Тұрлығұл молда-Торғайдың тұңғыш ұстазы



Pdf көрінісі
Дата27.10.2018
өлшемі51.22 Kb.
#95659

Тұрлығұл молда-Торғайдың тұңғыш ұстазы 

       


 Көне  Торғайдың  ұлттық  тарихымыздағы  орны  ерекше.  Қазақ  даласындағы 

оқу-ағарту ісі осы Торғайдан бастау алатынын, алғашқы мектеп кірпіші нақ осы 

жерде қаланғанын бастауыш сынып шәкірттеріне дейін біледі. Дәлелдеуді қажет 

етпейтін  осынау  ақиқаттың  мәні  мен  мазмұнына  бүгінде  жаңаша  көзқарас 

туындап  отыр.  Бұл  пікірімізді  Торғайдағы  «ескіше»,  яғни  мұсылманша  білім 

беру  тарихына тереңдей үңілген және осы тарихты өз қолымен жасаған тұлғалар 

турасында 

тың 


тұжырымдар 

түйген 


 

ғалымдарымыз 

бен 

өлкетанушыларымыздың еңбектері қуаттай түседі.  



Елімізге белгілі ұстаз әрі дінбасы Ғазиз қажы Әмірхановтың есімі осы орайда 

алдымен  ойға  оралады.  Ғазиз  қажының  Торғайдағы  мұсылманша  білім  беру 

және ислам дінінің таралуы жөніндегі деректі жазбасы ғылыми айналымға енген

атап  айтқанда  бұрынғы  бас  мүфтиіміз  Әбсаттар  қажы  Дербісәлінің  «Қазақстан 

мешіттері  мен  медреселері»  атты  энциклопедиялық  еңбегінің  Торғай  өңіріне 

қатысты  тарауы  осы  жазбаға  негізделген.  Сондай-ақ  Хамитбек  Мұсабай-қажы 

мен  Шоқан  қажы  Әмірханов  2007-ші  жылы  «Шапақ»  баспасынан  шығарған 

«Ғазиз  қажы»  естеліктер  кітабында  Ғазиз  ағайдың  бабасы  Азына  абыздың 

Торғайға  келу  тарихы  баяндалған.  Бұл  дәйек-деректерді  осыдан  жиырма-отыз 

жыл  бұрын  Торғайдың  кез  келген  кариясынан  ести  алатын  едіңіз.  Ал,  қазіргі 

қарттарымыздың  уайымы  бөлек.  Сондықтан  да  тұтас  бір  өңірге  білім  нұрын 

таратып, имандылық дәнін сепкен ата-баба насихатын ұрпаққа шашау шығармай 

жеткізген Ғазиз қажының тарихи еңбегі қалай атап өтуге де тұрарлық.  

 Ғазизиз қажының қасиет дарыған Әбдіжәлелбап бабасы Түркістан өлкесінде 

мешіт-медресе  салдырған,  ал  Оспанқожа  бабасы  болса  (бұл  кісі  1862  жылы 

Торғай  үйезі,  Қызбел  ауылының  Шобан  бөлімшесінде  дүниеге  келген  екен)  өз 

қаражатына  Сарықопа  болысынан  мешіт  салып,  медресе  ашқан.  Бұхара 

медресесінің  түлегі  Азына  абыз  бабасын  Шақшақ  Жәнібек  Қошқарұлының 

тапсыруымен  керуенбасы  Жылқайдар  Хожаназар  атамыз  елге  алып    келген. 

Азына абызбен 2-3 мүдәристің бірге келгені кейіннен мәлім болды. Ал, Жәнібек 

Қошқарұлы  бабамыз  туралы  Ресей  мұрағаттарында  жазба  деректер-оның  өз 

қолымен  жазған  хаттары,  тілмаштардың,  арнаулы  тапсырмамен  келген 

жансыздардың көптеген жазбалары сақталған.  

Белгілі  ғалымдар,  қоғам  қайраткерлері  Мырзатай  Жолдасбекұлының, 

Қойшығара  Салғараұлының,  Ақселеу  Сейдімбектің  «Елтұтқа»  атты 

  кітабына 

жүгінсек,  Жәнібек  Қошқарұлы    «Бұқар  жырау 

сөзімен  айтқанда:  «Қаракерей 

Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Шақшақұлы  Жәнібек, 

Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. «Мұның сыртында ол 

ауыздыға  сөз бермеген,  қиянатқа  жол  бермеген  әділ  би,  діни  сауаты  мол  молда 

кісі» және «Жәнібек сөзге шешен, билікте әділ, ескіше оқуы мол, сауатты адам» 

болған  (М.Жолдасбекұлы,  Қ.  Салғарұлы,  А.  Сейдімбек.  Ел  тұтқа  -  Астана: 

KUL TEGIN.2009. 141б.).  

Жәнібек  Қошқарұлы  екі  ағайынды,  ағасы  Тұрлығұл  да  молда  болған.  Бұл 

Әлмағамбет 

Оспанұлы 

және 


Ахметхан 

Әбіқайұлы 

әкелеріміздің 

айтқандарымен  тұспа-тұс  келеді.  М.Жолдасбекұлы,  Қ.  Салғарұлы,  А. 



Сейдімбек еңбегінде былай делінеді:  «Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, 

Қошқардан  Жәнібек  туады.  Атасы  Шақшақ  Аманжолұлы  –  қазақ  ханы  Еңсегей 

бойлы  Ер  Есімнің  қолбасшыларының  бірі  болған.  Есім  Ташкентті  шауып, 

Тұрсын ханды өлтіргенде, Шақшақ соғыс олжасы ретінде еншісіне тиген Тұрсын 

ханның қызы Нұрбикені алып келіп, баласы Көшейге қосқан».  Кеңес үкіметінің 

қас-жауы  қожа-молда,  жалпы  көзі  ашық,  оқыған    кісілер  болғандықтан, 

бұл  жөнінде  әкелеріміз  тарапынан  бірді-екілі,  Тұрлығұл  мен  Жәнібекті 

әкелері  Қошқар  Көшейұлы  Түркістан  мен  Тәшкенде  сауат  аштырып, 

Бұхарада оқытқаны жөнінде жалпылама ғана сөз етілгені есімізде. 

  

Нұрбике  анамыз  сонымен  қатар  қазақтың  Ахмет  Бйтұрсынов,  Ахмет 



Бірімжанов,  Қайнекей  Жармағамбетов,  Сырбай  Мәуленов,  тағы  да  басқа 

біртуар ұлдарының арғы әжелері болып табылады.  

Тұрлығұл  молда  ата  қонысы  Тосында  мектеп  ашып,  бала  оқытқан  пірәдар, 

тақуа  жан  болған.  Осы  кезең  жайлы  жазушы,  тарихи  шығармалар  авторы 

Өмірзақ Жолымбетов өзінің «Шақшақ Жәнібек және оның уақыты» атты деректі 

повесінде  «Қошқардың  қос  ұлы  Торғайдың  иен  даласын  төрт  түлік  малға 

толтырып  қана  қойған  жоқ,  ел  өміріне  жаңа  бір  өзгеріс,  рухани  серпін  әкелді. 

Қойдың  соңындағы  халық  бір  сәт  ойдың  соңына  да  түсетін  болды.  Торғайдың 

тусыраған  топырағына  білім  нәрі  себіле  бастады»-деп  жазады  өзінің  «Шақшақ 

жәнібек  және  оның  уақыты»  атты  деректі  повесінде.  Ал,  «Торғай  елі» 

энциклопедиясында  Тұрлығұл  молда  жөнінде  былай  делінген:  «Қошқарұлы 

Тұрлығұл  (1691–1750)  –  азаттық  күресінің  қаһарманы,  Шақшақ  Жәнібек 

тарханның  туған  ағасы.  Орта  жүз  құрамындағы  арғын  тайпасының  момын 

руынан шыққан. Атасы Шақшақ Аманжолұлы «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған 

Есім  хан  қолбасшыларының  бірі  болған.  Діни  сауатты  Тұрлығұл  Бұхара  мен 

Түркістан медреселерін бітірген жас ұстаздарды алдырып, Торғай елінде жүйелі 

білім беруді жолға қойған. 1730–42 жылдары Орынбор комиссиясының бастығы 

И.И.Неплюевпен  және  шекара  комиссиясының  бастығы  В.А.Урусовпен  орыс-

қазақ сауда қатынастарын орнатуға және екі елдің саяси байланыстарын одан әрі 

нығайтуға 

бағытталған 

келіссөздерге 

қатысқан. 

Ресей 


мемлекетінің 

мұрағаттарында  Тұрлығұл  молданың  өмірі  мен  қызметіне  байланысты  мол 

деректер сақталған». 

Торғаймен  көршілес  Батпаққара, қазіргі  Амангелді  ауданында өмірге  келген 

діни  қайраткер  Сатыбалды  ишан  осы  Тұрлығұл  молда  ашқан  мектепте  білім 

алған.  Бұл жөнінде ишанның ұрпағы Сұлтан-Ахмет Зияуйдденұлы Сатыбалдин 

былай  деп  жазады:  «Сатыбалды  ишан  (лақап  аты  Қыпшақ  ишан)  Ғабдоллаұлы 

1826 жылы Торғай уезіндегі Қайдауыл болысының Шомақ Қарасуы мекенінде 

дүниеге  келген.  Руы-  Ұзын  Қыпшақтың  Алтысы.  Әкесі  Ғабдолланың  балалары 

туып, шетінеп кете береді. Жасы елуге келгенде Мұғалима (Ұлмас) деген бір қыз 

көреді. Одан кейін Сатыбалды туады. Бала 7-8 жасқа келгенде Ғабдолла қайтыс 

болады,  арада  бірер  жыл  өткенде  туған  анасы  да  дүниеден  өтеді.  Сатыбалдыны 

кіндік  әкесі  Шомақ  қарт  өз  қамқорлығына  алады.  Бір  күндері  балаға  түсінде 

бабасы  Ақбура  әулие  аян  береді:  "Сен  Тәшкен,  Бұхара  жаққа  барып  оқу  оқы, 

дін  исламның  жолына  түс"-дейді.  Сатыбалды  көрген  түсін  Шомақ  атасына 

айтады.  Шомақ  оған  "онда  сен  алдымен  туған  апаң  Мұғалимаға  бар"  -дейді. 



Мұғалима  Арғын  ішінде  Қарабас  Бақтыбай  деген  кісіде  тұрмыста  екен, 

қоныстары  Торғайдың  Тосын  құмында (казіргі Шақшақ Жәнібек батыр ауылы) 

болады.  Апасы  қарсы  алып,  ауылдағы  молдадан  бір  жыл  оқытып,  Шомақ 

әкесінің  рұқсатын  алып,  Ташкентке  оқу  іздеп  шығады».    Бұл  1836-1840 

жылдар шамасы.   

Тұрлығұл  молданың  ұрпақтары  да  Торғайда  білім  мен  иман  нұрын 

таратуға белсене ат салысқан. 

Ғазиз  қажы  Әмірханов  өз  жазбасында    «...Торғай  даласында  1840-1845 

жылдарда алғашқы Қошалақ құмының «Тұз» деген жерінде Тұрлығұл руынан 

Мәшей  баласы  дәмолла  Ханафия  деген  кісі  Бұхараны  бітіріп  келіп,  мешіт 

салып,  сол  жерде  дәріс  берген.  Сол  мешіт-медреседе  оқыған  шәкірттерден 

белгілі діни ғұламалар, молдалар, атақты көріпкел әулиелер шықты. Мысалы: 

Оспан  қожа,  дәмолла  Кәтен,  Ахат  ишан,  Жүзбай  қажы,  Байту  молда  т.б. 

кісілер.  Дәмолла  Ханафия  Маккаға  екінші  рет  барғаннан  қайтып  оралмай, 

Жаннатул Мұғаллада жерленген»-деп жазады.  

Облыстық  «Торғай  таңы»  газетінде  1994  жылғы  ақпанда  «Имандылық 

иірімдері»  айдарымен  жарияланған  «Дәмолда  Қанафия.  Ол  кім?»  деген 

материал  көңіл  аударарлық.  Дінбасы  туралы  қызықты  деректер  келтірілетін, 

Торғай  елінің  белгілі  ақсақалдары  Жүсіпбек  Салықұлы,  Әбдуәли  Досанұлы, 

Жәлел  Қарабалин,  Дәурен  Сәуекенұлы,  Әмірбек  Қапақұлы  қол  қойған 

мақаладан үзінді келтіруді жөн көрдік. 

«Тарихи  Торғайдан  шыққан,  айттым  дегені  қате  кетпей,  атақ-даңқы  бүкіл 

елге  аңыз  болып  тараған  Мүсіреп  пен  Салпыны  білмейтін  қазақ  жоқ  шығар. 

Осы бір әулеттің ұрпағы Қанафия әулие дін жолында бүкіл Торғайдан жалғыз 

шығып,  Мәккә-Мәдинаға  барған.  Ол  онда  он  жылдай  оқып,  дәмолда  атағын 

жұрттан бұрын алған дарынды адам. Ол ұстаздан озған шәкірт болды.  

...Бүгінгі  жазылып  жүрген  әңгімелер  келешекте  жарық  көруге  тиісті 

шежіре-тарихымыздың  әліппесі.  Ал  оны  жаңылыс  айтуға  ешкімнің  қақысы 

жоқ.  Мысалы,  болмаған  нәрсені  болды  деп  жалған  жазу  бүкіл  тарихымызға 

мүлде қиянат болатыны сөзсіз.  

Ақиқат  әңгіме,  сонау  бір  өткен  жылдарда  өздері  ғана  бас  қосқанда 

Әлмағамбет  Оспанұлы,  Арыстанбек  молда,  Жұмабай,  Төлеген,  Ғаип  секілді 

молдалар  ұстаздарының  ұстазы  кім  болғанын,  кімнен  үлгі,  тәрбие  алғанын 

жыр  етіп  айтып  отыратын  еді.  Олар  дәмолла  Қанафияға  арнайы  құран 

бағыштап отырушы еді. 

Сол  бір  данышпан  әулие  дәмолда  Қанафия  елге  келгеннен  кейін  игі 

жақсылармен ақылдасып, кеңесе отырып, бүкіл Торғай даласының оңтүстігі мен 

солтүстігіндегі,  шығысы  мен  батысындағы  елді  мекендердің  қысқы  қыстау, 

жазғы  жайлауларының  орталығы–Қошалақ  жайлауының  «Тұз»  мекені  деп 

тауып,  сол  араға  Торғай  даласындағы  алғашқы  мешітті  салдырып,  бала 

оқытатын медресе ашқан. Содан «Тұз» қоныс орыны «Молданың тұзы» атанған. 

Осы  бір  қасиетті  тұңғыш  мешіт  орнатылған  «Молданың  тұзы»  атанған 

медреседе  атақты  дәмолда  Қанафиядан  Торғай  даласының  бір  шеті  Ырғыз, 

Қарабұтақ,  Бестау,  Суықбұлақ,  Науырзым,  Батпаққара,  Ұлытау,  Жезді, 

Жыланшық,  Аққұм,  Ақкөл,  Қарақұмды  мекендеген  елдің  барлық  әулие,  қожа, 


молдалары оқып дәріс алған. Сонда оқыған шәкірттердің кейбіреулерінің атақты 

әулие, имам, ишан атанғанын бүкіл ел біледі. 

Дәмолда Қанафиядан дәріс алып, оқығандардың бірі Оспан қожа 12 жасында 

ұстазының  батасын  алып,  адам  емдеуге  ие  болған.  Мысалы,  Қорғанбек 

Бірімжанұлы  жас  кезінде  алыс  бір  сапардан  қатты  сырқаттанып  есін  білмей 

келгенде,  ағайын–туыстары  дәмолда  Қанафияға  хабар  беріп  шақыртады.  Сонда 

осы  бір  әруақты  адам  дарынды  шәкірттерінің  бірі-12  жасар  Оспан  қожаны 

шақырып алып: «мынау Қорғанбек Бірімжанұлы бізбен аталас, туыстығымыз бар 

жақын адам. Сол себепті біздің бір-бірімізге еміміз дарымайды. Сондықтан саған 

батамды беремін, сенің барып емдеуіңе сенемін»-депті. Сөйтіп, Оспан қожа оны 

емдеп, сауығып кетуіне үлкен септігін тигізген.  

Сондай-ақ  дәмолда  Қанафиядан  оқып,  дәріс  тыңдап,  батасын  алған 

шәкірттерінен дәмолда Кәтен Қожабекұлы, Ахат ишан, Тәмем қожа, Сатыбалды 

ишан,  Бейіс,  Байту  молдалар  үздік  шәкірттер  болған.  Атағы  жайылған  дуалы 

ауыз әуле молдалардың  көбінің алғашқы әліпби бетін ашып оқыған, діни білімге 

ниет  етіп,  қадам  басқан  жері  «Молданың  тұзындағы»  медресе  де,  өмірге  дұрыс 

жол  сілтеп,  батасын  берген,  ұстаздарының  ұстазы  болған  әйгілі  әулие,  бірінші 

дәмолда Қанафия екен. 

Шындығында,  дәмолда  Қанафия  елде  болған  жылдарында  көптеген 

шәкірттерді  оқытып,  тәрбиелеген  үлгілі  ұстаз,  имамдар  даярлаған.  Діни 

ғылымды  толық  таратуға  жол  ашқан.  Одан  тәрбие,  үлгі  алғандар  елдің  әр 

аймағында,  ұстаздың  үлгі-өнегесімен  білімдерін  толықтырып,  жалғастырып, 

кейін  Торғай  даласының  әр  жерінде  мешіт  салып,  бала  оқытып,  халқымыздың 

діни  әдет-ғұрыптарын  дамыта  түсті.  Бұған  дәмолда  Кәтеннің,  Оспан  Қожаның, 

Бейіс,  Байту,  Таласбай  молдалардың  халық  үшін  атқарған  жұмыстары  дәлел», 

делінген мақалада. 

Ғазиз  қажы  өз  еңбегінде  былай  дейді:  «Кезінде  Шилі  ауылында  бүкіл 

Торғай  уезіне  имамдық  еткен  Нұртаза  баласы  Нәуен  1926  жылға  дейін 

мұхтасиф  молда  атанды.  Денсаулығына  байланысты  жұмыстан  босап,  1926 

жылдан  бастап  мұхтасифтікті  Әлмағамбет  Оспанұлы  жалғастырды.  Ол  кезде 

Торғайға қазіргі Амангелді, Науырзым, Арқалық, Жезқазған облысының біраз 

жерлері  қарайтын,  кезінде  47  махалласы  болған,  жезқазғандық  Қайдауыл 

болысын қосқанда 54 мешіт-махалла болған». 

Осы аталған Нұртаза баласы Нәуен де, Әлмағамбет Оспанұлы да Тұрлығұл 

ұрпақтары.  Әлмағамбет  Оспанұлы  «Шиліде»  Ахмет  Байтұрсынов    үлгісіндегі 

«Бостандық» мектебін ашқан. 

Торғай  өңірінің  алғашқы  ұстазы  Тұрлығұл  молда  жайлы  қысқаша  мәлімет 

осындай. 



 

“Қазақстандағы  ақпараттық  үдерістер:замана  талабы  мен  талғамы”  атты 



халықаралық ғылыми-тәжірибелік материалдары.2014ж. желтоқсаy 

 

Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio 2
portfolio 2 -> Стандарттау
portfolio 2 -> Студенттерге дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы мәлімет беру. Студенттерге дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы мәлімет беру
portfolio 2 -> Қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс
portfolio 2 -> Immunitas – освобождение от чего- либо, неприкосновенность; Immunitas – освобождение от чего- либо, неприкосновенность
portfolio 2 -> Технология производства кобыльего молока и кумыса
portfolio 2 -> Өңдеу өңдірістерінің процестері мен аппараттары


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет