Ұялшақтықты қалай жеңуге болады?



Дата20.11.2017
өлшемі31.24 Kb.
#45847
Ұялшақтықты қалай жеңуге болады?

Ата – аналарға арналған кеңес

   Адамның өз мүмкіншіліктерін – ұялшақтық, ұяңдық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әрекетсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды.        

Енді бір ұялшақ балаларға тән қасиеттердің бірі – олар не нәрсені болсын жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланың өз көз-қарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет.    Кейбір балаларда ұялшақтық, қиялы бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан, баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан, ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін дамытуға тырысу керек.

         Олар өте сезімтал, нәзік, ата – ананың жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған ата - ананың баласы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

         Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.    

Баланың ұялшақ болуының негізгі себебі, баланы ұялшақ деп атаудан туындайтын жағдай. Ешкімге ешқашанда балаңызды ұялшақ деп айтуға жол бермеңіз және балаңызға ұялшақтықты жеңіуге көмектесіңіз.


  • Баламен әңгімелескенде оның сіздің көзіңізге қарап сөйлеуін сұраңыз.

  • Баланы бастаған әңгімесін аяқтауға үйретіңіз. Басқа адамдармен әңгімені жеңіл бастап, қарым – қатынасқа оңай түсуге байланысты сөздік мәтін тіркесін баламен бірге отырып құраңыз.

  • Кішкентай кезінен бастап, балаңыз өз қатарластарымен достасып, тіл табысып кететіндей мүмкіндік жасап отырыңыз.

  • Баласы көп отбасына қонаққа барыңыз, көрші үйдің балаларын қонаққа шақырыңыз, мерекелі сәттерді ұйымдастырыңыз.

  • Үйге қонатың келетінін және алдағы мерекелердің болатынын алдын – ала балаға ескерте отырып, баланы дайындаңыз. Қонақтармен қалай амандасуға болатынын, дастархан басында өз – өзін қалай ұстауы, олармен не жайлы сөйлесуге болатыны жайында балаға алдын – ала дайындалуға көмектесіңіз.

  • Балаңыз ауладағы балалармен ойнап жүрсе, тек бақылаушының рөлінде тұрып қалмаңыз. Олар тоқтап қалса, араларына кірігіп кетіңіз, ойынға қатысып, балаңызбен олардың достық қарым – қатынас орнатуына көмектесіңіз. Ойын біткен болса, онда басқа қызықты ойын ойлап тауып жалғастырып жіберіңіз.

  • Баланы өз талаптарыңызбен, өз қызығушылығыңызбен, өз таңдауыңызбен мезі етпеңіз. Тек сіздің қолыңызбен жасалған ойыншықтар. Сіз айтқан ойындар, сіз айтқан кеңестер кейде керісінше мезі етеді. Өз қызығушылығы болмаған соң, тез жалығады, амалсыздан орындайды, соның нәтижесінде ерік – жігерсіз, өзіндік пікірі жоқ, басқаның ықпалымен жүретін балаға айналады.

  • Баламен ойнаңыз, көңілденіңіз, ән салыңыз, билеңіз!

  • Басты кейіпкер балаңыз және достары болып табылатын ойын ұйымдастырыңыз. Сіз айтқан, сіз ойлап тапқан ойындарды ғана ойнамасын, баланың өзі де қызықты ойындар ойлап табуына көмектесіңіз. Өз ойын, пікірін ашық, анық айтуға айқайламай, ұрыспай үйретіңіз.

  • Балаңыздың дос болғысы келген ниетін, талабын қолдаңыз, оған сенім ұялатыңыз. Әкесінің, анасының өзін мақтағаны – балаға жақсы талпыныс тудырады. Мадақтау – ұялшақтықты жеңудің бірден-бір жолы.

  • Балаға шектен тыс қамқор болмаңыз, не болмаса ерік – жігерін жасытатын сөздер айтпаңыз. Әрнәрсені өз ойымен өз бетінше шешетіндей жағдай тудырыңыз.

«Солнышко» балабақшасы

Ұялшақтықты қалай жеңуге болады?

Педагог –психолог: Баймакова А.Р



Аршалы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет