Тлеубергенова кенжекей ахметвалиевна



Дата03.07.2017
өлшемі108.94 Kb.
#20797
ӘОЖ .91:373:372.8.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӘСЕРІ, ОНЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ

ТЛЕУБЕРГЕНОВА КЕНЖЕКЕЙ АХМЕТВАЛИЕВНА

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, пед.ғыл.кандидаты

      Химия өнеркәсібі қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін көздердің бірі болып табылады. Қазақстаннық химиялық кәсіпорындарында қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету мақсатында бірқатар табиғатты қорғау шаралары жасалған. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында электрлік термикалық пештердегі фосфорлық шламды залалсыздандыру жүйесін енгізілуде, бұл - конусты пештерден өндірістік қалдықтардың шығуын болдырмайды. «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ (Ақтөбе қ.) натрий монхроматының өндірісінде монохромат шламы қайта қолданылады. Бұл технология пайда болуы монохроматты шламның 76% дейін өндіріске қайтаруға мүмкіндік береді.


      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы қалдықтарды өндіріске қайта тарту - олардың қатты қалдықтарының кәсіпорнының аумағында жиналуын азайтып, сұйық қалдықтарының- су ресурстарын ластауларын, газ тектес қалдықтардың - әуе бассейнін ластауын болдырмауға көмектеседі[2].

Фосфорит кендерін флотациялық байытудың нәтижелері болып - фосфоритті ұсақтар мен байыту қалдықтары табылады. Шикі фосфоритті ұсақтар мен кварциттер фосфорлы англомераттар алу үшін қолданылады, ал олар «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында сары фосфорға айналып өңделеді. 2009 жылы фосфогипсті пайдалы химиялық өнімдерге және халық тұтынатын тауарлар түрлеріне айналдыратын бірқатар фосфогипсті залалсыздандыру технологиялары жасалды.

Жұмыс істеп тұрған химия өндірістері үшін тарихи ластауларды жою ерекше маңызға ие. Осы мақсатта Ақтау қаласындағы «ҚазАзот» ЖШС 2011 ж. көлемі 40000 тоннаны құрайтын, жалпы құны 570 млн. теңге болатын радиоактивті металл қалдықтарын жоюды жоспарлап отыр, сонымен бірге басқа да тарихи ластануларды 1,9 млрд теңгеге тазарту қарастырылды.

Шымкент қаласындағы «Агрофос-Юг» ЖШС тарапынан жылдық өндіріс қуаты 30 мың тоннаны құрайтын фосфорқұрамдас минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт жобасы аяқталып келеді. Өндірістің шикізаты ретінде 1963 ж. салынған бұрынғы Шымкент фосфор зауытының аумағында жиналған «әлсіз» фосфорқұрамдас шламдар, фосфорқұрамдас қиыршықтар қолданылатын болады. Фосфорқұрамдас шламдардың жалпы көлемі 250,7 мың тоннаны, фосфорқұрамдас қиыршықтардың көлемі 120,0 мың тоннаны құрайды.

Мұнай өндіру, өңдеу, Мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға - стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді.

90-шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылыша атмосфераға 184 мың тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ-та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айып пұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айып пұл мөлшері одан жүздеген есе аз. Сондықтан-да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстуру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айып пұл төлеуді жөн санайды[3].

Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.

Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3 аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады . Атмосферадағы ылғалмен әрекеттесіп - каталитикалык, фотохимиялық еакциялардың әсерінен тотығып H,SO4 ерітіндісін түзеді. Сөйтіп Бұл қосылыстың қауіптілігі арта түседі- күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда 750-1500 м биіктікте жүреді күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді.

Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп әтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады[2].

А.Б. Бектұров атындағы химия ғылыми зерттеу институтында (бұдан әрі - Институт) химиялық белсенді заттары бар модифицикацияланған фосфогипсті қолданудың жаңа технологиясы жасалып шыққан, ол бойынша модифицирленген фосфогипс шаңтектес қалдықтардың үстін жабу үшін химиялық белсенді қосындылармен араластырылып, Ақтау қ. бұрынғы «Қасқар» ЖШС химия комбинатының қалдықтарының айналасын жасылдандыру мақсатымен қолданылған болатын.

«Қазфосфат» ЖШС қаржылай көмегімен 2007-2009 жылдары белсенді химиялық қоспалары бар модифицирленген фосфогипстің сынақтары кең көлемде (100 гектарға жуық) жүргізілді. Институт қызметкерлері көтрельді «сүтті» тыңайтқышқа айналдыру технологиясын әзірледі. Сонымен қатар, 2009 жылы аталған институтта көтрельді «сүттен» цианистік қосындыларды жасаудың жаңа перспективасы ашылды.

Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.

Көптеген органикалық заттар улы және жоғарғы дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.

Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар(ПАК) қауіпті.

Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорлы бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тарахлорэтилен (еріткіштер).Бұл топқа өте улы зат- диоксиндер де жатады.

ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіпсіз деп есептелініп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданылып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды[3].

Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі(шамамен 200 кг)қоршаған ортаға америкалықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижеде тек вьетнамдықтар ғана зардап шекккен жоқ, шамамен 20 мың америкалықты да қамтыды.

Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зағымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.

Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.

Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі де туралы мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.). Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде.



Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажетті микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі- отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.

Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогендік заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның94-97%-ы , кадмийдің - 84-89%-ы, мыстың – 56-87%-ы, никельдің – 66-75%-ы, сынаптың 60%-ы шығарылды[1].

Қорғасынмен улану немесе « сатуризмнің» белгілері мынадай׃ тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы,уақытынан бұрын босану, түсік тастау.

Кадмий – ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмасса қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.«Ита-ита» ауруын туғызады.

Сынап– қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың тоннадан астам. Ол негізінен электротехникада , медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлоганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті. Асбест соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр.Ұсақ асбест шаңы – асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі[1].

Нитраттардың негізгі көзі - NO3 -ионы бар минералдық тыңайтқыштар. Нитраттар әсіресе жылыжайлардаөсірілген дақылдарда көп болады. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериялардың әсерінен жеңіл нитриттерге (NO2) өтеді. Нитраттар асқазан сөліндегі аминдермен әрекеттесіп, нитрозаминдер түзеді.

Нитразаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитраттар сонымен қатар қанның гемоглобинімен әрекеттесіп, екі валентті темірді, үш валентті темірге айналдырады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин деп атайды. Ол оттегі тасымалдауға қабілетсіз ұлпаларды тұншықтырып, циноз ауруын тудырады.

Азықтық қоспалар мал шаруашылық өнімдерін консервілеу кезінде кеңінен қолданылады. Оларға дәрілік заттар, әр түрлі консерванттар, бояулар, өнімдердің сыртқы түрін жақсартатын органикалық және минералдық заттар жатады.

Ет пен балықты тұздағанда нитраттар (NаNO2) қолданылады. Олар еттің табиғи түсін сақтайды және бактериялды улардың енуіңе кедергі келтіреді.

Қазіргі кезде жүздеген азықтық қоспалар қолданылады. Олардың көпшілігі адам денсаулығы үшін зиянды. Мысалы, азоттық бояулар тәттілерге кремдерге қосылады. Олар адамда астма ауруын туғызады. Сондай-ақ күкірт диоксиді де осындай әсер етеді. Оны кептірілген жемістер, шарап және басқа өнімдерге антитоксикант ретінде қосады.

Қазақстанда ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар[4]. 17-бап. Химиялық өнімді тасымалдау және сақтау кезіндегі


 қауіпсіздік талаптары:

1.Химиялық өнімді сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.


2. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті химиялық өнімді тасымалдау үшін осындай мақсаттарға арнайы жабдықталған көлік құралдары пайдаланылады. 

3.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда әскерилендірілген күзетті пайдалануды қамтиды.

4. Химиялық өнімді тасымалдау және сақтау оның тұтыну қасиеттерін және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін орамада жүзеге асырылады.

5. Химиялық өнім массасының жол берілетін нормасы оның әсер етуі немесе түрлену өнімдері қауіпсіздігін белгіленген мерзім ішінде қамтамасыз етуге тиіс.


 6.Химиялық өнімді тасымалдау кезінде ораманың, сондай-ақ көлік құралдарының өзінің химиялық өнімге санкциясыз қол сұғуды болғызбайтын бүтіндігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс.

 7.Қос орама пайдаланылған жағдайда ішкі ыдыс сыртқы ыдысқа тасымалдау кезінде бұзылмайтындай етіп салынуға тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы және ішкі ыдыстың арасына қаптама материал салынуға тиіс.Химиялық өнімді көліктің алуан түрінде тасымалдауға арналған орамаларды қолдануға қойылатын талаптарды тиісті уәкілетті орган белгілейді.

 8.Егер, олар бір-бірімен қауіпті реакцияға түсетін және жанатын және (немесе) едәуір жылу бөліп шығаратын;

-тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдар бөліп шығаратын;

- басқа да химиялық активті және қауіпті, соның ішінде коррозиялайтын заттардың түзілуін туғызатын химиялық өнімнің екі және одан да көп түрлерін бір ыдысқа орналастыруға жол берілмейді.

9.Сұйытылған газдарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

10. Негізгі химиялық өнімнің қауіптілік қасиеттерін арттыра түсетін, жаңа қосылыстар түзу қабілеті бар химиялық өнімді сақтау кезінде осындай түрлену мүмкіндігін болғызбайтын барабар қорғау шаралары қамтамасыз етілуге тиіс.

11. Ұқсас заттар үшін ғана ыдысты қайта пайдалануға болады. Химиялық өнімді сақтау шарттары оның кездейсоқ араласып кету мүмкіндігін болғызбауға тиіс.

12. Орама әзірленген материал оның ішіндегі заттармен химиялық реакцияға түспеуге тиіс.

13.Химиялық өнімнің әкелінуін, әкетілуін және транзитін қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


Пайдаланған әдебиеттер

1.Витковский О.В. География промышленности зарубежных стран. М., 1997-210с.

2.Институт химии нефти и природных солей АН Казахской ССР. Алма-ата. 1985-200с.
3.Симаков К. Очерк развития промышленности Казахстана. Издательство «Казахстан».А-А. 2005-130с..

4.Безопасность труда в химической промышленности. М.: «Академия», 2006-180с.

5.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 Заңы. Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы.

Резюме


В статье рассматривается влияние химической промышленности на окружающую среду и пути их предоления.

Summary
The article discusses the influence of the chemical industry on the environment and ways to predoleniya.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет