ТірекҚимыл аппараты бұзылған балалардың Әлеуметтік- психологиялық бейімделу ерекшеліктері адаптация и социализация детей с нарушением опорно-двигательного аппарата



Дата18.03.2018
өлшемі134.3 Kb.
#61862
ТІРЕКҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АДАПТАЦИЯ И СОЦИАЛИЗАЦИЯ ДЕТЕЙ С НАРУШЕНИЕМ ОПОРНО-ДВИГАТЕЛЬНОГО АППАРАТА

ADAPTATION AND SOCIALIZATION OF CHILDREN WITH MUSCULOSKELETAL SYSTEM
Алибаева Р.Н.,
Негізгі сөздер: тірек-қимыл аппаратының бұзылысы, церебралды сал, мүмкіндігі шектеулі балалар, тірек-қимыл аппаратының бұзылысы бар балалардың әлеуметтенуі мен ортаға бейімделуі.

Ключевые слова: нарушение опорно-двигательного аппарата, церебральный паралич, дети с ограниченными возможностями, социализация и адаптация детей с нарушением опорно-двигательного аппарата.

Keywords: violation of the musculoskeletal system, cerebral palsy, children with disabilities, socialization and adaptation of children with disorders of the musculoskeletal system.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Мүмкіндігі шектеулі балалар ішінде жетекші тап ретінде қарастырылған балалардың церебралды сал ауруы жағдайындағы психологиялық және фихиологиялық даму ерекшеліктері Б.П. Пузанов, Э.С. Калижнюк, В.В. Лебединский еңбектері негізінде сипатталды[4].Церебралды сал ауруы – психофихиологиялық даму барысы бойынша аса күрделі категориялардың бірі тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу қозғалыс аппараттарының зақымдану бағытымен сәйкес ұйымдастырылады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар өздерінің интеллектуалды және психикалық даму ерекшеліктеріне және физиологиялық күйлеріне сәйкес қоршаған адамдардың өзіне деген қатынасына өте сезімтал және кез-келген әлсін өзгерістерге байқампаз болады. Мұндай балалар өте әсершіл, оларды оп-оңай ренжітуге болады, бұл балалардакез-келген жағдайға жағымсыз көзқарас қалыптасуы жеңіл. Яғни, қозғалыс аймағының кемістігі әлеуметтік қатынастармен бірлесе келе, баланың жалпы психикалық дамуына ықпал ететіні анық.

Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар Л.А.Данилова, М.В.Ипполитова, Е.М.Мастюкова, Е.Ф.Архипова және басқалары церебральды салдығы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді [1].

Мүмкіндігі шектеулі бұл балалар –әр түрлі мамандардың тұрақты пациенттеріне айналады: ортопед, невропотолог, терапевт, логопед және т.б. мамандардың. Олар жүйелі түрде дәрілік терапиялық және физиотерапиялық емдерді қабылдап отырады. Балалар жиі ем қабылдауына байланыстыкөп жағдайда, ұзақ уақыттар бойы ауруханаларда жатады. Мұның өзі баланы ата-ананың мейірімінен үзеді. Ата-анасы келген кездің өзінде бала олардың бет жүзінен ем нәтижесіне байланысты туындаған қысым, толқу, қанағаттанбаушылық іздерін көреді. Ата-ана толығымен баланың денсаулығына баса назар аударып, баласының ауруынан айығып кетуі мүмкіндігіне деген ойы балаға деген мейірімді екінші жоспарға қалтырады. Әдетте, ата-ана баладан не істегісі келетінін сұрамайды, олар нақты не істеу керек екенін шешеді. Міне, осы уақыттан бастап баланың тұлға ретінде қалыптасуы бұзылады. Баланың патологиялық жағдайда қалыптасуына ең алдымен отбасындағы қате тәрбие әсер етеді. Зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, балаға деген шектен тыс қамқорлық 80 % кездеседі. Ата-ана оның барлық тілегін орындауға тырысады, оның іс-әрекетін өзінікімен алмастырады [1].

Әдетте, мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына келуі – отбасылық жағдай мен көзқарасты өзгертетін күшті фактор болып табылады. Осы жағдайлар ананың психологиялық жағдайының өзгеруіне әкеледі. Ананың тұлғалық жағдайы ата-ана дағдарысының белгілі кезеңдерін бастан өткізеді.

Эмоционалды ұйымдаса алмаушылық: анасының осы кезеңдегі жағдайы: жәрдемсіздік, қорқыныш.Бұл кезеңнің күрделігі ата-ананың алынған ақпаратты қалыпты түсіне алмауында. Аналары өзін болған жағдайға кінәлі санайды, өзіндік сын күшейеді, өзіне деген қанағаттанбаушылық жоғарылайды. Кінәлілік сезімі оларды баланың ауруына әкелген іс-әрекеттері мен қателіктері жайлы қайғы мен мұңға әкеледі. Кінәмшілдік сезімі балаға деген шектен тыс қамқорлыққа әкеледі [12].

Жоққа шығару, терістеу кезеңі: терістеу функциялары болған жайтқа байланысты отбасындағы тұрақтылықты және белгілі бір үміт деңгейін сақтау үшін қажет. Соған байланысты терістеу эмоционалды тұншықтыруды, мазасыздықты жоғалтуға бағытталған тәсіл болып табылады. Мойындамаудың, яғни жоққа шығарудың күрделі фазасында ата-анасы баланы тексеруден өткізуден бас тартады. Мұның өзі ата-анадағы қорғаныс реакциясын көрсетеді. Олар дәрігердің құзыреттілігіне күмәнмен қарап, басқа мамандарға апарып тексертуге ниеттенеді. Бұл кезеңде «копинг-мінез-құлық» дамиды: медициналық мекемеден бастап, түрлі емші-балгерлерге барумен аяқталады. Осындай «сиқырлы құралды» іздестіру шынайы жағдайды қабылдауды бұрмалап, баланың дүниеге келуіне ата-ананың қалыпты бейімделуіне кедергі келтіреді [3].

Қайғыру, ыза болу сезімі оқшаулануға әкелуі мүмкін.Бала жағдайының жақсармауы, баланың психикалық және физикалық тұрғыда «әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы» ата-анасында созылмалы фрустрацияның пайда болуына әкеледі. Бұл кезең ата-аналардағыкүйзелістің тереңге бойлауымен сипатталады[9].

Эмоционалды ұйымдасу, бейімделу, баланың науқас екенін мойындау: өз қуаттарын өзіне ғана бағыттаудан қарағанда, шынайы мәселеге назар аударып, ауру баланың тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік береді. Осы кезеңде ата-ана баласы үшін пайдалы, дұрыс жол қарастырып, түрлі шешім іздестіреді. Эмоционалды ұйымдасу кезеңінде ата-ана өз баласын бағалап, жақсы көре бастайды. Анасы – мүмкіндігі шектеулі баланың дүниеге келу жағдайын мойындау керек екенін түсінеді. Ата-аналарда бала дефектісіне деген шынайы көзқарас қалыптаса бастайды. Анасы өз уайым-қайғысынан баланың қызығуына назар аудара бастап, қоршаған ортамен қарым- қатынас орнатуға тырысуы керек. Ата-ана бойындағы өзіне деген сенімділіктің төмендеуі, жоғары деңгейдегі мазасыздық ата-ананың психологиялық денсаулығының бұзылуына әкеледі [5]. Психологиялық денсаулықтың негізгі критерийлері қоршаған ортаға бейімделе алушылық, мазасыздықтың қалыпты деңгейі және өзіне деген адекватты қатынас екендігі белгілі. Олай болса, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші ата-аналардың алдымен өзін әлеуметтік ортаға бейімдеу қажеттілігі туындайды. Ата-ананың психологиялық денсаулығының қалыпты болуы, олардың балаға деген қарым-қатынасында үлкен рөл атқарады. Сондықтан тірек-қимыл аппараты бұзылған баланы тәрбиелеуші ата-аналармен психологиялық жұмыстар жүргізілу қажет [11].

Бұл жағдайдағы психологтың рөлі бірінші орында тұрады. Психолог міндеті – ананың іс-әрекетіне деген сенімділікті жоғарылату, осы іс-әрекетті орындау қажеттілігін түсіндіре алу. Тіпті алғашқы педагогикалық іс-әрекеттернәтижесіз болып жатса да, психолог анаға кез-келген жағдайда қолдау көрсетуі керек. Ол үшін психолог ата-аналармен жұмыс жасаудың мынандай тәсілдерін ұсынады:ата-анаға баламен жұмыс жасау тәсілдерін көрсету;психолог жүргізген сабақтарды конспектілеу;баламен үй тапсырмаларын орындау;психолог ұсынған әдебиеттерді оқу;шығармашылық ойларды жүзеге асыра алу;ата-ананың психологиялық денсаулығын түзетуге, әлеуметтік бейімделушілікті дамытуға, өзіне сенімділікті жоғарылатуға, мазасыздық деңгейін төмендетуге арналған тренингтік жұмыстар жүргізеді [6].

Аталған фактілер ескерілген жағдайда, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін дамыту көзделіп, психокоррекциялық жұмыс бағдарламасын психологиялық тренингтер түрінде балалардың өздерімен қатар, олардың ата-анасына да бағыттаған дұрыс.

Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір-біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді[8]. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына ылайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. 

Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі.  Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады: бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;өмірлік кеңістікте баланы қорғау;бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету[2].

Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:балалардың церебральды салдығымен зардап шегетін балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек. Түзете-дамыту жұмыстары бұзылған және сау сақталған қызметтерді толығымен зерттеп білу негізінде ғана жүзеге асады. Сабақ кезіндегі дифференциалды ыңғай баладағы мүмкіндіктерді ескеру мен «оның жақын даму аймағында» орналасқан жаттығулар жүйесін құруды ескереді [2].

Церебралды салдығы бар балалардың аталған ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жиі кездесетін ойыншықтардан гөрі сыртқы түрі, түсі, пішіні, көлемі, материалы бойынша ерекшеленетін өте ашық түсті ойыншықтардың атауын есте сақтау ұсынылады. Церебралды салдығы бар балалардың ойыншықтарды көрсетуінің ерекшеліктері бар:Оқыту сабақтарында ойыншықтарды көсретумен қатар, оның атауын білдіретін сөз айтылады.Сөздер баланың көз қарасы ойыншыққа тоқтаған кездерде айтылады, немесе ойыншықтар баланың көру аймағында орналасады.Айтылайын деп отырған сөз баяу, әуенделіп, әртүрлі интонациялармен айтылады.Балада сөздерді түсінуді қалыптастыру барысында, есту, көру және тері-бұлшықеттік талдағыштар жұмысын белсендіреді.Ойыншықты оның бастапқы орнынан және баладан 2 метр қашықтықтан аспайтын жерге ауыстырып отырады.Балаларға ойыншықты іздеуді үйрету енжар бұрылуда кинестетикалық сезіну жолымен жүзеге асады, бұл кезде баланың басы ойыншық жаққа қарай бұрылуы керек.Баланың сөзді түсінгенін тексеру кезінде, ол интонация жағынан басқа интонациялық қарапайым фразалық сөздерге қарағанда ерекшеленіп тұрады.Ойыншық атауын түсінгенін, оның сол ойыншықта көз қарасын тоқтатуын және ойыншық жаққа қарай басының бұрылуы бойынша анықтауға болады.Бала бір ойыншық атауын есте сақтағаннан кейін, бірінші ойыншықтан алыстатылған басқа ойыншық атауын түсінуді қалыптастыруға көшеді. Баланың өзі білетін заттармен әрекет жасауды үйрету, қажет болса, көмек көрсету [3].

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше. 

Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді: баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдау; балаға үнемі шыдамдылық пен сүйіспеншілік таныту; әрқашан ата--аналар сенімді болып, балаға ішкі жағымсыз қобалжуларды байқатпауға тырысу; үй тұрмысына байланысты жұмыстарды мүмкіндігінше баламен бірге атқару; баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасалуы тиіс; баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында үнемі қолдау таныту, қарым-қатынастың үзілмеуін қадағалау; балаға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болу өте маңызды болып табылатынын үнемі ескеріп отыру қажет[10].

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосылуы болып табылады.

Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.

Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек[13]

Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналармен бірігіп, арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.

Өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейі оқушы мен мұғалiмдердiң, ата-аналарының, жолдастарының арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтiру үшiн өте маңызды[14]. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі балалардың өзiн-өзi бағалауы мен талаптану деңгейiнің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, бiлiктi, мәдениеттi, бiлiмдi және дүниетанымы жоғары болып, елiмiздiң мәртебелi азаматы болуына үлкен әсерiн тигiзерi сөзсiз.

Болашақ ұрпақтың, әсiресе мүмкіндігі шектеулі балалардың терiс жолға түспеуiн, адамгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс дамуын жүйелi тұрғыда қарастыру аса маңызды.


Түйіндеме:

Резюме:

В статье рассматривается адаптация и социализация детей с нарушением опорно-двигательного аппарата.Отставание в развитии в свою очередь плохо воздействует на общение со сверстниками и в конечном счете ухудшает положение в их обществе.Адаптация детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата к жизни в современном обществе затруднена не только тем, что ограничены их способности выполнять доступные другим действия в процессах труда, учения, познания, но и сопутствующими личностными деформациями и другими психологическими проблемами.

Summary:

The article deals with adaptation and socialization of children with musculoskeletal system. Developmental delay in turn affects the poor communication with peers and eventually worsens the situation in their society.Adaptation of children with disorders of the musculoskeletal system to life in modern society is complicated not only by the fact that limited their ability to perform other actions available in the labor process, teaching, learning, but also personal attendant strains and other psychological problems.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы: Жеті жарғы.2005.

2.Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ҚР Заңы. – Астана.-2002

3. ҚР. Президент. Заң Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы // Егемен Қазақстан .- 2003. - 17 қаңтар.

4. Темірғали Ж. Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы//Заң.- 2000.-N1.-Б.45-48.

5. Баймұқанов М. Кемтар балаларға әлеуметтік қамқорлық қажет// Заң.- 2002.-N2.-Б.26-30

6. Антология социальной работы / Сост. М.В.Фирсов:В 5т М., 1995.

7. Биекенов К. Ү. Жаназарова З. Ж. Отбасыменәлеуметтікжұмыс.- Алматы: Қазақ университеті.-2003.-133б

8.Бабенкова Р. Д., Мастюкова Е. М. Дети с церебральными параличами: пути обучения и коррекции нарушенных функций. М., НИИОП, 1981.

9. Левченко И. Ю., Приходько О. Г., Технологии обучения и воспитания детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. — М. ACADEMA, 2001.

10. Босых В. Г., Павловская Н. Т. Нарушение функции верхних конечностей при спастической диплегии: обследование и коррекция // Коррекционная педагогика. — 2004. — № 1 (3). — с. 52-59.

11.     Левченко И. Ю., Приходъко О. Г., Гусейнова А. А. Современные проблемы организации обучения и воспитания детей с церебральными параличами // Коррекционная педагогика: Теория и практика. — 2007. — №3 (21). — с. 5-14.

12.     Сековец А. С. Комплексная физическая реабилитация детей дошкольного возраста с нарушениями опорно-двигательного аппарата // Воспитание и обучение детей с нарушениями развития, № 5, 2008. с. 18-24.



13.     Сорокина В. Т. Взаимодействие психолога и логопеда при работе с детьми с церебральным параличом // Коррекционная педагогика, № 2 (8), 2005. с. 22-28.

14. Шипицына JI. М., Мамайчук И. И. Психология детей с нарушением опорно-двигательного аппарата. — М., Владос, 2004.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет