Қазақ тілі! Ол - менің ана тілім. Қазақ тілі! Байсалды баба тілім, Сол байлықтан аз емес алатыным. Сен - тілісің, адамзат Абайының, Сен - тілісің, ұрпақтың талайының. Қазақ тілі! Ана тілім! Анық маған, сөнбестен жанатының, Анық маған, болашақ замандарға Бөгелмей баратының
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – тек Қазақстанда тұратын қазақтардың ғана емес, шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының да, барша қазақтың ана тілі. Қазақ тілін ана тілім деп санайтын Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдері де аз емес.
Адам бойындағы ізгілік пен инабат, ар мен намыс, азаматтық болмыс, ұлттық сана - бар асыл қасиет ананың сүтімен сіңіп, ана тілімізбен дарыған.
“Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ”, – деп, халқымыз тіл өнерін жоғары бағалап, сөз бостандығын құрметтеген. Сөз өнерін қастерлеген ата-бабамыз туған тілін ерекше дәріптеп, ана тілім деп атаған. Небір қиыншылық пен шапқыншылықты бастан өткерген ата-бабамыз ана тілімізді өзге тілдердің әсерінен бүліндірмей таза сақтап келген. Тіл мұрасы - асыл-маржанымыз, рухани байлығымыз ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп отырған.
Қазақ тілі түркі тілдер тобының қыпшақ тармағына кіреді. Қазіргі таңда отызға жуық түркі тілді ел бар. Түбі бір түркі тілдері заман ағымына, өмір талабына қарай көп өзгеріске түсті, дегенмен де өзінің тектік негізгі белгілерін, түркі тіліне тән құрылымдық заңдылықтарын, ортақ қасиеттерін сақтап қалды. Басқа тілдердің әсерінен көп бүлінбеген қазақ тілін емін-еркін меңгерген жан өзге де түркі тілдес халықтармен: ноғай, татар, қарақалпақ, түрік, өзбек, қырғыз, тағы да басқа ұлт өкілдерімен арнайы тілмашсыз-ақ тіл табысып, сөйлесе алады.
Қазақ тілі – Қазақстан халқы, Қазақстан елі үшін әдебиет пен мәдениеттің, ғылым мен білімнің, оқу-ағарту үдерісінің, ресми іс қағаздар мен түрлі жазба жұмыстардың тілі, қарым-қатынас тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі мақсат-мүддесі - елімізді мекендеген барша ұлттың ынтымақтастығын арттыру, еліміздің тұтастығы мен татулығын сақтауға ұмтылу және мемлекеттік тілді өзара түсіністік құралына айналдыру. Сондықтан да мемлекеттік тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік тұрмысымызда алатын орны, атқаратын қызметі ерекше маңызды. Тіл мәселесіне отанын сүйген әрбір азамат жай немқұрайдылықпен қарай алмайды. Мысалы,Халима Бұқарқызы, «Айқын» газетінде 2014 ж. 1 наурызда жариялаған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы жалғасады» атты мақаласында Қазақстан халқы ассамблеясы мен Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, этно-мәдени бірлестіктер мен тағы да басқа мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысқан жиын туралы баяндайды. Жиынның күн тәртібінде қаралған өзекті мәселелерге тоқталады. Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық акцияның жүзеге асыру барысы талқыланғаны және сөз алған ассамблея төрағасының орныбасары Е.Тоғжановтың ҚХА-ың қоғамдағы рөлі мен «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы және де жобаның қоғамның дамуындағы жаңа рөлі туралы сөз етіледі. Жоба шеңберінде 483 іс-шара өткізілгені, оған 1,5 млн-нан астам қатысқаны, осындай шаралар арқылы ҚР халқының бірлігі мен келісімінің нығай түсуіне игі ықпалы жайлы жаза келе, мақала авторы осы жиында депутат Р.Халмұрадовтың Президент Жолдауының жарияланғанына айдан асық уақыт өтес де, мемлекеттік тілге қатысты ірі істер жүргізілмей отырғанына, тіл мәселесін көтергені жөнінде де айта кетеді. Сонымен қатар депутаттың осы тіл мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстары: тіл туралы заңнаманы күшейту керектігі мен Қазақстан халқының 67 пайызын құрайтын қазақтар, мемлекеттер қызметкерлері, түркітілдес халықтар тұтастай қазақша сөйлеу қажеттілігі туралы баяндайды. Мақала автордың жеке басының пікірін білдірмейді, жиын барысында сөз сөйлеген тұлғалардың пікірлерін ортаға салумен шектелген. Мақаланың мазмұны терең, өте көлемді болмаса да аз сөзбен көкейтесті басты мәсәлелерді жазған. Мақала авторы, қорыта айтқанда, жиынның жалпы барысына шолу жасай отыра, осы жиындағы бүгінгі күні қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғаған.Қазақстан – табиғи ресурстары мол, табиғаты алуан түрлі бай мемлекет. Қазақстанның мол қазынасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр. Шетелдерді қызықтырып, өзіне өзгелерді ынтықтырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанмен әріптес болуға ұмтылып отырған шет мемлекеттер аз емес. Қазақстанмен келісім-шартқа отырып, екі жаққа тиімді әдіспен еңбек етіп жатқан шетел компаниялары да жетерлік. Бастаған ісі табысты болу үшін шетелдіктерге жергілікті халықтан қолдау қажет, өзара түсіністік пен ынтымақ қажет. Табыс кілтінің бір ұшы тіл мәселесінде жатыр. Жергілікті халықпен бірлесіп еңбек ету үшін жақсы қарым-қатынас ауадай қажет-ақ. Осы бағытты басшылыққа алған кейбір шетел компанияларының, шетел фирмаларының да қызметкерлері қазақ тілін тез меңгеріп алуға ұмтылуда. Мысалы, Оңтүстік Кореяның “Макгойя” компаниясы қазақ тілін үйренуші отандастарына арнап, қазақ тілі үйірмесін ашқан. Сондай-ақ қазақ тілін оқып үйренуге талап етуші шетелдік студенттер саны да жылдан-жылға көбейіп келеді. Табиғи ресурсы мол, үнемиеттік мүмкіндігі кең, болашағы зор Қазақстанға шет мемлекеттер тарапынан ілтипатты қарым-қатынас та жыл сайын өсе түсуде. Бұның өзі Қазақстан мемлекетінің және мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің болашағы зор екенін көрсетеді.
Өз елін, өз жерін сүйген әрбір Қазақстан азаматы мемлекеттік тілімізді құрметтеп, тілімізге қамқорлық көрсетуі тиіс.
Мемлекетіміздің, Мемлекеттік тіліміздің дамып, гүлдене беруіне Сен де өз үлесіңді қос, жас жеткіншек!
Наралиева Р.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |