Тоты құсты бақылап, таныстыру Білім беру саласы: Әлеумет Ұйымдастырылған оқу қызметі



Дата13.01.2019
өлшемі66.3 Kb.
Байбулова Оразкуль Наурузбаевна,

№18 «Мереке» балабақша МКҚК-ның

тәрбиешісі,

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы



Тоты құсты бақылап, таныстыру

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: Тотықұстың өзара ұқсастығын, болмысын сипаттау арқылы баланың тілін дамыту. Затты арпа, жем т. б. нақты атауымен атап, оның қасиеті мен сапасы туралы білімдерін толықтыру. Ойын ойнату арқылы баланың логикалық ойлауын, зейінін арттыру. 

Білімділік: Тотықұстың түрлерімен таныстыру, түстерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Тотықұстардың болмысын сипаттау арқылы баланың тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Ойын ойнату арқылы баланың логикалық ойлауын, үй құстарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: арпа, жем.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын. 

Қажетті көрнекі құралдар: Ойыншық тотықұс, тордағы тірі тотықұс, арпа, гүлдер. 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Шырылдады қоңырау,

Біз оқу қызметін бастаймыз.

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.



Балалар шаттық шеңберінде тұрып, өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Сөз жұмбақ шешу

Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

Он екі айдың біреуі,

Сірә оның атында.

Өзге ұяға із тастап,

Мен деп жар сап жүреді.
- Балалар, сендер тотықұс туралы айтып жатқан сияқтысыңдар.
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Олар – тіршілік иелері. Тоқылдақ – еңбекқор құс. Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақ – өте жылдам қимылдайтын құс. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.


- Балалар, қарайықшы, бұл не?
- Бұл тотықұс, неше екен, санайықшы. 
- Олар қайда отыр?
- Ал, балалар, бәріміз көзімізді жұмайық. 
- Енді екеуіне ат қояйықшы. Ана тотықұсқа не деп ат қоямыз?
- Ал тотықұсты қалай атаймыз?
- Олар ат қойғанымызға қуанған сияқты. Енді тотықұсқа назар аударайық. Тотықұс үй құсы және дала құсы болып екіге бөлінеді. Бұл үй құсы, түсі - күлгін.  
- Балалар, күлгін деп қайталайықшы. 
- Тотықұстың сөйлейтін түрлері де бар.

Құстар табиғатқа сән береді
- Ал, енді олар шықылдап дыбыс шығырады. Ол қорыққан кезде көздерін жұмып алады, төмен қарай салбыратып, бүрісіп отыра қалады. Балалар, байқадыңдар ма, тотықұстың тұмсығының астында жіп сияқты мұртшалары бар екен, бұл мұртшалар иісті ажыратып сезеді. Тотықұстың 2 аяғы болады.
Тотықұстардың қарны ашып қалмас үшін не істеуіміз керек?
- Тотықұс қандай дәнді жақсы көретінін білесіңдер ме?
- Дұрыс айтасыңдар, сонымен бірге түрлі шөптермен, ағаштың қабығымен, бұтағымен қоректенеді және ол жоңышқа жегенді жақсы көреді. Балалар, жоңышқа сөзін қайталайықшы.  
- Мынау – арпа, бұл азықтық шөп. Әбден піскен кезде шығарады. Балалар, арпаның түсі қандай?
- Ендеше, мен мұны тотықұсқа беремін.
- Тотықұс су ішеді, суды аздап жиі-жиі ішеді. Ал, тотықұстың терісі. Балалар, тотықұстың сүйкімді, мейірімді екенін кинодан, мульфильмнен білеміз. Жыл құстары дегеніміз - салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Балалар, бәріміз тұрып көжектер сияқты іс-қимыл жасайықшы. 
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.


Енді бір тамаша ойын ойнап жіберейікші. Бұл «Иә мен жоқ» ойыны. 
Ойынның шарты: Балалар, жоқ деген сөзді айтпау керек, оның орнына «болмайды», «олай емес» деген сөздер пайдаланады. 
Ойынның мазмұны:
1. Тотықұстың дене мүшесі
А) тотықұс қандай ?
Ә )тотықұстың 2 аяғы бар ма?
Б) тотықұс ұша ма ?
В) тотықұс ұйықтайды ма?
Г) тотықұс күле ме?
2. Тотықұстың қасиеті
А) тотықұс арпа жей ме?
Ә) арпа сары ма?
Б) су іше ме?
В) тотықұс кесемен айран іше ме?
3. Тотықұстың ерекшелігі
А)) тотықұс ертегілерде бола ма?
Б) тотықұс кино көре ме?

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

- Бір, екі. 

- Торда отыр.

- Тотықұс деп атайық. 

 

- Жасыл. 

- Дөңгелекке, сопақшаға ұқсайды. 

- Ұқсайды. 

- Жем береміз, су береміз. 

- Тотықұс арпаны жақсы көреді. 

- Арпа. 

- Түсі жасыл. 

- Сарғыш қызыл. 

- Сопақшаға ұқсайды. 

- Күртеше. 

Өлең жолдарына сәйкес іс-қимылдар жасайды.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

-Иә.

-Жоқ.

-Иә.


-Иә.

-Иә.



Рефлексиялық – түзетушілік

Рахмет, Тотықұс, сен бізге қонаққа келіп бүгінгі оқу мақсатымыздың қызықты өтуіне көмектестің. 
Балалар, біз бүгін айналамен танысу, оқу мақсатында тотықұстың ән салатыны, сөйлейтіні туралы танып білдік. Барлықтарың да өте жақсы қатыстыңдар. 

Балалар тотықұспен қоштасады.

Күтілген нәтиже:

Біледі: Үй құсы – тотықұс туралы толық мағлұмат біледі. 

Игерді: Өз ойларын еркін жеткізеді, ойын шартын, ойын ережесіне сәйкес орындауды игерді.

Меңгерді: Тотықұстың қасиеті, іс-әрекеті, қорегі туралы меңгерді. 


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет