Тұмау профилактикасы осы ауруларды емдегеннен гөрі олармен күрес кезіндегі ең



Дата05.02.2018
өлшемі20.35 Kb.

Тұмау профилактикасы осы ауруларды емдегеннен гөрі олармен  күрес кезіндегі ең

маңызды сәт болып табылады.  Қазіргі уақытта тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен күресу шараларының ретті жүйесі әзірленген және ол жыл сайын іске асырылады, яғни профилактикалық егу, инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу, жедел профилактика және аурудың маусымдық көтерілуінің ерте басталатын терапиясы, үйде көмек көрсету, клиникалық көрсеткіштер бойынша госпитализациялау және т.б. Тұмауға қарсы вакцинацияның профилактикалық әсері 70-90 пайызды құрайды, тәуекел тобына кірмейтін ересектермен салыстырғанда  балалар мен егде адамдардың қорғаныш дәрежесі төменірек. Құрылымы бойынша тұмау өте құбылмалы. Вакцинацияға қарамас тан жыл сайын орасан көп адам тұмаумен ауырады және ауыратын да болады, өйткені тұмауға қарсы вакцинация панацея емес. Тұмауды және ЖРВИ-ді емдеу үшін пайдала нылатын құралдар арсеналы алуан түрлі және инфекциялық үрдіске әсер етудің барлық дерлік ықтимал тәсілдерін қамтиды. Оған этиотроптық әрекет көрсететін антивирустық химиопрепараттар, сондай-ақ иммунокоррекциялық, патогенетикалық және симптома тикалық терапияға арналған құралдар жатады. Бұған сондай-ақ тұмаудан кейінгі бакте риялық асқынулардың профилактикасы мен еміне арналған кең ауқымда қолданылатын антибиотиктерді де жатқызуға болады. Бірақ, тұмаумен жүргізілетін күрестің нәтижеле ріне қанағаттануға негіз жоқ, өйткені барлық аталған құралдар түбегейлі тиімді болып табылмайды.

- тамақтанудың жеткілікті және әркелкі болуы, дәрумен терапиясы;



- эмоциялық жайлылық – жеткілікті уақыт ұйықтау, таза ауада серуендеу;

- ағзаны жалпы нығайту (спортпен, гимнастикамен шұғылдану, шынығу (егер ағзаны бұдан бұрын шынықтырған болсаңыз, көктемде; қазір бастамаңыз);Цитрус жемістерін, тәтті бұрыш, сүт және қышқыл сүт өнімдерін, қатты ірімшіктер, пісірілген балық, сиыр етін, қаймақ, мейіз немесе қақ өрік қосылған сәбіз жеу керек. Осы азық-түліктердің құрамындағы А, С дәрумендері, мырыш пен кальций суық тиіп тұмауратудың алдын алады және оны емдеуді жеңілдетеді.Таңертең және кешкісін 1/2 грейпфрут жеу керек – бұл ангинаның жақсы профилактикасы. Грейпфруттың құрамында илік заттар бар, олар шырышты қабаттың қорғаныш үлбірін құрайды.  Аяқтары ңызды ылғал мен суықтан сақтаңыз. Ал егер аяғыңыздан су өтіп кеткен болса, аяғыңызды қыша ваннасында бумен қыздырыңыз, сүлгімен құрғатып, жүн шұлық киіңіз. Таңертең және кешкісін жолжелкен немесе эвкалипт қайнатпасымен бетіңізді сүртіңіз әрі ауызың бен тамағыңызды шайыңыз. Бұл шырышты қабат пен теріні ауру тудыратын микробтардың шөгуінен қорғайды.Қатты жел болмаған жадайда жылырақ киініп, мұрныңызбен бірқалыпты дем жұтып және дем шығарып жүріп серуендеңіз. Бұл жұтқыншақтың шырышты қабатын нығайтуға көмектеседі. Қолы ңызды жуыңыз, егер көбірек жусаңыз, соғырлым жақсы! Бұл вирусқа шалдық паудың бірден-бір тәсілі. Қолыңызды сабындап жылы сумен жиі жуыңыз, мұны мұқият орын даңыз! Бұл тәсіл тиімді,  себебі вирус жұқтырып алмайсыз.Сырқат адамдармен байланыс жасаудан аулақ болыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет