Тәрбиеші: Қойтжанова Ғ.М. 7 «А» сыныбы
Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»
Мақсаты: Еңбек күніне байланысты оқушыларды мамандық таңдауға баулу. Мамандық түрлерін білеуге үйрету. Мамандыққа байланысты білімдерін кеңейту.
Мамандық түрлерін уйрете отырып еңбек етуге тәрбиелеу.
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)
- Бұл кім?
- Мұғалім
- Кітапханашы
- Наубайшы
- Заңгерлер
- Шекарашылавр
- Футболшылар
- Әртістер
- Суретшілер
- Күзетшілер
- Құрылысшылар , т.б.
- Сіздер қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?
- Мамандық
- Дұрыс айтасыңдар. Олай болса тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен мамандық әлеміндемін» Тақтаға назар аударайық.
Ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын ауызша жеткізеді.
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
«Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5 .Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз-дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
-
Мамандық бір-ақ рет таңдалады
-
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
-
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
-
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
-
Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
-
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
3. «Ең жақсы» ойыны.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Әрбір топ мамандыққа мінездеме береді, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен
Оқушылар өз-ара сұрақ алмасады.
Сұрақтар:
-
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
-
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
-
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
-
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
-
Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
-
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
-
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
-
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
-
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
-
Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
-
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
-
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Қорытынды:
Тренинг “Сиқырлы қарындаш”: Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.
Талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
 
Достарыңызбен бөлісу: |