МИНИСТЕРСТВО
ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
г. Астана
«___»__________20__ года
№______
|
|
МИНИСТЕРСТВО ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
г. Астана
«___»__________20__ года
№______
|
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 666 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 532 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 10-2- бабының 11) тармақшасына және 54-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
-
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 666 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 532 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 5 қазанда № 8784 тіркелді, 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде № 17 (28241) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық куәландыру төмендегіні қамтиды:
1) ДҰСК және/немесе орталық дәрігерлік-ұшу комиссиясында (бұдан әрі – ОДҰСК) медициналық куәландыру;
2) комиссияаралық мерзімде авиация қызметкерлерін динамикалық дәрігерлік бақылау;
3) ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеру.»;
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Міндетті медициналық куәландыруға мынадай тұлғалар жатады:
1) ұшқыштарды, авиадиспетчерлерді даярлау бойынша АОО түсушілер және оқитын тұлғалар;
2) ұшқыштар;
3) бортинженерлер (бортмеханиктер), штурмандар;
4) әуесқой ұшқыштар (ұшақ немесе тікұшақ), аса жеңіл авиация ұшқыштары, бортрадистер, бортоператорлар;
5) бортсеріктер;
6) авиадиспетчерлер.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Медициналық қорытындылардың түрлері және қолданылу мерзімі:
1) осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасына қатысты тұлғаларға АОО оқитындарға «1-кластық медициналық қорытынды» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды;
2) осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына қатысты тұлғаларға ұшқыштың, бортинженерінің (бортмеханиктің), штурманның «1-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды;
3) осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасына қатысты тұлғаларға бортинженерінің (бортмеханиктің), штурманның «1-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды;
4) осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасына қатысты тұлғаларға әуесқой ұшқыштың (ұшақ немесе тікұшақ), жеңіл және аса жеңіл авиация ұшқышының, бортрадистің, бортоператордың «2-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 40 жасқа толғанға дейін 60 ай бойы жарамды; 40-49 жаста медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 24 ай бойы жарамды. 50 жасқа толғаннан кейін медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды;
5) осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасына қатысты тұлғаларға бортсеріктің «2-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 60 ай бойы жарамды;
6) осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасына қатысты тұлғаларға авиадиспетчердің «3-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 24 ай бойы жарамды. 50 жасқа толғаннан кейін медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды. Брифинг диспетчерлік пунктінің және/немесе әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчерінің және/немесе Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының ұшу диспетчерінің және (немесе) ауысым басшысының біліктілік белгілері бар тұлғаларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы «Дәрігерлік-кәсіби-консультативті қорытынды» медициналық анықтама беріледі, ол берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. 1-кластық медициналық қорытынды 2 және 3-кластық медициналық қорытындыларға қатысты қолданылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Келесі жағдайларда:
-
60 жасқа толған авиакомпаниялардың желілік пилоттарының (ұшақ, тікұшақ), коммерциялық авиация пилоттарының (ұшақ, тікұшақ) және коммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын көпмүшелі экипаж пилоттарының куәлік иелері;
-
40 жастан асқан бір пилот басқаратын авиакомпаниялардың желілік пилоттарының (ұшақ, тікұшақ), коммерциялық авиация пилоттарының (ұшақ, тікұшақ, дирижабль) және жолаушылар тасымалдау бойынша коммерциялық ұшуларды орындайтын пилоттарының куәлік иелері үшін медициналық қорытындылардың мерзімі 6 айға дейін қысқарады.»;
10-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. ОДҰСК құрамына төмендегідей тұлғалар кіреді: төраға, ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі сарапшы-дәрігер (төрағаның орынбасары), терапевт-сарапшы-дәрігер, невропатолог-сарапшы-дәрігер, хирург-сарапшы-дәрігер, офтальмолог-сарапшы-дәрігер, оториноларинголог-сарапшы-дәрігер, мейіргер - комиссия хатшысы.
ДҰСК құрамына төмендегідей тұлғалар кіреді: төраға, терапевт-сарапшы-дәрігер, невропатолог-сарапшы-дәрігер, хирург-сарапшы-дәрігер, офтальмолог-сарапшы-дәрігер, оториноларинголог-сарапшы-дәрігер, мейіргер - комиссия хатшысы.
ОДҰСК (ДҰСК) құрамына негізгі мамандығы бойынша біліктілік санаты және ИКАО талаптарына сәйкес авиациялық медицина бойынша даярлығы бар, жалпы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес білікті дәрігерлер алынады.
ОДҰСК (ДҰСК) төрағасы лауазымына тағайындау және лауазымынан босату азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
ОДҰСК (ДҰСК) төрағасы қызметіне емдеу факультетін бітірген, мамандығы және авиациялық медицина бойынша даярлығы, кәсіптік дайындығы, профпатолог маманы сертификаты және мамандығы бойынша жоғарғы санаты бар, сонымен қатар 10 жылдан кем емес жалпы медициналық жұмыс өтілі, оның ішінде авиациялық медицина бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар дәрігер тағайындалады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Авиация қызметкерлерін ДҰСК-ға (ОДҰСК) медициналық куәландыруға жолдау азаматтық авиация (бұдан әрі – АА) ұйымының әкімшілігі немесе АА-ға жұмысқа кіретін және оқуға түсетін тұлғаның жеке өтініші арқылы жүзеге асырылады.»;
23-тармақ алынып тасталсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсы:
«26. ДҰСК (ОДҰСК) сарапшы-дәрігерлері медициналық кітапшаға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық тексеру деректерін, өз кәсібі бойынша диагноз бен ұсыныстарды жазады. Медициналық тексеру деректерінің шынайылығы ДҰСК (ОДҰСК) сарапшы-дәрігерінің жеке қолымен және тегі көрсетілген жеке мөрімен куәландырылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Медициналық куәландыру кезінде тексерудің кеңейтілген көлемі авиация қызметкерлеріне:
1) 50, 55 жаста және 60 жастан басап – жылына бір рет;
2) денсаулық жағдайында теріс динамика кезінде тікелей медициналық көрсетілімдері бойынша.»;
28-тармақ алынып тасталсын;
33-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«33-1. Мынадай денсаулық жарамдылығын төмендетуші факторлар:
-
хирургиялық ота немесе инвазивтік процедура жасалса;
-
қандайда бір дәрілік препаратты тұрақты қабылдау тағайындалса;
-
авиация қызметкерінің тиісті куәлігінің кәсіби міндеттерін атқаруға қабілетсіздік жағдайына алып келетін айтарлықтай жарақаттар алса;
-
авиация қызметкерінің тиісті куәлігінің кәсіби міндеттерін атқаруға қабілетсіздік жағдайына алып келетін ауруға шалдықса;
-
жүктілік пен босану жағдайында;
-
ауруханаға жатқызылса;
-
алғаш рет түзетуші линза тағайындалса, авиация қызметкері куәлік иелері 24 сағат ішінде ДҰСК (ОДҰСК) төрағасына жүгінеді.
Медициналық қорытынды иелері ДҰСК (ОДҰСК) төрағасына шаршағандық туындаған, денсаулық жағдайы бойынша қандайда бір күдік болған, авиация қызметкерлерінің міндеттерін қауіпсіз атқару қабілетіне әсер етуі мүмкін көңіл-күйіне және/немесе денсаулығына байланысты кез келген жағдайларда жүгінеді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Авиация қызметкерлерінде Талаптарға сәйкес жұмысты (оқуды) жалғастыруға кедергі болатын аурулар анықталған жағдайда, ДҰСК жұмысқа жарамсыздығы туралы сараптамалық медициналық қорытындыны шығарады. Авиация қызметкерлері ДҰСК сараптамалық медициналық қорытындысымен келіспеген жағдайда, ОДҰСК-ға жүгінеді, ОДҰСК сараптамалық медициналық қорытындысымен келіспеген жағдайда – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сараптама кеңесіне (бұдан әрі – сараптама кеңесі) жүгінеді, сараптама кеңесінің қорытындысымен келіспеген жағдайда сот тәртібімен оған шағымданады.
Сараптама кеңесінің құрамын және ол туралы ережені азаматтық авиция саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Комиссияаралық кезеңдегі авиация қызметкерлерін динамикалық дәрігерлік бақылауды авиациялық дәрігер, ДҰСК (ОДҰСК) сарапшы-дәрігері және АА медициналық ұйымдарының басқа да медицина мамандары (бұдан әрі - авиация дәрігері) жүзеге асырады.
Авиация қызметкерлерін динамикалық дәрігерлік бақылау қауіп факторлары және/немесе ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар үшін және ауруды диагностикалау кезінде жүргізіледі.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Авиация дәрігерінде медициналық тексеру қауіп факторлары және/немесе аурулары бар 1-класты пилоттар үшін медициналық қорытынды қолданысқа енгізілгеннен кейін 6 ай өткен соң, ДҰСК (ОДҰСК) кезекті мерзімдік медициналық куәландыру алдында, қалған авиация қызметкерлері үшін – 12 айда 1 рет, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша өткізіледі. Медициналық тексеру кезінде шағымның болуы немесе болмауы тексерілушінің жеке қолымен бекітіледі. Медициналық тексеруден кейін авиация дәрігері медициналық кітапшада өз жазбаларын жеке қолымен және тегі көрсетілген жеке мөрімен куәландырады.»;
54-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«54-1. Авиация қызметкері динамикалық дәрігерлік бақылауға белгіленген күні келмеген жағдайда, авиация дәрігері, ДҰСК (ОДҰСК) дәрігер-сарапшылары және АА медициналық ұйымдарының басқа мамандары 22 күнтізбелік күн ішінде медициналық қорытындының күшін уақытша тоқтататын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хатпен хабардар етеді.»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қараудың негізгі міндеті ӘК экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша ұшуды орындауға, авиадиспетчерлерінің ӘҚҚ бойынша жұмысқа жарамдылығын анықтау болып табылады.
Рұқсат етілмеген заттарды – ішімдік/есірткі заттарын тұтынуды тестілеу, авиация қызметкерлері ішінен жедел немесе созылмалы аурулары асқынған, жұмысқа қабілеттілігі төмендеген, еңбек және демалыс режимі бұзылған адамдарды дер кезінде анықтау және олардың кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін және ұшу қауіпсіздігін төмендететін басқа да себептерді анықтау жүйесін қамтитын ұшуды медициналық қамтамасыз ету шараларының кешенін енгізген азаматтық авиация ұйымдарында ұшу алдындағы медициналық тексеру жүргізілмейді. Бұл ретте ұшуды медициналық қамтамасыз ету шараларының кешені азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.»;
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалардың 5-қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
__________ Т. Дүйсенова
|
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі
________ Ж. Қасымбек
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар мен даму министрінің
20__ жылғы «__» _________ № ___ және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
20__ жылғы «__» _________ № ___
Бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясындағы
медициналық куәландыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Медициналық қорытынды
Қазақстан Республикасы
Республика Казахстан
Republic of Kazakhstan
Медициналық қорытынды класс
Медицинское заключение класса
Medical certificate class
ХААҰ конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес берілген
Выдано в соответствии с Приложением 1 к Конвенции ИКАО
Issued in accordance with Annex I Convention of ICAO
|
Авиациялық персонал куәлігін берген құзыретті орган/Уполномоченный орган, выдавший свидетельство авиационного персонала/Authority that issued or is to issue the aviation personnel licence:
_____________________________________________
Медициналық қорытынды нөмірі:
Номер медицинского заключения:
Certificate number:
Медициналық қорытынды иесінің аты жөні/Фамилия, имя, отчество владельца медицинского заключения/Last and first name of holder:
____________________________________
Туған жылы, айы, күні/Год, месяц, день рождения/Date of birth:__________
Ұлты/Национальность/Nationality:_____
Медициналық қорытынды иесінің қолтаңбасы/ Подпись обладателя медицинского заключения/ Signature of holder:
_____________________________________
|
Шектеулер/Ограничения/Limitations:
Код/Code
Берілген күні / Дата выдачи / Date of issue:
______________________________________
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.mm.yy)
Медициналық қорытынды берушінің қолы / Подпись выдавшего медицинское заключение / Signature of issuing,
Chairman of Flight Medical Commission:
_______________________________________
Мөр/печать/Stamp:
|
Медициналық қорытындының аяқталу мерзімі/срок окончания медицинского заключения/Expiry date of this certificate:
1 класс (кк.аа.жж/ дд.мм.гг./ dd.mm.yy)
|
|
2 класс (кк.аа.жж/ дд.мм.гг./ dd.mm.yy)
|
|
3 класс (кк.аа.жж/ дд.мм.гг./ dd.mm.yy)
|
|
Соңғы қаралу мерзімі/дата последнего осмотра/ Last examination date:
Соңғы медициналық қаралу мерзімі/ дата последнего медицинского осмотра / Last examination date: (кк.аа.жж/ дд.мм.гг/ dd.mm.yy)
|
|
Электрокардиограмма/
Electrocardiogram (кк.аа.жж/ дд.мм.гг./ dd.mm.yy)
|
|
Аудиограмма/Audiogram
(кк.аа.жж/ дд.мм.гг./ dd.mm.yy)
|
|
Көзді тексеру/ Обследование Офтальмология/ Ophtalmology (кк.аа.жж/ дд.мм.гг./ dd.mm.yy)
|
|
|
Алдыңғы беті
Медициналық жарамдылықты төмендетуші жағдайлар/факторы снижающие медицинскую годность/Decrease in medical fitness:
(а) авиациялық персонал куәлін ұстаушылар мынадай уақыттарда құқықтары мен рейтингтерін кез-келген уақытта жүзеге асырмау қажет:
(1) Ұшуларды қауіпсіз, сәтті жүзеге асыру қабілетіне әсер ете алатын олардың денсаулық жағдайларының қандайда бір төмендеуін сезінгенде;
(2) қазіргі медициналық қорытындымен берілген құқықтарды қауіпсіз жүзеге асыруға кедергі келтіре алатын кез-келген тағайындалған немесе тағайындалмаған дәрілік заттарды қабылдаса немесе қолданса.
(3) ұшу қауіпсіздігіне кедергі келтіретін кез-келген медициналық, хирургиялық немесе басқа да ем қабылдаса;
(б) Сонымен қатар, мынадай жағдайда, медициналық қорытынды иелері ақталмаған бөгеліссіз авиамедициналық кеңеске жүгінуі қажет:
(1) хирургиялық операциялар немесе инвазивті процедуралардан өтсе;
(2) кез-келген медициналық қорларды тұрақты қолдануды бастаса;
(3) ұшу экипажы мүшесі ретінде қызмет атқару қабілетсіздігіне әкелген кез-келген елеулі персоналды жарақаттардан жапа шексе;
(4) ұшу экипажы мүшесі ретінде жұмыс істеу қабілетсіздігіне әкелген қандайда бір маңызды аурумен ауырса;
(5) жүктілік кезінде;
(6) ауруханада немесе медициналық клиникаларда емделген болса;
(7) линзаны алғашқы коррекциялаудан өтсе.
Медициналық қорытынды иелері әуе кемесі экипаж мүшесі ретінде қызмет ету қабілетсіздігіне әкелген кез-келген аурудан жапа шеккен кезде, дәрігерлік-ұшу комиссиясы төрағасы кеңеске жүгінуі қажет.
(а) обладатели свидетельств авиационного персонала не должны осуществлять права, и соответствующие рейтинги в любое время, когда они:
(1) осознают какие-либо снижения их состояния здоровья, которые могут влиять на способность безопасно, благополучно выполнить полеты;
(2) принимают или используют любые назначенные или не назначенные лекарственные средства, которые могут препятствовать безопасному осуществлению прав, предоставляемых данным медицинским заключением;
(3) получение любых медицинских, хирургических или другое лечение, которые могут препятствовать безопасности полетов.
|
(б) Кроме того, владельцы медицинского заключения должны без неоправданных задержек, обратиться за авиамедицинским советом, когда они:
1) перенесли хирургические операции или инвазивные процедуры;
(2) начали регулярное использование любых медицинских средств;
(3) пострадали от любых существенных персональных травм, привлекшие неспособность функционировать в качестве члена летного экипажа;
(4) страдают от каких-либо значительных болезней, приведших к неспособности работать в качестве члена летного экипажа;
(5) при беременности;
(6) были госпитализированы в госпитали или медицинские клиники;
(7) впервые корректировали линзы.
Обладатели медицинского заключения должны обратиться за советом к председателю врачебно-летной комиссии, когда они страдают от какой-либо болезни, приведшей к неспособности функционировать в качестве члена экипажа воздушного судна.
(a) Licence holders shall not exercise the privileges of their licence and related ratings or certificates at any time when they:
(1) are aware of any decrease in their medical fitness which might render them unable to safely exercise those privileges;
(2) take or use any prescribed or non-prescribed medication which is likely to interfere with the safe exercise of the privileges of the applicable licence;
(3) receive any medical, surgical or other treatment that is likely to interfere with flight safety.
(b) In addition, licence holders shall, without undue delay, seek aero-medical advice when they:
(1) have undergone a surgical operation or invasive procedure;
(2) have commenced the regular use of any medication;
(3) have suffered any significant personal injury involving incapacity to function as a member of the flight crew;
(4) have been suffering from any significant illness involving incapacity to function as a member of the flight crew;
(5) are pregnant;
(6) have been admitted to hospital or medical clinic;
(7) first require correcting lenses.
Holders of a medical certificate should seek the advice of an chaiman of medical comission when they have been suffering from any illness involving incapacity to function as a member of the flight crew.
|
Коды/Cods
TML – медициналық қорытындыны қолдану мерзімінің шектелуі/ ограничения срока действия медицинского заключения; restriction of the period of validity of the medical certificate;
VDL - алыстан көргіштік пен аралық және жақыннан көргіштік секілді көру қабілеті мәселелеріндегі түзету/коррекция при проблемах со зрением как дальнозоркость и промежуточное и близорукость/Correction for defective distant, intermediate and near vision;
VML - алыс, орта және жақын қашықтықтағы көру қабілетінің мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего, среднего и близкого расстояния/correction for defective distant, intermediate and near vision;
VNL- жақыннан көргіштіктегі түзету/коррекция при близорукости/Correction for defective near vision;
VXL - өндіріс жағдайына сай алыстан көргіштік мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дали, в зависимости от производственных условий (только для 3 класса, диспетчеров УВД)/ Correction for defective distant vision depending on the working environment (for 3 class only, ATCOs);
CCL – контакттық линзаларды қолдану жолымен ғана түзету/коррекция только путем использования контактных линз/Correction by means of contact lenses only;
VCL – күндізгі уақытта ғана жарамды (күндізгі ұшулар)/действителен только в дневное время (дневные полеты)/Period valid by day only;
OML – екінші ұшқыш немесе білікті екінші ұшқышпен ғана жарамды (1-ші сыныпқа ғана)/действителен только как второй пилот или с квалифицированноым вторым пилотом (только для 1 го класса)/Valid only as or with qualified co-pilot (class 1 only);
OCL – екінші ұшқышқа ғана жарамды (1-ші сыныпқа ғана)/действителен только как второй пилот (только для 1го класса)/Valid only as co pilot (class 1 only);
OPL – жолаушыларсыз ғана жарамды (АЖА-ның 2-ші сыныбына ғана)/действителен только без пассажиров (только для 2ого класса СЛА)/Valid only without passengers (class 2 LAPL only);
OSL – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұшқыштың болуы немесе екеулік басқаруы бар ӘК-не ғана жарамды/действителен только в наличии пилота, обеспечивающего безопасность или на ВС с двойным управлением/Valid only with safety pilot and in aircraft with dual controls
|
Динамикалық дәрігерлік қарауға келу уақыты
|
Артқы беті
Ескерту: бланк пішіні А7, екібетті, бүктелген, өлшемдері – ұзындығы 295 мм, ені 105 мм, «ҚР картасының контуры» сутаңбалары бар қағаз. Голограмманың диаметрі 12 мм, BARCODE өлшемі: ұзындығы - 30 мм, ені - 30 мм.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар мен даму министрінің
20__ жылғы «__» ________ № ___ және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің
20__ жылғы «__» ________ № ___
Бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясындағы
медициналық куәландыру
қағидаларына
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |