Карағайдың сабағының трахеидтері
Жұмыстың мақсаты: Сабақ басталудан бірнеше күн бұрын 4-6 сағат бойы қайнатылған және көлемі бірдей мөлшердегі спиртпен глицеринде ұсталған қарағайдың сабағының бір кесігі (кесіндісі); флюроглицин, тұз қышқылы. Қарағайдың сабағының тікесінен, радиальды бағытта жасалған кесіндісінен дайындалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

Қарағайдың сабағыньң радиусын бойлай, оның бір кесігін алады. Алынған радиальды кесіктен тік бағытта жұқа кесінді жасайды да, оған флороглюцинмен және тұз кышқылымен әсер ете отырып препарат дайындайды.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен, сүректің түгелдей дерлік ұзын прозенхималық клеткалардан тұратындығы көрінеді. Бүлар трахеидтер. Біршама жалпақ және қабықшалары жұқа трахеидтер көктемде пайда болады. Олар біртіндеп күзге қарай қабықшалары қалың, қуыстары жіңішке трахеидтерге айналады. Мұндай клеткалардың радиальды қабырғаларында жиекті саңлаулары болады. 2—3 трахеидті олардың біріккен жерлерінен суретке салып алады да, детальдарын белгілейді.
18-тақырып. Асқабактың сабағының сосудтары мен електі түтіктері
Жұмыстың мақсаты: фиксаторға салыпған асқабақтың сабағы, флороглюцин, тұз қышқылы. Асқабақтьщ сабағының тікесінен радиальды бағытга жасалған кесіндісінен дайындалған тұрақты препаратты пайдалануға болады.
Асқабақтың сабағын тікесінен кескенде, кесінді үлкен өткізгіш шоқтарының біреуінің ортасы арқылы өтетіндей етіп жасайды. Алынған радиальды кесіндіден, өткір бәкімен немесе бритвамен бірнеше жүқа кесінділер жасайды. Оларға флороглюцинмен және тұз қышқылымен әсер етіп, зат айнасының бетіндегі судың үстіне салады, содан соң оның бетін жабын айнасымен жабады да препаратты микроскоптың кіші үлкейткішімен қарастырады. Сабақтың үстіне жақын жердегі сүректік талшықтардың қабатынан, ішке қарай сүзгілі түтіктерді табады. Оларды қалыңдаған, әдетте бірнеше сарғыштау, көлденең қабырғалары-сүзгілі табақшалары арқылы ажыратады. Сүзгілі түтіктердің қасында, сабақтың өзегіне жақын сосудтары көрінеді, олардан кейін қайтадан сүзгілі түтіктер орналасады.

Микроскоптың үлкен үлкейткішімен алдымен сосудтарды көреді. Сүзгілі түтіктердің сыртқы участоктеріне жақын жеріндегі сосудтардың диаметрі өте үлкен болады. Олар әдетте кесіндінің қабатына түгелімен сиыспайды. Онда екі жағынан бірдей, қабықшаның жіңішке жолағымен бөлінген, сосудтың тек үзын, іші бос қуысы көрінеді. Сосудтың үстінгі жағы, кесіндінің кейбір жерлеріңде ғана сақталады. Оны микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарап, сосудтың қабырғаларының тор түзіп қалыңдағанына көз жеткізуге болады. Мүндай сосудтарды торлы-поралы сосудтар деп атайды. Торлы-поралы сосудтардан кейін, диаметрі кіші поралы сосудтар, бірнеше спиральды сосудтар, 1—2 нашар байқалатын сақиналы сосудтар орналасады. Сақиналы сосудтар басқа сосудтардан бүрын жетіледі және олардың диаметрі кішкентай болады. Мүндай сосудтар түзілгеннен кейін сабақ өседі, нәтижесінде сақиналы-сосудтар үзындыққа қатты созылады. Сосудтардың әр бір типінен бір-бірден суретке салып, оларды белгілейді.

Осыдан кейін сүзгілі түтікті қарастырады. Егер фиксаторға салынған материалды пайдаланатын болса, онда сүзгілі түтіктердің мүшелерінен (членики ситовидных трубок) цитоплазманың плазмолизденген сілемдері (тяжи цитоплазмы) көрінеді. Цитоплазманың мүндай сілемдері електі табақшаның айналасында үлғая түседі. Кейбір електі табақшалардан перфорациялары көрініп түрады. Әрбір електі түтіктің мүшелеріне, бір вертикальды қатарға орналасқан, бірнеше серіктік клеткалар сәйкес келеді.

1-2 електі түтіктердің мүшелерін, (членики) серіктік клеткаларымен суретке салып, детальдарын белгілейді.

Енді торлы-поралы сосудтың кесіндісінің участогіне қайта оралу қажет. Осы сосудтармен сүзгілі түтіктердің арасынан үзарған клеткалардың қабатын табады. Бүл клеткалардың кабықшалары жүқа және өте қиыншылықпен ажыратылады, бірақ ядросымен қою цитоплазмасы жақсы көрінеді. Бүл камбий. Камбийден сабақтың шетіне қарай бөлініп шығатын клеткадан сүзгілі түтіктер, ал сабақтың өзегіне қарай бөлініп шығатын клеткалардан сосудтар пайда болады. Олардан басқа, камбийден паренхималық клеткалар пайда болады.
19-тақырып. Жүгерінің сабағының жабык, коллатеральды және асқабақтың биколлатеральды өткізгіш шоқтары

Материал. Жүгері мен асқабақтың фиксаторға салынған сабақтары; флороглюцин, тұз қышқылы. Жоғарыда келтірілген өсімдіктердің сабақтарының көлденең кссінділерінен жасалған тұрақты препараттарды пайдалануға болады.

Жүгерінің сабағының буынаралығынан жүқа көлденең кесінді жасайды да, оған флороглюцинмен және түз қышқылымен әсер етеді, содан соң кесіндіні зат айнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салып, бетін жабын ай-насымен жабады. Осыдан кейін препаратты микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, сабақтың негізгі паренхимасының үлкен клеткаларының арасыңда орналасқан, көптеген өткізгіш шоқтары көрінеді. Микроскоптың үлкен үлкейт-кішімен сабақтың ортасына жақын орналасқан шоқтардың біреуін қарастырады. Шоқтың айналасында немесе оның тек сырт жагынан қалың қызыл қабықшалары бар бір қатар клеткалардан түратын қоршау (обкладка) көрінеді. Ол склеренхима. Шоқтың ортасында, бір көлденең түзудің бойында екі үлкен сосуд (торлы немесе поралы) және олардың арасында қабыргалары сүректенген бірнеше сүректік паренхималардың үлкен клеткалары орналасады. Сабақтың ортасына таман 1—3 диаметрі кішілеу сосудтарды (спиральды, сақиналы) табады. Олардан төмен әдетте ескі сосудтардың бүзылуының нәтижесінде пайда болган үлкен клетка аралық қуыс көрінеді. Кіші сосудтар мен қуыстардың айналасында қабықшалары сүректенбеген үсақ клеткалардан түратын сүректік паренхима орналасады. Сосудтар мен сүректік паренхима шоқтың ксилемасын түзеді.

Үлкен сосудтардан сыртқа қарай флоэманы табады. Астық түқымдастарында ол, азды-көпті дүрыс шахматтың қатарын түзіп орналасатын, сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан түрады. Үлкендеу клеткалар сүзгілі түтіктер, ал клетка ішілік заттары қою үсақтау клеткалар серіктік клеткалар болып табылады. Флоэмасында тіндік паренхималары болмайды. Бүл дара жарнақтыларға тән, оларға жүгері жатады. Шоқта соңғы меристеманың қабаты - камбий болмайды. Ол дегеніміз, қарастырылып отырған шоқ жабық коллатеральды деген сөз.

Өткізгіш шоқты суретке салып, детальдарын белгілейді.

Асқабақтың сабағынанда, дәл жоғарыдағыдай етіп препарат дайындайды. Асқабақтың сабағьшың шоғыньщ гистологиялық элементтері мөлшерінің (размерінің) үлкен болуымен ажыратылады, олар микроскоптың кіші үлкейткішімен де жақсы көрінеді. Өгкізгіш шоқтары склеренхимамен қоршал-маған және флороглюцинмен түз қышқылының әсерінен, олардың тек ксилемасының қабықшалары ғана қызарады. Сыртқы флоэманың участогінде сүзгілі түтіктердің біршама улкен қуыстары айқын көрінеді. Кейде олардьщ тесіктері бар көдденең қабырғалары-електі табақшалары кездесіп қалады. Сүзгілі түтіктердің қасында цитоплазмасы қою болып келетін, өте үсақ серіктік клеткалар мен тіндік паренхиманың клеткалары орналасады. Флоэманың астында камбийдің жалпақ қабаты (үсақ клеткалардың радиальды қатары), ал одан төмендеу үлкен торлы-поралы сосудтармен соңғы ксилеманың паренхимасы орналасады. Сабақтың ортасьша қарай ксилема ұсақ сосудтардың тобымен аяқталады (спиральді және сақиналы). Ол алғашқы ксилема. Алғашқы ксилемадан сабақтың ортасына қарай камбийге ұқсас, бірақ онша дұрыс орналаспаған, ұсақ паренхималық клеткалардың участогі жатады. Одан әрі тағыда сүзгілі түтіктер мен флоэманың басқа элементтері орналасады. Бұл ішкі флоэма.

Өткізгіш шоғын сызба-нұсқа (схема) түрінде суретке салып, детальдарын белгілейді.



20-тақырып. Лабароторияныц жагдайында арнайы өсірілген эр түрлі өсімдіктердіц тамыр системасы.

Материал. Асқабақтың, фасольдің, бидайдың немесе басқа астық тұқымдасының лабараторияның жағдайында арнайы өсірілген өсіндіс немесе гербарий үлгілері.

Асқабақтың, бидайдың жэне фасольдің тамыр системаларын салыстырмалы түрде қарастыру. Олардың шығу тегі мен формасын анықтау. Суретке салып, детальдарын белгілеу.



21-тақырып. Бидайдыц өскінтіц тамырыньщ зоналары.

Материал. Бидайдың немесе басқа астық тұқымдасының лабараторияның жағдайында арнайы өсірілген өскіні.

Өскіннің бір тамырын үзіп алып, алдымен оны стереоскопиялық микроскоппен, содан соң қарапайым биологиялық микроскоптың кіші үлкейткішімен қарастырылады. Одан бөліну зонасын тамыр оймақшасымен, сонымен бірге созылу, сору, өткізу зоналарын да табады; тамырдың түктерін зерттейді. Тамырдың ұшын суретке салып, детальдарын белгілейді.



22-тақырып. Қуртцашаштыц (ирис) тамырыныц алгашкы күрылысы.

Материал. Құртқашаштың фиксаторға салынған тамыры, флороглюцин, тұз қышқылы. Тамыр түктерінің зонасы арқылы жасалған құртқашаштың тамырының көлденең кесіндісінен дайындалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

Тамырдың сору зонасынан жұқа көлденең кесінді жасайды да, оган флороглюцинмен түз қышқылымен эсер етіп, судың тамшысының үстіне препарат дайындайды. Микроскоптың кіші үлкейткішімен препараттан мыналарды: радиальды полиархты өткізгіш шоғынан (ксилема, флоэма) және перициклден тұратын орталық цилиндрді; алғашқы қабықтың паренхималарынан түзілетін өткізгіш клеткалары бар эндодермадан жэне экзодермадан тұратын алғашқы қабықты; тамыр түктері бар эпиблеманы табады. Орталық цилиндрді, қабықтың жақын жатқан участоктерімен, суретке салады да, детальдарын белгілейді.



23-тақырып. Асқабақтың тамырыныц соцгы қурылысы.

Материал. Асқабақтың жас тамыры арқылы жасалған көлденең кесіндісінен дайындапган тұрақты микропрпарат (камбийдің түзілуі), асқабақтың фиксаторга салынған тамырлары; флороглюцин, тұз қышқылы: Тамырдың өткізгіш зонасы арқылы жасалган көлденең кесіндісінен дайындалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

Асқабақтың жас тамыры арқылы жасалған көлденең кесіндісінен дайындалған түрақты препараттан, микроскоптың кіші үлкейткішін пайдалана отырып, алғашқы қабықты жэне алғашқы ксилеманың төрт сәулелі (тетрархты шоқ) орталық цилиндрін табады. Эндодермасы нашар көрінеді, өйткені оның клеткаларының тек радиальді қабырғалары ғана қалыңдаған. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен флоэма мен ксилеманың арасында жатқан, қабықшалары жұка паренхималық клеткалардың тангентальды перделермен бөлінгендігі, ал кейбір жерлерінде осы қабаттан іше қарай жаңа пайда болған жэне сүректеніп үлгермеген түтіктері байқалады. Бөлінгіш қабат деп отырғанымыздың өзі соңғы меристема камбий.

Орталық цилиндрдің бір бөлігінен, алғашқы ксилеманы екі сэулесімен суретке салып алады да, детальдарын белгілейді.

Асқабактың тамырының соңғы қүрылысын көру үшін, препаратты дайындағанда, кесіндіге флороглюцинмен жэне түз қышқылымен эсер етп отыру қажет.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен тамырдың ортасынан төрт сэулелі алғашқы ксилеманы, біршама үлкен орталық түтіктерімен және оның сеәлелерінде, ұсақ, кейде тіптен нашар баййқалатын, ксилемасының элементтерін, соңғы ксилеманың участкелерін, радиальды сәулелерді, камбийді, флоэманың участкелерін, соңғы қабықтың паренхимасын, перидерманы табадаы. Схема түрінде оларды суретке салады да, детальдарын белгілейді.

24-тақырып. Тамырдыц өзгерген (метаморфозга ушыраган) түрлері.

Материал. Сәбіздің, репаның, қызылшаның тамыржемістері; қызылшаыың тамырынан жасалған тұракты микропрепарат. Көрнекті құрал ретінде пайдаланатын құралдар: емен ағашының жаңа қазып алған ұсақ жас тамыры, люпиннің тамыр системасынан жасалған гербарий жэне емен ағашының тамыр оймақшасының, люпиннің түйнегінің көлденең кесінділерінен жасалған тұрақты микропрепараттар.

Тамыржемістерді көріп, олардың мынадай бөліктерін табады: басын, мойнын, нағыз тамырын.

Содан соң тамыржемісті көлденеңінен кеседі. Сэбіздің тамыржемісінің кесіндісінен оның біршама жалпақ сыртқы бөлігін, кіші ішкі бөлігінен бөліп түратын ақшылдау шеңберді көруге болады. Бүл камбий. Одан сыртқа қарай соңғы кабық, ал ішке қарай ксилема орналасады. Репаның тамыржемісінің көлденең кесіндісін қарастырғанда, оның камбийінің шетке өте жақын орналасқандығын, соңғы қабықтың жүқалығын, ал соңғы ксилеманың керісінше бүткіл тамыржемісті түгелдей дерлік толтырып түрғандығын көруге болады. Тамыржемістердің түрлерін және олардың көлденең кесінділерінің схемасын сүретке салып, детальдарын белгілеу қажет.

Қызылшаның тамыржемісінің көлденең кесіндісінен алмасып келіп отыратын, жіңішке қатты жэне жалпақ етженді концентрлік қабаттарды көруге болады. Осы тамыржемістің қүрылысымен жақсырақ танысу үшін, түрақты препараттан қызылшаның көлденең кесіндісін зерттеу қажет. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, қатты қабат концентрлік шеңбердің бойымен орналасқан, өткізгіш шоқтың ксилемасы болып табылады, ал етженді жалпақ қабат камбийден, флоэмадан жэне қор жинайтын паренхимадан түрады. Схема түрінде қызылшаның тамырсабағын суретке салып, детальдарын белгілейді.



25-тақырып. Агаштер мен шөптесін өсімдіктердіц сабагыныц шоқсыз құрылысы.

Материал. Қарағайдың, жөке ағашының, 3-4 жылдық сабағының жаңа кесілген немесе фисаторға салынган кесіндісі, зығырдың сабағы; флороглюцин, тұз қышқылы, хлор-цинк-йод. Жоғарыда аталған өсімдіктердің сабақтарының көлденең кесінділерінен жасалған дайын препараттарды, сонымен бірге қарағайдың, тисстың, жөке ағашының, емен ағашының жэне басқалардың көпжылдык діңдерінің арамен кесілген кесінділерін пайдалануға болады.

Ағаштардың сабақтарынан ерте көктмде немесе күздің аяғына таман арнайы кесінділер даярлайды, өйткені бұл кездерде камбийдің белсенділігі төмендейді де, сүрек қабаты мен флоэманың арасындағы шекара айқын байқалады.



Қарағайдың сабағы.

Сабақтың алдымен көлденең кесінділер дайындайды, содан соң лигнинге реакциялар жасайды. Осыдан кейін барып зат айнасының үстіндегі судың тамшысына немесе глицеринге бірнеше кесіндіні салады да, бетін жабын айнасымен жауып, алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен қарайды.

Кесіндінің ортасынан бастап мыналарды табады: өзекті, сүректі, бір жылдық сақинасымен жэне смола жолдарымен, камбилік шеңберді (сақиналы), тінді (соңғы жэне алғашқы флоэманы), паренхиманы смола жолдарымен, алғышқы қабықты (эндодерманы, перидерменың тірі элементтерін), өзектік сэулелерді, тозды (пробку).

Микроскоптың кіші үлкейткішімен сабақтың көлденең кесіндісінің секторын схема түрінде саладыда, детальдарын белгілейді.



Жөке ағашының сабағы.

Сабактың буынаралық зонасынан көлденең есінді жасайды. Кесінді жабындық үлпаны да, өзектік бөлікті де қамтуға тиісті. Лигнинге реакция жасағаннан кейін, бірнеше жұқа кесіндін, зат айнасының үстіндегі йодтың йодты кальцийдегі ерітіндісіне немесе глицеринге салады (түрақты препарат эдетте екі түсті болады: клетканың сүректенген қабырғалары қызыл түске, ал целлюлозды қабырғалары мен цитоплазмасы-көк түске боялған болады).

Сабақтың жалпы қүрылысының жоспарымен, микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап танысады, содан соң оның негізгі блоктарын микроскоптың үлкен үлкейткішімен жан-жақты зерттейді.

Суреттің схемасын сектор түрінде салады. Алдымен схемаға флоэма мен ксилемның ортасында жататын камбийді салады. Содан соң сабақтың шетінен

бастап өзегіне қарай тоздың, колленхиманың, паренхиманың, эндодерманың, сүректің шекараларын жүргізеді. Бүл жерде масштабтың сақталуын қатаң қадағалайды. Осыдан кейін барып сүрек қабатында өзектік сэулелердің түзулерін (линиясын) жүргізеді және олардың флоэмаға өткенде кеңейетіндігін көрсетеді. Флоэмада тін талшықтарының қабаттарының, ал ксилемада жылдық сақинаның қабаттарының шекарасын сызады. Олардың детальдарын белгілейді.

Соңында 30-35 жылдық ағаштың діңінің арамен кескен кесіндісін қарастырады. Кесіндінің шет жағында, қабықтың оқшауланған жүқа қабаты жақсы байқалады (камбий мен қабықтың арасында орналасқан гистологиялық элементтер). Қабық пен сүректің арасында камбийдің тіршілігі жалғасып отырған. Сабақтың негізгі бөлігін сүрек алып жатады, жылдық сақиналардың санына қарап, оның жасын анықтауға болады. Кесіндінің ортасынан өзекті табады, кейде ол азды-көпті зақымданып, бүзылған болып келеді.

Осындай сабақтың схема түріндегі суретін салып, детальдарын белгілейді.

Зығырдың сабағы.

Сабақтың буын аралығының бір бөлігін (кесіндісін) бузинаның өзегіне салып қысады да, бірнеше көлденең кесінділер жасайды. Олардың ең жақсыларын таңдап алып, біреуіне хлор-цинк-йодпен әсер етеді. Содан соң реактивті сорғыш қағазбен сорғызып алып, кесіндіні глицериннің тамшысыньщ үстіне салады да, бетін жабын айнасымен жабады.

Микроскоптың кіші үлейткішімен қарағанда ксилеманың біртүтас қалың қабаты көрінеді, оның гистологиялық элементтері дүрыс радиалды қатарлармн орналасқан.

Ксилемадан орталыққа қарай өзек орналасады, әдетте оның үлкен қуыстары болады. Флоэмасы ксилемасы секілді біртұтас қабат түзіп орналасады. Флоэманың үстінде перициклдан пайда болған тінталшықтарының топтары жатады. Сонымен бірге эндодерманы, алғашқы қабықтың паренхимасын, эпидерманы табады.

Сабақтың құрылысының жалпы жоспарымен, кеңістікте орналасуымен жэне оның жекелеген блоктарының арақатынасымен таныса отырып, оның ең жүқа секторын тауып, микроскоптың үлкен үлкейткішімен зерттейді.

Зығырдың сабагының көлденең кесіндісіне жасалған микроскопиялык(анатомиялық) талдаудың нэтижелерін селекциялық жү_мыстар жүргізгенде, оның талшығының сапасын анықтаганда пайдаланады. Қабрғалары калың, клета қуыстары кішкентай тін талшықтарының тығыз топтары, техникалық жағынан сапасы жоғары талшықтар болып табылады. Ал клеткалары бос, сирек орналасқан, клетка қабықшалары жүқа клетка қуыстары үлкен болып келетін тін талшықтарының топтары техникалық жағынан сапасы төмен талшықтарга жатады.

Схема түрінде сабақтың секторын суретке салып, детальдарын белгілейді.



26-тақырып. Күнбагыстыц сабагыныц аралық цүрылысы.

Материал. Жуандығы 5-7 мм болатын күнбағыстың жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған сабағы; флороглюцин, тұз қышқылы , йодтың йодты калийдегі ерітіндісі, глицерин. Сабақтың көлденең кесіндісінен жасалган тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

Жуандығы 3-7 мм болатын сабақтың көлденең кесіндісінен бірнеше жүқа кесінділер жасайды. Зерттеуге жарайтын кесінді, сабақтың шет жағындағы зонасын толығымен жэне ең кем дегенде өзектің бір бөлігін қамтуы керек. Таңдап алынған кесінділерге флороглюцинмен жэне түз қышқылымен эсер етеді, содан кейінбарып оларды зат айнасының үстіндегі тамшысына салады да, бетін жабын айнасымен жабады.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, өткізгіш шоқтарының сабақтың үстіне жақын, бір қатарға орналасқандығы байқалады. Шоқтардың барлығы ішіндегі заттары күңгірттеу болып келетін, өте үсақ леткалардың толқынды жолағына байланған секілді болып көрінеді. Бүл паренхималық клеткалардан түзілген шоқаралық камбий, одан біршама үлкен шоқтардың арасында орналасқан жаңа өткізгіш шоқтары дифференцияланады. Препараттан тағыда мыналарды табады: эпидерманы, перициклдық зонаның склеринхимасын, өткізгіш шоқтарын (флоэманы, шоқтық камбиді, ксилеманы) шоқаралық камбийдің жаңа шоқтарын, өзекті.

Сабақтың схема түріндегі секторын, ол қамтитын өткізгіш шоқтардың саны екеуден кем болмайтындай етіп салады да, детальдарын белгілейді.
27-тақырып. Кирказонныц сабагыныц шоцтьщ қурылысы.

Материал. Кирказонның жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған сабақтары; флороглюцин, тұз қышқылы. Осы сабақтың көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

Сабақтың буынаралығы деңгейіндегі бөлігінен жұқа көлденең кесінділер жасайды да, осыған дейінгі объекттегідей препарат дайындайды.

Зертеуді сабақтың үстінен бастайды. Препараттан эпидерманы, алғашқы қабықты (колленхиманы, паренхиманы, эндодерманы) орталық цилиндрді (склеренхиманы; коллатериальды шоқты-флоэманы жэне ксилеманы; шоқтық жэне шоқаралық камбийді; өзектік сэулелерді; өзекті) табады. Соңында сабақтың схема түріндегі суретін салады да, детальдарын белгілейді.


28-тақырып. Дара жарнацты өсімдіктердіц сабагыныц цүрылысы.

Материал. Қарабидайдың немесе бидайдың, жүгерінің жаң кесілген немесе фиксаторға слынган сабағы, флороглюцин, тұз қышқылы, глицерин. Осы өсімдіктердің сабағының көлденең кесіндісінен жасалған микропрепаратты пайдалануға болады.

Қарабидайдың сабағы.

Бузинаның өзегіне жас сабақтың буынаралығының кесіндісін (кесігін) қыстырады да, бірнеше жүқа көлденең кесінділер жасайды, содан соң оларға флороглюцинмен жэне түз қышқылымен эсер етеді де препаратты дайындайды. Препаратты микроскоптың кіші және үлкен үлкейткішімен қарап зерттейді. Одан эндодерманы, механикалық ұлпалардың ішінен хлорофилі бар паренхималардың участогін, кіші және үлкен шоқтарды, негізгі паренхиманы жэне қуысты табады. Схема түрінде сабақтың секторын салады да, детальдарын белгілейді.



Жүгеріні сабағы.

Зерттеуге ең жақсы келетін сабақтың диаметрі 1-1,5 см.-дей болады. Сабақтың көлденең кесіндісінен препратты осыған дейінгі тәсілмен дайындайды. Препараттан эпидерманы, механикалық үлпаның қабатын, жабық коллатеральды шоқты, негізгі паренхиманы табады. Кесіндінің бір бөлігінің секторын схема түрінде салып алады да, детальдарын белгілейді.



29- тақырып. Жапырацтыц макроморфологиясы.

Материл. Жапырақтың гербарий үлгілерінің коллекциялары: құрылысы эр түрлі болып келетін жай жапырақтар, эр түрлі жүйкеленген жай жапырақтар, жапырақ тақтасьшың формасы тұтас жэне ойыс болып келетін жай жапырақтар, жапырақ тақтасының шеттерінің формасы эр түрлі болып келетін жай жапырақтар, құрылысы эр түрлі болып келетін күрделі жапырақтыр.

Жай және күрделі жапырақтардың қүрылысын қарастырады-сағақты (алма), отырмалы (қызғалдақ), қынапшалы (арпа, жүгері) жэне күрделі (раушан). Суретке салып, детальдарын белгілейді. Зерттеуді одан әрі жалғастыра отырып, жапырақ тақтасы эр түрлі жүйкеленген, тақтасының формасы түтас жэне ойыс, жапырақтың шеттерінің формасы әртүрлі болып келетін жай жапырақтарды анықтап суретке салады.

Күрделі жапырақтардың формасын анықтап суртке салады.

30-тақырып. Жапырацтыц микроскопиялыц (анатомиялык) цүрылысы.

Материал. Буктің немесе камелидің, жүгерінің, қарағайдың жаңа үзілген немесе фиксаторға салынған жапырактары: флооглюцин, түз қышқылы, глицерин. Осы өсімдіктердің жапырақтарының көлденең кесіндісінен жасалған түрақты микропрпепараттарды пайдалануға болады.

Буктың жапырағы.

Жапыракты бузинаның өзегіне қысып, негізгі жүйкесіне перпендикуляр кесінділер жасайды. Кесінділерді зат айнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салады да, микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, ең жұқасын таңдап алады. Содан соң лигнинге реакция жасап, препаратты дайындайды. Кесіндіні алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен көріп зерттейді. Одан мыналарды табады: жоғарғы жэне төменгі эпидермисті, устьица аппаратын, кутикуласын, мезофиллді (бағаналы жэне борпылдақ паренхиманы), өткізгіш шоқты (флоэманы, ксилеманы), механикалық үлпаны, көмкерме клеткаларды (обкладка).

Жапырақтың бір бөлігін, негізгі жүйкелерімен схема түрінде суретке салып, детальдарын белгілейді.

Жүгерінің жапырағы.

Түрақты препарат жоқ болған жағдайда уақытынша препарат жасау керек. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда жапырақ тақтасының біршама жүқа екендігі, оның тек ортаңғы бөлігінің ғана қалыңдау болып, төменгі жағынан томпайып тұратындағы байқалады. ¥лпаларды микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарастырады. Препараттан мезофильді, шоқтарды (ксилеманы, флоэманы), көмкерме клеткаларды (обкладка), склеренхиманы, тақтаның ортаңғы қалыңдау бөлігіндегі түссіз паренхиманы табады.

Жапырақтың бір бөлігін схема түрінде салып алады да, детальдарын белгілейді.

31-тақырып. Сиреннің өркенінің макромарфологиясы. Материал. Ағаштадың жас өркені немесе гербарийға салынған үлгілері.

Кэдімгі сиреннің бүтағын қарастырады. Өркендері жазда көп жапырақтар береді, ал қыста жапырақтарының қалай орналасқандығын, олардыңорнында қалған айқын байқалатын, дақтардан (листовой рубец), білуге болады. Әрбір буыннан екі екіден жапырақ кетеді, яғни жапырақтары қарама-қарсы орналасады, эрбір жапырақтың қолтығында бір-бірден бүршіктер орналасады. Буынаралықтары қысқарған және жақсы байқалады, сондықтанда бүл нағыз ұзарған өркенге жатады.

Төбелік бүршігі көп үзамай өсуін тоқтады. Осыдан кейін, төбесіне жақын орналасқан, екі бүйірлік бүршіктері өсе бастайды. Оның біреуі бүрыңғы өсті жалғастыратын, ал екіншісі жанына қарай өсетін өркендер береді. Осы өркеннің әрқайсысы көп үзамай өсулерін тоқтады да, екі екіден жаңа өркендер береді. Яғни өркендері симподиальды өседі, ал симподильды системаның өсімен бүйіріне қарай тармақталады. Тармақталған өркенді суретке салып детальдарын белгілейді.

Бүршіктің қүрылысын зерттеу үшін, оның біреуін бөліп алады да, тікесінен скальпелмен немесе бэкімен жарып лупаның астына қойып немесе стереоскопиялық микроскоппен қарайды. Бүршіктің үстін бүршіктік

қабыршақтар жаып түрады. Олардың астында төбесінде өсу конусы бар, өте қыскд сабақтың бастамасы (зачаточный стебель) жэне жапырақтың бастамасы (примордии) орналасады. Олардың қолтықтарында аздаған төмпешіктері (бугорки) болады. Осы төмпешіктерден келешегінде қолтықтық бүршіктер пайда болады. Кейбір бүршіктердің жапырақтарының бастамасының (примордии) қолтығында, гүл шоғы гүлдің бастамасы мен орналасады. Яғни бүл вегетативтік-репродуктивтік бүршіктер. Бүршіктің сыртқы түрін жэне тікесінен жарып жасалған кесіндісін суретке салып, детальдарын белгілейді. Осы схема бойынша басқа да ағаштардың өркендерін зерттейді.

32-тақырып. Өркеннен жетілетін метаморфозга ұшыраган органдар.

Материал. Мына өсімдіктердің жаңа дайындалған, фиксаторға салынған немесе гербарий түріндегі үлгілері: пияздың пиязшығы, гладиолустың немесе лапыздың (безвременник) түйнек пиязшығы, бүлдергеннің (земляника) немесе қазтабан (лапчатка) мүршалары, бидайықтың (пырей) жэне ландыштың тамырсабақтары, каротоптың сталоны жэне түйнегі, қиярдың (огурец), долананың (боярышник), бөріқарақаттың (барбарис), түйетікеннің (чертополох), асбүршақтың (горох) өркендері.

Мысал ретінде картоптың түйнегін қарастырады. Оның үстінен жапырақтың іздерінен (листовые рубцы) және көзшелерін оңай аңғаруға болады. Әрбір көзшеден 2-3 тең бүршіктер болады, оның біреуі қолайлы жағдай туғанда өркен береді. Егер көзшелердің арасын бір түзумен қосатын болсақ, онда соңғысы спиральдың формасына келеді. Картоптың түйнегінде жапырақтың іздерінің жэне колтықтық бүршіктердіңболуының өзі, оның жапырақтары кезектесіп орналасқан өркен екендігін көрсетеді.

Осылайша басқа да түрі өзгерген (метаморфозға үшыраған) органдарды зертейді. Қарастырылған түрі өзгерген органдарды суретке салвп, жекелеген бөліктерін белгілеп, оларға сипаттама береді.

Одан әрі үқсас органдары бар өсімдіктерді бөлек топтастырады. Мысалы, артық қор заттарын жинайтын органдары бар өсімдіктерді бір бөлек, тікенектері бар өсімдіктерді бір бөлек жэне тағы сол секілді болып жалғасады. Осы топтарға жататын өсімдіктердің түрі өзгерген органдарының шығу тегін көрсете отырып, олардың тізімін жасайды.



ПАЙДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Агелеуов Е.А., Агитова К.А., Дөненбаева К.Д., Ботаника. – Алматы. 1991.

  2. Агелеуов Е.А., Агитова К.А., Дөненбаева К.Д.,

  3. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растеннй.: - М, Просвещение, 1988. с.480.

  4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. М., Эдиториал УРСС, 2000, 56 с.

  5. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алма-Ата, Изд. Қазақ университеті, 2001. 279 б.

  6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алма-Ата, Изд. Рик, 1993. 340 б.

  7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. –Алматы:, 1994. 48 б.

  8. Рейвн П. и др. Современная ботаника. М., т.1,2, 1990.

Қосымша әдебиет:


  1. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996.

  2. Жуковский П.М. Ботаника. М., 1964.

  3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы. М., 1982.

  4. Хражановский В., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982.




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> К. Х. Жапаргазинова бейорганиқалық Химия
umk -> Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Зоология” пәні бойынша ОЌу-єдістемелік бағдарлама (sillabus) Алматы 2005
umk -> Рабочая программа по дисциплине Акушерство и искусственное осеменение (полное наименование дисциплины по рабочему учебному плану) для студентов специальности


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет