Веналық қан кету қою түсті қан ағатын вена зақымданғанда болады. Ірі веналар зақымданған кезде капеллярлық қан кетудегі сияқты жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп, қысатын таңғыш салу керек
Веналық қан кету қою түсті қан ағатын вена зақымданғанда болады. Ірі веналар зақымданған кезде капеллярлық қан кетудегі сияқты жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп, қысатын таңғыш салу керек. Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда оған қан жүруді азайту үшін көтеру керек. Егер қысатын таңғыш қан кетуге көмектеспесе, онда міндетті түрде дәрігерге апару керек.

Адам өміріне артериялық қан кету едәуір қауіпті болып саналады. Бұл кезде көп қан кетеді. Артериялық қан кету ашық алқызыл түсті қанның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшелінеді. Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып жгутпен қысу керек. Егер жгут дұрыс салынса, қан кету тоқтайды. Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутті 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Сондықтан жгут салынған уақытты дәл көрсетіп, зардап шеккен адамды тез арада ауруханаға жеткізу керек.

Жүрек және қан тамырларының қалыпты жұмысы үшін қандай жағдайлар керек?.

Жүрек ауруларының негізгі себептері неде?
Ішімдік пен темекінің жүрек қан тамырлары жүйесіне қалай әсер етеді?
Капеллярлық қан кетуді қалай тоқтатады?
Веналық қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі?
Артериядан қан кетудің қауіптілігі неде?
Артериядан қан кеткенде қандай алғашқы көмек шаралары көрсетіледі?