Тұқым шаруашылығы Оқу құралы 1502000 – «Агрономия» Астана 2012



бет1/22
Дата06.07.2017
өлшемі3.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және

біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы

Аленов Ж.Н., Костиков И.Ф., Сыздыкова Г.Т., Габдулина А.И.

Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының

тұқым шаруашылығы

Оқу құралы

1502000 – «Агрономия»

Астана 2012

Ж.Н.Аленов, И.Ф.Костиков, Г.Т.Сыздыкова, А.И.Габдулина.

Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының тұқым

шаруашылығы: Оқу құралы. – Астана, 2012.

1502000- «Агрономия» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған.

© Ж.Н.Аленов, И.Ф.Костиков, Г.Т. Сыздыкова, А.И.Габдулина, 2012

© Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы. 2012.

Оқулықта агроном мамандықтары бойынша орта білім беретін оқу орындарының студенттеріне арналған ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылықтық технологиясы туралы керекті мағлұматтар бар.



Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген өндірістік маңызы бар негізгі дәнді, отамалы, көкөніс дақылдары және көпжылдық шөптердің тұқымдары туралы және жоғары деңгейде тұқым өнімдерін алуға көмектесетін технологиялардың негізгі ілімдері қарастырылған.








МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ


1.ӨСІМДІКШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРАСТЫРМАЛЫ БӨЛІМІ ЕСЕБІНДЕ, ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТҮРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ

  1. Тұқым шаруашылығы және оның құрастырмалы бөлімдері 9

  2. Элиталық тұқымдарды өндірудың әдістері және кескіндері 9

  3. Бастапқы материалдарды сұрыптау 13

  4. Екпе дақылдардың тұқым шаруашылығындағы сорттық және

тұқымдық бақылау 15

  1. Өндірістік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру 19

  2. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және шоғырландыру 19

  3. Тұқым шаруашылығын жоспарлау 21

  4. Тұқым өндіру технологиясының негіздері 22

2.АСТЫҚ ЖӘНЕ АСТЫҚБУРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 32

  1. Бастапқылық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, кескіні, әдістемесі және техникасы. 32

    1. Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы

    2. Астық дақылдарының бастапқылық тұқым шаруашылығының

кескіндері, әдістемелері және техникасы 32

    1. Сорттардың морфологиялық ерекшеліктері және астық

дақылдарының тұқымдарын өсіру 36

    1. Астық дақылдарының сорттық ерекшеліктері және астық

дақылдарының тұқымдарың өсіру 40

    1. Арпаның сорттық белгілері 56

    2. Егістік сұлының сорттық белгілері және ботаникалық ерекшеліктері 62

    3. Тарының сорттық белгілері және ботаникалық ерекшеліктері 65

    4. Дәнді дақылдар тұқымдарын өсіру технологиясы 69

    5. Дәнді дақылдар тұқымдарын жинап алу және оларды сақтау 73

    6. Жүгері 75

    7. Қарақұмық 86

      1. АСТЫҚ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТҰҚЫМДАРЫН ӨСІРУТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СОРТТАРДЫҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 90

  1. Егістік асбұршақ 90

  2. Қытай бұршақ 90

  3. Егістік ноғатық 98

  4. Ноқат 100

  1. КАРТОП ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СОРТТАРДЫҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 102

  1. Биологиялық ерекшеліктері және сорттық нышандары 102

  1. МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ТҰҚЫМДАРЫҢ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СОРТТАРДЫҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Майлы дақылдардың биологиялық ерекшеліктері 113

  2. Майлы дақылдардың сорттарың ерекшеліктері 119

  3. Майлы дақылдар тұқымдарын өсіру технологиясы 121

    1. КӨПЖЫЛДЫҚ МАЛ АЗЫҒЫНДЫҚ ШӨПТЕРДІҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН УЙЫМДАСТЫРУ 127

      1. Мал азықтық шөптер тұқымдарың өсіру технологиясы, әдістері 130

      2. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер 133

      3. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарын өсіру

технологиясы 133

      1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердың морфоологиялық ерекшеліктері 137

      2. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің сорттары 140

      3. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер тұқымдарын өсіру технологиясы 144

        1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің сорттары 146

        2. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын өсіру

технологиясы 147

  1. Біржылдық мал азықтық шөптер 149

Біржылдық шөптердің морфологиялық ерекшеліктері

  1. Біржылдық шөптерді тұқым үшін өсіру технологиясы 156

  2. Мал азықтық щөптердің тұқымдарын жинау және сақтау 160

  3. Мал азықтық шөптер тұқымдарының сапасын бақылау 165

    1. КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ТҰҚЫМДАРЫН КӨБЕЙТУДІҢ КЕСКІНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 169

  1. Суперэлита және элита тұқымдарының өндіру 169

  2. Екіжылдық және көпжылдық көкөністік дақылдардың

сорттары және тұқымдарды өсіру технологиясы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері 172

  1. Көпжылдық көкөніс дақылдарын сыныптау, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері 184

  2. Біржылдық көкөніс дақылдарын сыныптау, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері 189

    1. ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӘЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ, ӨРКЕНДЕТУ 201

      1. Тұқым шаруашылығының қазіргі уақыттағы жағдайы 201

      2. Тұқым шаруашылығын басқаруды өркендету 203

  1. ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӘЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ЖЕКЕ АЛЫНҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚТА АТҚАРАТЫН ОРНЫ 207

    1. Қосымша. Шаруа (фермер) қожалығы туралы

    2. Ауылшаруашылығы дақылдарын экологиялық сынау және бастапқы

тұқым шаруашылығы (фото - суреттерде)
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік Агроазықтүліктік жоспары бойынша (және жоспардың соңғы түзетулеріне сәйкес) өмірлік мәні бар ауылшаруашылықтық, азық-түліктілік дақылдардың егістік көлемі мен өнімділіктерін жоғарлатып қана қоймай, олардан алынған өнімдердің қоректілік, тағамдылық және нан пісірерлік құндылықтарын да арттыру жоспарланған.

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арналған жылсайынғы жолдауында айтылғандай, осы жоспарды қабылдағаннан бері ауылшаруашық өндірісінің жан басына шаққандағы өнімдері, 90 жылдармен салыстырғанда көп есе артылғандығы айқын. Сонымен қатар, осы жоспар мен міндеттің орындалуына керекті мәселелер, мәдени дақылдардың тұқым шаруашылығын жандандыру және ауылшаруашылықтық малдардың асыл тұқымдарын өсірусіз болмайтындығы да ашық айтылады.

Қазақстан Республикасының АШМ-гі департаментінің директоры А.Евниев Алматыда өткен, Agrica – 2004 халықаралық конференциясында атап өткендей, тұқым шаруашылығы индустриясының жоқтылығы, ауыл шаруашылын дамытуды бөгеп отырғандығына тоқтала келіп, бұдан әрі сорттық егістік материалдарды қолдануымыз ауылшаруашылық дақылдарының өнімділіктерін 30%-ға арттыратындығын атады. Мәдени дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту және ауылшаруашылығы малдарының асыл тұқымдарын өсіру, осы аталған екі өндірістің бір-бірімен тығыз байланыстылығынан, яғни 1гектар жердің өнімдерін жақсы дамыған тұқым шаруашылығының арқасында арттыру, мал шаруашылығы дақылдарының өнімдерінің өсуіне де апаратын нақтылы жол болып есептелінеді. Өсімдікшаруашылығы өнімдерінің саны мен сапасы сорттық-тұқымдық бақылауға да көп байланысты.

Дәйектеу:

жарамсыз тұқымдармен себу

әртүрлі мезгілде пісетін сорттар топтарын шаблонды түрде пайдалану

әрбір шаруа қожалықтарында сорт айырбастау және сортты алмастыруды жүргізбеу, қатыкезді ауа райы-климаттық жағдайларына, аурулар мен зиянкестерге төзімді ауылшаруашылық дақылдарының жөғары өнімді сорттарының жоғалуына, осыдан барып еліміздің халқын азықтық дақылдармен қамтамасыздандыру және экспорттық өнімдердің кемуіне әкеліп соғады. Сондықтан, сорттық және тұқымдық бақылауды жүргізу, бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып есептелінеді, осыған байланысты мамандарды (апробаторларды) дайындау, ауылшаруашылығы өндірісінің қарқынды өсуіне керекті жоспар тізімінің біріншісі болуы керек.

Ауыл шаруашылық басқармасы, облыстық әкімшіліктердің берген мәліметтері бойынша 2010 жылы республикамызда себілетін барлық ауылшаруашылықтық дақылдардың егістік көлемі 22,1 млн га құрайды, бұл дегеніміз 2009 жылмен салыстырғанда 0,7 млн. га (3,1%) артық. Соның ішінде себілетін егістік аумақтардың өсуі төмендегідей болмақшы:

астық дақылдары – 142,4 мың.га (0,8%);

майлы – 210 мың.га (17,7%);

қант қызылшасы – 5,7 мың.га (29,7%);

картоп – 4,4 мың.га (2,5%);

көкөніс-бақшалықтар – 9,3 мың. га (5,6%);

мал азығындық дақылдар 301,0 мың.га (12%);

Барлық себілетін жаздық егістің көлемі 19,1 млн.га., яғни 2009 жылмен салыстырғанда 0,3 млн. га., немесе 1,6% артты деген сөз.

Себілетін егістік көлемдері:

астық дақылдары – 16,7 млн.га;

майлы – 1365,6 млн.га;

мақта – 134,9 мың. га;

қант қызылшасы – 24,6 мың.га;

көкөніс-бақшалық дақылдар және картоп – 351,4 мың.га;

мал азығындық дақылдар – 454,9 мың.га

Тұқым жағдайы.

Республика бойынша барлық ауылшаруашылықтық құрылымдарында

осы жылғы жоспарланған жаздық астық және астық бұршақтық дақылдардың көктемгі егістігі үшін 2205,3 тың.тонна тұқым құйылған, бұл жоспарланған мөлшердің 102,1% құрастырады. Осыдан басқа 22,5 мың. тонна майлы, 6,3 мың. тонна мал азығындық дақылдардың, 3,8 мың. тонна мақтаның тұқымдары да құйылған.

Соңғы жылдары монокультура есебінде, жаздық бидайдың өздік тиімділігінің кеміп кетуін де естен шығармауымыз керек. Осыған байланысты тауар өндірушілерге бұдан бастап барлық өндірілген өнімдерді, әсіресе бидайды іске асыру жолдарын қарастыру басты міндет болып табылады.

Осыған байланысты АҚШ ауылшаруашылық департаменті, дүние жүзіндегі ауылшаруашылықтық өнімдердің көп жылдық нарықтылық жағдайларын ескеріп, 2019 жылға дейінгі жасаған болжамдарын жария етті. Осы эксперттердің жасаған болжамдары бойынша, дүние жүзінде бұдан былай да бидайды сатудың, пайдаланудың, соның ішінде малазығы есебінде қолданудың одан әрі де қарқынды түрде өсетіндігі аталып көрсетілген.

Сондықтан, ауылшаруашылықтық мамандықтарды алу үшін оқып жатқан әрбір студент (оқушы), жоғары өнімділікті жетістіктерге жету, тек ғана тұқымның арқасында болатындыған білгені абзал.
1. ӨСІМДІКШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БІР БӨЛІМІ РЕТІНДЕ, ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫЛАМА ТҮСІНІКТЕМЕ

1.1. Тұқым шаруашылығы және оның құрастырмалық бөлімдері

Тұқым шаруашылығы – бұл ауылшаруашылығы өндірісінің мамандандырылған саласы, оның атқаратын міндеті сорттық тұқымдардың сорттық тазалығы, биологиялық және өнімділік қасиетін сақтай отырып жаппай көбейту. Бүгінгі таңдағы тұқым шаруашылығының өркендеуінің негізгі бағыты – қарқынды өсімдікшаруашылығының керекті бөлімі есебінде, оны негізгі өндіріске айналдыру болып табылады.

Тұқым шаруашылығы бір-бірімен өзара қатынасты екі міндетті шешеді. Оның біріншісі – аймақтық шаруашылықтардың сұраныстарына сәйкестіріп, өндіріске жанадан кірістірілген жоғары сапалы сорттық тұқымдарды керекті мөлшерде қамтамасыздандыру. Бірақ, жалпылама көбейту үдесінде және көп жылдар бойы өсіруге байланысты олардың сорттық және өнімділік қасиеттері нашарлайды. Осыдан екінші міндет туындайды – ол тұқымдардың сорттық және өнімділік қасиеттерін сақтау. Тұқым шаруашылығында сорт жаңарту және басқа да басты іс-шараларға сәйкес, олар туралы сәл кешірек, шаруашылық өзін-өзі элиталық тұқымдармен қамтамасыз етуі керек, сондықтан жоғары маманды жұмысшылар қажет. Элитаны жекелей және жалпылама сұрыптау үдерісінде алуға болады. Болашақ элитаның жоғары өнімділігін, ауруларға төзімділігін тек жүйелі және ұқыпты сұрыптаудың арқасында ғана алуға болады.
1.2. Элиталық тұқымды өндірудің әдістері мен схемалары
Дақылдардың ерекшеліктеріне, топырақ-климаттық жағдайларға және кейбір жеке даралық әдістерге сорттардың тәлімділігіне байланысты, элиталық тұқымдар өндірісінің әдістері мен кескіндері әртүрлі болып келеді. Ауылшаруашылық дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, элитаны жасаудың әдістері қарастырылған.

Басқа әдістерге қарағанда екі жылдық ұрпағын бағалау арқылы жекелей-туысқандық сұрыптау, жоғары дәрежелі сорттық тазалықты жақсы қамтамасыздандыратын және экономикалық тиімді болып табылды. Бұл әдістің тағы да бір ерекшелігі, жеке дақылдардың көпжылдық ұрпақтары мен ата-тектілігі ескеріледі және сорттың қасиеттері мен нышандарын сақтау үшін сұрыптаулар жүргізіледі.

Элиталық тұқымдарды өндіруде жекелей сұрыптау кескіні, әрқашан, келесідей сатылардан құрастырылады:

1) 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі;

2) 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі;

3) 1-4 жылдық көбейту питомнигі;

4) суперэлита

5) элита

Элита өндірісі үшін жоғары сапалы тұқымдарды өндірумен - 1 және 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі мен 2 жылғы көбейту питомнигі жататын тұқым шаруашылығының бастапқы бөлімі айналысады. Cондай-ақ, ластануды және биологиялық қайталама тозаңдануды болдырмау үшін керекті шаралар міндетті түрде қолданылады.

Нәтижелі материалдарды алу үшін ең жоғарғы өнімдер қалыптасқан (элита, суперэлита т.б.) егістіктер алынады. Солардан керекті сортың, сорттық тазалығы 100%-ды алғашқы өсімдіктері алынады. Таңдап алынған өсімдіктердің тұқымдары 1 жылғы сынақтау питомнигінде пайдалынылады. 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде өсімдіктер тобы немесе 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінен алынып себіледі. Сондай-ақ, 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінен немесе топтар мен тұқымдастардың нашарлары жарамсыз деп табылады, ал жақсыларын жинап алады, бастырылады және зертханалық бағалаудан кейін тұқымдарды біріктіріп көбейту питомнигінде пайдаланылады. Бірінші, екі питомниктерде осы аймаққа сәйкес селекциялық питомникке бейімделген әдістемелер мен агротехникалар пайдаланылады. Көбейту питомниктерде себу жұмыстары, кәдәмгі қатарлап себу әдісімен дәріленген тұқымдармен жүргізіледі, сондай-ақ түрлік, сорттық және қалпына келтірулік отаулар іске асырылынады. Жинау және бастырылғаннан кейін оларды іріліктеріне байланысты жақсы жіктелген тұқымдарды келесі буындар үшін қолдаланамыз.

Көбейту питомнигінен алынған тұқыммен себілген ұрпақтарды суперэлита деп атаймыз. Бұл дегеніміз өнімділігі, сорттық және егістік кондициясына сәйкес өте жақсы тұқымдар болып саналынады.

Ескерту, элита тұқымдарын көп мөлшерде өндірген жағдайда, көбейту питомниктеріне сол сорттың тұқымдарымен 2-4 жылдар бойы қайталап себуге болады. Мұндай жағдайда тұқымдарды құжаттандырады: 1-ші қайталап себілгендер – екінші жылдық көбейту тұқымдары, 2-ші қайталап себілгендер - үшінші жылдық көбейту тұқымдары және т.б. Бірақ, мұндай қайталап себілгендерден алынған тұқымдардың әлсіз болуларына жол берілмейді, өйткені мұндай тұқымдарда элиталық сапаның деңгейі төмендей бастайды.



Элита, суперэлита тұқымдарынан шығады, себу тәсілдері кәдімгідей, өйткені бұлар осы сорт өсімдіктерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін толығымен жалғастыратындар. Сондықтан, тұқым шаруашылығының осы сатысында да керекті жұмыстар, шаралар мен әдістердің барлығы жасалынады.

Сонымен қатар, элита тұқымдары өндірісінде қосымша тұқым шаруашылықтық іс-шаралар да қолданамыз, олар айқас тозаңданушыларды қолмен тозаңдандыру, мұндай жағдайда гүлдердің түйін салулары жақсы өтеді және тұқымдардың өнімділігі артады.

Кейбір көбею еселіктері жеткілікті дақылдарда, элиталық тұқым өндірісінің толық кескінінде, көбейту питомниктерін қысқартуға болады, ал (тары, жүгері) де – суперэлита питомниктерін де қысқартамыз, яғни схемамыз қысқа түрде – үш сатыдан тұрады, олар: 1 мен 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі және элита.

Сонымен, элитаны жалпыламалап сұрыптап өсіру схемасы – көбейту питомниктері, суперэлита және элитадан тұратын болады. Бірақта, мән қоятын жағдай, жалпыламалап сұрыптаудың тиімділігі жекелей сұрыптаудан кемдеу болады, өйткені сұрыптау бірінші жағдайда жай (фенотиптік) сұрыптау ғана, ол генотиптік сұрыптаудай емес.

Тұқым шаруашылығында сорттардың шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен өнімділік шамаларын толық пайдаланатын әдістер мен әдістемелер талданып және іске асырылады.

Тұқым шаруашылығын жүргізу, өсірілетін сорттардың биологиясын білгенде ғана дұрыс жолмен атқарылады.

Сорт өз егістігінде морфологиялық белгілері және шаруашылық- биологиялық қасиеттеріне сай біртекті өсімдіктерден тұрады. Сорттың (гетерозиготтылық будан) шектеулі біртекті өсімдіктерден болуы сұрыптауға байланысты және өздігінен тозаңданатын дақылдарды, өздігінен тозаңдануына көмектесіп және жыл сайын F1-де будандастыру қажет. Басқа сорттармен және дақылдармен айқас тозаңдандыру тең мөлшерде айқас тозаңданатын және өздігінен тозаңданатын сорттардың беріктігіне (біртектік) нұсқан келтіреді.

Осы жағдайларға байланысты, тұқым шаруашылығында айқас тозаңданатын дақылдар сорттарының арасында, арақашықтық оқшаулау қатаң түрде сақталынады. Иә, өздігімен тозаңданатын сорттардың да арақашықтылықтары аздап болса да сақталуы міндетті түрдегі қағида.

Айқас және өздігінен тозаңданатындардың өсуіне, өздігінен тозаңдану әртүрлі әсер етеді. Өздігінен тозаңданатын дақылдардың сорттары өздігінен тозаңданғанда көп жыл сақталынады, ал айқас тозаңданатын сорттар тез азғынданып (инцухт, инбридинг) кетеді.

Әрбір жақсы селекцияланған сорт өзінің ұрпақтық тұқым қуалаушылығын көптеген жылдар бойы сақтай алады. Бірақ кобею және өндірістік пайдалану барысында, сорттың өзіне тән шаруашылық-биологиялық қасиеттері аздап төмендей бастайды, мұндай жағдайлардың болу себептері:


  1. механикалық ластану және басқа сорттармен қайталама тозаңдану;

  2. бөлінуі; 3) өсімдіктер ауруының ұлғайуы; 4) мутацияның пайда болуы.

Белгілі кеңес үкіметінің ғалымы, академик Лисицын П.И. көрсеткендей, сорттың ластануы биологиялық, сол сияқты өндірістік тұрғыдан қарағанда оның өлуімен тең.

Тұқым шаруашылықтық питомниктерінде сорттардың жаңа ғана көбейе бергендегі ластануы, соңынан қатерлі қауіптерге әкеліп соқтырады.

Механикалық ластану – апробация кезінде сорттық егістерді жарамсыз деп анықтайтын басты себеп. Механикалық ластанудың себептері жақсы белгілі. Барлық ластанғыштар (басқа дақылдар, түршелер немесе сорттар, өсімдіктерден ерте тез пісетіндер, әрқашан олардың егістері ластандырады).

Ескеретін жағдай, танапта барлық өсімдіктер бірдей өсіп тұрғанда, әсіресе зиянды арамшөптердің өсу кезеңінің алғашқы сатысында, бидай, арпа, сұлы сияқты дақылдар өздері де олармен күресіп, жойып отырады, бірақ кейбір ластанғыштардың осы аталған дақылдармен өсіп-өну биологиясы бірдей болғандықтан, яғни бір мезгілде, бірдей тереңдікке, ылғалдылық жағдайлары да бірдей т.б., олар сондай өнімді болмаса да, қарсы тұрып күресудегі қауқары шамалы болады. Ал егер, ластанғыштар тым ерте пісетіндер, шығымдары өнімді және өсу биіктіктері басым болса, мұндай егістерде ластанғыштар билікті тездетіп қолға алып, өз дегендерін істейді (егістен егіске дейін).

Өндірістік егістердең тұқымдарында аса қауіптілер, біртүрлі және туыстық қоспалар: жұмсақ бидайдың қатты бидай мен, сұлының - қара сұлымен ластануы т.б., бұл қоспалардың өнімдіктері әрдайым жоғары, астықты сұрыптап тазалағанда қиын бөлінеді, міне осыдан барып олардың технологиялық сапаларын төмендетеді.

Биологиялық ластану сорттар бір-бірімен табиғи жағдайларда қайталама тозаңданғанда болады. Сондықтан, өздігінен тозаңданатындар және айқас тозаңдатындар үшін, әсіресе бидайға, белгіленген кеңістік алшақтықты сақтау керек. Бақылаудың нәтижесінде, бидайдың әртүрлі сорттары бір-бірімен 100 метр қашықтықтан алшақ болса да, өздері мен өздері, қайталама тозаңдана беретіні анықталды. Сол сияқты, есте болатын жағдай, негізгі сортқа кірген механикалық қоспа, артынан биологиялық ластанудың түпкі себепкері болады.

Бидай өсімдігінің бір масағынан бір миллионға дейін тозаң түйірі пайда болады екен, ендігі есеп бойынша оның тозаңы ашық гүлдеген болса, өзінің негізгі сортынан бәлен есе артық мөлшерде гүлдер береді екен!

Биологиялық ластану сол сияқты бөлінудің нәтижесінде де болады, пайда болған нысаналар өздігінен сорттық қоспаға жатады. Оларды өздерінің көбею деңгейінде, сорттық отамалау жұмыстары кезінде жойып отыру қажет.

Саңырауқұлақтық, бактериялық, вирустық аурулар өте көп еселік көбейетін қабылеттері бар, ал егер осы аурулар тұқым арқылы берілген болса, ауырған өсімдіктер саны әрбір қалыптастыру сайын тез тарайды, осыдан барып біраз уақыттар өткесін олардың сорттық тазалықтары өте жоғары, немесе 100%-дың деңгейінде болса да, сорттық егістер қатарынан шығарылып тасталады.

Тосын (спонтанные) мутациялар – сорттардың морфологиялық сияқты, оның шаруашылықты-биологиялық ерекшеліктеріне де әсерін тигізеді. Олардың сандары сонша көп болмаған мен, зияндылығы мол, сорттардың табиғи және қолдан жасалған биологиялық сұрыптау жүйесін бүлдіріп отырады. Тосын мутациялар өсімдіктердің негізгі сорттарында, механикалық қоспа есебінде өсіп көбейеді. Табиғи будандастыру мен түрөзгерістердің арқасында олар байқалылынады, бірақ мутацияларды әсіресе сандық жобадан қарағанда жою өте қиын. Қорыта келгенде сорттар келтірілген 4 себептерге байланысты, өндірістік жағдайларда өздерінің шаруашылықты-биологиялық қасиеттерін төмендетіп нашарлай бастайды. Мұндай жағдайлардың болашақта болдырмау үшін, жыл сайын таза сортты сау тұқымдарды өсіріп және сұрыптауларды ұқыпты түрде өткізіп, өндірістегі қалыптастыруды орындау қажет.
1.3. Бастапқы материалды сұрыптау
Қазақстанның тұқым шаруашылығың өз ерекшеліктері бар. Климаттық жағдайлары бойынша – бұл тұрақсыз егіншілік аймағы, топырақты-климаттық жағдайлары әртүрлілігімен ерекшеленіп, қысы қатты аязды, күзі жауын-шашынды, күздік төмендік температурасы ерте түсетін, сондықтан жыл сайын жақсы өнім алуға қол жетпейтін, өз ерекшеліктерімен әлпеттенетін алқап. Осындай қиындықтардың бәрі, шаруашылықтар үшін дақылдардың сапалы және керекті мөлшерде тұқымдарын жинап алу шараларына өте тосқауылдық әсерлерін тигізеді, сондықтан, басты міндет, әрбір ыңғайлы жағдайларды ұтымды пайдалана біліп, ауа райы жақсы жылдары тұқым қорларын молынан жинастыру абзал.

Тұқымның өсіп-өну ортасының жағдайлары, оның өнімділік сапасына келтірер әсері мол. Сондықтан бастапқы материалдарды өсіру үшін, жоғары сапалы тұқымдарды құрастыратын агротехникалық аймақтарды да таңдай білу керек.

Сібірлік АШҒЗИ-ның бастапқылық тұқым шаруашылық зертханасының деректері бойынша, ауа райы қолайлы жылдары жинап алынған тұқымдарды қайталап сепкен егістердің өнімділігі гектарына 2,2-тан 5,5-ық центнерге дейін артқан. Осындай ерекшеліктер әсіресе бірінші-екінші жылдары жақсы байқалылынады, яғни өсіп-жетуге жасалған жағдайлардың арқасында өнімділік артып, злиталық тұқымдарды шығару үдерістері тездетіледі.

Айтқандай, бастапқылық тұқым шаруашылығындағы жасалатын агротехника сорттың генотипі қолайлы жылдары жақсы жақтарымен көріне білуіне көмектесе отырып, қолайсыз жылдар үшін тұқымдардың сақтық қорын жасау үшін өсімдіктерді сұрыптауды қарқынды түрде өткізуіміз керек.

Бастапқылық тұқым өсірудің сатысында, сорттық тұқымдық агротехниканың негізгі элементтеріне қойылатын талаптар тізбегі, олар: аурулар мен зиянкестерден жат болуы, жоғары сорттық тазалық пен жақсы егістік сапалылығы және өнімді тұқым өміршеңдігін қалыптастыра білу.

Бастапқы өсімдіктерді сұрыптаудың басты иманшарттылығы, олардың негізгі морфобиологиялық және биологиялық нышандарымен тәнтілігі болып есептелінеді.

Бастапқы материал негізінде таза сорттық, жоғары өнімді, аурулар мен зиянкестерден жат, көбею питомниктерінің егістерінен алынады. Туысты өсімдіктердің әулетін сұрыптап алу үшін, арнайы сұрыптау питомниктерін өсіру керек, ол танаптарда бастапқы материалдардың барлығы да бірдей тепе-тең аумақтықтарда коректенуде болады. Көп жағдайда сұрыптау питомниктерінде, әрбір өсімдіктер өздерінің (түптену, масақ, шашақгүлдің дәндәлігі, 1000 дәннің салмағы және т.б.) жекелік ерекшеліктерін көрсете алады. Бұл питомниктер де (отау, қопсыту, ауруларын жою) сияқты егістерді күтіп бағу жұмыстары дер кезінде жүргізіледі. Оларды зиянкестерден сақтау үшін нұсқаулар бойынша ядохимикаттармен екі-үш реттен өңдеулер жасалынады. Тұқым шаруашылығында олардың негізгі міндеттеріне байланысты, 2 негізгі үдеріс: сорт алмастыру, және сорт жаңартулар атқарылынады.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет