«Тіл білімінің негіздері» пәніне арналған тест тапсырмалары Фразеологиялық оралымға тән белгіні анықта



Дата17.06.2017
өлшемі132.88 Kb.
«Тіл білімінің негіздері» пәніне арналған тест тапсырмалары
1.Фразеологиялық оралымға тән белгіні анықта.

А. Даяр қалпында жұмсалу

В. Мағынасы түсініксіз

С. Қысқару

Д. Еркін сөз

Е. Қос сөз

2. Лексикография нені қарастырады?

А. Инфиксті

В. Сөздің шығу төркінін

С. Элизияны

Д. Протезаны

Е. Сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасын

3.Сөздердің лексикалық мағыналарына классификация жасаған қай ғалым?

А. В.В. Виноградов

В. Ф. Фортунатов

С. Л.В. Щерба

Д. Н. Гумбольд

Е. Н. Кононов

4.Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер қалай аталады?

А.Омофондар

В. Омоформалар

С. Аралас омонимдер

Д. Каламбур

Е. Омографтар

5.Артикуляциялық жағынан салдыр дауыссыздардың бөлінуін анықта.

А.Фрикатив, денталь

В. Эксплозив, лабиаль

С. Шұғыл, ызың

Д. Денталь, альвеоляр

Е. Фаригаль, фрикатив

6. Сөз құрамындағы морфемалардың арасындағы біркелкі дауыстылардың немесе біркелкі дауыссыздардың өзгеріске ұшырауы қалай аталады?

А. Деккореляция

В. Диффузия

С. Аффиксация

Д. Қосарлану

Е. Конвергенция


7. Тілді қондырмалық құбылыстардың қатарына жатқызған қай ғалым?

А. Ф. Энгельс

В. В. Радлов

С. В. Ярцева

Д. Ф. де Соссюр

Е. Н. Я Марр

8.Диссимиляциялық дыбыстық алмасуды көрсет.

А. Мола - молда

В. Халық - халқы

С. Газет - газета

Д. Мағына - мағна

Е. Тепкі - текпі

9. Орфографиялық ұстанымдардың бірін табыңыз.

А. Субстантивтену ұстанымы

В. Таңба ұстанымы

С. Прономиналдану ұстанымы

Д. Этимологиялық немесе орфоэпиялық ұстаным

Е. Морфологиялық пен иероглиф ұстанымы

10.Тарихи тұрғыдан алғанда сөз мағыналары қалай бөлінеді?

А. Негізгі, туынды мағына

В. Еркін, тұрақты мағына

С. Аралас, тарихи мағына

Д. Негізгі, ауыспалы мағына

Е. Туынды, келтірінді мағына

11. «Еңбек айқайы» теориясының авторы қай ғалым ?

А. Л.Нуаре

В. Ж.Руссо

С. А.Шлейхер

Д. К.Аханов

Е. Ә.Хасенов

12.Сөздердің шығу тегін зерттейтін лексиканың саласы қайсысы?

А. Этимология

В. Семосиология

С. Лексикография

Д. Фразеология

Е. Ономастика

13.Омографтар дегеніміз не?

А. Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі

В. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер

С. Тіліміздегі дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту

Д. Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер

Е. Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажырататын дыбыстық бірлік


14.Фразеологиялық тізбекке берілген мысалды тап.

А. Асқар тау

В. Қол қусыру

С. Аузы-мұрны қисаймастан

Д. Тілі қышу

Е. Көрпеңе қарап көсіл

15.Этимологиялық ұстаным нешеге бөлінеді?

А. 4


В. 3

С. 5


Д. 6

Е. 7


16.Сөз тудырудың тәсілдері нешеге бөлінеді?

А. 3


В. 4

С. 6


Д. 8

Е. 3


17.Табу қандай ұғыммен тығыз байланысты?

А. Этнографиялық

В. Этнолингвистикалық

С. Лексикалық

Д. Синонимдік

Е. Синонимдік

18.Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады?

А. Эвфемизм

В. Синоним

С. Омоним

Д. Табу

Е. Антоним

19.Тіліміздегі дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтуды не дейміз?

А. Дисфемизм

В. Эвфемизм

С. Табу

Д. Синоним

Е. Астарлап айту

20.Әдепті сөзді дөрекі сөзбен жеткізу құбылысы тіл білімінде қалай аталады?

А. Дисфемизм

В. Эвфемизм

С. Табу

Д. Синоним

Е. Сөз қосып айту

21.Флективті тілдердің қатарына қай тілдер жатады ?

A. Угро-фин, орыс тілдері

B. Орыс, неміс, грек тілдері

C. Араб, қытай, түркі тілдері

Д. Грек, араб, жапон тілдері

E. Моңғол, түркі тілдері

22.Етістікке тән категория қайсысы екенін анықта.

A. Шырай категориясы

B. Шақ категориясы

C. Сан мөлшер категориясы

Д. Тілдің дамуына қатысты категория

E. Зат есімге тән категория

23.Тіл мен ойлаудың бірлігі неден көрінеді?

A. Дыбыс пен ұғымнан

B. Ұғым мен мағынадан

C. Форма мен мазмұннан

Д. Форма мен табиғи байланыстан

E. Зат пен оның атауы арасындағы табиғи байланыстан

24.Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?

A. 5


B. 3

C. 6


Д. 4

E. 2


25.Үндіеуропа тілдерінің құрамына қай тілдер тобы енеді?

A. Семит, Роман, Угор-фин тобы т.б.

B. Балтық , Герман, Қытай-тибет тобы т.б.

C. Иран, Кельт, Эвен тобы т.б.

Д. Индия, Иран, Славян, Герман тобы т.б.

E. Албан, Египет, Булгар тобы т.б.

26.Тілді тарих бойында өзгеретін, дамитын құбылыс деп қарайтын көзқарас қай кезде пайда болды?

A. XV ғ.

B. XX ғ.

C. XI ғ.

Д. XIX ғ.

E. IX ғ.

27.Тілдің «сатылық даму теориясын» жасаған қай ғалым?

A. А.Шлейхер

B. Н.Я.Марр


C. Г.Лейбниц

Д. Ж.Ж.Руссо

E. Л.Нуаре

28.Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері қалай аталады?

А. Дифуззия

B. Ареалдық әдіс

C. Субстрат

Д. Артикуляция

E. Инфикс

29.Бодуэн де Куртенэ қай ілімнің негізін салды?

A. Фонема ілімінің

B. Таңба ілімінің

C. Лексика ұғымының

Д. Семиотика ілімінің

E. Морфема ілімінің

30.Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы қалай аталады?

A. Дыбыстардың өзара үндесуі

B. Дауыссыз дыбыстардың үндестігі.

C. Сингармонизм құбылысы

Д. Диссимиляция құбылысы

E. Алмасу заңдылығы

31.Эпитеза қандай мағынаны береді?

A. Сөз соңындағы ұяң дыбыстардың айтылуда қатаңдануы

B. Сөз алдынан басы артық дыбыстың қосылуы

C. Сөз ішінде екпін түспеген буынның көмескі айтылуы

Д. Бір сөз ішінде ұқсас екі фонеманың біреуі айтылуда басқа дыбысқа өзгеруі

E. Сөз соңында артық дыбыстың қосылып айтылуы

32.Метатеза құбылысының сипаты не ?

A. Сөз ішінде дыбыстардың орын алмастыруы

B. Дыбыстардың алшақ үндесуі

C. Дыбыс пен әріптің үйлесімі

Д. Диссимиляция

E. Дауыс ырғағы

33. Затты немесе құбылысты атайтын мағына қалай аталады?

A. Тура мағына

B. Тұрақты тіркестен туындайтын мағына

C. Негізгі мағына

Д. Атауыш мағына

E. Ауыспалы мағына

34.Фразеологизмнің қандай негізгі үш белгісі бар ?

A. Көпмағыналылық, дербес мағыналы сөз, туынды мағына

B. Тіркесу мүмкіншілігі, қолданылу аясы, сөз формасын жасауы

C. Даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы

Д. Еркін сөз тіркесімен байланысы, көп мағына туғызады

E. Сөздің бейнелі қолданылуы, синонимдермен байланысуы

35.Жалған этимологияға тән қатарды тап.


A. Сөз мағынасын дыбыстық алмасуларымен түсіндіру

B. Сөз төркінін айқындауда тектік жіктемеге сүйену

C. Сөз мағынасын өзінше тұспалдап, топшылау жасап түсіндіру

Д. Сөз мағынасын ғылыми жолмен жүйелеу арқылы түсіндіру

E. Сөз төркінін туыстас тілдермен салыстыру арқылы түсіндіру

36.Екі дыбыстың бір дыбыстың бойына сіңісіп бірдейлесуі қалай аталады?

А. Омофондар

В. Омоформалар

С. Аралас омонимдер

Д. Конвергенция

Е. Омографтар

37.Бүкіл лексикалық байлықтың ұйытқысы не?

А.Туынды сөздер

В. Негізгі сөздік қор

С. Сөздік құрам

Д. Тілдің байлығы

Е. Кірме сөздер

38. Фузия құбылысы қай тілдерге тән құбылыс?

А. Индеоеуропа елдеріне

В. Түркі елдеріне

С. Жапон елдеріне

Д. Шығыс Азия елдеріне

Е. Қытай елдеріне

39.Н. Я Марр тілді қандай құбылыстардың қатарына жатқызды?

А. Рухани құбылыстардың

В. Мәдени құбылыстардың

С. Танымдық құбылыстардың

Д. Экономикалық құбылыстардың

Е. Қондырмалық құбылыстардың

40.Тілден басқа таңбалар жүйесі қалай жасалады?

А. Ойдан

В. Қолдан

С. Жауабы жоқ

Д. Ешқашан

Е. Жүйелі түрде жасалады

41.Риза-ырза, келемеж-келемеш, зәбір-жәбір қандай құбылысқа жатады?

А. Морфологиялық варианттар

В. Фонетикалық варианттар

С. Метафора құбылысы

Д. Метонимия құбылысы

Е. Жауабы жоқ

42.Палаталь қандай ұғымды береді ?

А.Дауысты дыбыстар

В. Жіңішке дауыстылар

С.Жуан дауыстылар

Д. Ашық дауыстылар

Е. Қысаң дауыстылар

43.Лингвистика термині қандай ұғымды береді ?

А. Тілдегі тіл

В. Тіл туралы көзқарас

С. Тілдегі жылысу

Д. Тіл туралы ғылым

Е. Жауабы жоқ.

44.Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым қалай аталады?

А. Лебізді немесе динамикалық екпін

В.Тіл білімі немесе лингвистика

С. Тіл білімі немесе когнитивтік лингвистика

Д. Тоникалық немесе музыкалық екпін

Е. Тұрақты фразеологизмдер

45.Диэрезаға берілген мысалды көрсет.

А. Честный - часнэй

В. Өкпе-өпке

С. Метр-метір

Д. Стол-үстөл

Е. Тепкі-текпі

46.Такт дегеніміз не ?

А. Тұрақты сөз тіркесі

В. Фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі

С. Дыбыстық алмасулар

Д. Дауысты дыбыстар

Е. Тілдегі тоғысу

47.Предикативтілік ұғымы нені білдіреді?

А. Сөздер, таңбаларды

В. Сөйлемге тән белгілердің бірі

С. Сөйлем, байымдауды

Д. Сөз тіркестері,тұрақты тіркестерді

Е. Жауабы жоқ.

48.Сіңіскен түбірлерді анықтаңыз.

А.Кел, айт, жаз

В. Адам, ата, ана

С. Аударма, аудару, аударғыш

Д. Жарық, жалын, моншақ

Е. Жиілік, жақсылық, жамандық

49.Фузия ұғымы нені білдіреді ?

А. Омофон, омоформа

В. Жалғау, ерітілу

С. Аралас омонимдер

Д. Ерітілу, қорытылу

Е. Алмасу, қорытылу

50.Грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілі қайсысы ?

А.Шырай категориясы

В. Көптік категориясы

С. Пронималдану құбылысы

Д. Алмасу тәсілі

Е. Қосарлану тәсілі

51.«Көзді ашып жұмғанша» деген қандай тіркеске жатады?

А. Фразеологиялық тұтастық

В. Фразеологиялық тіркес

С. Фразеологиялық бірлік

Д. Фразеологиялық сөйлемше

Е. Мақал-мәтелдер

52.Тіл арты дыбыстарын анықта.


A. қ, ғ, к, г
B. с, т, д, ш

C. қ, ғ, н, с

Д. ж, к,т, г

E. а, э, қ, г

53. Эвфемизмді тіркестерді анықтаңыз.

A. Ұзын құлақ, сыр бермеу, таяқ тастам жер

B. Құлағының құртын жеу, мұрнына су жетпеу

C. Құлағының мүкісі бар, аяғының ақауы бар, жаман ауру

Д. Ауру, ақсақ, дімкәс, жарымес

E. Жанын жалдау, жаны жайсаң, жадырау

54.Лексикологияның географиялық атауларды зерттейтін саласы қайсысы?


A. Топонимика
B. Фразеология

C. Этимология

Д. Семасиология

E. Лексикография

55.Белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі қалай аталады?

A. Тілдің өмір сүруін айқындау

B. Грамматикалық құрылыс

C. Грамматикалық қатынас

Д. Грамматикалық категория

E. Грамматикалық талдау
56.Тіл білімінің зерттеу нысанына не жатады?

A. Адамзаттың дыбыстық тілі

B. Жазу тарихы

C. Сөз мағынасы

Д. Өлі тілдер тарихы

E. Этнолингвистика

57.Сөз де, сөз тіркесі де не үшін қажет?

A. Тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпы үшін қажет

В. Туыс тілдердің жүйесі үшін қажет

С. Туыс емес тілдердің құрылымы үшін қажет

Д. Сөйлем құрау үшін қажет

Е. Қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар үшін қажет

58.Тілдің заңдарының халықтық дүниеге көзқарасына әсер етеді ,- деген қай ғалым?

А. В.Ярцева

В. В.Гумбольдт

С. П.Лафарг

Д. В.Радлов

Е. Ф.Энгельс

59.Тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі қалпын қарастыратын грамматика қалай аталады?

А. Сипаттама

В. Салыстырмалы

С. Диахрониялық

Д. Тарихи

Е. Салыстырмалы

60.Тілдердің типологиялық белгілері негізінде даралаушы, аглютинативтендіруші, флективтендіруші, инкорпоративтендіруші тілдер деп топтастырған ғалымды табыңыз.

А. К.Аханов

В. В.Гумбольд

С. А.Шлейхер



Д. В.Виноградов

Е. Я.Марр
Каталог: ebook
ebook -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
ebook -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
ebook -> Как лечить аденому простаты
ebook -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
ebook -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет