«Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубының «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбатының eсебі



Дата21.12.2017
өлшемі13.01 Kb.
«Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубының «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбатының eсебі
2011 жылғы қазанның 18 жұлдызында халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының «Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубы мұрындық болуымен «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбат өткізді.

Бұл жиынды ұйымдастыруға қатысқан және ат салысқан, кафедра меңгерушісі Байтоқаева А.Ш. және оқытушылар: Бөрібаева С., Омарова М., Смағұлова Г., Құлжанова Б., Ақбұзауова Б., х/құқық –12, 18 орыс топтары, аймақтану, х/қ 11 топтарының студенттері және клуб мүшелері.

Зияткерлік сұхбатта студенттер Байжігітова А., Ержанова Алтынай., Жөкенова А., Жүнісова А., Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны, саяси қызметке араласуы, Думадағы мұсылман фракциясындағы хатшылық қызметі жайлы айтып өтсе, Өміржанова С., Мұстафаның інісі жазған хатын оқып, Зияданова Айдана Мұстафаның эммиграциядағы қызметі жайлы жан жақты қызғылықты ақпарат ортаға салды. Азат Түркістан мемлекетін құруды мұрат еткен Мұстафа Шоқай сынды алаш ардагері туралы айтылған ойларды 2 курс студенті Мелдеханов Дәулет өзінше қорытындылады.

Мәжіліс «Мұстафа Шоқай» атты фильмді көрумен қатар жүріп отырды. «Түркінің ұлы алыбы Мұстафа Шоқайға 125 жыл» деп жазылған портреттік биллборд, қабырға газеті бұл жиының салтанатын арттыра түсті.

Жиын соңында доцент М. Омарова, кафедра меңгерушісінің орынбасары С. Бөрібаева, ректораттың тәрбие бөлімінің қызметкері Канафиева Ш.Е. Мұстафа Шоқай жайлы ойларын ортаға салды.

Жиын өзінің алдына қойған мақсаты – түркі әлемін біріктіруді мақсат еткен, сол жолда саналы өмірін сарп еткен, тағдыры жұмбақ, халқымыздың бірегей ұлы Мұстафа Шоқайды жастарға танытуда жасалған маңызды бір қадам деп бағаласақ артық болмас.


«Тура Би» шешендік

өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауова


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет