Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі0.57 Mb.
#4458
  1   2   3   4





Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қарашада № 9891 тіркелді

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4)-тармақшасына, 14-бабының 4-тармағына, 20-бабының 4 және 8-тармақтарына, 30-бабының 1, 2 және  4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:



      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;



      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;



      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;



      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;



      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;



      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары;



      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.



      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.



      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.



      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»



      
Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      «____» ________ 2014 жылы

      «КЕЛІСІЛДІ»



      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      «____» ___________ 2014 жылы

Қазақстан Республикасы  

Ауыл шаруашылығы министрінің


2014 жылғы 30 қазандағы 


№ 7-1/559 бұйрығына   


1-қосымша        

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау

және қадағалау туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.

      2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:



      1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;


      2) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган – зертханалық бақылауды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;


      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).


      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:



      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;



      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;



      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;



      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.



      4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар:



      1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;


      2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады;


      3) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелері.


      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк

ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге


асыру

      5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Заңның 14-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге (тұлғаларға) қатысты жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Заңның 14-1-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілерге (тұлғаларға) қатысты жүзеге асырылады.



      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру нысанында және ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда өзге де нысандарда, жүзеге асырады.



      8. Тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары Заңға сәйкес жүзеге асырылады.



      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты негізде жүргізіледі.



      10. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.



      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.



      12. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-7/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 8662 тіркелген) сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, сөгіс беру туралы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарады.



      13. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектормен, мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен тиiстi белгi жасалады.



      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тексеру нәтижелерi туралы актіге қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.



      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тексеру нәтижелерi туралы актi Кодекстің талаптарына сәйкес жасалады.



      Тексеру нәтижелерi туралы актінің данасы Заңның 14-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мөлшерде жасалады.


      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.

Қазақстан Республикасы  



Ауыл шаруашылығы министрінің


2014 жылғы 30 қазандағы 


№ 7-1/559 бұйрығына  


2-қосымша       

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн

жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты


мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi


түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу


қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 30-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң тәртiбiн анықтайды.

      2. Осы Қағидалардың әрекет етуі қолданылады:



      1) жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;



      2) жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар);



      3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға.

2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп



төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен


шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою тәртiбi

      3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтей отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін жануарлардың саулығы мен адамдар денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары жағдайында жүргізіледі.

      4. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулыны аурудың бар екенін осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша растайтын ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.



      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайтын жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулы қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне және қауіпті аурумен ауырған жануарларды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою бойынша шаралар қабылдау үшін дереу жеткізіледі.


      5. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою туралы қаулыны алған күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.



      6. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Қағидалардың 4 және (немесе) 5-тармақтарына сәйкес қабылданған қаулылар негізінде ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (басшы болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы лауазымды тұлға) ведомствосының тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің басшысының бұйрығын алғаннан немесе қабылданғаннан бастап, 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде жергiлiкті атқарушы органдардың, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкiлдерiнен, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан тұратын комиссия құрылады.



      7. Тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қоюға (бұдан әрі – Алып қою актісі) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш дана алып қою актiсiн жасайды, ол комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылып, ветеринария саласындағы уәкiлетті орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледі.



      Алып қою Актiсінiң бiрiншi данасы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады.


      8. Ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою актiсiн алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде оның негізiнде, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес алып қою туралы қаулы (бұдан әрi - қаулы) шығарады.



      9. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты оларды алып қою туралы қаулыда, не оған қоса берiлетін тізiмдемеде толық атауы, саны, салмағы және басқа да белгiлерiнiң сипаттамалары толық көрсетiлiп жазылады.



      10. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат белгiленген тәртiппен жойылады.



      11. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты иесi жасырған немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алып қою не жою рәсiмдерiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік заңнамасына сәйкес шешiледi.



      12. Жануарлардың қауiпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары көздерiнiң таралуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi.



      13. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 тіркелген) бекітілген, Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.



      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қою және жою жөнiндегi ветеринариялық іс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстарды тиiстi аумақтағы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың тiкелей бақылауымен жүзеге асырады.



      15. Жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар аяқталған соң тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген комиссия мүшелерiнiң қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Қағидалардың 5-қосымшасыда белгiлеген нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою туралы 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес уақытта акт жасайды.



      16. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою туралы актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледi.



      17. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты жоюға байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ иелерiне олардың құнын өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.


Каталог: files -> loader
loader -> Бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалуы не ішек құртын жұқтыруы мүмкін
loader -> Оқушының тамағы балансирленген болуы керек
loader -> Ас адамның арқауы
loader -> Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарларды каратиндеу ережелері. «Ветеринария туралы»
loader -> Сабақтың тақырыптары Сағатсаны мерзімі Зертханалық және сарамандық жұмыстар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет