Тәуелсіздік ел тұғырымыз



Дата30.06.2017
өлшемі51.59 Kb.
#17416
Тәуелсіздік ел тұғырымыз

Балалар музыка әуенімен залына кіріп белілінеген орындарына журып ту мен билейді



  1. Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар. Еліміздің тәуелсідік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт. Тәуелсіздік біздің маңдайымызға дарып,алақанымызға қонды.

Мемелекетіміздің өсіп-өніп шыңға жетіп өркендеуі-біздің жетістііміз.

  1. Жүргізуші:Балалар бүгін тәуелсіздік күні. Бұл күнді біз ерекше атап өтеміз. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Ән: Әнұран

Тақпатар:



  1. Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн


  1. Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан


  1. Еңбек етіп табысты

Жібермеймін намысты

Мен әлемге танытам

Қазақ деген халықты



  1. Ел ордасы- Астанам

Соған айтам асқақ ән

Әрқашанда қазақ боп

Туғаныма мақтанам


  1. Ашқан соң өмір есігін

Тербеледі менің бесігім

Ардақтап жүрем қашанда

Қазақтың ұлы есімін


  1. Қайраттай қайсар ұлдарың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен ләзаттың

Арымен келген еркіндік

Қайрат пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік

Ән: Тәуелсіздк

1-жүргізуші: Балалар біз қай елде тұрамыз ?

Ел басымыз кім?

Міне сол атамыз дүниеге қалай келеген, балалық шағы туралы білгілерің келеме? Олай болса шағын көрніске назар аударыңыздар

Көрініс:

Қазақ ауылы. Қарапайым отбасы. Үстел басында әйелі мен ері отыр. Балар Әбіш ақсақал мен Әлжан ана еді.

Әлжан ана: -Отағасы мен бүгін түс көрдім түсімде суда жүзіп жүріп су астынан үлкен мылтық тауып алдым.

Әбіш ақсақал: - Е жақсы түс қой. Алла бізге үлкен қуаныш сыйлағалы тұр екен. Мылтық-ол ер балаға көінеді. Біз ұлды боламыз. Бір көңілімды көтеріп тастадын ау. Шай дайындап жіберші.(әйелі шығып кетеді)

2-жүргізуші: Арада бірнеше айлар өтіп, отбасы қуанышты күнді асыңа күтіп жүрді.

Бала:Сүйінші, сүйінші ұл бала, ұл бала.

Әбіш ақсақал: Е Алла бергеніне шүкір ризамын. Сүйіншіне астына бір тай мінгіздім. Ұлымнан немді аяйын. (баланы көтеріп әйелі келеді)

Әлжан ана: - Баланың атын әкесі өзін қой.

Әбіш ақсақал: -жоқ, анамда бұл баланы көптен күтіп жүр. Ұл туса баланың екі аты болсын Нүр және Сұлтан деген. Олай болса бұл баланың аты Нұрсұлтан болады. (азан шақырып ат қояды)

Екеуі: -Неге отырсындар шілде тойына келіңдер. Бәріңді шақырамыз (екеуі шығып кетеді)

1-жүргізуші: -Міне балалар Нұрсұлтан аталарын осылай дүниеге келген.

Басшымыздың атқарған істері Орасан зор. Еліміздің өркендеуіне тікелей әсер етеді. Кішкентай балаларға деген қамқорлығы Орасан зор. Халықтың баласын өз баласындай жақсы көрді, көп ізгі жұмыстар жасады. Балалбақша, мектептер балаларға арналған ойын алаңдары, спорттық орындар іске қосылуда. Біз сол үшін ел басымызға көп алғыс айтып тілік білдіруіміз керек. Біз балалар ел басымызды өте жақсы көреміз.


  1. Ел басы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды


  1. Сіздің атыңыз Нұрсұлтан

Туған елім қазақстан

Мен сізден үлгі аламын

Қазақстанымен мақтанам


  1. Жігіт боп өссіп, жас бала

Көркейе берсін жас бала

Тізгіні елдің қолында

Еліңді алға баста-аға


  1. Көгілдір менің аспаным

Көп менің жақсы достарым

Көкейге тоқып аламын

Тәлімін балабақшаның


  1. Ел мерейі еңселі

Жарқын өмір-ертеңі

Айналғанда шындыққа

Бір ғажайып ертегі

Ән:Топ-Топ балақан

Тақпақтар:


  1. Бірлігіміз жарасқан

Арманымыз тау аспан

Туған жердің шыңдары

Көк аспанмен таласқан


  1. Мен туған жерді бәрі-бір

Аймалай бермек кәрі күн

Бәріне мұнда жетеді

Алланың берген жарығы


  1. Туған жердің төсінде

Гүлдей жайнап өсемін

Ата-анамды қуантып

Биіктерге жетемін


  1. Еркіндіктің мекені

Қазақстан-байтағым

Ерлігіңді әрдайым

Мақтанышпен айтамын


  1. Тәуелсіздік- тұмарым

Бәйтерегім- шырағым

Ел мерейін өсіріп

Менде шыңға шығамын


  1. Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз астында

Бірге сайран құрамыз

2-жүргізіші: Өз туыңды тік ойыны!

Ән:

1жүргізуші: Өз жеріме өзім ие болған күн



Тілім таза бостандызым алған күн

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп

Тарихыма өшпес белгі салған күн

Блалар сендер сүйікті отанымыздың қасиетті білгілер рәміздерін білесіңдер ме?

(Елтаңба,ту әнұран)


  1. Тудың түсі көк, пішіні тік төрт бұрышты ол бірлік пен ашық аспанды көрсетеді.

  2. Тудың ортасында-шұғылалы алтын күн бейнесі тыныштық пен байлықты білдіреді.

  3. Аспандағы қыран бүркіт еркіндіктің, бірліктің үлкен арманға биіктеуді білдіреді.

  4. Ту қазақтың ұлттық оюмен өрнектелге.Ол қазақ халөының ұлттық салты дәстүрге деген құрметті білдіреді.

  5. Күн ,қыран бүркіт, ұлттық ою алтын түсті бұл көп ұлтты қазақстан республикасының байлығы мен бақытты білдіреді.

Қазақстан республикасының мемелкеттік елтаңбасы. Елтаңбаның ортақ елементі-шаңырақ. Шаңырақ бастауы отбасы ошағы бейнеленген.

Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашақ үмітін арттар жас ұрпақтардың арманы самғау биігі.

Шаңырақтың күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды.

Отанымыздың көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді.



  1. Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер төккен

Билігі өз қолында

Еркіндігім ел таңбам


  1. Батырлық бар тегімде

Көк байрағым көгімде

Әнұранды жатқа айтып

Елтаңбам тұр төрімде


  1. Көк байрағым- көгімде

Тектілігі-тегінде

Бірлігімен тұтасып

Жеткен азат өмірге


  1. Аман болып халқымыз

Арта берсін даңқымыз

Елжіретсін жүректі

Желбіресін байрағым


  1. Көзімде от жайнап

Бойымызда жас қайрат

Алға басып келеміз

Қолымызда көк-байрақ


  1. Атамекен-тұрағым

Сөнбейтұғын шырағым

Көк байрағым-айбыным

Қасиетті тұмарым

Ойын:


Жүргізуші:Біздің қазақстанда қандай орталық қалалар бар. (Алматы,Атырау, Ақтау,Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Жезқазған, Орал, Өскемен, Семей, Шымкент)

Ал сендер қай қалада тұрасыңдар?

Біз Ақмола қаласы Есиль ауданында тұрамыз. Балалар айтындаршы біздің қазақстанда жер қандай?

-Қазақстан жері бай, үлкен, әдемі.

Қазақстан жерінде не бар?

Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, аудандар көп үйлер бар, жасыл орман, биік таулар, тіңіз, өзендер бар.



Бүгінгі мерекеміз құтты болсын, елімізде тыныш заман болсын деген жақсы тіліекпен ертеңгілігімізді жақсы бір әнмен аяқтасақ.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет