Ю. А. Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



Дата06.07.2017
өлшемі55.24 Kb.
Атырау облысы. Құрманғазы ауданы. Приморье селосы.

Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Имангалиева Мазлумат Лукпановна
Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
Мақсаты: 1)Білімділік: Дала өсімдіктері мен жануарлары, далалық жердің өзгешеліктері туралы мағлұмат беру.
2)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру. 
3)Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд фильм, басқатырғы, дала өсімдіктері мен жануарлары энциклопедиясы.
Техникалық құралдар: компьютер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі
а)Психологиялық дайындық

Қайырлы күн – табиғат
Жайқалып өссін – өсімдік
Жайнай берсін – орманымыз

Жайқала берсін-даламыз

Сәтті болсын – сабағымыз

1-топ «Жусан»

2-топ «Қазжуа»

3-топ «Жоңышқа»



ә)Үй тапсырмасын қорытындылау
1.Шалғын.Шалғындық жерде кездесетін өсімдіктер.

2.Шалғындық жерде тіршілік ететін жәндіктер,құстар

3.Шалғынды қорғау.Шалғында тіршілік ететін жануарлар.

ІІ Мағынаны тану.Жаңа сабақ.

Сұрақ:Біздің тұрған жеріміз далалы жер немесе орманды жер ме?

Далалы жерде қандай жануарлар тіршілік етеді?

Далалы жерде қандай өсімдіктер өседі?
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Дала өсімдіктері мен жануарлары».
1-топ Дала өсімдіктері туралы білетіндерін айту.

2-топ Дала жануарлары туралы мәлімет беру.


3-топ Дала құстары
ІІІ Сабақтың мақсатын хабарлау
ІV Кіріспе әңгіме. Дала – ормансыз жазық алқап. Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды. Далалы аймақ 7 облыс жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 30% - ға жуығы.
V Картамен жұмыс.
Олар: Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Астана, Қарағанды.
Қазіргі кездегі жіктеу бойынша далалы аймақты 3-ке бөледі:
1) топырақтың түріне қарай
2) климаттық құрғақтығына
3) өсімдіктердің түріне қарай.
Далалы аймағында Наурызым және Қорғалжын қорықтары бар, олар Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтауда үлкен рөл атқарады. 
Даланың бірнеше түрі бар:

1.Шалғынды дала 2. Қуаң дала 3. Егістік

Қуаң дала – жылудың көбеюімен, жауын – шашынның азаюымен ерекшеленеді. 
Қуаң даланың көрікті кезі – көктем. Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көк – майса болып, көз тартады. 
VІІ Далалы аймақтың ауа- райы туралы мағлұмат. 
Далалы аймақ үшін ауа рай қатаң, қысы суық, ұзақ, аяз, қардың қалыңдығы 20см болып, 140-160 күн жатады. 
Жазы керісінше ыстық, құрғақ болады. 
VІІІ Оқулықпен жұмыс. 
Қосаяқ – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Қазақстанда 9 туыстың 16 түрі мекендейді. Көптеген түрлері бірқатар індеттерді, оба ауруларын таратады.
Саршұнақ – Қазақстанда 6 түрі бар. Астық тұқымдарымен қоректенеді, Қазақстанда жылына 2млн – ға жуық саршұнақ терісі дайындалады. 
Көкпек – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Көкпекті далалы жерлерде ел отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.
Теріскен – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Аласа бұта көкпек пен теріскен көп өседі. Бұлардың барлығының ботаникадағы ғылыми аты – алабота тұқымдастар. 
Боз бетеге - көп жылдық өсімдік. Жақсы мал азығы. Қазақстанда 20 түрі өседі. Жаңбырлы жылдарда оны екі рет оруға болады.
Жусан – жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде- кем болар. Өйткені жерімізде жусан көп, оның Қазақстанда 81 түрі бар. Жусан – көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның құрамында қоректік заттар мол, эфир майы бар. Әсіресе қой, ешкінің жақсы азығы. 
Қазжуа – лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалы аймақтарында 37 түрі бар. Қазжуаның қайнатыныдысы сары ауру мен демікпеге қарсыішеді.
Ботакөз – екі және көп жылдық өсімдік. Қазақстанда 12 түрі бар. Ботакөздер – хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер.
Мыңжапырақ – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Мыңжапырақ – дәрілік өсімдік.
Бозторғай – жыл құсы. Торғайлар тобына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жылына екі рет жұмыртқалайды. 
Бүркіт – қырандар туысына жататын ірі жыртқыш құс. Бүркітті қолға үйретіп, баптап, саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері.
Дала суыры – Қазақстандағы суыр туысының 4 түрінің бірі. Суырлар 20жылға дейін өмір сүреді. Бұлардың жауы - қасқыр, түлкі және бүркіт. Бірақ бұларға үлкен қауіп адамнан туады, себебі оның майы және терісі үшін көптеп аулайды. 
Борсық - жыртқыш аң. Терісі мен майы үшін ауланады. Борсықтың май витаминге бай. Сондықтан халық медицинасында оны буын ауруларына, туберкулез және іріңді жараны емдеуге қолданады. 
Дала тасбақасы – қазіргі кезде көбіне орта азиялық тасбақа деп атайды. Қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап тығылатын сүйекті сауыты болады, ол төрт аяқты жыртқыштардан берік қорғайды.

Дала өсімдіктері: қазжуа,жауқазын,изен,бұтақараған,көкпек,теріскен,бетеге,жусан,ботагөз,мыңжапырақ,

жоңышқа.


Дала құстары:ителгі,бүркіт,бозтоғай т.б

Дала жануарлары:суыр,борсық,түлкі,қасқыр,қарсақ,қоян,ақбөкен т.б
Аталғандардың қай топқа жататынын анықтайық.

Жылан,суыр,қосаяқ,құмырсқа,дуадақ,мыңжапырақ



ІХ .Дәптермен, тақтамен жұмыс. 
Дала өсімдіктері мен жануарларының,құстардың атауын дәптерге жазу.

Сергіту жаттығуы

Өсімдік,жануар,құс

«Өсімдік» дегенде алға бір адым аттау.

«Жануар»дегенде артқа бір адым аттау.

«Құс» дегенде қанатымызды қағамыз.



«Басқатырғы»
Шашылған буындарды теріп алып, жүйелеп орналастырсаңдар өсімдіктің маңызы туралы сөйлем шығады. 
«Өсімдік - өмір тірегі»
Ой толғау. Оқушылар осы тақырыпқа ой толғау жазады. 
Өсімдік – жер бетінің ажарын аша түсетін, сәнін келтіретін жасыл әлем. 
Өсімдік - денсаулыққа қажетті дәрі – дәрмек. Өсімдік – адамдар мен ұшқан құс, жүгірген аңға баспана.

Салыстыру жұмысы.




Шалғынды дала

Қуаң дала

Егістік дала

Шалғынды дала көгалды,көгорайлы болады.

Дала түрлерінің бір – бірінен қандай айырмашылығы бар?

Қуаң даланың жазы ыстық,қысы суық болады.

Егістік даладағы адамның еңбегі туралы әңгімелеу.

Егістік далаға егін егеді.   Бидай  ( күздік,  жаздық).  Мал шаруашылығы                    

Қарабидай ( күздік ,  жаздық ). Суармалы жерлер.  Күріш, мақта, жүгері, жүзім, қауын, қарбыз.  Сұлы, арпа, тары,  қарақұмық.       

«Кім тез есептейді?» 1-«Жусан»

Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі-орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктермен тышқандарды жейтін болса, 1аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг)



2- «Қазжуа»

Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш маралға неше кг шөп керек? (36кг)



3- «Жоңышқа»Хайуанаттар бағының ұзындығы 30 м,ені 20 м .Ауданын тап.(600м2)

Тест тапсырмасы


ХІІІ І
здену жұмысы. 
Оқушылар өздері дайындап келген дала өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметті айтады. Күреңот,жұпаргүл,уқорғасын,тышқанбұршақ,қойбүлдірген,түймедақ
ХІV Ойын «Ұшты»
ХV Қорытынды 
ХVІ Бағалау. 
XVII Үйге тапсырма.Түсініп оқу.Өзің тұратын жердің ерекшелігін ,кездесетін жануарлар мен өсімдіктері туралы дәптеріңе жаз.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет