Тәуелді форма, негізінен, зат есімге тән форма бола тұра, зат есімнен басқа сөз таптарының да тәуелді формамен түрленетіндігін атап көрсеткен қай ғалым?



Дата07.01.2018
өлшемі429.98 Kb.
#52401
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
1-модуль. Есім сөз таптары
Тәуелді форма, негізінен, зат есімге тән форма бола тұра, зат есімнен басқа сөз таптарының да тәуелді формамен түрленетіндігін атап көрсеткен қай ғалым?

A. Ы. Маманов

B. Н. Оралбай

C. К. Аханов

D. Ш. Сарыбаев

E. Ж. Сүлейменова



«Сын есімді-заттың сының, сапасын, түсін, белгісін, көлемін, спатын білдіретін сөз табы»,-деген ғалым?

A. Ә. Төлеуов

B. А. Байтұрсынов

C. Н. Сауранбаев

D. П.М. Мелиоранский

E. Ж. Шәкенов



Есім сөздерге тән категория қайсысы?

А. Септік категориясы

В. Рай категориясы

С. Шақ категориясы

D. Жақ категориясы

Е. Көптік категориясы



Географиялық атауларды зерттейтін тіл білімінің саласын анықта.

  1. Топонимика

  2. Семасиология

  3. Анторпонимика

  4. Ономастика

  5. Лексикалогия

Сөздердің септелуінің түрлеріне қайсысы жатады?

  1. Жай және тәуелді

  2. Жай және жалаң

  3. Жалаң және күрделі

  4. Оңаша және ортақ

  5. Жіктік және жалаң

Тәуелденудің түрлерін тап.

  1. Оңаша және ортақ

  2. Жай және тәуелді

  3. Жай және жалаң

  4. Жалаң және күрделі

  5. Жіктік және жалаң

Құрылымы жағынан зат есімдерді А.Ысқақов қандай екі топқа бөлген?

  1. Жалаң және күрделі

  2. Жай және тәуелді

  3. Жай және жалаң

  4. Оңаша және ортақ

  5. Жіктік және жалаң

«Інісінің» деген зат есім септелудің қай түріне жатады?

  1. Тәуелді септелу

  2. Оңаша септелу

  3. Ортақ септелу

  4. Жалаң септелу

  5. Жай септелу

«Менің досым» дегенде тәуелденудің қаай түрі қолданылған?

  1. Оңаша тәуелдену

  2. Ортақ тәуелдену

  3. Жалаң тәуелдену

  4. Тәуелді тәуелдену

  5. Жай тәуелдену

Заттарға көптік мағына үстейтін зат есім категориясын көрсет.

  1. Көптік категориясы

  2. Септік категориясы

  3. Жіктік категориясы

  4. Тәуелдік категориясы

  5. Шырай категориясы

Жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш мағынада келетін сөздер қалай аталады?

  1. Жалқы

  2. Деректі

  3. Жалпы

  4. Адамзат

  5. Дерексіз

Ілік септігінің негізгі беретін мағынасы қайсысы?

  1. Грамматикалық меншіктілікті білдіруі

  2. Адамдар арасындағы туыстық қарым – қатынасты сипаттауы

  3. Логикалық субъектіні білдіруі

  4. Абстракциялы ұғымдар арасындағы тәуелділік қатынас

  5. Заттар арасындағы табиғи, органикалық байланыс

«Сауда мақсатымен Жаркент, Құлжа барған.»

Қосымшасы жасырын тұрған септікті көрсет.

  1. Барыс

  2. Табыс

  3. Атау

  4. Ілік

  5. Шығыс

Табыс септік тіркесіп келетін етістіктің түрін анықта.

  1. Сабақты етістік

  2. Салт етістік

  3. Көмекші етістік

  4. Есімше

  5. Көсемше

«Предикаттық қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады», - деген қай ғалымның пікірі?

  1. С. Исаев

  2. Н. Оралбаева

  3. К.Аханов

  4. Ә. Хасенов

  5. М. Томанов

Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде әр түрлі дәрежеде болуын көрсететін сын есімнің категориясы қайсысы?

  1. Сын есімнің шырай категориясы

  2. Сын есімнің септелуі

  3. Сын есімнің жіктелуі

  4. Сын есімнің тәуелденуі

  5. Сын есімнің көптенуі

«Мен - баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.» - жіктеліп келген зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықта.

  1. Баяндауыш

  2. Бастауыш

  3. Пысықтауыш

  4. Толықтауыш

  5. Анықтауыш

«Заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын - сын есім» - деп, Қ. Жұбанов қай мақаласында айтқан?

  1. «Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері»

  2. «Қазақ тілінің грамматикасы»

  3. «Сын есім»

  4. «Қазақ тіліндегі шырай категориясы»

  5. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»

Сын есімнің шырай категориясын жан- жақты зерттеген ғалымды тап.

  1. Ғ. Мұсабаев

  2. Ж. Шакенов

  3. К. Аханов

  4. А. Ысқақов

  5. А. Н. Кононов



Есімдер мен етістіктерден қатыстық сын есім жасайтын жұрнақты тап.

  1. –ты,-лы,-лі,- қор; -ғы, -кіш,-еген.

  2. –рақ,-рек, -ырақ, -ірек

  3. –қыл, -ғыл, -кілт, -қылт

  4. –шыл, -шіл, -қай, -аң

  5. –лау, -леу, -дау, - деу

Шырай қосымшаларымен түрленбейтін сын есімнің түрін анықта.

  1. Қатыстық сын есім

  2. Сапалық сын есім

  3. Жалаң сын есім

  4. Күрделі сын есім

  5. Субстансивті сын есім

«Күрделі сын есімдер негізгі сындардан да, туынды сындардан да олардың өзді – өзінен де, өзге сөздермен тіркесуі, қайталануы, қосарлануы, әредік бірігуі жасалып, бір бүтін күрделі тұлға ретінде қызмет етеді.» - дей келіп, күрделі сын есімдердің жасалу жолдарын көрсеткен ғалым қайсысы?

  1. А. Ысқақов

  2. С. Исаев

  3. К. Аханов

  4. Н. Оралбай

  5. Ғ. Мұстафин

Заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түсіп,күшейткіш буындар арқылы жасалатын сын есім түрі қайсысы?

  1. Күшейтпелі шырай

  2. Салыстырмалы шырай

  3. Жай шырай

  4. Асырмалы шырай

  5. Дұрыс жауап жоқ

Аса, тіпті, тым-ақ, шымқай күшейткіш үстеу арқылы жасалатын шырай түрін тап.

  1. Салыстырмалы шырай

  2. Күшейтпелі шырай

  3. Жай шырай

  4. Асырмалы шырай.

  5. Дұрыс жауап жоқ

1957 жылы қай ғалым сан есім туралы арнаулы жеке еңбегін жарыққа шығарды?

A. Ә. Хасенов

B. М. Балақаев

C. К. Аханов

D. С. Исаев

E. А. Ысқақов



А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде сан есімдердің жасалу жағдайына қарай қалай топтастырған ?

A. қосылмалы және көбейтілмелі

B. жай және күрделі

C. жай және жадағай

D.реттік және темілдік

E. дара және күрделі



Төмендегі нұсқалардың ішінде қайсысы әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сан есімге айналған?

A. бірінші

B. сегіз

C. он


D. үш

E. жеті



«Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғанудан сақтауы керек»(М.Әуезов)...қай есімдік берілгенін табыңыз:

А. Өздік есімдігі

В. Жалпылау есімдігі

С. Белгісіздік есімдігі

D. Жіктіу есімдігі

Е.Болымсыздық есімдігі



Негізгі және туынды дара сан есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер қалай аталады?

A.күрделі сан есімдер

B. дара сан есімдер

C. тіркескен сан есімдер

D. негізгі сан есімдер

E. дұрыс жауап жоқ



Күрделі сандар бір сөз болғандықтан, қосымшалар олардың қай компонентіне жалғанатындығын көрсет.

A. тек соңғы компонентке

B. бастапқы сан есімге

C. алғашқы екі сан есімдерге

D. барлық сандардың соңына

E. әр санның соңына



«Бұдан гөрі маңыздырақ екінші мәселе бар», - деген мысалда, екінші сан есімі – мағыналық жағынан қай түрге жататындығын анықта.

A. реттік сан есімге.

B. бөлшектік сан есімге

C. болжалдық сан есімге

D. есептік сан есімге

E. жинақтық сан есімге



Топтық сан есімдерге қайсысы жатады?

A. үш – үштен, бес – бестен

B. төртеу, бесеу

C. ондаған, мыңдаған

D. жиырманың жартысы, бес жарым

E. он тоғыз, елу төрт



Сан есімдер барлық уақытта өздері анықтайтын заттар мен құбылыстардың санын дәл, нақты көрсетпей, шамамен тұспалдап атайтын кездерін қандай сан есімдер деп аталатындығын көрсет.

А. болжалдық сан есім.

B. реттік сан есім

C. есептік сан есім

D. бөлшектік сан есім

E. жинақтық сан есім



«Бағып жүрген сиырларымның ішінде тарғыл аласы он жеті, қызыл шұбары – он үш, қарасы – тоғыз, құбақаны - бесеу». (С. МұқаноB.. Бұл сөйлемдегі сан есімдер қандай қызмет атқаратындығын көрсет.

А. баяндауыш

B. анықтауыш

C. бастауыш

D. пысықтауыш

E. ешқандай қызмет атқармайды



«Есімдік» дегеніміз не?

А.Есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер

В.Тек зат есім мен сын есімнің орнына жүретін сөздер

С. Үстеулердің орнына қолданылатын сөздер

D. Одағайлардың орнына жүретін сөздер тобы

Е. Дұрыс жауап жоқ



Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер қалай аталады?

А.Белгісіздік есімдігі

В.Жіктіу есімдігі

С.Өздік есімдігі

D.Сұрау есімдігі

Е.Жалпылау есімдігі



Болымсыздық есімдігі қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын тап.

А. Лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік тәсіл

В.Синтаксистік және морфологиялық тәсіл

С.Аналитикалық және лексика-семантикалық тәсіл

D.Морфологиялық және лексика-семантикалық

Е.Аналитикалық және синтетикалық тәсіл



Лексикалық тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдігіне қандай сөздер жатады?

А. «Түк», «дым» есімдіктері және «еш» сөзі.

В. «бір де», «бір де бір»

С. «еш» қосымшасына басқа есімдіктерінің қосылуы арқылы( ешқашан, ештеңе, ешбір)

D. қайсыбір, әрбір, әлдекім

Е.Барлығы дұрыс



Мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын есімдік қалай аталады?

А.Жалпылау есімдігі

В.Жіктіу есімдігі

С.Белгісіздік есімдігі

D. Болымсыздық есімдігі

Е. Өздік есімдігі



«Орынбасар есім (есімдік)деп түбірдің де, қосалқы шылаулырдың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз»-деп анықтама берген кім?

А.Қ.Жұбанов

В.А.Ибатов

С.А.Байтұрсынов

D. А. Ысқақов

Е. Ә.Төлеуов



...сен кітап оқыған уақытыңды ешнәрсеге айырбастама! (Д.Әлімжанов)...мысалда есімдіктін қай түрі көрсетілген?

А.Жіктіу есімдігі

В.Жалпылау есімдігі

С. Белгісіздік есімдігі

D.Болымсыздық есімдігі

Е.Өздік есімдігі



Бірде жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып жұмсалатын есімдікке қайсысы жатады?

А. Ол


В. Сен

С.Мен


D. Біз

Е. Бұл


Бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне сөздері есімдіктің ұай түріне жатады?

А.Сілтеу есімдігі

В. Жіктіу есімдігі

С. Өздік есімдігі

D.Белгісіздік есімдігі

Е.Жалпылау есімдігі



Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте қарау керек деген пікір ұстанған ғалымдарға қайсысы жатады?

А.А.А.Шахматов,А.М.Пешковский, А.Н. Гвоздев

В.Е.Н.Сидоренко,А.М.Пешковский

С.А.М.Пешковский, А.А.Шахматов

D. А.Н. Гвоздев, В.В.Виноградов

Е. В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко



Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздердің қатарына қайсысы жатады?

A. Қар, тары, сүт

B. Ойыншық, арман, қиял

C. Азамат, ерлік

D. Суырма, сүт, ат

E. Ұшқыш, арба



Көмекші есімді тіркеске қайсысы жатады?

А. Көйлектің етегі

В. Кешке қарай

С. Жиналыстан соң

D. Сабаққа дейін

Е. Басынан сипау



Атауыш сөздерді есімдер мен етістіктер деп екі топқа бөліп, есімдердің өзін іштей атауыш есім және үстеуіш деп жіктеген қай ғалым?

A. А. Ысқақов

B. К. Аханов

C. Ш. Сарыбаев

D. А. Байтұрсынов

E. Ғ. Мұсабаев



Прономиналдану қандай ұғымды береді ?

A.Сөз табының есімдікке айналуы

B.Сөз табының есімдікке айналуы

C.Сөз табының үстеуге айналуы

D.Сөз табының сын есімге айналуы

E.Сөз табының зат есімге айналуы



Тілдердің тарихында зат және белгінің атын ажырататын сын есім зат есімнен кейінірек және содан пайда болды деген қай ғалымның пікірі?

A.А. Потебня

B.Ә. Хасенов

C.К. Аханов

D.В. Жирмунский

E.Э. Севортян



Бірігу тәсілі арқылы жасалған туынды сын мағыналы сөздер қайсы?

A.Өркөкірек, есалаң, желаяқ, жансебіл

B.Алыпқаш, көріғой, қырыпсал, қақсал

C.Кең маңдайлы, қой көзді, ақ көйлекті

D.Ірілі-ұсақты, таулы-тасты, із-түссіз

E.Сүзеген, қабаған, қапсағай, жүдеу



Көптік жалғаулы сөз қандай мағынада қолданылған?

Кенекейлер маздатып от жақты.

A.Жинақтау

B.Даралық

C.Меншіктік

D.Иелік

E.Болжалдық



Табыс септік жалғауы жасыран келген сөйлем қайсы?

A.Мал жиғанша, шөп жина.

B.Қалмақ жүрген жерде салмақ бар.

C.Көп сөз өсекке жүк.

D.Кісі бұйымы кіршіл.

E.Көпке жүгірген адам құр қалады




2-модуль. Үстеудің мағыналық топтары, сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер.
Үстеу сөз табына қайсысы жатады?

А. керемет, орасан

В. кербез, кертпек, орағыт

С. кертартпа, кереғарлық

D. кермек, орама, ораза

Е. орашолақ, кертік



Еліктеу сөздер құрамына қарай нешеге бөлінетіндігін анықта.

А.2


В.3

С.4


D.7

Е. 5


Үстеудің неше тәсіл арқылы жасалатындығын тап.

А.4


В.3

С.5


D.7

Е. 6


Үстеуге қайсысы жатады?

А. бетпе-бет кездесті

В. қызметсіз адам

С. сіз табасыз

D. айсыз аспанымыз

Е. Айшықты



Үстеудің мағыналық топтарының ішінде сан жағынан өте аз сөзді қамтитын үстеуді анықта.

А. Мақсат үстеу.

В. мекен үстеу

С.мөлшер үстеу

D. күшейту үстеу

Е. Топтау үстеу



Табиғаттағы,айналадағы заттардың сыртқы бейнесін,қимыл қозғалысын және олардың жүзеге асу сипатын көзбен көру арқылы пайда болған түсінік атауы қалай аталатындығын анықта.

А. Бейнелеуіш сөздер

В. Еліктеуіш сөздер

С. Көмекші сөздер

D. сын-бейне үстеу

Е. Мекен үстеу



Мезгіл үстеуін анықта.

А. таңертең келді

В. ілгері жүрді

С. қаннен-қаперсіз ұйықтады

D. көп жұмыс істеді

Е. өте үлкен екен



Затанғанда болмаса еліктеу сөздерге не жалғанбайтындығын тап. А.жалғау В.жұрнақ С.дауыстылар D.дауыссыздар Е.дыбыстар

Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасала ма ? А. жасалмайды В.айтылады С. жасалады

D.ұқсайды Е.жасауға негіз болады



Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына қолданылғанда сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарады? А бастауыштық В.пысықтауыштық С.анықтауыштық D.баяндауштық Е. толықтауыштық

Мөлшер үстеуін анықта.

А. әжептәуір

В. әрең

С. ілгері



D. кеше

Е. тым


Туынды үстеуді табыңыз:

А. етпетінен

В. ешқашан
С. қалай қарай
D. біршама
Е. әжептәуір

Мақсат үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A.Қасақана тиісті

B.Зорға қозғалады

C.Үдей соқты

D.Тез қимылдады

E.Әрқашан біргеміз



3-модуль. Негізгі грамматикалық ұғымдар.

Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз не?

A. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына

B. Лексикалық мағынадан бұрын пайда болған жалпы мағына

C.Бір сөздің нақты ұғымдық мағынасы

D.Бір сөзді екінші сөзден айырып тұратын реестрлік мағына

E.Сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде, түрлену нәтижесінде пайда болатын, сөздерді топтастырып тұратын мағына



Жалпы грамматикалық мағына қалай жасалатындығын анықта.

A.Лексикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде

B.Категориялық грамматикалық мағына арқылы

C.Қатыстық грамматикалық мағына арқылы

D.Грамматикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде

E.Лексикалық мағынаның солғындауы нәтижесінде



Сөз таптары бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады?

A.Жалпы категорияльды мағына, морфологиялық, синтаксистік белгілері арқылы

B.Жалпы категорияльды мағына, жұрнақтары арқылы

C.Семантикалық белгісі, лексикалық мағынасы арқылы

D.Лексикалық, фонетикалық, жалпы категорияльды мағына

E.Синтаксистік белгісі, семантикалық мағынасы



Тіл білімінде зерттеуші-ғалым О.Суниктің сөз таптарына қатысты көзқарасы қандай?

A.Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп санаған

B.Сөз таптарын универсальды грамматикалық категория деп санаған

C.Сөз таптарын таза формальды грамматикалық категория деп санаған

D.Сөз таптарын сөздердің лексика-семантикалық топтары деп санаған

E.Сөз таптарын категорияльды грамматикалық категория деп санаған



Категориялық грамматикалық мағына қалай жасалатындығын тап.

A.Белгілі грамматикалық формалар (жалғау, сөз түрлендіруші жұрнақ) арқылы

B.Лексикалық мағынаның дерексізденуі арқылы

C.Көмекші сөздер арқылы

D.Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы

E.Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы



Мына сөздердің қандай грамматикалық мағынаның негізінде топтастырылғандығын анықта. Адамға қатысты зат мағыналы сөздер: бала, әке, шеше, апа, ата. Жалпылық, жалқылық атаулар: қала, ауыл. Астана, Жамбыл.

A.Жалпы грамматикалық мағына

B.Категориялық грамматикалық мағына

C.Лексикалық мағына

D.Грамматикалық мағына

E.Қатыстық грамматикалық мағына



Сөздің лексикалық мағынасының абстракциялануы, дерексізденуі, жалпылануы грамматикалық мағыны жасаудың қай тәсіліне жатады?

A.Семантикалық тәсіл

B.Синтетикалық тәсіл

C.Аналитикалық тәсіл

D.Синтетика-аналитикалық тәсіл

E.Аналитика-синтетикалық тәсіл



Ішкі флексия, сөзге қосымша, префикс қосылу грамматикалық мағына тудырудың қай тәсіліне жатады?

A.Грамматикалық тәсіл

B.Семантикалық тәсіл

C.Аналитикалық тәсіл

D.Синтетикалық тәсіл

E.Аналитика-ситетикалық тәсіл



Грамматикалық форма не арқылы көрінеді?

A.Грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл

B.Қатыстық грамматикалық мағынаға қатысты

C.Тек қана жалпы грамматикалық мағынаға қатысты

D.Тек қана лексикалық мағынаға қатысты

E.Барлық грамматикалық мағынаға қатысты



Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз қандай мағына?

А. Лексикалық мағынадан бұрын пайда болған жалпы мағына

В. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына

С. Бір сөздің нақты ұғымдық мағынасы

Д. Бір сөзді екінші сө7зден айырып тұратын реестрлік мағына

Е. Сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде, түрлену нәтижесінде пайда болатын, сөздерді топтастырып тұратын мағына



Грамматикаға қатысты Н.Чернышевский қандай пікірде?

A. Грамматикасыз ешкім де ешқайда аттай алмайды

B. Грамматика барлық ғылымдардың патшасы

C. Грамматика жиі өзгеріп отырады

D. Грамматика математика ғылымы тәрізді

E. Грамматикасыз ғылым, ғылым емес



Сөз таптары бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады?

A.Жалпы категорияльды мағына, морфологиялық, синтаксистік белгілері арқылы

B.Жалпы категорияльды мағына, жұрнақтары арқылы

C.Семантикалық белгісі, лексикалық мағынасы арқылы

D.Лексикалық, фонетикалық, жалпы категорияльды мағына

E.Синтаксистік белгісі, семантикалық мағынасы



Тіл білімінде зерттеуші-ғалым О.Суниктің сөз таптарына қатысты көзқарасы қандай?

A.Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп санаған

B.Сөз таптарын универсальды грамматикалық категория деп санаған

C.Сөз таптарын таза формальды грамматикалық категория деп санаған

D.Сөз таптарын сөздердің лексика-семантикалық топтары деп санаған

E.Сөз таптарын категорияльды грамматикалық категория деп санаған



Грамматикалық форма дегеніміз не?

A.Грамматикалық мағына тудырушы тілдік құралдар

B.Грамматикалық категория тудырушы тілдік құралдар

C.Грамматикалық мағына мен форманың бірлігінен тұратын единица

D.Грамматикалық тәсілдің ерекше формасы

E.Ең кіші грамматикалық бірлік



Грамматикалық тәсіл дегеніміз не?

A.Грамматикалық мағынаның материалдық көрсеткіші


B.Грамматикалық мағына мен форманың бірлігінен тұратын единица


C.Грамматикалық мағына тудырушы тілдік құралдар

D.Грамматикалық мағына мен форманың өзара бірлігі

E.Сөз тудырушы жұрнақ

Тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі қалай аталады?

A.Морфема

B.Синтагма

C.Морфология

D.Морфонология

E.Негіз


Түбір морфема қандай морфемаға жатады?

A.Сөздің лексикалық мағынасын білдіретін морфема

B.Сөздің аффикстік морфемасы

C.Сөздің грамматикалық мағынасын білдіретін морфема

D.Сөздің туынды морфемасы

E.Сөздің бастаушы мағынасы



Супплетивизм қандай тәсілге жатады?

A.Тіл-тілде грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілінің бірі

B.Грамматикалық мағына білдірудің аналитикалық тәсілінің бірі

C.Грамматикалық мағына білдірудің синтаксистік тәсілінің бірі

D.Грамматикалық мағына білдірудің морфологиялық тәсілінің бірі

E.Грамматикалық мағына білдірудің фонетикалық тәсілінің бірі



Тіл-тілде көмекші сөздер қандай мағынаны білдіреді?

A.Грамматикалық

B.Лексикалық

C.Синтаксистік

D.Фразеологиялық

E.Көп мағыналылық



Қазақ тілінде редупликацияны қандай тәсілге жатқызады?

A.Қос сөздер немесе сөздерді қосарлау тәсілі

B.Синтетикалық тәсілдер

C.Грамматикалық тәсіл

D.Аналитикалық тәсілдер

E.Бірігу тәсілі немесе сөздерді біріктіру тәсілі



Ғалым И. Мещаниновтың сөз таптарына қатысты көзқарасы қандай?

A.Сөз таптарын сөздердің мағыналары мен формаларының өзара ұштасуы деп қарады

B.Сөз таптарын логикалық категория деп санады

C.Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп санады


D.Сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп қарады

E.Сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп санады



Сөз лексикалық және грамматикалық мағыналардың ішкі конструктивті бірлігі болып табылады, - деген қай ғалымның пікірі?

A.В. Виноградов

B.Я. Марр

C.Августин

D.В.Радлов

E.О.Суник



Модальдылықты, іс-әрекеттің шындыққа қатынасын білдіретін қай категория?

A.Рай категориясы

B.Жақ категориясы

C.Етіс категориясы

D.Шақ категориясы

E.Сан - мөлшер категориясы



Салт және сабақты етістіктермен байланысты категоря қайсысы?

A.Етіс категориясы

B.Шақ категориясы

C.Рай категориясы

D.Сан - мөлшер категориясы

E.Жақ категориясы



Белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі қалай аталады?

A.Грамматикалық құрылыс

B.Тілдің өмір сүруін айқындау

C.Грамматикалық қатынас

D.Грамматикалық категория

E.Грамматикалық талдау



А.Реформатский сөз таптарын қандай категория деп санаған ?

A.грамматикалық

B.синтаксистік

C.семантикалық

D.лексикалық

E.дыбыстық



Сөз таптарын грамматикалық категория деп санаған қай ғалым?

A.А.Реформатский

B.В.Виноградов

C.К.Аханов

D.А.Потебня

E.Ә.Хасенов



Әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық категориялардың жиынтығынан құралады,- деген қай ғалым?

A.А.Шахматов

B.О.Суник

C.Фердинан де Соссюр

D.В.Виноградов

E.А.Шлейхер



Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруіне себепші болатын үдерістердің қатарына сіңісу және жылысу құбылыстарын жатқызған қай ғалым?

A.В.Богородицкий

B.А.Реформатский

C.В. Щерба

D.В.Виноградов

E.К.Аханов



Тіл-тілдердің барлығына дерлік тән , жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың бірі не деп аталады ?

A. Сан-мөлшер

B. Жақ

C. Септік

D. Шақ

E.Етістік



Морфологияның зерттеу объектісі

A. сөз тұлғасын, сөздердің түрленуі мен сөз таптарын

B. сөз байлығын, сөздік қор мен сөз құрамын

C. сөздік қор мен сөз құрамын

D.сөз тіркесін, сөйлем түрлерін

C.сөз мағынасын



Сөз таптары дегеніміз не?

A. сөздің лексика-грамматикалық категориясы

B. сөздің лексикалық категориясы

C.сөздің грамматикалық категориясы

D. морфемалар жүйесі

E. cөздердің функционалды-грамматикалық жүйесі



Сөз таптарын сөйлеммен байланыстырған қай ғалым?

A.И.Мещанинов

B.Бодуэн де Куртенэ

C.Фердинанд де Соссьюр

D.Щерба

E. В.Гумбольдт



Грамматикалық сан-мөлшер категориясы қай сөз табына тән емес?

А.Сан есім

В.Зат есім

С.Сын есім

Д.Есімдік

Е.Зат есімнің көптік жалғауы



Қимыл, іс - әрекеттің объектіге немесе субъектіге бағытталғандығын білдіретін категория қайсы?

A.Етіс категориясы

B.Рай категориясы

C.Жақ категориясы

D.Шақ категориясы

E.Болымдық категориясы




4-модуль. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты, категориялры.
Вербалдану деген не?

A. етістікке көшу

B.үстеуге көшу

C.сын есімге көшу

D.сын есімге көшу

E.есімдікке көшу



Етістік проблемаларын қазақ тілінде ең көп зерттеген ғалымды анықта.

A.А.Қалыбаева

B.Н.Оралбаева

C.Ж.Шәкенов

D.Ә.Хасенов

E.С.М.Исаев



Етістіктер тобына тән мағына қалай аталады?

A.Процессуальдық (іс-әрекет) мағына

B.Заттық мағына

C.Вербалдық (іс-әрекет) мағына

D.Атрибутивтік мағына (іс-әрекет) мағына

E.Барлық жауабы қате



Процессуальдық (іс-әрекет) мағына қай сөз табына аталады?

A.Етістіктер тобына тән мағына

B.Үстеу сөз табына мағына

C.Сын есімге тән мағына

D.Заттық мағына

E.Барлық жауабы қате



Салт және сабақты етістіктермен байланысты категорBя қайсысы?

A.Етіс категориясы

B.Шақ категориясы

C.Рай категориясы

D.Сан - мөлшер категориясы

E.Жақ категориясы



Модальдылықты, іс-әрекеттің шындыққа қатынасын білдіретін қай категория?

A.Рай категориясы

B.Жақ категориясы

C.Етіс категориясы

D.Шақ категориясы

E.Сан - мөлшер категориясы



Түркі тілдерінде етістіктің аналитикалық формаларын зерттеген қай ғалым?

A.А.Юлдашев

B.К.Аханов

C.І. Кеңесбаев

D.А.Ысқақов

E.Э.Севортян



«Етіс категориясы грамматика, лексикология және фразеологияның нағыз шектес келетін жерінен орын алады»,- деген қай ғалым?

A.В.Виноградов

B.Э.Севортян

C.Н.Дмитриев

D.О.Суник

E.А.Юлдашев



Нақ осы шақты білдіретін етістікті көрсет.

A. қалып етістіктер

B.тұйық етістік;

C.болымсыз етістік;

D.есімше;

E. көсемше



Етістіктің грамматикалық категориялары

A.рай, шақ, жақ

B.көсемше, есімше, тұйық етістік

C. сабақты, салт, болымсыз, етіс

D.күрделі етістік

E.қатыстық, сапалық, туынды



«Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» - деген еңбектің авторы

A. Н.Оралбаева

B.Ы.Маманов

C.М.Балақаев

D.С.Исаев

E.А.Хасенова



«Барса игі еді,келсе екен» деген аналитикалық форманттар қандай мағынаны білдіреді?

A. Қалау рай мағынасын.

B.Нақ осы шақ мағынасын

C.Болымсыздық мағынаны

D. Бұйрық рай мағынасын

E.Модальдық мағынасын



«Айтпа,барма,келме» деген аналитикалық форманттар қандай мағынаны білдіреді?

A.Бұйрық рай мағынасын.

B.Нақ осы шақ мағынасын

C.Болымсыздық мағынаны

D.Қалау рай мағынасын

E.Модальдық мағынасын



«Бүгінгі түркі тілдеріндегі сабақты және салт етістік категорияларын тек семантикалары тұрғысынан қарап қоймай,тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық қасиеттері тұрғынан да қарап,оларды өзінше лексика-грамматикалық категория деп тұжырымға келу қажет болады»-деп салт және сабақты етістіктерді лексика-семантикалық және грамматикалық тұтастықта алып қарауды ұсынған ғалым?

A А.Қалыбаева

B. Н.Оралбаева

C.Ж.Шәкенов

D.Ә.Хасенов

E.Ә.Төлеуов



Туынды түбір етістік қалай жасалады?

A. Сөзге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы

B.Негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуі арқылы

C.Есім сөз бен көмекші етістіктің тіркесуі арқылы

D.Екі сыңары да толық мағыналы етістіктерден

E.Негізгі етістік пен еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы 16



Етістіктің түбірі бұйрық райдың қай жағы, түріне сәйкес келеді?

А. ІІ-жақ, анайы түрі

В. ІІ-жақ, көпше түрі

С.ІІІ-жақ, жекеше түрі

DІІІ-жақ, көпше түрі

E.І-жақ, көпше түрі



Негізгі түбір етістік қайсы?

A.Келді, бармақ

B.Жүзін, бақыт

C.Оқы, сана

D.Бесеу, екі

E.Ерекше, әрбір



Іс-әрекеттің болу-болмау шартын білдіріп, -са, -се жұрнақтары арқылы жасалатын шырайдың түрі қайсы?

A.Шартты рай

B.Қалау рай

C.Бұйрық рай

D.Ашық рай

E.Негізгі түбір етістік



Айтушының тыңдаушыға және тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (ІІІ-жақ) қаратылып, бұйыра, сұрай айтылатын, өзіне байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу ниет мәнін білдіріп, белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын рай түрі қалай аталады?

A.Бұйрық рай

B.Шартты рай

C.Ашық рай

D.Қалау рай

E.Негізгі түбір етістік



Іс-әрекеттің үш жаққа қатысты орындалатынын білдіретін рай түрі қалай аталады?

A.Ашық рай

B.Қалау рай

C.Шартты рай

D.Бұйрық рай

E.Негізгі түбір етістік



Іс -әрекетті субъектінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін рай түрі қалай аталады?

A.Қалау рай

B.Шартты рай

C.Ашық рай

D.Бұйрық рай

E.Негізгі түбір етістік



Есім секілді түрленіп, сөйлемде есімніңде , етістіктің де қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі қайсы?

A.Есімше

B.Шақ

C. Жақ


D.Рай

E.Көсемше



Етістіктің ерекше түрі.

A. Есімше

B.Шақ категориясы

C.Жақ категориясы

D.Рай категориясы

E.Болымды-болымсыздық категориясы


Етістіктің грамматикалық категориясына жататын категорияны көрсетіңіз.

A.Рай категориясы

B.Етіс категориясы

C.Болымды-болымсыздық категориясы

D.Салт-сабақты категориясы

E.Көсемше



Іс-қимылдың бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіретін етістіктің қай түрі?

A.Ортақ етіс

B.Өзгелік етіс

C.Өздік етіс

D. Ырықсыз етіс

E.Туынды түбір



Қимыл, іс-әрекетті сөйлемдегі субъектінің өзі емес, екінші бір субъекті іске асыратын етістің түрін көрсет.

A.Өзгелік етіс

B.Өздік етіс

C.Ырықсыз етіс

D.Ортақ етіс

E.Туынды түбір



Қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -іл, -н жұрнақтары арқылы жасалса, қандай етіс бола алады?

A.Ырықсыз етіс

B.Ортақ етіс

C.Өзгелік етіс

D.Өздік етіс

E.Туынды түбір



Қимыл, іс-әрекеттің субъектіге қарай бағытталғандығын білдіріп, сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалатын етістің түрін анықта.

A.Өздік етіс

B.Өзгелік етіс

C.Ырықсыз етіс

D.Ортақ етіс

E.Туынды түбір




5- модуль.Қазақ қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің жалпы мәселелері

Қайсысы сөз жасауға қатысатын негізгі тұлғаларға жатады?

A.түбір және қосымша

B.туынды түбір

C.негізгі түбір мен көмекші сөз

D.көмекші сөз, түбір және қосымша

E.сөзжасам жұрнақтары



Дербес қолданылмайтын сөзді тап.

A.ұялшақ


B.аттас

C.үйдей


D.ұйымшыл

E.үйшік


Сөз құрамының қай тобы сөзжасамға актив қатысады?

A.байырғы сөздер

B.кірме сөздер мен байырғы сөздер

C.кірме сөздер

D.кітаби сөздер

E.кітаби сөздер мен кірме сөздер



Қай сөз таптары сөзжасам процесіне актив қатысады?

A.зат есім, сын есім, етістік

B.етістік пен есімдік

C.есімдік, үстеу, сын есім, сан есім

D.зат есім, үстеу, сан есім, сын есім

E.үстеу, одағай



Көне жазба ескерткіштер сөзжасамында қандай тәсілдер қолданылған?

A.синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдер

B.аналитикалық тәсіл ғана

C.аналитикалық және лексико-семантикалық тәсілдер

D.синтетикалық және аналитикалық тәсілдер

E.лексико-семантикалық тәсіл ғана



- ғы, - қы қосымшасы көне жазба ескерткіште қандай мағынада қолданылған?

A.заттық, сындық мағына берген

B.қимылдық мағына берген

C.сындық, үстеулік мағына берген

D.үстеулік мағына берген

E.заттық мағына берген



Туынды сөздердің түрлерін тап.

A.туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз, қысқарған түбір

B.біріккен сөз, қос сөз, құранды етістік

C.тұрақты сөз тіркестері, қос сөз, біріккен сөз

D.синоним сөздер, кіріккен сөздер, қысқарған сөздер

E.тұтаса біріккен сөз, қос сөз, құрама сөз



Қазақ тіліндегі туынды сөздер неше тәсіл арқылы жасалған?

A.үш


B.бір

C.төрт


D.алты

E.екі-үш


Туынды сөзді тап.

A.Балықшылар теңізден оралды

B.Атамның баласы өткір

C.Айналаның бәрі балшық

D.Бала балдан тәтті

E.Балық басынан шіриді



Туынды зат есімді тап.

A.судың ағымы

B.көзінің ағы

C.ақтым дем

D.сырын ақтарды

E.ағылып келді



Туынды зат есім жасайтын кірме түбірді тап.

A.аярлық


B.аспан, талшық

C.ашық


D.аттан

E.аңшылық



Етістіктен жасалған туынды зат есімді көрсет.

A.сырмақ


B.сырдаң

C.сыршыл


D.сырттан

E.сырға


Негізгі сөзді тап.

A.Көрігімен отты қыздыра түсті

B.Қызым саған айтам...

C.Өлгендер қайтып келмейді

D.қадір жастан...

E.Есімде Айдар өзені



Негіз сөздің басты белгісін көрсет.

A.лексикалық мағынасының болуы

B.сөзбен тіркесуі

C.грамматикалық мағынасының болуы

D.сөзжасамдық қабілетінің болуы

E.туынды түбір сөз болуы



Қайсысы сөзжасамдық тип?

A.ағыс, табыс, шабыс

B.болар, құмар, сөзуар

C.оттық, кендік, кемдік

D.әнші, айтшы, кемдік

E.арман, орман, Ерман



«Бастырмалату» сөзінде қанша негіз бар?

A.бес негіз

B.бір негіз

C.екі негіз

D.алты негіз

E.төрт негіз



Сөзжасамдағы синтетикалық тәсілдің шешуші тұлғасын тап:

A.сөзжасам жұрнақтары

B.қосымша

C.сөзтүрлем мен сөзжасам жұрнақтары

D.сөзтүрлем мен сөзжасам жұрнақтары, жалғау

E.жалғау


Морфема дегеніміз не?

A.сөздің одан әрі бөлшектеуге келмейтін мағыналық бөлшегі

B.сөз бөлшегі

C.бөлшектеуге келмейтін түбір сөз

D.қосымшалар

E.негізгі түбір мен қосымша



Көмекші морфеманың түрлерін көрсет:

A.жұрнақ, жалғау, көмекші сөз

B.түбір, қосымша

C.туынды түбір, біріккен сөз

D.қосымша, жалғау, көмекші сөз

E.сөзжасамдық жұрнақ



Нөлдік морфеманы тап:

A.от жанары, гүл жүзі

B.ұялы жанары, қара көзді

C.сұсты жүзді, ақ орамал

D.ес білгелі, қыпша бел

E.ақ сақалды, бес нәрседен



Құранды сөзжасамдық жұрнақты тап:

A.азшылық, көпшілік, тоқшылық, баршылық

B.басшылық, еріншілік, қойшылық, таршылық

C.барымташылық, жаугершілік, басқыншылық

D.бағалаушылық, әбігершілік, артықшылық

E.адамгершілік, азаматшылық, ағашылық



Сөзжасамдық жұрнақпен жасалып тұрған сөз тіркесін тап:

A.Жамбылдық жігіт

B.жауапты алдық

C.Жамбылды көрді

D.керегіме жарады

E.Жамбылдың шәкірті



Өнімді жұрнақты тап:

A.- сыз, - сіз, - ақ

B.- кер, - гер, - шы

C.-у, -ғыш, - ар

D.-у, -кер,-шы

E.-да, -ла, -гек



Аналитикалық тәсіл қай сөз табының негізгі сөзжасамдық тәсілі болып табылады?

A.сан есімнің

B.етістіктің

C.сын есімнің

D.зат есімнің

E.есімдіктің



Омоним жұрнақты тап:

A.ашқылтым, жайылым

B.балам, айтарым

C.там, тым, жарамды

D.үстім, күшім

E.қыжылым, қамым



Синоним жұрнақты тап:

A.бауырмал, бауыршыл

B.сөзшең, кіршең, алшаң

C.батыр, ерлік

D.бөлекше, бөлімше

E.айшық, талшық



Көп мағыналы сөзжасамдық жұрнақты тап:

A.Ол әнші

B.Өлең айтшы

C.Ол айтшылап келді

D.Жауын жаумай, құрғақшылық болып тұр

E.Үйге баршы



Синоним терминді тап:

A.синтетикалық, морфологиялық

B.аналитикалық, морфологиялық

C.морфологиялық, синтаксистік

D.синтаксистік, синтетикалық

E.синтетикалық, аналитикалық



Қай сөйлемде туынды түбір зат есімнен жасалған зат есім бар?

A.Дәрігерлік- негізгі мамандығы

B.Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы...

C.Қазақтың қазақшылығы қалмайды

D.Бірлік түбі-тірлік

E.Тұп-тынық иірім екен.



Сын есімнің сөзжасамдық жұрнағын көрсет:

A.-ды, -ші, -қақ

B.-рақ, -ды, -ла

C.-лар, -м, -са

D.-ның, -мен

E.-лау, -өте, -ыс



Күрделі етістікті тап:

A.үйге кіріп шықты

B.жеңіп шықты

C.көзінен жас шықты

D.көк шықты

E.жүрегі тас төбесінен шықты



Күрделі реттік сан есімді тап:

A.сексен бесінші

B.бес-алтау

C.елуінші

D.алпыс жеті

E.жүздеп


Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сын есімдерді белгіле:

A.икемсіз, қамысты

B.қиқаң, ербең

C.озыңғыр, діңгір

D.бүлкек, ағараң

E.шикізат



Күрделі сын есімдер тобын белгілі:

A.көк ала, қызыл қоңыр

B.тау-тау, ата-ене

C.көкқұтан, ақтікен

D.Жаяу Мұса, қараторғай

E.сәнді киім, алтын алқа



Күрделі үстеулерді белгіле:

A.жатпай, тұрмай

B.ерте, дәл, істе

C.өзінше, өңкей

D.аз, бекер

E.әлі, ертең



Күрделі етістіктерді белгіле:

A.өріп шықты, алып қайтты

B.ант беру, көре қойды

C.айқайлай сөйледі, наздана қарады

D.үрейі ұшу, кете берді

E.сөйлескелі келді, келе қалды



Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақты белгіле:

A.-шы, -ші

B.-ық, -ік

C.-уыш, -уіш

D.-ма, -ме

E.-т, -ат



Етістіктерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар:

A.-мпаз, -імпаз

B.-ыл, -іл

C.-ынды, -інді

D.-қыш, -кіш,-шақ

E.-ыс,-іс, -с



Еліктеу сөздерден туынды сөздер тудыратын өнімсіз жұрнақтарды белгіле:

A.-ына, -іне

B.-ырай, -ірей

C.-ақ, -ек

D.-да, -де

E.-ғыр, -гір



Туынды есімдікті тап:

A.барлық, қандай, әлдебір

B.жарлық, қандай

C.айлық, таңдай, ешбір

D.бойлық, қаншалық, әрбір

E.байлық, маңдай, кейбір



Өлі жұрнақты тап:

A.көзілдірік

B.құлыншақ

C.қуын


D.буыншақ

E.тепкішек



Өлі түбірді тап:

A.сүйек, сүйем

B.азаншы, мейірім

C.кенші, жырау

D.балгер, әнші

E.таным, сұраныс



Негізгі түбір сын есімді тап:

A.алғыр, ұшқыр

B.ақшыл, сұрғылт

C.үркек, ширақ

D.сарғыш, ақшыл

E.жақсы, тәуірлеу



Күрделі сөздердің тірек сыңарын тап:

A.алып кет, барып қайт

B.он бес, жиырма бес

C.сарымай, тоқішек

D.жиырма, он алты

E.тоқсан, сексен



Күрделі сөздердің ауыспалы сыңарын табыңыз:

A.жәрдемақы, зейнетақы

B.оқжылан, қайынене

C.жәрдем қыл, құрмет ет

D.ескерткіш, суыртпақ

E.араздас, бақташы



Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімі бар сөзді көрсетіңіз:

A.Өнім мол

B.Мұны жақсы білдім

C.Қашып келем

D.Көлемі үлкен екен

E.Алып бар



Абстракт мағыналы түбірлерден жасалған туынды зат есімді белгілеңіз:

A.күзетші, тәрбиеші

B.малшы, жалшы

C.әйнектеуші, көрші

D.жазушы, көкенісші

E.кіршіксіз, мейірімсіз



Туынды сын есімді табыңыз:

A.білгіш, сезгіш

B.желдеткіш, тоңазытқыш

C.айықтырғыш, бүріккіш

D.сепкіш, бекіткіш

E.жақсы


Жаңа қолданыстағы өнімді жұрнақты көрсетіңіз:

A.-гер, -кер

B.-қан, -кен

C.-ып, -іп

D.-лы, -лі

E.-ты, -ті



Сын есімнен жасалған туынды сөзді табыңыз:

A.төртпақ, жүздік

B.бірінші, оныншы

C.бесеу, жетеу

D.біреу, әлдекім

E.он үш, жеті



Құранды сан есімі бар күрделі сөзді тап:

A.біраз, біртекті

B.бірлік, елулік

C.біреу, бесеу

D.жетіген, үшкіл

E.екілік, бестік



Сөзжасамның қазақ тіл білімінің жеке саласы екені қай жылы танылғанын көрсетіңіз:

A.1992


B.1990

C.1989


D.1991

E.1994


Сөзжасамдық талдауды анықтаңыз:

A.егінші


B.барғалы

C.балтасы

D.қарашы

E.бала


Туынды түбірді анықтаңыз:

A.түбір


B.соқыр

C.тақыр


D.сүйір

E.тағам


Күрделі сөзді көрсетіңіз:

A.АлМУ


B.балалар

C.өсімдік

D.жолдас

E.мектеп


Негізгі түбірді анықтаңыз:

A. кітап


B.егінші

C.елтаңба

D.көзілдірік

E.өнерпаз



Түбірлес сөздерді көрсетіңіз:

A.қолда, қолтық

B.басқар, атқар

C.жолдас, достас

D.белдік, безгек

E.егінші, өнерпаз



Синтетикалық тәсілдің шешуші тұлғасы-

A.жұрнақ


B.жалғау

C.қосымша

D.сөзтүрлем

E.түбір


Сөзге қосымша рең беретін қосымшаны атаңыз:

A.-шық, -шік

B.-лау, -леу

C.-атын, етін

D.-ын, -ін

E.-қан, -кен



Семантикалық тәсілдің белгісін анықта:

A.сөз мағынасының өзгеруі

B.жұрнақ арқылы

C.сөздердің қысқаруы

D.сөздердің бірігуі

E.жалғау арқылы



Лексикалық тәсілдің белгісін анықтаңыз:

A.басқа тілден сөз енуі

B.сөздердің бірігуі

C.сөздердің тіркесуі

D.заттануы

E.жұрнақ арқылы



Сөзжасам жұрнақтарына тән белгі:

A.таңдап-талғап жалғану

B.кез-келген сөзге жалғану

C.сөзбен сөзді байланыстыру

D.арнайы сөзжасам жұрнақтары жоқ

E.сөз мағынасына ықпалы жоқ



Лексика-грамматикалық жұрнақтар:

A.сөзжасам жұрнақтары

B.жалғаулар

C.реңдік мән туғызатын жұрнақтар

D.сөзтүрлем жұрнақтар

E.омоним жұрнақтар



Затталған сын есімді анықтаңыз:

A.жақсылар

B.жақсылау

C.жақсылық

D.жақсырақ

E.жап-жақсы



Қайсысы туынды сөз емес:

A.балта


B.балалық

C.қалашық

D.жазала

E.сырла


«Егінші» сөзінің негіз сөзін анықтаңыз:

A.егін


B.ек

C.егінші


D.егу

E.егіншілік



Жеке қолданыста жоқ негіз сөзді анықтаңыз:

A.момын


B.көлшік

C.қалалық

D.далалық

E.базарлық



Басқа тілден енген қосымшалы сөзді табыңыз:

A.бейтаныс

B.әлдірек

C.құрбылас

D.сырлас

E.балалар



Сөзжасамдық бірліктерге қайсылары жатады?

A.түбір сөздер, сөзжасамдық жұрнақтар

B.зат есімдер

C.сын есімдер

D.тәуелдік жалғауы

E.сөз тудырушы жұрнақтар



Аналитикалық сөзжасамда:

A.ең кемі екі негіз сөз болады

B.бір негіз сөз болады

C.негіз сөз болмайды

D.негіз сөзі көмескіленген

E.негіз сөздің мағынасының қатысы жоқ



Негіз сөзді ажыратыңыз:

A.балалық, елтаңба

B.әке, жақсы

C.бала, үш

D.жаз, ой

E.кітап, терезе



Негіз сөзі біріккен сөз болып тұрған туындыны белгілеңіз:

A.ақсақалды

B.шекара

C.белбеу


D.желмая

E.өнеркәсіп



Сөзжасамдық жұрнағы жоқ сөз табын анықта:

A.шылау


B.зат есім

C.сын есім

D.етістік

E.сан есім



Сөзжасамдық қызметін тоқтатқан жұрнақтарды атаңыз:

A.-шын, -дақ

B.-шы, -ші

C.-лық, -лік

D.-гер, -кер

E.-ман, -мен



Синоним жұрнақтарды анықтаңыз:

A.-гыр, -гіш

B.-атын, -етін

C.-ып, -іп

D.-са, -се

E.-пан, -шіл



Аналитикалық тәсілдің қанша түрі бар екендігін анықта:

A.төрт түрі бар

B.үш түрі бар

C.екі түрі бар

D.бес түрі бар

E.алты түрі бар



Зат есімге заттану арқылы көшкен сөздерді белгілеңіз:

A.бүлдірген, айтыс

B.балапан, дәрігер

C.шашбау, белбеу

D.мая-мая

E.ас үй, алтын сағат



Заттанған сан есімдерді анықтаңыз:

A.жетісі, қырқы

B.бесеу, алтау

C.оныншы, екінші

D.бес жүз

E.үш-үштен



Көшірілген туынды мағынаны табыңыз:

A.айтыс


B.көлшік

C.ҚазҰПУ


D.қарала

E.бөлме


Өзгерген туынды мағынаны тап:

A.әсерлі


B.үйшік

C.қорған


D.ТМД

E.балапан



Теңбе-тең туынды мағынаны табыңыз:

A.ҚазМҰУ


B.киелі

C.балалық

D.қыздай

E.кіріс


Бір сөзжасамдық типтегі сөздерді белгілеңіз:

A.қолда, көзде

B.жалтақта, тоқта

C.сезбе, қоспа

D.жүзде, елуде

E.төртеуле, егеуле



Күрделі сын есімдерлі анықтаңыз:

A.түлкі тымақты, орта бойлы

B.ғалым хатшы

C.бизнес-жоспар

D.бірнеше, әлдебір

E.алып кел, алып бер



Кіріккен сөзді табыңыз:

A.сексен


B.зейнепақы

C.алтыбақан

D.елтаңба

E.қолбасы



Сөзжасам нысанына жатпайтын қайталама қос сөзді көрсетіңіз:

A.қып-қызыл

B.үй-үйге

C.бетпе-бет

D.сүт-мүт

E.қора-қора



Тіркескен үстеулерді анықтаңыз:

A.алдын ала

B.май балық

C.қызыл күрең

D.бес мың

E.бес омыртқа



Сөзжасамдық тізбек қайсысы?

A.бөл, бөлім, бөлімше

B.бөлме, өлме, көрме

C.сызба, қызба, жазба

D.бөлгіш, бөлінгіш

E.бөлу, бөліге



5 сөзжасамдық сатылы сөзді көрсетіңіз:

A.бозараңдатқыз

B.бозар

C.бозараң



D.бозараңда

E.бозараңдап



3 сөзжасамдық жұп бар тізбекті анықтаңыз:

A.тың-тыңда-тыңдат-тыңдатқыз

B.пән-пәндес

C.бу-була

D.дін-дар-діндарлық

E.тер-терле-терлеп



Етістіктен жасалған туынды сын есімді белгілеңіз:

A.жылауық

B.жеңілтек

C.құмдық


D.қазақы

E.сыйлы


Сыңары зат есім болған күрделі сын есімді табыңыз:

A.ат жақты

B.сары ала

C.ал қызыл

D.сегіз қырлы

E.күйген терідей



Үш құрамды күрделі сын есімді көрсетіңіз:

A.ал қара көк

B.қара көк

C.күрең қоңыр

D.қара кер

E.көк ала



Өнімді жұрнақтар деп аталу себебі:

A.сөз тудыру қабілеті мол

B.тілде жиі кездеседі

C.барлық сөз табына тән

D.есімдерге тән

E.барлық жауап дұрыс



Туынды түбір жасаушы жұрнақтар қызметі:

A.туынды лексикалық мағына жасайды

B.сөзді байланыстырады

C.сөзді өзгертеді

D.қызметі жоқ

E.жаңа сөз пайда болады



Түркологияда сөзжасамды алғаш тіл білімінің жеке саласы таныған ғалымды анықта:

A.Ф.А.Ганиев

B.А.Н.Кононов

C.А.Габен



D.Н.А.Баскаков

E. Ғ.Қалиев
Каталог: ebook
ebook -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
ebook -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
ebook -> Как лечить аденому простаты
ebook -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
ebook -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет