Құтыру аса қауіпті жұқпалы ауру



Дата21.03.2017
өлшемі25.89 Kb.
Құтыру - аса қауіпті жұқпалы ауру

Құтыру (адамда - гидрофобия) – барлық жылы қанды жануарлар-хайуанаттарда кездесетін ауру, ол тістеу арқылы, сілекеймен қанға беріледі, яғни жұғады. Құтырма энцефалит (бас миының қабынуы), сал ауруы, құрысқақ түрінде шығады. Аурудың соңы өлім-жітімге әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

Адамдар арасында құтыруды тасымалдайтын бұлар жабайы және үй жануарлары. Баспанасы жоқ иттер мен мысықтар және жабайы жануарлар аса қауіпті жағдай туғызады. Құтыру вирусі науқас жануардың сілекейімен көп бөлінеді. Сол себепті, аталған ауруды жануардың тістеуінен, оның сілекейінің дененің зақымдалған жеріне түсіп кету салдарынан жұқтырып алу мүмкін.

Жануарлардағы құтырудың белгілері: сілекейдің бөлінуі, құтыру белгілерінің болуы, кейде керісінше жануар бір қалыпты болып, қолға тез икемделгіш болып келеді.

Адамдағы құтыру ауруының басталуының ең алғашқы белгілерінің бірі болып, жануар тістеген жер ауырады, қызарып онда ісіну байқалады. Науқас өзін нашар сезініп, басы ауырады, ұйқысы нашарлайды, өлімнен, судан қорқады, жүрек тұсында қысылу белгілері пайда болады. Ауру ашуланшақ бола бастайды, айқайлап, өкіне береді, жанында тұрған нәрсені ұрып, оны тістеп, оған түкіруі мүмкін.

Жануарлардың тістеуінен зардап шеккен тұлғаларға құтыруға қарсы антирабикалық екпе курстары (сызба бойынша КОКАВ екпесімен шартсыз және шартты курстары және көрсеткіштері бойынша антирабикалық иммуноглобулин) тағайындалады.

Құтыруды алдын алу мақсатында Орал қаласы бойынша 2013 жылы қадағалаусыз жануарларды аулау бойынша «Орал қаласының Ветеринарная станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны келесі жұмыстар атқарылды: 5316 ит және 221 мысық ауланып, жойылды. 2013 жылы жануарлардан құтыру ауруы тіркелген жоқ.



Құрметті қала тұрғындары, егер сіздерді жануарлар тарапынан тістеген болса, онда жарақаттану пункттерінен медициналық көмек алуларыңыз қажет, бірінші медициналық көмекті тегін алуға және құтыруға қарсы екпе ектіруге болады.

Антирабикалық екпелер құтыруды алдын алуға болатын дара құралдардың бірі болып табылады. Егер жануарлар тарапынан тістелген науқасқа уақытысында антирабикалық көмек көрсетілмесе, онда оған одан әрі көмек көрсете алмайды.

Егер жануар сізге таныс болса, онда оның иесінің аты-жөнін, мекен-жайын біліп 10 күн ішінде жануарға бақылау жүргізу үшін мал дәрігеріне бару керек.

Құтырудың алдын-алу мақсатында жануар иелері қарамағындағы жануалардың ұсталуына басты назар аударуы қажет, үй жануарларын тіркеуден өткізіп, олардың байланып тұруына, жыл сайын егілуіне басты назар аударуы қажет. Мінезінде өзгеріс байқалған жануарлардан балаларды аулақ ұстаған жөн. Ауру белгілері байқалған кез-келген хайуан мен жануарды оқшаулап ұстап, мал дәрігерлерін шақыруды ұмытпаған дұрыс. Егілмеген иттерді аң аулауға, күзетке, мал бағуға пайдалануға тыйым салынады. Аңшылық және орман шаруашылығының қызметкерлері жабайы аңдардың арасында құтыру ауруына күдік тудыратын жағдай болса, ветеринариялық мекемелерге хабарлауы, өлген жыртқыштардың өлексесін зертханаға тексеруге жеткізуі қажет.



Өз еркімен емдеу курсын тоқтатқан тұлғаларға дәрігерге мәжбүрлп келтіру сияқты тиісті шаралар қолданылады.

Назар аударыңыз!!! Зардап шеккен барлық тұлғалар жануар тістеген жағдайда дәрігерге бару керек пе, әлде жоқпа дегеннен бұрын өз денсаулығыңызды ойлауыңызды, дәрігер тағайындаған құтыруға қарсы екпені үзбей толық қабылдауыңызды сұраймыз. Екпенің тегін екенін ескертеміз!!! Сонымен қатар иесіз жүрген иттер мен мысықтар болса және сіздерді жануарлар тарапынан тістеген болса мына байланыс телефондарына хабарлаңыз: Орал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі – 50-09-77, 28-52-26, Орал қаласының ветеринария станциясы- 27-59-92


Орал қаласының ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Р.Лукпанов
Каталог: fileadmin -> user upload -> Proekti%20i%20programa%20razvitiya
user upload -> Астана Елбасы деп соққан жүрегі
user upload -> Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу
user upload -> Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері
user upload -> Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесi Жалпы ережелер
Proekti%20i%20programa%20razvitiya -> Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген
Proekti%20i%20programa%20razvitiya -> Кодексінің 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет