Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова



Дата10.05.2017
өлшемі89.27 Kb.
#10111
ТЕРІ АУРУЛАРЫНА ҚОЛДАНАТЫН НЕГІЗГІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ.
Б.Б. Мұхамедярова

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті, Семей қаласы.

omarkhane@mail.ru

Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Қыдырмолдина А.Ш., б.ғ.к., доцент Силыбаева Б.М.


Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырап келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігін фитотерапия саласында қолдануға болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 150 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылды [6]. Сонымен қатар, көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне байланысты дәрілік өсімдіктер түрлері жүрек-қантамырларының, асқазан-ішек, нерв жүйелерінің және т. б. ауруларын емдеуге қолданылатыны көрсетілген. Сол сияқты, соңғы уақытта мамандар қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы биологиялық белсенді заттарға (БАВ) байланысты екендігі белгілі [3]. Яғни, жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер түрлерінің химиялық құрам мөлшері жэне олардың адам организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты болады.



Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеуде Шығыс Қазақстан облысының территориясында кең таралған тері ауруларына қолданылатын кейбір жабайы дәрілік өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін және химиялық құрамдарын анықтау.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Тері ауруларына қолданылатын кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерін жинақтауға арналған маршрутты экспедициялар ұйымдастыру;

  • Өсімдіктер түрлерін жинау және анықтағыштарды қолдана отырып оларды анықтау;

  • Анықталған жабайы өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу.

Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі: Зерттеуге қажетті өсімдіктер түрлері Шығыс Қазақстан облысының территориясына қарасты Қалбатау тау аңғарлары мен тау етектерінен жинақталған Еріндігүлділер ( Labiatae) тұқымдасы, Вунген зизифорасы ( Ziziphora bungeana), Алабұталылар (Chenopodiaceae) тұқымдасы, Лессингалық қараматауы (Camphorosma lessingii), Сабындыкөктер (Scrophulariaceae) тұқымдасы, Шығыс текесақалы ( Dodartia orientalis), Кипаристер (Сuprassceae) тұқымдасы, Қара арша (Juníperus pseudosabina), Қылшалар (Ephedraceae) тұқымдасы, Қызыл қылша (Ephedra distachya) түрлерінің химиялық құрамындағы биологиялық активті заттарға байланысты тері ауруларына қарсы қолдану жолдарын қарастыру болып саналады [2,4].

Өсімдіктер құрамындағы биологиялық активті заттар олардың белгілі бір бөліктерінде немесе барлық органдарында болуы мүмкін. Соған байланысты, өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде зерттеу кезінде өсімдіктің өсетін орны, жинау мерзімі және өсу фазасына көп көңіл бөлінді.

Еріндігүлділер (Labiatae) тұқымдасына жататын, Вунген зизифорасы (Ziziphora bungeana) көпжылдық жартылай бұталы өсімдік. Қысқа келген түктермен қапталған сабағының биіктігі 8 – 40 см, тамыры жуан, сүректенген. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, қызғылт, сиякөк түсті гүлдері шоқпарбас тәрізді гүлшоғырын құрайды. Жемісі жаңғақша. Гүлдену уақыты маусымның аяғынан тамыздың аяғына дейін жүреді (1). Өсімдік құрамындағы эфир майларына байланысты өткір иісті. Кейбір зерттеу жұмыстарында жапырақтары мен гүлдерінде эфир майымен қатар, құрамында пулегон, линтол спирті және фитонцидтер табылған. Осыған байланысты дәрілік өсімдік ретінде және парфюмерияда қолданылады. Әсіресе, Зизифора майы әр түрлі аурулардың әсерін бәсеңдететін компресс ретінде немесе ароматты ванна ретінде пайдаланады.

Алабұталылар (Chenopodiaceae тұқымдасына жататын, Лессингалық қараматау (Camphorosma lessingii) көп жылдық жартылай бұталы өсімдік. Жуан суректенген топырақ бетіне төселіп өскен, сұр түсті, сабағының ұзындығы 10-50 см, ал тұқым түзуге қабілетті, аздап бұтақтанатын сабақтары жер бетінде тік көтеріңкі өседі. Редукция ұшыраған, қылтанақ жапырақтары топтанып орналасады. Жоғары жағында гүлшоғыр тәрізді қысқалау, тығыз орналасқан, 3-3,5 мм ғана. Ұсақ гүлдері масақша тәрізді гүлшоғыр түзеді. Жемісі қорапша [4]. Бұл өсімдік гүлдері мен жас өркендері дәрілік мақсат үшін шілде айынан қыркүйекке дейін дайындалады. Суық тигенде терлеткіш әсері бар. Халықтық медицинасында бұл өсімдікті жүйке ауруларына, тыныс алу жолдарындағы созылмалы ауруларға қарсы қолданған, тұнбасын сусын сыртқы жарақаттарға және ісіктерге пайдаланған.

Сабындыкөктер (Scrophulariaceae) тұқымдасы жататын Шығыс текесақалы (Dodartia orientalis) көпжылдық шөптесін өсімдік. Түп жағынан тармақталған, жекелген немесе топталып түзілген жасыл түсті жалаңаштанған сабақтарының ұзындығы 15-50 см құрайды. Төменгі бөлігінде орналасқан жапырақтары сопақша немесе жұмыртқа тәрізді. Гүлі қызыл күрең немесе сиякөк түсті. Гүлдері қалқанша гүлшоғырлары жинақталған. Жемісі қорапша [4]. Халық медицинасында осы өсімдік тұнбаларын сифилис ауруларына, нерв жүйелері тыныс жолдарының инфекциясы, лимфа түйіндерінің қабыну кезеңдерінде қолданған.

Кипаристер (Сuprassceae) тұқымдасына жататын, Қара арша (Juníperus pseudosabina) мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталы өсімдік Бұталарының ұзындығы 1 метрден аспайды. Тау беткейінде тастарға төселіп, қопа түзіп жайылып өсетін өсімдік. Жапырақтары қылқанды, қабыршақты. Жеміс пішіні шар тәріздес көкшіл түсті, бүрлі жидек. Арша ежелден белгілі фитонцидті өсімдіктер қатарына жатады. Құрамындағы эфир майына байланысты өсімдіктің өзіне тән иісі болады. Қазақ халқы үйді аластауға қолданған. Ғылыми әдебеттерде, аршаның химиялық құрамында 35 – 40 пайыз шамасында қантты заттар, смолалар, балауыз, сірке, құмырсқа, алма және аскорбин қышқылдары бар екендігі көрсетіледі .

Қылшалар (Ephedraceae) тұқымдасына жататын, Қызыл қылша (Ephedra distachya) түрі бұталы өсімдік. Бунақталған сабағының ұзындығы 10-25 см құрайды. Жерге төселіп өсетін сабағы жасыл түсті. Қабыршақ тәрізді редукцияға ұшыраған жапырағы қынап түзіп орналасқан. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Жемісі сары, қызыл түсті, ет женді, шырынды жидек. Қылшадан дәрілік зат — эфедрин, алкалоидтар алынады. Медицинада қолданылады. Халық медицинасына асқазан, ревматизм ауруларына қарсы қолданды [4].

Ғылыми жұмыстың зерттеу әдіс-тәсілдері:

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында химиялық қосылыстарға: флавоноидтар, сапониндер, иілік заттар, алкалоидтар, эфир майлары сияқты түрлі заттардың болуымен сипатталады. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында жоғырыда көрсетілген өсімдіктердің химиялық құрамы лабораториялық жағдайда анықталды. Зерттеу жұмысына жинақталған өсімдіктер түрлерінің химиялық құрамындағы иілік және алкалоидты заттарды анықтау үшін СССР Мемлекеттік Фармакопея еңбегінде көрсетілген фитохимиялық әдістемелер қолданылды [1]. Сапониндерді анықтау көпіршіктену санын анықтау тәсілі арқылы жүргізілді . Бұл әдіс бойынша,100 мл колбаға 2 грамм ұсақталған өсімдік шикізатын салып, 50 мл дистилденген су құйып, колбаны қайнап тұрған су моншасында үнемі араластыра отырып 10 минут ұстайды. Одан кейін колбаны суытып, оның құрамын дәкеден жасалған фильтр арқылы фильтрлейді. Одан алынған тұнбаны бірнеше рет сұйылтады. Конустық пробиркадағы алғашқы өсімдік шикізатының 5 мл-не сол сол мөлшерде (5 мл) дистилденген су құяды. Бастапқы тұнбаның 2 рет сұйылтылған қоспасы бар пробирканы бірнеше рет қолмен шайқайды да одан 5 мл қоспаны алып, 5 мл дистилденген суы бар келесі пробиркаға құяды. Оны да бірнеше рет шайқайды да, одан бастапқы тұнбаның 4 рет сұйылтылған қоспасын алады. Осы тәсілмен әрі қарай келесі сұйылтуларды бастапқы тұнбаның 64 рет сұйылту қоспасына дейін жасайды. Барлық сұйылтулар дайындалғаннан кейін, әрбір пробирканы жеке 1 минут бойы қатты шайқау керек. Шайқағаннан кейін 1 минут аралығында жоғалмайтын анық жеткілікті көбігі бар пробирканы анықтайды. Сұйылту дәрежесі оның сандық мәнінің талданатын сынаманың көбіктену саны болып табылады.

Көбіктену санын есептеу.

Айтарлық, талданатын сынаманың бастапқы тұнбасының ең ұзақ сұйылтуы, шайқағаннан кейін 1 минут арлығында жоғалмайтын 16 есе сұйылтылған тұрақты көбік қалыптасты. Талданатын сынаманың бастапқы тұнбадағы сұйылту дәрежесі шамамен 25-ке тең (1 г өсімдік сынамасына 25 мл су құйылды деп есептегенде).

Көбіктену саны = (бастапқы тұнбадағы талданатын сынаманың сұйылту дәрежесі) х (тұрақты көбік түзілетін бастапқы тұнбаның сұйылту дәрежесі).

Сонымен, қарастырылатын жағдайда:

Көбіктену саны = 25 х 4 = 100
Кесте 1. Жабайы өсімдіктердің жер бетіндегі органдарындағы кейбір биологиялық активті заттардың мөлшері




Сынама

Сапониндер

Көпіршік саны

Құрғақ өсімдікке шаққандағы иілік заттың мөлшері, %

Құрғақ өсімдікке шаққандағы алкалоидтың мөлшері, %

1

Қара арша

25

2,1

0,50

2

Қызыл қылша

100

22,4

0,77

3

Лессингалық қараматау

200

3,4

0,21

4

Шығыс текесақалы

100

7,6

1,20

5

Вунген зизифорасы

-

1,9

0,40

Зерттеу жұмысы кезінде өсімдіктер сынамаларындағы сапониндерді анықтау барысында ең көп мөлшерде Лессингалық қараматау, ең аз мөлшері Қара арша өсімдігінде бар екендігі анықталды. Вунген зизифорасында сапонин заты кездеспеді. Сапонинді қақырық түсіруге, несеп айдауда және организмнің иммундық қызметін жақсартуға қолданады [3].

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің химиялық құрамындағы құрғақ өсімдікке шаққандағы иілік заттардың проценттік мөлшері анықталды. Алынған сынамалар арасында ең жоғары көрсеткіш Қызыл қылша өсімдігінде 22,4 %, ал төменгі көрсеткіш Вунген зизифорасында 1,9% құрады. Илік заттар дәрілер құрамына кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі болатын қасиеті бар, суық тигенге, қанның қалпына келу процесіне қатысады. Ғылыми мәліметтерде илік заттардың антибактериялық, қатерлі ісікке қарсы, антиоксиданттық, СПИД ауруына қарсы белсенділіктері анықталған. Өсімдіктердің құрамындағы биологиялық активті заттар ретінде, жабайы өсімдіктердің жер бетіндегі органдарынан алынған сынамаларындағы құрғақ өсімдікке шаққандағы алкалоидтың проценттік мөлшері анықталды. Ол бойынша ең жоғарғы көрсеткіш 1,20 % Шығыс текесақалы өсімдігінде құрады. Ал ең төменгі көрсеткіш 0,21 % Лессингалық қараматау өсімдігінде болатындығы табылды. Медицинада алкалоидтар дәмі ащы, көпшілігі улы организмге әсері жоғары, дәрілік заттар ретінде қолданылады.
Қорытынды:
1. Шығыс Қазақстан обылысының территориясына қарасты Қалбатау тау аңғарлары мен тау етектерінен тері ауруларына қарсы қолданылатын, жиі кездесетін бес тұқымдасқа жататын бес өсімдіктер түрлері анықталып, гербарийленді.

2. Аталған өсімдіктер сынамаларының химиялық құрамын анықтауда барлық өсімдіктерде алкалоидтар мөлшері иілік заттарға қарағанда жоғары мәнді көрсетті. Ал сапониндердің мөлшері барлық сынамаларда төмен болса, Вунген зизифорасында сапониннің жоқ екендігі анықталды.

3. Зерттеу жұмысына алынған өсімдіктердің химиялық құрамындағы биологиялық активті заттарға байланысты және ғылыми әдебиеттердегі зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйене отырып, келешекте осы өсімдіктерді тері ауруларына қарсы дәрілік өсімдіктер ретінде қолдану бағыттарын қарастыру ұсынылады.

Қолданылған әдебиеттер:




  1. Государственная Фармакопея СССР // Издание №11. Медицина.1990. – Ч.2. С.24-25, 296, 307, 337.

  2. Михайлова В. П. Ресурсы лекарственных растений Восточного Казахстана

  3. Озимина И.И., Фролова О.О. Целенаправленный поиск биологически активных веществ в растениях. Пятигорск., e-mail:oxifarm@mail.ru

  4. Флора Казахстана. Том I, III,VII, VIII том. Алма-Ата 1960.

  5. Джумагалиева Р.Д., Турова А.Д. Пищевые и лекарственные растения. С.116.

  6. Лосева И.В. Сырьевая база лекарственных растений Казахстана и ее рациональное использование. Учебно-методическое пособие. Караганда. С. . 2008.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай
2016-04 -> Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны
2016-04 -> Исследование степени загрязнения тяжелыми металлами поверхностных вод, почвы в районе расположения озера алаколь


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет