“Төрт түлігім ырысым ”



бет1/3
Дата24.11.2017
өлшемі408.12 Kb.
  1   2   3
ММ «Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Қарасу орта мектебі»

Төрт түлігім - ырысым


атты ғылыми – зерттеу жобасы

http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_6/33/d-32958/7z-docs/1_html_88333ed.jpg

Бағыты: адам денсаулығының мәселесі

Секциясы: этномәдениеттану

Дайындаған: 4 «Б» сынып оқушысы Палагина Валерия.

Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Құсайынова Ұлберген Рамазанқызы



Ғылыми кеңесшісі: Құсайынова Ұлберген Рамазанқызы


42
Қарасу, 2016

Мазмұны

I. Кіріспе .......................................................................................................  4 бет

II. Негізгі  бөлім.

1.     «Төрт  түлігім- ырысым»   ...... ............................................. .......... 5 - 10 бет

a)     «Жылқының сүті – шекер, еті – бал, иісі –жұпар,

терісі – киім, міңсең – тұлпар» .................................................. ............ 5- 6 бет

ә)  «Түйе – малдың қасқасы»..................................................................... 7 бет

б)  «Сиырдың  сүті - тілінде» .................................................................... 7 - 8 бет

в)  «Қойдың  еті - қорғасын » ...................................................................   9 бет

г)  «Ешкі  төресі – серке» ........................................................................... 10  бет



II. Төрт  түліктің  пайдасы ................................................................... 11- 14 бет

3. Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар, мақал – мәтелдер

мен әндер.......................................................................................... ........... 15 -16 бет

4. Танысқан мәліметтер бойынша төрт түлік туралы қорытынды

кестем, практикалық экспериментім......................................................... 17 бет

5. Сауалнамам және оның қорытындысы ................................................. 18 бет

6. Зерттеуім және оның нәтижесі .............................................................. 19 бет

III.  Қорытынды......................................................................................... 20 бет

Абстракт

Зерттеу  мақсатым:

1.Төрт  түліктің  түрлерімен  танысып, зерттеу.

2.Төрт  түліктің  адамға  пайдасын  зерттей  отырып, ұғымды кеңейту.

3.Төрт  түліктің  маңыздылығын  танысу, адам  өміріне  қажеттілігін көрсету.



Міндеттерім:

  • Төрт  түліктің  шығу  тарихын,  түрлерін    анықтау.

  •  Төрт  түліктің  адам  өміріне  пайдасы  туралы  мәлімет  жинау.

  •  Төрт  түлікке  қатысты   тыйымдар мен ырымдар, мақал – мәтелдер және өлеңдермен танысу.

Әдістерім:

  • Ақпарат көздерінен мәлімет алу;

  • Төрт түлік жайлы, олардың пайдасы туралы ауыл адамдарынан сұхбат алу;

  • Танысқан мәліметтер бойынша төрт түлік мал туралы қорытындылау кесте жасау;

  • Сиыр мен ешкі сүтінің салыстырмалы құрамымен танысу;

  • Практикалық эксперимент жасау;

  • Ауыл тұрғындарымен сауалнама, зерттеу өткізу;

  • Қорытынды жасау.

Гипотезам: Төрт түліктің түрлерімен, пайдасымен жан-жақты танысып, адам өміріндегі маңыздылығын  анықтау.

Зерттеу кезеңдерім:

Дайындаушылық: тақырыпты  таңдау, мақсат  пен  талаптың  қойылуы.

Зерттеушілік: төрт  түліктің  түрлерін, пайдасын  зерттеу, анықтау.

Зерттеуімнің  жаңашылдығы.

 Төрт  түліктің  маңыздылығын  түсіне  отырып, мәдени, рухани  дамыту  

  әдісі  ретінде  тиімді  қолдану  мүмкіншілігін  көрсете  білу.

Жұмысымның  нәтижесі  мен  қорытындысы.

Осы ғылыми жұмысымды зерттеу барысында кітаптарды, деректерді пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында төрт түлік туралы көп мағлұмат алдым. Бұл  ғылыми - зерттеу  жұмысым  төрт  түлік  туралы  тереңірек  білуге, оларды

бағалап, құрметтеуге  септігін  тигізетіні  сөзсіз.

Ұсынысым:

Келешекте Қарасу өңірінде мал шаруашылығын кеңейтіп, әсіресе, аурухана, қарттар үйі, балабақша, мектептер, интернат сияқты мекемелерді төрт түлік етімен, сүтімен қамтамасыз ету.

  Жұмысымның  тәжірибе  ретінде  қолдану  аясы:

  Мектепте, сабақтарда дидактикалық материал ретінде, сыныптан тыс сабақтарында, сынып сағаттарында қолдануға   болады. 



Абстракт

Мои цели исследования:

1.Познакомиться с четырьмя видами домашних животных, исследовать.

2. Исследуя пользу домашних животных, расширить свои знания.

3. Узнать о значимости четырех видов скота в жизни человека, о их необходимости в жизни человека.



Мои обязанности :

Ø   Определить историю развития животных,  их виды.

Ø    Собрать сведения о пользе четырех видов скота в жизни человека.

Ø    Познакомитья с народными поверьями, запретами, пословицами, стихами, песнями относительно четырех видов животных.



Мои методы:

  • Собрать материал по теме;

  • Провести интервью с жителями села о животных и их пользе;

  • Создать итоговую таблицу об особенностях домашних животных;

  • Познакомиься со сравнительным составом коровьего и козьего молока;

  • Провести анкетирование и исследование с жителями поселка Карасу;

  • Подвести итог.

Моя гипотеза: Всесторонне изучив виды животных и их пользу, определить их значение в жизни человека.

Этапы моих исследований:

Подготовительный: выбор темы, цели и требований.

Исследовательскиий: Провести исследование о четырех видах скота, определить их пользу и значение.

Новизна моего исследования.

Понимая значение четырех видов скота, в качестве культурного, духовного метода уметь использовать необходимые возможности.



Итоги исследования  

В процессе моего научного исследования, используя нужную литературу, я узнала очень многое о домашних животных. Эта научная работа помогла мне глубже узнать об истории четырех видов скота, научила ценить и понимать их значимость в жизни народа.



Рекомендации:

В будущем расширять в Карасуском регионе скотоводство, особенно, обеспечивать больницы, дома престарелых, детские сады, школы, интернаты мясом и молоком четырех видов скота.

 Области практического использования результатов: 

  В школе использовать как дидактический материал на уроках, во внекласных мероприятиях, на классных часах.



Abstract

My purposes of research:

  1. To acquaint pupils with four species of domestic animals, to research.

  2. Investigating the advantage of domestic animals, to expand (improve) their knowledges.

  3. To learn the significance of these domestic animals in our life.

My duties:

  • To define the event of advances of animals, their species

  • To gather detailed information about advantages of four species of domestic animals in human life

  • To acquaint pupils with national beliefs, bans, proverbs, poems, songs relative to these species of domestic animals

My methods:

  • To gather the training material about this topic

  • To conduct interview with the natives about advantages of domestic animals

  • To create the final table of features of domestic animals

  • To compare the composition of cow’s and goat’s milk

  • To carry out questioning and to research with the natives of Karasu region

  • To sum up result

My hypothesis:

Having comprehensively studied animal species and their advantages, to define their value in human life.



The stages of my researches:

Preparatory: the choice of the theme (topic), the aims and claims.

Research’s stage: to conduct study about four species of domestic animals, to define their advantage and value.

The novelty of my research:

Understanding the value of these four domestic animals as a cultural, spiritual method to be able to use necessary opportunities.



Results of research:

In the course of my research, using the necessary literature, I have learned many things about domestic animals.

This work has helped me to learn more about event of these four species of domestic animals, it has taught to appreciate and understand their importance in life of the people.

Recommendations:

In the future to expand domestic animals breeding in Karasu district, especially, to provide hospitals, nursing homes, kindergartens, schools, boarding schools with meat and milk of these four species of domestic animals.



The areas of practical use of results:

At school subject to use this material as didactic at the lessons, in out- of-class actions, in class’ hours.




42


Кіріспе

«Малы  бардың- жаны  бар», «Елдің  көркі - мал» деген   халық  нақыл    сөздерінен - ақ  қазақ   халқының  тұрмыс  тіршілігінде  төрт  түлік   малдың ерекше  орын  алатынын  түсінуге болады. Бабалары төрт түлікке  ерекше көңіл  бөлген. Ас- ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен жасайтын   алыс -  берісінің   көзі, байлығы  болғандықтан, қазақ  үшін  осы  төрт  түлік  мал  аса  қымбатты  дүние  болғаны белгілі. Малдың  сүтін  ішіп, етін  жеп, терісінен  тон  илеп, жүнінен  киім  тоқыған  қазақтарда  төрт   түлік  туралы  атаулар  жетіп артылады.

    Қазақтар  малды  тек  пайдаланып  қана  қоймаған, олардың  бабын  тауып, бағып күтудің  де  жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін  жақсы білген. Қазақ халқы  ежелден  мал  шаруашылығымен  айналысып  келеді. Мал  кезінде  алты алаштың жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапандас серігі болған. Қазақ халқы ежелден  малға  жақын  халық қой. Кезінде ата  бабалары  төрт  түлікке  жайлы қоныс іздеп,  кең далада көшіп қонып жүрген. Қазақ  төрт  түлікті  ерекше құрметтеген,  төрт  түліктің  жайымен  жазда  жайлауға, қыста  қыстауға  көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен  арқан  жіптер, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып , әр  түрлі  бұйымдар  жасаған. Төрт  түлік  малдың  сүтін  және  одан  жасалған  айран, қымыз, шұбат  сияқты  сусындарды  халық «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.

Төрт  түлік   туралы қазақ   әдебиеті  тарихында   және  халық   арасында кеңінен  таралып, қолданылуда. Ақын- жазушылар  өздерінің  өлең  жырларын да  да  жазып, адамға  пайдасы  зор  екенін  айтқан. Заман  алмасып, уақыт  өткен  сайын  бүгінгі  жас  буын  осы  төл  атауларды ұмытып, жаңылыстыратын   болып  жүр. Тірлігі  малмен  біте  қайнасқан  қазақ  үшін  бұл  жараспас. Осы себепті біздер, кейінгі жас буын (мен қазақ болмасам да, қазақстандықпын)  біле жүрейік деген  мақсатпен  осы төрт түлік туралы, олардың пайдасы жөнінде  мәліметтерді  жинау қажеттілігін түсіндім.

    Төрт  түліктің  пайдасы  туралы  ғана  емес, өлеңдер  мен  мақал - мәтелдер, тыйым сөздер  және  ақын- жазушылардың, жыраулардың  ойларын   жинақтауды  жөн  көрдім. Осы  зерттеу  жұмысында  төрт  түлік  туралы  ой-түсінігім  кеңейе түсті.

Тәуелсіз  Қазақстан  жерінде  төрт  түлігімізді бағалай  отырып, дастарханымызда   ұлттық   тағамдарымыз  жайнап   тұрса, балалар  ұлттық  ойындарды  ойнап   өссе, қандай тамаша! Ұлттық  құндылықты   құрметтеу - басты  парыз деп ойлаймын.

     Мал   өсіруге  аса  қолайлы  Қазақстан   жерін   малсыз   елестету  мүмкін емес. Бұл  біздің  еліміз үшін  бұдан  былай  да  аса  маңызды  шаруашылық болып  қала бермек. Қасиетті  төрт  түлікке  қатысты   ұлтымыздың  ұғымдары мен бай  тәжірибесін  ұмытпауға  тиіспіз. Қадір  тұтқан   мұраны сақтайық. 

4

«Жылқының сүті – шекер, еті – бал, иісі – жұпар, терісі – киім, міңсең – тұлпар»

Төрт  түлік  малдың  ішінде  қай  халықтың  болса  да құрмет  тұтатындарының  бірі - жылқы  малы. «Ат - ердің қанаты» деп айтатын дана  халқымыз  жылқыны  өте  қастерлеген. Жылқы - мінсең  - көлік, жесең - ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір  қазақ  жанұясын біз көре  алмаймыз.Тарихи  деректер  бойынша  адам  баласы  жылқыны  біздің  жыл  санауымыздан 3-4 мың  жыл бұрын  қолға үйреткен. Негізгі  Отаны  Шығыс  Еуропаның  далалы  аймағы, Орталық  Азия  және  Қазақстан  алқабы  деп  есептеледі .Әйгілі  ғалым  Ахмет  Тоқтабайдың «Алматы  кітап» баспасынан  жарық  көрген  «Қазақ  жылқысының   тарихы»  кітабында Орталық  Аз ия, соның ішінде қазақ  даласы - жылқы  Отаны» - деген  түпкілікті тұжырым  жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі – «Ботай  қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны  алғаш  қолға  үйреткендер. Мұны  қазір  бүкіл  әлем  ғалымдары  мойындап отыр. 2009 жылы  бүкіл  әлемге  SCIENCE  ғылыми   журналында  жылқының   дүниежүзі   бойынша  тұңғыш  рет  Солтүстік  Қазақстанда  қолға  үйретілгені, ертедегі малшы-жылқышыларының б.з. д. ІY мыңжылдықта  қымыз  дайындағаны әлем  жұртшылығына  жария  етілді. Жылқының  арғы тегі  жылқы  пішіндес жануарлардан  дами келе тарпаңға, Пржевальск  жылқысына, құлан, зебраға  жеткен  көрінеді. Тарпаңдардың  бойлары  жылқылардан  аласалау, денесі тығыршықтай  томпақ, түстері  құла  және  көк  болып  келеді.

ХХ  ғасырдың  басында  тарпаң  жабайы  жылқылар  түрлері  мүлдем жойылып кетті. Оларды  тек  суреттерден  ғана көре  аламыз.

Жылқының  пірі – Қамбар  ата, төлі- құлын. Жылқыны «құрау- құрау»  деп  шақырады. Оны құлын, тай, жабағы,  құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр  деп  атайды. Ал  ат жүйріктігіне, тағы  да  басқа   қасиеттеріне  қарай, әсіресе,   батырлар  жырларында  жорға, су  жорға, текежәумет, жүйрік,тұлпар, қазанат, саңлақ, сәйгү-лік, назбедеу, дүлдүл, арғымақ  деп  атаған. Жылқы  малын  аса  жоғары бағалаған  қазақтар  үлкен  ас-тойларда  жарысқа  салып, бас  бәйгесіне  мол  дүние  беретін  болған. Ер - азаматтарға  жасалатын  сыйдың  да  үлкені  ат мінгізіп, шапан  жабу болған. Жалпы  халық  жылқыны  жоғары  бағалаған. Жылқының  жүрісіне  дейін  атаулары  болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға  жүріс, жортақ  жүріс, бүлкек  желіс, бөкен  желіс, шоқыта  жүру,шабыс. Оның  түсі түрлі  теңеулермен  сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар . Түйе  мен  жылқыны, өгізді  көлік  ретінде  пайдаланады, шанаға, арбаға, мал ға  жегеді, салт та  мінеді.

Жылқының  түрлері

Дүние  жүзінде  жылқының  250 -дей  түрі  бар. Қазақстанда  жылқының 16 түрі өсіріледі.

Жылқы – жүк  жылқысы, мініс  жылқысы, жазық  дала жылқысы, тау  жылқысы, солтүстік  дала  жылқысы  болып  бөлінеді.

5

  Қазақ  халқы  жылқыны 3 топқа бөлген:



1.Жүйрік  аттар: арғымақ, тұлпар ат , сәйгүлек  ат.

2.Күшті, еті тығыз  аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк  артуға, көшкенде пайдаланған. Бұл  аттарды  «қазанат»  деп  атаған.

 3. Жүрдек  аттар.

Күші  мығым  ат  пен  бәйге атының  арасындағы  салт жүріске  жарамды  жылқылар  «жабы»  деп аталған.

 Жынысына қарайат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.

Құлын - биенің төлі

Жабағы - 6 айдан асқан құлын

Тай - 1 жастан асқаны

Жылқы     тұқымдары

.                                   

             Алтай тұқымы.                                      Қостанай тұқымы.

 

                                         



Буденный  тұқымы.                                            Қазақ  тұқымы

 

Қазақ жылқыларының ерекшеліктері – бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды, мойыны шомбалдау, қысқа, көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері  тығыз.



    Қазақ  жылқылары  ауа  райының  құбылмалы жағдайына  төзімді, жем – шөпті  талғамайды, үнемі  далада  жайылымда  жүріп  күнелтеді.

Жылқының  қасиеті.

     Төрт  түліктің  ішіндегі  ең  таза  мал - жылқы. Оның  тазалығы  соншалық - суды  да  кешіп  барып, таза  жерден  ішеді. Ол  өте  сезімтал  мал. Қолға тез үйренеді. Бір  ғажабы - жылқыда  өт болмайды. Төрт  түліктің  ішінде  жылқыны өсіру  жеңіл. Жылқы - жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

6

«Түйе малдың  -  қасқасы »



Түйелер - ірі  табандылар  отрядының  түйе  тұқымдасына   жататын   ашатұяқты  сүтқоректілердің  бір  түрі. Қолда  өсірілетін   түйелердің   арғы   тегі - жабайы  түйелер. Түйе  бұдан  4-5 мың  жыл  бұрын  қолға  үйретілген.  Төрт  түлік  малдың  ішіндегі  ең  қасиеттісі  түйе  болып  есептелген. Ол  қырық  күн  шөлге  шыдамды  жүк,   артса – көлік, жесе – ет, ал  жүні  киімге  жараған. Қазақтар  түйенің  жүні-нен  шекпендер киген, ол  жеңіл  әрі  жұмсақ  сырт  киім  болған. Жүні  қыс  та  суықты  өткізбейді. Түйелер  қос  және сыңар  өркешті болып  келеді. Азық  қорын  өзімен  бірге  алып  жүреді. 100 килограмм  өркеші – азықтық майын  жинап   алатын   қоймасы  әрі   шөлдегенде  ішетін  суы. Өркешіндегі  май  оған  екі  жұмаға  дейін  азық  болады. Түйе  шөлдеген   кезде он минутта  он  литр  су  іше  алады  екен. Түйенің  күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылық  қасиеттеріне  қарай: біртуған, бекпатша, күлпатша , нар, аруана жампоз, мая, айыр, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек  деп  бөлінеді.

Асан  қайғының  шапқанда  құстай   ұшатын  желмаясы  естеріңізде болар.

(«Айырдан   туған  жампоз  бар, Нарға  жүгін   салғысыз» Шалкиіз  жырау.

Ал  түйе  өзінің  өсу  жолында   бота, тайлақ, буыршын,  буырлыш, науша,

бұзбаша, інген, атан, бура  деп  аталады. Түйенің   азғын   түрлерін:  көрт,

кейін  дейді .  («Түйе  жаманы - көрт, шөп  жаманы  керт». Мақал)

Түйенің  еті  мол, жүні  биязы болады. Түйе   30 - 35  жыл  өмір  сүреді.

Түйенің   пірі - Ойсылқара, төлі - бота. Түйені «көс-көс»  деп  шақырады.

Төлдеу  мерзімі – 12 ай.

 

Түйе  түрлері

Қазақстанда  түйенің  екі  түрі бар: қос  өркешті, сыңар   өркешті.

1) Жалғыз  өркешті  түйе (ғылыми  тілде  дромедар  дейді). Қазақстанның кейбір  жерлерінде  өсіріледі. Ең  көп  өсірілетін  жері - Қарақұм. Қазіргі кезде  қолда  аруана  деп  аталатын  қолтұқымы  өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - нар. Ұрғашысы - мая немесе аруана, еркегі - үлек. Сыңар  өркешті  түйе  ыстыққа  төзімді, бірақ  қатты  аязға шыдамайды. 

2) Қос өркешті түйе (ғылыми  тілде  Бактрия  түйесі  дейді)  немесе Айыр өркешті  түйенің  жабайы  түрі «қаптағай» деп  аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Қазақстанда  қос өркешті түйенің  Қазақстан түйесі, Монғол түйесі, Астрахан  түйесі  деп  аталатын негізгі  үш  тұқымы  өсіріледі. Ол құрғақ  далалы, шөл-шөлейтті  жерлердің табиғи  жағдайларына  жақсы  бейімделген. Аңызақ  ыстыққа, үскірік  аязға төзімді  келеді.

7

Түйенің   қасиеті.

Түйенің   жүні  мен  терісі – киім, сүті – сусын, еті– ас. Әсіресе, түйе  көш  көлігі  ретінде   бағалы. Ол – сиырдай   емес, сирақты  мал. Қыста   суыққа, жазда  ыстыққа  төзімді. Түйе  алпыс  күн  аштыққа, отыз  күн  шөлге шыдайды.  «Айт-шу» десең атып  тұратын «тіл  алғыш», жуас, қайырымды   мал. 

 

«Сиырдың  сүті – тілінде»

 Сиыр, ірі  қара, мүйізді  ірі  қара- сүтқоректілер   класына  жататын  аша  тұяқты, қуыс  мүйізді, күйіс  қайыратын  жануарлар. Сиыр малы   осыдан  7- 10 мың  жыл  бұрын  Жерорта   теңізі  маңындағы   елдерде қолға  үйретілген. Қазіргі  үй  сиырларының   шыққан  тегі  тур деп  аталады. Тур  деген  жабайы  сиырды  қолға  асырап, үйретілгеннен  кейін  үй  сиыры пайда  болған. Жабайы  сиырлармен  салыстырғанда, үй  сиырларының  аяқтары  қысқа, денелері  ірі, үлкен, шекелері  кіші  болып  келеді. Бұл  ірі қара әр  түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы  көптеген  будандарға  айналады. Мұндай  сиырлар  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Т әжікстан, Түрікменстан, туысқан  республикаларда  кең  таралып  өсті. Жергілікті  сиыр тұқымдары  көбейді. Қазақстан  сиырларының  тұқымдары  еттілік, сүттілік, көліктік  жағынан  ерекшеленіп, өсіп-өніп  келеді.

Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік  осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырды  кейде  көшке  де, егіске  де  пайдаланып  отырған. Жалпы, қазақтар  сиырды  киімге  жаратпаған, қонаққа  сыйға тартпаған, тіпті түске  кірсе  де  ауыртпалық  деп   жорыған, тіпті  қазақта  епетейсіз, икемсіз әрі  денелі  адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін  адамды «аузын   буған  өгіздей», «мыңқиған  бұзау  сияқты» деп  мазақтайтын  тіркестер  қолданылады. Дегенмен, сиыр  да  үйдің  берекесі, айран - сүттің  көзі, балаларының   асыраушысы  ретінде  қадірлі  мал  болған. Сиырды   жасына   қарай   бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа  деп  атаған.

Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі- бұзау. Сиырды «аухау-аухау» деп  шақырады.

Сиырдың  төлдеу  мерзімі - 9 ай.

Сиырдың  түрлері

Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  сиырдың   250- ге  жуық   түрі  бар. Сиырдың дене  бітімі  олардың   өнімділік   бағытына  (сүт, ет)  байланысты  болады.



Сүт  бағытындағы.   Сиырдың   денесі  ұзын, сүйегі  салыстырмалы  түрде жіңішке, терісі  жұқа, жұмсақ, түгі  жылтыр, қарыны  кең, басы  мен  мойыны ұзын, құрсағы  мен  желіні  үлкен  болады.

Ет  бағытындағы. Сиырдың  тұрқы  төртпақ  әрі  кең, омыраулы, аяғы  мен мойыны  қысқалау, желіні  кішілеу, сүтті  малға  қарағанда  бұлшық   еттері жақсы   жетілген, терісі  қалың  әрі  жұмсақ, тері  астындағы  май   қабаты  жақсы   дамыған.

8

Сүтті  бағыттағы  қолтұқымдар.

Бұл бағытта  өсірілетін  ірі  қара қолтұқымдарынан  сүт  алу мақсаты  көзде-леді. Қазақстанда   қырдың  (даланың) қызыл  сиыры, әулиеата,  алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

               



Сиырдың   қасиеті.

Сиыр  малы  момақан, көп  күтімді  талап  етеді. Қазақта:  «Сиыр   малы -үйдің  асыраушысы» деп  тегін  айтылмаған. Себебі : сиыр  сүтінен   қаншама  тағам  түрі  жасалады. Ертеде  қазақ  халқы  сиырдың  терісінен  құдықтан  су  тартатын  ыдыс  қауғалар, қымыз  ашытатын  сабалар  мен  сусын  құятын  торсықтар  жасады.

 

«Қойдың  сүті – қорғасын»

      Қой – қуысмүйізділер  тұқымдасына   жататын, күйіс қайыратын  жұптұяқты мал.  Қой  бұдан   10 -11 мың  жыл, бұрын  қолға  үйретілген. Қойдың  жабайы  арғы  тегі – жабайы  қой  муфлон  және  арқар таулы алқаптарда  таралған. Қойдың  алғаш  қолға  үйретілген  орталықтары:  Жерорта теңізінің   маңы, Орта Азия, Қазақстан Оңтүстік Африка.

Қой – төрт   түлік   малдың   ішіндегі  қазақтың  ең  сүйіктісі. «Қойдың  сүті- қорғасын,  қойды   құртқан  оңбасын»  дейтін   қазақтың  қой  өсіруге  ынта-ықыласы  мол- ақ. Өзі  майда, өсімтал, момақан, тез  ет алып, қонақ   кәдеге  жарап  отыратын, сүті  майлы  әрі жұғымды  қой  малын  ата-бабамыз  ерекше  қастерлеген. Қой  өсу  жасына  орай  қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық  деп аталады.

Қойдың  пірі - Шопан  ата, төлі - қозы. Қойды «пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

Қойдың  төлдеу  мерзімі – 5 ай.


Каталог: uploads -> doc -> 0adc
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0adc -> Қандай үлкен әскер!Өз солдаттарыныз туралы айтып беріңізші деді
0adc -> «Классный час «Здоровый образ жизни: Профилактика сахарного диабета»
0adc -> Бағдарламасы, «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы»
0adc -> Тақырыбы: “Жақсылық – жан шуағы” Дайындаған: Байқоныс ожббм


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет