Туменбаева Н. С



бет1/4
Дата08.07.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4
Туменбаева Н.С.

Жармухаметова Р.О.

Органикалық химия практикумы

Семей 2012


Туменбаева Н.С. Жармухаметова Р.О. Органикалық химия практикумы. Әдістемелік құрал.

Семей, 2012 ж.

ISBN 978-601-248-079-5

Пікір жазған: Аубакиров Е.А. Аль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы.

ISBN 978-601-248-079-5

©Туменбаева Н, Жармухаметова Р.О. 2012

Алғы сөз
Оқырмандар назарына ұсынылып отырған органикалық химиядан зертханалық жұмыстар, жаттығулар мен есептер мектептің 10, 11- сынып оқушылары мен колледждердің 1-курс студенттеріне көмекші құрал болып саналады.

Жинаққа тақырыптар бойынша зертханалық жұмыстар, сапалық реакциялар, органикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасы мен изомериясына, химиялық қасиеттері мен алу жолдарына арналған деңгейлік жаттығулар мен есептер топтастырылған..



Зертханалық жұмыс

Қаныққан көмірсутектерді алу, химиялық қасиеттері зерттеу


Жұмыстың мақсаты: Қаныққан көмірсутектерді зертханада алу тәсілін игеру, олардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу.

Реактивтер мен жабдықтар:



1. Натрий ацетаты (сусыздандырылған)

2. Натронды ізбес ( сусыздандырылған), NaOH, Ca(OH)

  1. Калий перманганаты  aq.

  2. Иод суы I aq. 5. Штатив. 6. Пробиркалар.

7. Спирт шамы. 8. Газ шығатын түтігі бар тығын. 9. Сіріңке.

10. Фарфор табақшасы. 11. Химиялық қасық 12. Вазелин майы



Жұмыс барысы:

1. Сусызданған натрий ацетаты мен натронды ізбесті 1: 2 қатысында фарфор табақшасына салып, араластырып, химиялық қасық көмегімен таза құрғақ пробиркаға салып, штативке пробирканың аузын түтікті тығынмен жауып, сәл көлбеу (пробирка аузын төмен қарай сәл еңкіштеу) етіп бекіту.

Келесі 2 және 3 пробиркалардың біріне калий перманганаты ерітіндісін, келесісіне иод суын құю.

1-ші пробирканы қыздыру, түтіктің аузын №2 және №3 пробиркалардағы ерітінділерге батыру. Бөлініп жатқан газды түтік ауызында жағып, жалынның түсіне көңіл аудару.

Болған өзгерістерді химиялық теңдеулермен өрнектеп, қорытынды жасау.

2. Екі пробиркаға зерттеліп отырған вазелин майынан үш тамшыдан құйып, оған бес тамшыдан ерітіндісінен қосып, жақсылап шайқап араластыру. Өзгеріс болды ма ? Түсіндір.

Жаттығулар:

1. Вюрц синтезін жасау үшін екі галоген туынды алынды:


 және . Осы екі галогентуындының арасында жүретін реакция теңдеуін жазып, түзілетін көмірсутекті ата.
2. Вюрц реакциясының көмегімен а) гексан; ә) 2,3-диметилбутан; б) этан; в) бутан алуға болатын реакция теңдеуін жаз.
3. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

4. Алкандардың химиялық қасиеттерін көрсететін сызба берілген:


Қыздыру


Жану
Галогендену Изомерлендіру

Дегидрлеу Термиялық ыдырату

Алканның біреуін нақты мысалға алып, сызбаны пайдаланып, сәйкес реакция теңдеулерін жаз:


5. Құрамы  болатын қосылыстың мүмкін болатын изомерінің құрылыс формулаларын жазып, оларды жүйелік номенклатура бойынша ата.

6. 1– хлорпропанның электрондық формуласын жаз: молекулада электрондық тығыздық қалай таралады, галоген атомы радикал белсенділігіне қалай әсер етеді?

7. Құрамы  болатын қосылыстың барлық изомерлерінің құрылыс формулаларын жазып, оларды ата.

8. А) 2-метилбутанды нитрлегенде;

ә) 2-метилбутанды бромдағанда қандай өнімдер түзіледі? неге?

Осы реакциялардың теңдеулерін жаз.

9. Атаулары бойынша көмірсутектердің құрылыс формулаларын құрастыр:

а) 2,2 – диметил – 3 - этилоктан;

ә) 2,5 – диметилгексан;

б) н – пентан; в) 2,3,4 – үшметил - 4 – этилгексан;

е) 4 – изопропил – 5 - этилоктан.

10. Құрылыс формуласы берілген көмірсутектерді жүйелік номенклатура бойынша ата:

а) CHCH(CH) CH

ә) CHC(CH) - CH

б) CHCHCH (CH) CHCH

в)CH CH CH (CH) C (CH) (CH) CHCH (CH) CH



ЕСЕПТЕР.

1. Сутегімен салыстырғанда салыстырмалы тығыздығы 22 болатын көмірсутектің молекулалық формуласын тап .

Жауабы: 
2. Көмірсутектің азотпен салыстырғанда тығыздығы 1,57. Көмірсутектің формуласын тап.

Жауабы: .


3. Массасы 3,2 г көмірсутегін жаққанда 9,9 г көміртегінің (ІҮ) оксиді және 4,5 г су түзілді. Осы заттың сутегімен салыстырғанда тығыздығы 64. Көмірсутектің молекулалық формуласын тап.

Жауабы:


4. Массасы 29 г көмірсутегін жаққанда 88 г көміртегінің (ІҮ) оксиді және 45 г су түзілді. Осы заттың ауамен салыстырғанда тығыздығы 2-ге тең . Көмірсутектің молекулалық формуласын тап.

Жауабы:


5. Құрамында көміртегінің массалық үлесі 51,89 % , сутегі 9, 73 % және хлор 38,38 % болатын органикалық заттың молекулалық формуласын тап.

Осы заттың буының ауамен салыстырғанда тығыздығы 3,19- ға тең.

Жауабы:
6. 1 моль газ тәрізді алкан (қ. ж) жанғанда 22,4 л. көміртегінің (ІҮ) оксиді және 36 г су түзілді. Алканның формуласын тауып, осы газдың 5 л көлемін жағуға қажет оттегінің көлемін есепте.

Жауабы: ; 10 л .


7. 30 л метанды жағу үшін 200 л оттегімен байытылған ауа жұмсалды. Оттегімен байытылған ауадағы оттегінің көлемдік үлесін (%) есепте.

Жауабы: 0,3 немесе 30 %.

8. 1 кг гександы толық жағу үшін (қ.ж) қандай көлем ауа жұмсалады? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 %.

Жауабы: 11782,9 л.

9. Массасы 90 г этан термиялық ыдырағанда қандай масса күйе алынады Күйе шығымының массалық үлесі 80 % .

Жауабы: 57,6 г..


10. Массасы 500 г болатын, құрамында жанбайтын 8% қоспасы бар гексан жанғанда қандай көлем көміртегі (ІV) оксиді түзіледі?

Жауабы : 718,9 л.


11. Метанның небір көлемінің массасы 10 г . Осындай көлем пропанның

(қ.ж) массасын есепте.

Жауабы: 27,5 г .
12. Массасы 43 г гександы нитрлегенде реакция өнімінің шығымы 80% болса, қандай масса нитрогексан түзіледі?

Жауабы: 52,4 г.


13. 4,48 л этанды (қ.ж) нитрлегенде 12 г нитроэтан түзілді. Оның шығымының (%) массалық үлесін есепте.

Жауабы: 0,8 немесе 80%


14. 3 л метан мен этанның қоспасын толық жағуға (қ.ж) қандай көлем оттегі қажет? Осы газ қоспасының ауамен салыстырғанда тығыздығы 0,6.

Жауабы: 6,45 л.


15. 21,6 г алюминий мен 9,6 г көміртегінің әрекеттесуінен алюминий карбиді алынды, оны судың артық мөлшерімен өңдеді. Мұнда қандай көлем (қ.ж) метан бөлінеді?

Жауабы: 13,44 л.


16. Массасы 41 г мен массасы 30 г NaOH әрекеттескенде (қ.ж) қандай көлем метан алынады?

Жауабы: 11,2 л .


17. Қ. ж. 140 л метаннан қандай көлем (тығыздығы ρ=1,5 г|мл) хлороформ алуға болады? Хлороформның шығымы теориялық шығымның 72% құрайды.

Жауабы: 358,5 мл.


Күрделі есептер
1. Қоспа 6 л метан мен 8 л циклобутаннан тұрады, оны жағу үшін (қ.ж.) қандай көлем ауа қажет. Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 %.

ж. 285,7 л

2. 255,6 г иодометан мен 50 г натрийді қосып қыздырғанда 19,04 л (қ.ж.) этан

алынды. Алынған этанның көлемдік шығымын (%) есепте.

ж. 94,44 %.

3. Массасы 100 грамнан болатын бес парафинді май шамның оттегінде жануынан қандай масса су түзіледі, егер парафиндегі көміртегінің массалық үлесі 80 % болса?

Жауабы: 900 г.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет