Түсінік хат Даму мүмкіндігі шектеулі 7-10 жас аралығындағы балалармен жұмыстың жүйесін құрастырған психология ғылымының кандидаты Н. Л. Васильева. Бағдарламаның мақсаты



Дата18.11.2017
өлшемі344.19 Kb.
«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«№10 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ





Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың педагогикалық - психокоррекциялық бағдарламасы

Жезқазған 2012 ж



Түсінік хат

Даму мүмкіндігі шектеулі 7-10 жас аралығындағы балалармен жұмыстың жүйесін құрастырған психология ғылымының кандидаты Н.Л. Васильева.



Бағдарламаның мақсаты:

Балалардың тұлғалық дамуындағы рухани адамгершілік, патриоттық сезімдерін дамыта отырып, өз құқығын қорғай білетін ақыл-ойы мен танымдық белсенділіктерін дамыту.


Бағдарламаның міндеттері:

  • Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың инклюзивті білімін дамыту;

  • тұлғаны адамгершілік рухани азаматтық және патриоттық сезімін жетілдіруге тәрбиелеу;

  • тұлғаның ойлау, сөйлеу, есту қабілеттерін жан – жақты дамыту ;

  • Оқуға дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту (ратикуляциялық аппарат, фонематикалық есту, қол маторикасы, оптикалық кеңістікте бағдарлау);

  • Балалардың ой-өрісін байыту;

  • оқушыға оқу материалын саналы түрде қабылдауға мүмкіндік беретін қоршаған орта құбылыстары мен заттары жайында нақты жан-жақты түсініктерін қалыптастыру;

  • Оқу қажеттілігін қалыптастыру;

  • Балаланың әлеуметтік- адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру (оқушының жаңа әлеуметтік рөлін сезінуі, сол рөл талап ететін міндеттерді орындауы, оқуға жауапкершілікпен қарауы, сабақта тәртіп ережесін сақтауы т.б.);

  • Бала дамуына жүйелі жан-жақты бақылау жасау;

  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес жалпы интелектуалды біліктілік қалыптастыру (талдау, салыстыру, топтастыру, жалпылау, логикалық жүктеу операциялыра);

  • Баланың жалпы деңгейін көтеру және ауытқуларын түзету;

  • Соматикалық және психикалық қалпын нығайту;

  • Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.


Бағдарламаның өзектілігі:

«Бала кемістігінің даму деңгейі

неғұрлым төмен болса,

соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі

жоғары болу керек».

П. Шуман неміс педагог-дефектологы


Қәзіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экономикалық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып отыр. Олардың осы ауытқуларға шалдығуы сабақ үлгермеушілікке, тәртіп бұзушылыққа себеп болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін дифференциалды арнайы мекемелерді ашу-дамуында ауытқуы бар балалардың дер кезінде емдік педагогикалық көмекпен және арнайы оқытумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кемтар баланың кейінгі дамуын болжау көбіне, ол оқуға тиісті мектеп типін дұрыс анықтауға байланысты. Бұл әсіресе, ауытқуы күрделі емес балалар үшін өте маңызды.

Орта мектеп оқушылары сабақ үлгермеуі себептерін талдаған кезде бастапқы интелектісі дұрыс, бірақ мектеп бағдарламасын меңгере алмайтын балалар, дәстүрлі полиморфты топ ретінде белгіленеді. Олардың жоғарғы психикалық функцияларының жетілуі баяулығымен, бірқалыпсыздығымен және таным іс-әрекетінің жеткіліксіз қалыптасуымен, эмоционалдық жеке тұлғалық жағы дамымаған, орталық жүйке жүйесі органикалық жетіспеушілігінен, конститутционалды ерекшілігенен және әлеуметтік факторлардың әсерінен жұмыс қабілеті бұзылуымен сипатталады, сол себептен арнайы ұйымдастырған педагогикалық жағдайды қажет етеді.

Түзете-дамыта оқыту сыныптарында әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептер салдарынан (орталық жүйке-жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, тірек-қимыл астеникалық қалып, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар, оқу материалын меңгеруде тұрақты қиындық туғызатын тірек-қимылорганикалық негізінде психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады.

Бұл сыныптар жалпы білім беретін мектепте түзете-дамыта оқыту тұжырымдамасына сәйкес ашылады. Олардың қызметі гуманизациялау, тұлғаның еркін дамыту принциптерінің негізінде құрылып білім беру жүйесінің баламалылығын және бейімділігін қамтамасыз етеді.

Ойын терапиясы арқылы дамуында ақауы бар балардың ақыл-ой даму кеместігін қалпына келтіруге болатынын бірнеше басылымдардан оқып жүрміз. Сондықтан түзете-дамыта оқыту сыныптарындағы балаларға көбінесі ойын терапиясын қолданған жөн.

Әрине ойын терапиясы-күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, психотерапиялық құралдардың көмегімен баланың көңіл-күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзгерту, сондай-ақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшесіне әсер ету әдісі.

Экология құрбанына айналып өмірлік мәселелерден шет қалған, тіршілік етуі шектелген, «Мен» бейнесі ашылмай, құйындаған өмір екпінің ағымына ілесе алмай, күйкі-тірліктің күйбеңінде қалып қойған мүгедек балалар үшін пәрменді тәсілдің бірі деп айтуға болады. Ойын терапиясы даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін дұрыс түсінуіне, өмірге құлшынысын арттыруға, бойындағы ішкі қысымды жеңуге үйретеді, тәрбиелейді.

Л.С. Выготский бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі-кемістікті қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері деп атап көрсетеді.

Сондай-ақ бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берді.

Жоспарлы әрі жүйелі жүргізілген түзету жұмыстары оң нәтиже беретіні белгілі. Көбіне ойындар арқылы олардың ойлары мен қоса сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударып, халықтың өлең-жыр, ертегілерін үйрету керек. Мысалы; «Сақина», «Түр-түсті ажырат», «Үлгіні көшір», «Нүктелер тобын көшірі жаз», «Құрғақ бассейн», «Хан талапай», «Бес тас», «Алма үзу», «Саңырауқұлақ теру», «Есте сақта», «Төртінші артық», «Графикалық диктант» т.б. ойындары. Осы ойындарды күрделендіре «Он саусақ» ойынында өлеңмен қоса жаттаймыз.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Онерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Қазақтың ұлттық ойындарында, домбыра тарту өнерінде, жүн түту, ұршық иіру, т.б. тұрмыс тіршілігінде денсаулықты сақтап, нығайтумен қатар адамды жан-жақты дамыту үшін табиғи үйлесімділік пен сәйкестік бар екені ақиқат.

Адам ағзасының күш-қуаты мен жүйке-жүйесінің сыртқы орта және тіршілік жағдайына бейімделуі, түрлі қиыншылықтарды жеңуге дайын тұруы табиғи нәрсе. Осы орайда неміс ғылымы В.Штерн «Менің ағзама әсер етпеген нәрсе мені қуаттандырады да, оған қарсылықты күшейтеді, әлсіздіктен күш пайда болады, ал кемістікті толықтыруға қабілеттілік артады» деген тұжырым жасайды.

Ал белгілі орыс ғалымы В.С. Выготский адам ағзасындағы кемтарлықты зерттей келе: «Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп кемістік есесін толықтырып, оның талапкерлігі мен дарыны өрістейді, мүгедектің деңгейін төмендетуге бағытталады»,-деген пікір айтады.



Ойын терапиясы арқылы күтілетін нәтижелер:

  1. Бала бойындағы ішкі қысымды жеңуге үйретеді

  2. «Мен» бейнесі ашылады

  3. Есте сақтау қабілетін қалыпқа келтіреді

  4. Қарым-қатынастың жоғарғы деңгейін меңгертеді

  5. Шығармашылық қабілеті дамиды

  6. Таным үрдістері дамиды

  7. Бала өзін-өзі басқаруды үйренеді

  8. Салауатты өмір салтын жете түсінеді

  9. Баланың жеке мүмкіншіліктері анықталады, бейімділік қасиеті оянады

  10. Қиындықтарды жеңе біледі

  11. Тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жоюға көмектеседі

  12. Қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделеді

  13. Баланың қобалжу деңгейі төмендейді

  14. Баланың соматикалық жан-күйі түзеледі

  15. Мүгедектіктің ауыр түрлерінен сақтандырады.

Психологиялық коррекция жүргізілетін нысан:

орталық жүйке-жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, тірек-қимыл астеникалық қалып, педагогикалық қараусыз оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар, оқу материалын меңгеруде тұрақты қиындық туғызатын тірек-қимылорганикалық негізінде психикалық дамуы тежелген балалар.



Коррекциялық пәні:

мектептегі педагог-психологтың баламен ойын терапиясын жүргізу барысындағы коррекциялық жұмыстары.



Мазмұны: Түзете-дамыта оқыту сыныптарында әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептер салдарынан (орталық жүйке-жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, тірек-қимыл астеникалық қалып, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар, оқу материалын меңгеруде тұрақты қиындық туғызатын тірек-қимылорганикалық негізінде психикалық дамуы тежелген балалар туралы.

Түсінік хат.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 81 қаулысының 2- тармағын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды жұмыста пайдалану үшін жолдайды.



Мақсаты- балаларды жеке-дара тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқулардан әлуметтенуіедегі қиындықтардан арылту, түрлі жағымды икемделік пен дағдыларды қалыптастыру, білім беруді жетілдіруде баланың ақыл-ойы мен танымдық процестерін дамыту. Сондықтан да мектепке жаңа түскен бастауыш сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындықтарын анықтауда, ең алдымен, осы ерекшеліктерін байқап, белгілеп алу керек. Бірнеше диагностикалау жұмыстарынан кейін коррекциялық топ анықталады.

Жалпы орта білім беретін сыныптадың әдістемелік нұсқау хатына сүйене отырып, оқушының жеке – дара психологиялық дамуы, физиологиялық дамуы, дене дамуымен қатар жалпы мектепке психологиялық дайындық компоненттерін анықтап алғаннан кейінгі педагог- психолог маманның негізгі міндеттерінің бірі- психологиялық түзету және дамыту.

Педагог-психолог ретінде психокоррекциялық түзету, дамыту сабақтарында мектептегі білім беруді жетілдіру мақсатында мынандай міндеттер қойылады:


  • оқушыға оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық тұрғыдан үздіксіз зерттеу жүргізу;

  • оқушылардың бойындағы қызығушылықтары мен танымдық әрекеттерін және бейімділіктерін анықтау, оларды дамыту жолдарын белгілеу;

  • мектептігі оқуға дайындығының төмен деңгейлері себептерін анықтап, түзету;

  • кейбір оқушылардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтыры мен кемшіліктерін анықтап, оларды болдырмау мен жеңудің тиімді әдіс- тәсілдерін қолдану.

Бастауыш сыныпқа келген оқушылармен психологиялық коррекция сабақтарында түзете-дамыту жаттығуларымен бірге ойын түрлерін қолдану тиімді.

Барлығы -34 сағат, аптасына - 1 рет






Сабақтың тақырыбы.


Сағат саны

Өткізілген уақыты.

Үйге тапсырма

1

Жаттығу неге керек

1




Жаттығуды қайталау

2

Қандай жаттығу түрлерін білесіңдер?

1




Жаттығуды қайталау

3

Жазғы демалысыңды қалай өткіздің?

1




Жаттығуды қайталау

4

Жануарлар

1




Жаттығуды қайталау

5

Гүлдер (гүл теру)

1




Жаттығуды қайталау

6

Теңіз бұрқанады (море валнуется)

1




Жаттығуды қайталау

7

Жунглийдегі жаңбыр (дождь в жунглии)

1




Жаттығуды қайталау

8

Төтр стихия (су, ауа, жер, от)

1




Жаттығуды қайталау

9

Ақсерек,көксерек

1




Жаттығуды қайталау

10

Шалтай-балтай

1




Жаттығуды қайталау

11

Ұшты-Ұшты

1




Жаттығуды қайталау

12

Ормандағы аю

1




Жаттығуды қайталау

13

Тербеледі ағаштар

1




Жаттығуды қайталау

14

Бір,екі,үш қарлығаш болып ұш

1




Жаттығуды қайталау

15

Ұзын құлақ сүр қоян

1




Жаттығуды қайталау

16

Мартышка

1




Жаттығуды қайталау

17

Айна

1




Жаттығуды қайталау

18

Карусель

1




Жаттығуды қайталау

19

Бүлінген телефон

1




Жаттығуды қайталау

20

Көңіл-күйімізді жаттықтыру

1




Жаттығуды қайталау

21

Ауызша волейбол

1




Жаттығуды қайталау

22

Кім екенін тап

1




Жаттығуды қайталау

23

Шөлдеу

1




Жаттығуды қайталау

24

Алып

1




Жаттығуды қайталау

25

Көпір

1




Жаттығуды қайталау

26

Қозғалысты шеңбер бойынша беру

1




Жаттығуды қайталау

27

Әйнек арқылы

1




Жаттығуды қайталау

28

Пікір-талас

1




Жаттығуды қайталау

29

Көздің және шаштың түсі

1




Жаттығуды қайталау

30

Қораздар

1




Жаттығуды қайталау

31

Жұдырықты аш

1




Жаттығуды қайталау

32

Тілсіз итеру

1




Жаттығуды қайталау

33

Кім жоғын тауып ал

1




Жаттығуды қайталау

34

Саяхатқа шығу

1




Жаттығуды қайталау

Б:




34







Түсінік хат.

Бастауыш сыныпқа келген балалардың психологиялық дамуы, физиологиялық дамуы, дене дамуымен қатар жалпы мектепке психологиялық дайындық компоненттерін анықтап алғаннан кейінгі педагог- психолог маманның негізгі міндеттерінің бірі- психологиялық түзету және дамыту.

Мақсаты- балаларды жеке-дара тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқулардан әлуметтенуіедегі қиындықтардан арылту, түрлі жағымды икемделік пен дағдыларды қалыптастыру, білім беруді жетілдіруде баланың ақыл-ойы мен танымдық процестерін дамыту. Сондықтан да мектепке жаңа түскен бастауыш сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындықтарын анықтауда, ең алдымен, осы ерекшеліктерін байқап, белгілеп алу керек. Бірнеше диагностикалау жұмыстарынан кейін коррекциялық топ анықталады.

Педагог-психолог ретінде психокоррекциялық түзету, дамыту сабақтарында мектептегі білім беруді жетілдіру мақсатында мынандай міндеттер қойылады:



  • оқушыға оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық тұрғыдан үздіксіз зерттеу жүргізу;

  • оқушылардың бойындағы қызығушылықтары мен танымдық әрекеттерін және бейімділіктерін анықтау, оларды дамыту жолдарын белгілеу;

  • мектептігі оқуға дайындығының төмен деңгейлері себептерін анықтап, түзету;

  • кейбір оқушылардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтыры мен кемшіліктерін анықтап, оларды болдырмау мен жеңудің тиімді әдіс- тәсілдерін қолдану.

Бастауыш сыныпқа келген оқушылармен психологиялық коррекция сабақтарында түзете-дамыту жаттығуларымен бірге ойын түрлерін қолдану тиімді.



С\с

Сабақтың тақырыбы

өткізілетін уақыты

1

1

Кіріспе




2

8

Зейінді дамыту




3

1

«Зейінді бол!» жаттығуы;




4

1

«Дыбыстарды тыңда!» ойыны




5

1

«Шапалақ» ойыны;




6

1

«Шығыршық» жаттығуы;




7

1

«Аңқаулар» ойыны;




8

1

«Алфавиттегі әріптер» жаттығуы;




9

1

«Жазу машинкасы» жаттығуы;




10

1

«Жұлдыздар» жаттығуы;




11

14

Есте сақтау қабілеттерін дамыту




12

1

«Әріптер тізбесі» жаттығуы;




13

1

«Үй суреті» жаттығуы;




14

1

«Айға саяхат» ойыны;




15

1

«Графикалық диктант» жаттығуы




16

1

«Қай сөзді жоғалттым?» ойыны;




17

1

«Көрші-көрші » ойыны;




18

1

«Көңіл-күй суреті» жаттығуы;




19

1

«Болады, болмайды» ойыны;




20

1

«Өзін-өзі бағалау» жаттығуы;




21

1

«Төрт апат» ойыны




22

1

«Таным процестері (психодиагностика)» жаттығуы;




23

1

«Топтай біл»жаттығуы;




24

1

«Мен» жаттығуы;




25

1

«Мен кіммін?» жаттығуы




26

6

Ерікті мінез-құлқын, өзін-өзі бақылауын және қабылдауын дамыту




27

1

«Қадір-қасиет» жаттығуы;




28

1

«Ол қандай?» ойыны




29

1

«Сиқырлы таяқша» жаттығуы;




30

1

«Шырақ» ойыны




31

1

«Фигураларды анықта» жаттығуы;




32

1

«Сиқырлы сөз» ойыны




33

20

Ойлауды дамыту және қалыптастыру




34

1

«Заттарды салыстыру»жаттығуы;




35

1

«Топта!» дидактикалық ойыны




36

1

«Біз қайда бардық, не көрдік?» ойыны




37

1

«Қане, тауып көр!» ойыны




38

1

«Сөзді аяқта» жаттығуы;




39

1

«Сөзді тыңдап ал» дадактикалық ойыны




40

1

«Жұмбақ суреттер»ойыны




41

1

«Қай ойыншық?» ойыны




42

1

«Ұғымдар арақатынасы» жаттығуы




43

1

«Ойыншықты тап» ойыны




44

1

«Артығын ал» ойыны




45

1

«Артық сөзді тап » жаттығуы




46

1

«Артық суретті тап» жаттығуы




47

1

«Қарама-қайшы сөз» ойыны




48

1

«Ағаштар, аңдар, көкеністер» жаттығуы




49

1

«Ұғымды анықта » жаттығуы




50

1

«Анықтамалар» ойыны




51

1

«Ұқсас сөздерді тап» жаттығуы




52

1

«Мен қапқа салдым» ойыны




53

1

«Мақалды түсіндір» ойыны




54

7

Қиялды дамыту және қалыптастыру




55

1

«Пантомимо» ойыны




56

1

«Дақ түсті» жаттығуы




57

1

«Аяқта» жаттығуы




58

1

«Нүктелер » жаттығуы




59

1

«Құрастыру» жаттығуы




60

1

« Ине мен жіп» ойыны




61

1

«Елестетіп көр, не болады, егер ....» жаттығуы




62

12

Эмоционалды-адамгерщілік сферасын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, түзету




63

1

«Өзіңді ұсын» жаттығуы




64

1

«Мүсінші» ойыны




65

1

«Еркелетіп шақыр» жаттығуы




66

1

«Гүл шоғы» ойыны




67

1

«Айдаһардың құйрығы» қозғалысты ойын




68

1

«Досыма сыйлық» жаттығуы




69

1

«Сиқырлы орындық» ойыны




70

1

«Майшам» жаттығуы




71

1

«Бұйрықты тыңда!» ойыны




72

1

«Егіз лебіз» ойыны




73

1

«Жақсы көру пирамидасы» жаттығуы




74

1

«Саяхатқа шығу»




Б

68








Тақырыбы: Жұмбақ суреттер

Мақсаты: Баланың сенімін тұрақтандыру.

Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері:

  • Өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыру;

  • Ой-өрісін, есте сақтау дағдысын дамыту;

  • Заттар, құбылыстар жөніндегі ұғымын тиянақтап, тіл байлығын жетілдіру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: психокоррекция

Сабақ әдісі: топтастыру ойыны

Көрнекілігі: Жануарлардың, өсімдіктердің, көкеністердің суреттері.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Оқушыларды шеңбер бойына жинап , барлығы бірдей мұғалімнің айтқан сөздерін қайталайды.



  • Мен жайдары, ақ көңіл және белсендімін.

  • Менің қолымнан барлығы келеді.

  • Мен айналама тек жақсылық тілеймін.

  • Мен бақыттымын.

2. Өткенді қайталау «Сурет терапиясы»

Нұсқау: Мына берілген формаларды, фигураларды пайдаланып қандай заттар болмасын суретін салшы.








3. Өзіммен-өзім

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіп.

«Мен өз ағзамының қорғаныс күшіне сенемін».

«Мен жайдары, ақ көңіл және белсенді бола бастадым».

«Менде бәрі жақсы, өзім ойлағандай-мен бақыттымын».

4. Жаңа сабақ «Жұмбақ суреттер»

Дорбада бірнеше көкеніс, жануар, өсімдіктердің жартылай суреттері берілген. Бала көзін жұмып дорбадағы кез-келген затты алу керек. Содан кейін алған заттың суретіне қарап бұл қай жануар, өсімдік немесе көкеніс екенін тауып тақтаға жазу керек.



5. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Құлпынайды теріп-теріп

Қалтамызға саламыз

6. Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып, жанындағы құрбысының сұлулығын айтады. Оқушылар өз тілектерін былайша айтып білдіреді.

Өзіміз туған,

Көбелек қуған-

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге толқып-

Білімді адам боламыз.


Тақырыбы: «Қарама-қайшы сөз» ойыны

Мақсаты: ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері:

  • ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

  • Тілдерін дамыту;

  • Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын нығайту..

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: психокоррекция

Сабақ әдісі: топтастыру

Көрнекілігі: сөздердің жиынтығы

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Оқушылар кезекпен шеңбер бойына жиналып бір-бірімен сәлемдеседі

Біз тағы да, біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын

Көрісеміз қуанып.

Содан кейін мұғалімнің ұсынылған сөйлемін өз ойларымен жалғастырып айтады:

«... мен саған ............................ деп тілеймін».



2. Өткенді қайталау «Бір көргеннен есте сақтау»

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін ары қарай шыңдау мақсатында, тапсырма беріледі сол тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушы өзінің ойыннан алған әсерін айтып береді.

Нұсқау: Оқушылар 1 минуттай тақтада ілінген әріптердің тізбесіне қарап қай әріптің тұсында қандай сурет бар екенін анықтап қарап алады. Содан кейін әріптер тізбесін тақтадан алып тастаймыз. Ал оқушылар естеріне қалған әріптердің тұсындағы суреттерді рет-ретімен атап шығады

3. Өзіммен-өзім:

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіп.

«Мен өз ағзамының қорғаныс күшіне сенемін».

«Мен жайдары, ақ көңіл және белсенді бола бастадым».

«Менде бәрі жақсы, өзім ойлағандай-мен бақыттымын».

4. Жаңа сабақ: «Қарама-қайшы сөз»

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Қарама-қайшы сөз» ойыны

ұйымдастырылады. Бұл ойында оқушылар бір сөздің қарама-қайшы егізін тауып тақтаға шығып жазады.

Мысалы: әдепті-әдепсіз, ақылды-ақымақ, оқымысты-жалқау



5. Сергіту сәті

Екі қол, оң қол, сол қол

Оң қол, сол құлақ

Сол қол, оң құлақ

Оң қол, ауыз (мұрынды ұстап жаңылдыру)

Сол қол, бас

Оң қол, бес саусақ

Сол қол, бес саусақ

Екеуін қоссақ (9 саусақ жаңылдыру)

10 саусақ-балалардан күтілетін жауап



6. Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып, жанындағы құрбысының сұлулығын айтады. Оқушылар өз тілектерін білдіреді.



Тақырыбы: «Дыбыстарды тыңда!»

Мақсаты: Өзін-өзі бақылауын дамыту, өзіндік тәртібін жетілдіру.

Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері:

  • өзін-өзі бақылауын және қиялы мен қабылдауын дамыту

  • әр оқушының өзін-өзі және сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу

Сабақ типі:Жаңа сабақ

Сабақ түрі: психокоррекция

Сабақ әдісі: топтастыру ойыны

Көрнекілігі: аудиокасета

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Оқушылар шаттық шеңберін құрып былай дейді.

Біз тағы да, біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын

Көрісеміз қуанып.



2. Өткенді қайталау

- Балалар біз өткен сабақта қандай жаттығулар жасадық?

- Сендерге ойнаған ойындарымыз ұнады ма?

- Сендер өткен сабақты қандай түске баяр едіңдер?



3. Жаңа сабақ «Дыбыстарды тыңда!»

Ендеше, балалар. Мен сендерге қазір аудиокасетаны қойып беремін, сендер сол касетада қандай жануардың дыбысын дауыстап жатыр соны табасыңдар.



4. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Құлпынайды теріп-теріп

Қалтамызға саламыз

6. Жаттығуды қорытындылау

Оқушыларға бүгінгі өткен сабағымыздың ұнағанын немесе ұнамағанын анықтау мақсатында түрлі-түске боялған фигураларды береміз. Сол фигураның ішінен өзіне ұнағанын таңдап алады.





7. Қорытынды.

Барлығымыз шеңбер бойына жиналып «Ең мейірімді жануар» жаттығуын жасаймыз.


Тақырыбы: Аңқаулар

Мақсаты: Ерікті мінез-құлқын, өзін-өзі бақылауын және қиялы мен қабылдауын дамыту

Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері:

  • тұлғаның өзін-өзі реттеуіне мүмкін болатын қажетті жағдай туғыза көмектесу

  • Әр оқушының өзін-өзі және сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу

Сабақ типі:Жаңа сабақ

Сабақ түрі: психокоррекция

Сабақ әдісі: топтастыру

Көрнекілігі:түрлі-түсті қағаздармен жазылған әріптер

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Оқушылар шаттық шеңберін құрып былай дейді.

Біз тағы да, біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын

Көрісеміз қуанып.



2. Өткенді қайталау

Қ

Ұ

П

И

Я

С

Ө

З

1

2

3

4

5

6

7

8

(Сұрақ-жауап алу арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып. Төркөздің бірі ашылғанда жаңа сабақтың тақырыбы ашылады)

А

Ң

Қ

А

У

Л

А

Р

1. Алфавиттегі бас әріп-А

2. а'ң –ң

3. қарбыз' ' ' ' –қа

4. ренжу , , , , -у

5. лақ ' – ла

6. ракета ' ' ' ' ' –р



3. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі

4. Есте сақтау қабілеттерін анықтау

Тақтаға әріптердің жинағын іліп, содан кейін оқушылар әр әріптің тұсындағы суреттерді оқушылар 5 минуттай қарап тұрып естеріне сақтап қалады. Уақыт болғаннан кейін әріптердің тұсындағы суреттерді жауып қоямыз. Балалар әріптердің тұсындағы суреттерді айтады.

(Ең жақсы орындаған оқушыға жұлдызша беріледі)

5. Қорытынды

Оқушылардың барлығы шеңбер бойына тұрып бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін кезектесіп айтып шығады.



6. Үйге тапсырма

«Мен»және менің отбасым сурет салу




Тақырыбы: Айға саяхат

Мақсаты: - ерікті мінез-құлқын, өзін-өзі бақылауын және қиялы мен қабылдауын дамыту.

Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері:

  • өзін-өзі бақылауын және қиялы мен қабылдауын дамыту

  • әр оқушының өзін-өзі және сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу

Сабақ типі:Жаңа сабақ

Сабақ түрі: психодиагностика

Сабақ әдісі: топтастыру ойыны

Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Оқушылар шаттық шеңберін құрып былай дейді.

Біз тағы да, біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын

Көрісеміз қуанып.



3. Жаңа сабақ

Біз бүгін түрлі тапсырмаларды орындай отырып, қиялымызда айға саяхат жасаймыз.

1. Психологиялық дайындық «Шыбын кіріп кетті» ойыны

Айға саяхатқа шықпас бұрын ракетемызды сайлап алайық. Ракетамызға шыбын кіріп кеткен екен, соны шығарайық.

2. Енді Айға ұшатын ракета экипажын анықтайық. Ол ұшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.

А) Өздерің кез-келген әріпті атайсыңдар сол әріпке байланысты жануардың атын атайсыңдар және сол жануардың кимыл қозғалысын саласыңдар мимика арқылы.



Бой жазу жаттығуы

Екі қол, оң қол, сол қол

Оң қол, сол құлақ

Сол қол, оң құлақ

Оң қол, ауыз (мұрынды ұстап жаңылдыру)

Сол қол, бас

Оң қол, бес саусақ

Сол қол, бес саусақ

Екеуін қоссақ (9 саусақ жаңылдыру)

10 саусақ-балалардан күтілетін жауап

3. Енді экипажымызды жинап болдық енді. Айға ұшамыз.

Айға келдік осы айда не көріп тұрмыз, ол жерде не бар екен?

Көріп тұрғанымыздың барлығын суретке саламыз.

4. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Құлпынайды теріп-теріп

Қалтамызға саламыз

6. Жаттығуды қорытындылау

Оқушыларға бүгінгі өткен сабағымыздың ұнағанын немесе ұнамағанын анықтау мақсатында түрлі-түске боялған фигураларды береміз. Сол фигураның ішінен өзіне ұнағанын таңдап алады.





7. Қорытынды.

Барлығымыз шеңбер бойына жиналып «Ең жанашыр» жаттығуын жасаймыз.



Тақырыбы: Графикалық диктант

Мақсаты: - ерікті мінез-құлқын, өзін-өзі бақылауын және қабылдауын дамыту.

Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері:

  • өзін-өзі бақылауын және қиялы мен қабылдауын дамыту

  • әр оқушының өзін-өзі және сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу

Сабақ типі:Жаңа сабақ

Сабақ түрі: психодиагностика

Сабақ әдісі: топтастыру ойыны

Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Оқушылар шаттық шеңберін құрып былай дейді.

Біз тағы да, біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын

Көрісеміз қуанып.



3. Жаңа сабақ

Торкөзді дәптердің парақтарын дайындап, шетінен 4 торкөз қалдырып, бір-бірінен арақашықтығы 7 торкөз болатын, бірінің астынан бірі орналасқан (вертикаль бойынша) 3 нүкте белгілеп қоямыз. Балалар кәнекей барлығымыз қарындаштарымызды алып. «Қай жаққа және қанша торкөзге сызықты жүргізу керектігін мен айтып тұрамын. Тек қана мен айтқан сызықтарды жүргізіп отырыңдар. Бір сызықты жүргізген соң, келесі сызықты қайда бағыттау керектігін айтқанша күт. Әрбір жаңа сызықты оның алдындағы сызық біткен жерден, қарындашты қағаздан алмай, баста».



Бірінші тапсырма

Қарындашты ең жоғарғы нүктеге қой. Тыңда! Сызықты сал: бір торкөз төмен. Қарындашыңды қағаздан алма. Енді бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Осындай өрнек салуды өзіңжалғастыр.



Өрнекті өз бетімен орындауда 1,5-2 минут уақыт беріледі.

Бой жазу жаттығуы

Екі қол, оң қол, сол қол

Оң қол, сол құлақ

Сол қол, оң құлақ

Оң қол, ауыз (мұрынды ұстап жаңылдыру)

Сол қол, бас

Оң қол, бес саусақ

Сол қол, бес саусақ

Екеуін қоссақ (9 саусақ жаңылдыру)

10 саусақ-балалардан күтілетін жауап

3. Енді экипажымызды жинап болдық енді. Айға ұшамыз.

Айға келдік осы айда не көріп тұрмыз, ол жерде не бар екен?

Көріп тұрғанымыздың барлығын суретке саламыз.

Екінші тапсырма

«Енді қарындашыңды келесі нүктеге қойыңдар. Тыңда! Ал баста! Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Әрі қарай өздерің өрнекті жалғастырыңдар.»



Үшінші тапсырма

«Қарындашты соңғы нүктеге қой. Тыңда! Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Үш торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Үш торкөз жоғары. Енді осы өрнекті салуды өзің жалғастыр. »

Баланың тапсырманы айту бойынша және өз бетімен қалай орындайтындығына талдау жасалынады. Бірінші көрсеткіш ешнәрсеге алаңдамай, нұсқауды мұқият тыңдай және дәл орындай алуын көрсетеді. Екіншісі- баланың өзбеттілік дәрежесен көрсетеді. Егер бала екінші және үшінші өрнектерді еш бір қатесіз немесе өрнектердің бірінде жекелеген қателермен орындаса (жаттығу өрнегі есептелмейді) еркіндік сферасының даму деңгейі жақсы. Егер ешқандай өрнек айтылған нұсқаумен сәйкес келмесе, еріктік сферасының даму деңгейі төмен.

4. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Құлпынайды теріп-теріп

Қалтамызға саламыз

6. Жаттығуды қорытындылау

Оқушыларға бүгінгі өткен сабағымыздың ұнағанын немесе ұнамағанын анықтау мақсатында түрлі-түске боялған фигураларды береміз. Сол фигураның ішінен өзіне ұнағанын таңдап алады.





7. Қорытынды.

Барлығымыз шеңбер бойына жиналып «Ең мейірімді жануар» жаттығуын жасаймыз.



Әдебиеттер тізімі:



  1. Мектептегі психология 2011 жыл №8

  2. Мектептегі психология 2011 жыл №9

  3. Мектептегі психология 2011 жыл №10

  4. Венгер А.Л., Цукерман Г.А. Психологическое обследование младших школьников. – М.: Владос-пресс, 2004.

  5. Вергелес Г.И., Матвеева Л.А. Раев А.И. Младший школьник: помоги ему учиться. – СПб.: Союз, 2000.

  6. Луньков А.И. Как помочь ребенку в учебе в школе и дома. – М., 1995.

  7. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. – М., 1993.

  8. Прихожан А.М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. – М.-Воронеж, 2000.

  9. Работа психолога в начальной школе / М.Р. Битянова, Т.В. Азарова, Е.И. Афанасьева, Н.Л. Васильева. Изд. 2-е. – М.: Генезис, 2001.

  10. Самоукина Н.В. Игровые методы в обучении и воспитании. – М., 1992.

  11. Хухлаева О.В. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. – М., 2001.

  12. Хухлаева О.В. Тропинка к своему Я. – М.: Генезис, 2004.

Каталог: wkeiaqko -> igguggim -> oysywuou
oysywuou -> Жастардың Әлеуметтік бейімделуі салауатты өмір салты негізінде. Аймағанбетов А, эпс -101 т с
oysywuou -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру
oysywuou -> АҚпараттық- коммуникациялық технологиялардың ҚҰзіреттілікті қалыптастырудағы маңыздылығЫ
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. "Боранды түнде" Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға "
oysywuou -> «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм
oysywuou -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
oysywuou -> Оқулықпен жұмыс Кристалл денелер балқығанда және қатайғанда олардың температурасы неліктен өзгермейді?
oysywuou -> Келісілді бекітемін «Қарағанды облысы Білім беруді Қарағанды облысы Білім дамытудың оқу- әдістемелік орталығы»
oysywuou -> Ілім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет