«Тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялар: ауру белгілері, емдеу, алдын алу»



Дата20.03.2017
өлшемі28.12 Kb.
#6491
«Тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялар:

ауру белгілері, емдеу, алдын алу»

  ЖРВИ – бұл түрлі вирустармен қоздырылатын, жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемей қабығының кабынуымен және ағзаның уыттануымен сипатталатын жіті респираторлық вирустық аурулар тобы.

  Бүгінгі таңда ЖРВИ-дің 200-ден астам вирус-қоздырғышы белгілі (паратұмау, тұмау вирустары, риновирустар, энтеровирустар, т.б.).

 Тұмау – ЖРВИ-дің бір түрі, бірақ эпидемиялық маңызды. Асқынулар даму қатерін ескере отырып, дәрігерге уақытылы қарану өте маңызды. Вируспен қоздырылғаннан кейін 1-4 күн аралығында тұмау белгілері дами бастайды. Әдетте, тұмау басталуы әрқашан жіті: ауырған адам сырқаттану басталған сағатына шейін айта алады. Бірнеше сағат ішінде температура жоғары мәніне жетеді (39-400С, одан да жоғары болуы мүмкін) және 2-3 күн ұсталынады. Қалтырау, ағыл-тегіл терлеу, бастың мандай-самай бөлігі қатты ауыру, көз алмасын қозғағанда ауыру, көз қарлығу, бас айналу, бұлшық ет пен буын сырқырау – осынын барлығы тұмау кезіндегі ағзаның уыттану белгілері. Тұмау кезінде түшкіру өте сирек болады, әдетте бұл – тамақ ауыруы, қызаруы секілді (катаралды белгілер деп аталатын) – ЖРВИ белгісі. Тұмаумен ауырғанда жұтқыншақтың артқы қабырғасы және жұмсақ таңдай аурады, кейін жөтел қосылады. Тұмаудың өзіне тән сипаттың бірі – шаршағыштық, әлсіздік, бас ауыруы, ашуланшақтық, ұйқысыздық, яғни астеник синдромы, бұл синдром сауыққаннан кейін екі-үш аптаға дейін сақталады.

  Ауруханаға жатқызудың көрсетулері:

-         көкірек қуысы төмен жағының ішке тартылуымен тыныс жеткіліксіздігі түрінде асқынулар пайда болу;

-         құрысқақ;

-         ашық көрсетілген ағзаның уыттануы (су мен астан бас тарту, есі ауысу);

-         температураның тұрақты көтерілуі;

-         тарылу ларингиті.

ЖРВИ көзі – науқас адам. Қоғамдағы өмір – бұл ЖРВИ жұқтырудың тұрақты және нақты тәуекел. ЖРВИ-мен түйісуден құтылу мүмкін емес, бірақ осы сырқатпен ауыру ықтималын азайтуға болады.

Аса қауіпті тұмау түрінің (А тұрпаты) эпидемиясы кезінде келесі алдын алу шараларына назар аударыңыз:

1.    Сырқат қоздырғыштарымен кездесуден аулақ болыңыз. Тұмаудың барлық түрі ауа-тамшылы жолмен таралады. Сондықтан бірінші кезекте халық көп жиналған жерлерді және бұқаралық іс-шараларға қатысуды шектеңіз, мұндай жерлерде вирус өте тез таралады.

2.    Иммунитетті күшейтіңіз. А және С дәрумендері, дұрыс тамақтану, 7 сағаттан кем емес ұйықтау, және иммунитет көтеретін арнайы препараттар – бұл ағзаға вирусқа қарсы шығуға күш-қуат береді.

3.    Вирустарды қуып шығыңыз! Микробтардың алуан түрі күнделікті қолданылатын заттар арқылы – көлік тұтқасы, супермаркеттегі тауарлар және ақша арқылы жұғады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы тұмау індетімен күрестің бірінші қадамы ретінде қолды сабынмен жете жуып отыру, сонымен қатар бөлмені жиі желдетіп, күнделікті ылғалды жинау керек деп атайды.

4.    Лор-органдарыңызды ұдайы тазалаңыз. Эпидемия кезінде тәулікке 2-3 реттен кем емес мұрынды жуу және ауыз қуысын шайып отыру керек.

5.    Екпе егу. Спецификалық әдіске екпе егу жатады, ол тұмаудың алдын алу әдісінің ең негізгісі болып есептеледі. Адамның ағзасына жұқпа агентінің бөлігін енгізу арқылы ағзаны қорғаныс денелерін (антиденелер) бөліп шығаруға ықпал етеді, соның нәтижесінде вирустардың көбеюі мен жасушалардың зақымдалуы төмендей түседі.



Бірақ, бұл алдың алу әдісі уақытында, ағзаның қорғаныс тосқауылы және вирусқа қарсы реакция қалыптасуға үлгергендей – эпидемия басталмай бірнеше ай бұрын – жасалу қажет.

Павлодар облыстық инфекциялық аурухана мәліметі бойынша әзірленді.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Ресми сттистика бойынша жыл сайын өз-өзіне қол жұмсап 1 000 000 адам қайтыс болады екен
blogs -> Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары
blogs -> Тұмаудан қорғанудың қарапайым ережелері
blogs -> Ниет,ықылас,пейіл деген сөздерді қалай түсінесіздер?


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет