Тракторларды және олардың базасында жасалған



Дата22.04.2018
өлшемі109.68 Kb.
#70837


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы «___» __________

___ қаулысымен бекітілген
«Тракторларды және олардың базасында жасалған

өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін

ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары

мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда – тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлікті (бұдан әрі – тракторшы-машинист куәлігі) беру, тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын қағаз нысанда беру;

2) Порталда – көрсетілетін қызметті алушының тракторшы-машинист куәлігін немесе тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алуына болатын мекенжайды көрсете отырып, рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының

өтінішін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 171 қаулысымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салуын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.


5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы: ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда құжаттарды емтихан комиссиясына жолдау;
көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдіру орны бойынша куәлік беру туралы мәлімет болмаған жағдайда куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салуды жолдау;
4) емтихан пунктісінің куәлік беру кітабындағы жазуды нақтылауы;

5) емтихан комиссиясының теориялық емтиханды қабылдауы, емтихан тапсыру нәтижелерін емтихан парағына енгізу, хаттаманы толтыру;

6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тракторшы-машинист куәлігін жазуы, оның сериясы мен нөмірі тракторшы-машинист куәлігін беру кітабына, сондай-ақ оқудан өткендігі туралы куәлік пен тракторшы-машинист карточкасына нөмір реті бойынша жазылады;

7) көрсетілетін қызметті алушыға тракторшы-машинист куәлігін (тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын) беру.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін

қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) емтихан комиссиясы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:


1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, тіркелген өтініштің көшірмесін береді (кіріс нөмірін; тіркелген күнін; өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін; мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын көрсете отырып) және бұрыштама қою үшін басшыға құжаттарды жолдайды – 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкестілігінің толықтығын тексереді (ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда құжаттарды емтихан комиссиясына жолдайды, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдіру орны бойынша куәлік беру туралы мәлімет болмаған жағдайда – куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салу жолдайды) – 1 (бір) жұмыс күні;
4) емтихан пункті куәлік беру кітабындағы жазуды нақтылайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жауап жолдайды – 15 (он бес) жұмыс күні;
5) емтихан комиссиясы теориялық емтихан қабылдайды, емтихан тапсыру нәтижелерін емтихан парағына енгізеді, хаттама ресімдейді, емтихан қабылдауға қатысқан емтихан комиссиясының барлық мүшелеріне хаттамаға қол қойдырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 30 (отыз) минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тракторшы-машинист куәлігін жазады, оның сериясы мен нөмірі тракторшы-машинист куәлігін беру кітабына, сондай-ақ оқудан өткендігі туралы куәлік пен тракторшы-машинист карточкасына нөмір реті бойынша жазылады (емтихан пунктінен жауап алынған жағдайда), дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды – 30 (отыз) минут;

7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері орындалған құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға тракторшы-машинист куәлігін (тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын) береді – 30 (отыз) минут.

8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1 – қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

4. Көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл тәртібін,

сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті берушінің Портал арқылы адымдық іс-қимылдары мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін Порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1 шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН және пароль арқылы Порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталда жасақтауы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушы қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электронды түрдегі көшірмесін қоса тіркеу, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық–цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркелу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәлігінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестілігін Порталда тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасақтау;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қолы қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды өңдеу үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, Стандартта көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негізділігіне сәйкестігіне көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

10) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны жасақтау;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Порталмен жасақталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолданылуымен жасақталады.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген диаграммада келтірілген.
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша 


Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

ҚФБ 1 тобы

ҚФБ 2 тобы

ҚФБ 3 тобы
прямая со стрелкой 27 прямая со стрелкой 24 прямая со стрелкой 26
ҚФБ 4 тобы



1. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, тіркелген өтініштің көшірмесін береді және бұрыштама қою үшін басшыға құжаттарды жолдайды – 30 (отыз) минуттан аспайды

2. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді – 30 (отыз) минуттан аспайды

3. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкестілігінің толықтығын тексереді (ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда құжаттарды емтихан комиссиясына жолдайды, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдіру орны бойынша куәлік беру туралы мәлімет болмаған

жағдайда – куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салу жолдайды) – 1 (бір) жұмыс күні



4. Емтихан комиссиясы теориялық емтихан қабылдайды, емтихан тапсыру нәтижелерін емтихан парағына енгізеді, хаттама ресімдейді, емтихан қабылдауға қатысқан емтихан комиссиясының барлық мүшелеріне хаттамаға қол қойдырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 30 (отыз) минут


прямая соединительная линия 17прямая соединительная линия 19


6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тракторшы-машинист куәлігін (тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын) береді – 30 (отыз) минут



5. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тракторшы-машинист куәлігін жазады (емтихан пунктінен жауап алынған жағдайда), дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды – 30 (отыз) минут


прямая соединительная линия 15

Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:


ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



2-қосымша 
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық

өзара іс-қимылы

группа 1253

Шартты белгілер:



Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аяқтауыш қарапайым оқиға



Қате



Ақпараттық жүйе



Процесс




Шарт



Хабарлама ағыны




Басқару ағыны




Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

Каталог: media -> uploads
uploads -> Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение. Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение
uploads -> Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
uploads -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы (2010. 15. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
uploads -> Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
uploads -> Опрос (анамнез, жалобы)


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет