Террористік акт және төтенше жағдайлар қаупі төнген кездегі әрекеттер тәртібі



Дата16.01.2017
өлшемі28.33 Kb.
#2003
Террористік акт және төтенше жағдайлар қаупі төнген кездегі әрекеттер тәртібі

Жарылу қаупі туралы келесі белгілер бойынша айтуға болады:

- көлікте, сатыда, пәтерде және т.б. белгісіз бір түйіншектің немесе бөлшектің болуы;
- керілген сым, шнур;

- көліктің астынан салбырап тұрған сымдар немесе оқшаулауыш лента;


- көліктің ішінде, пәтердің аузында, подъезде табылған бөтен сөмке, портфель, қорап, басқа да заттар.

Мүлдем тыйым салынады:

- сізге келген жеріңізден тапқан бөтен заттарды пайдалануға;

- жарылу қаупі бар заттарды орнынан қозғалтуға, бір жерден бір жерге тасуға, қолға алуға;


- көтеруге, тасымалдауға, қалтаға, портфельге салуға, және т.б.;

оқ-дәрілерді алауға тастауға немесе оларды өртеуге;

- оқ-дәрілерді жинап, металл сынығы ретінде тапсыруға; 

- жерге көміп тастауға немесе оларды су қоймаларына тастауға;

заттан шығып тұрған сымды үзуге немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға.

Ғимаратқа тақалған, үйдің подъезіне, ұйымның фойесіне кірген кезде бөтен адамдарға немесе заттарға көңіл аударыңыздар. Көбінесе жарылғыш құрылғылар жертөлеге, бірінші қабатқа, қоқыс құбырының жанына, сатының астына қойылады.

Террорлық акт өткізу қаупі кезіндегі қауіпсіздік шаралар:

- Сізді қоршаған күдікті заттарға сақ болыңыз, оларды ұстамаңыз;


- бұл заттар туралы құзыретті органдарға хабарлаңыз.

Егер Сіз қоғамдық көлікте ұмытылып қалған немесе иесіз затты тапқан жағдайда:

- жаныңыздағы адамдардан сұраңыз;
- кімдікі немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екендігін анықтауға тырысыңыз;
- егер иесі табылмаса, тез арада жүргізушіге (машиниске) хабарлаңыз.

Егер Сіз подъезден күдікті затты тауып алған жағдайда:

- көршілерден сұрастырыңыз, мүмкін олардың заты шығар;
- егер иесі анықталмаған жағдайда, 102 номері арқылы полицияға хабарлаңыз.

Егер Сіз мекеменің ішінде күдікті затты анықтасаңыз:

- табылған зат туралы әкімшілікке хабарлаңыз.

Барлық айтылған жағдайларда:

- табылған затқа тиіспеңіз, ашпаңыз және қозғалтпаңыз;
- заттың табылған уақытын жазып алыңыз;
- адамдар қауіпті нәрседен алшақ тұратындай жағдай жасаңыз;
- міндетті түрде жедел тергеу тобы келгенше күтіп тұрыңыз, Сіз ең маңызды көрген адам екендігіңізді ұмытпаңыз.

Заттың сыртқы келбеті оның шын міндетін жасыруы мүмкіндігін ұмытпаңыз. Жарылғыш құралдар үшін камуфляж ретінде тұрмыстық заттар қолданылады: сөмке, пакет, түйіншек, қорап, кейс, ойыншықтар ...

Террорлық сипаттағы қаупімен телефон арқылы жасырын анықталған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша НҰСҚАУЛЫҚ

Террорлық сипаттағы қаупі жөнінде жасырын телефон қоңырауы түскен кезде, хабарламаны қабылдаған тұлға:

1. Қоңырау соғып тұрған адамды тыңдап, оның сөйлеу ерекшеліктерін бақылап және естілетін шуды тыңдап, нақты ақпарат алғанша, оның кім екенін және ниетін, ойын анықтағанша мүмкіндігінше әңгімелесіп қоңырауды созуға тырысу керек.

2. Сөйлесіп болғаннан кейін жасырын телефон қоңырауы түскен уақытты сақтап қалу үшін, тұтқаны телефон аппаратының қасына 10-15 минутқа қойыңыз.

3. Жасырын хабарламаның мазмұны, уақыты, қоңырау түскен телефон және жасырын қоңырау шалған адаммен сөйлескен тұлға көрсетіліп, бұл факт туралы басқа телефон аппаратынан (тым болмаса жасырын телефон қоңырауы түскен телефоннан) кезекші қызметтерге хабарлаңыз: Ішкі істер басқармасына, ҰҚК департаментіне, ТЖ басқармасының (бөлімінің) жедел кезекшісіне.

4. Содан кейін құқық қорғау органының қызметкерлері келгенше, ғимараттың ішіндегі тұлғаларды эвакуациялау бойынша шаралар қолданады. Сонымен қатар эвакуацияланған тұлғаларға Азаматтық қорғаныс бойынша жоспардан тыс жаттығулардың өткізілуі туралы ақпарат жеткізеді. Эвакуациялау кезінде эвакуацияланғандардың ішінде жарылғыш құрылғысы салынғандығы жөнінде айтқан тұлғаларға көңіл аударылады.



5. Құқық қорғау органының қызметкерлері келген кезде оларға жасырын хабарламаның авторын анықтауға көмек көрсетеді.
Каталог: sites -> default -> files -> files -> azbuka bezopasnosti
azbuka bezopasnosti -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
azbuka bezopasnosti -> Химиялық қауіпті объектіде авария кезіндегі іс-әрекеттер
azbuka bezopasnosti -> Суда абай болыңыздар
azbuka bezopasnosti -> Өрт кезіндегі әрекеттер тәртібі
azbuka bezopasnosti -> Жер сілкіну қаупі төнген кездегі жадынама Жер сілкінісі
azbuka bezopasnosti -> Электр құрылғыларын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі шаралары


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет