Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»



бет1/3
Дата24.04.2018
өлшемі0.88 Mb.
#72329
  1   2   3
  Тәрбие сағатының тақырыбы

«Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»

Мақсаты:

Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.

Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер    арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Көрнекілігі: слайдтар,  қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, буклеттер.

Мұғалім: Құрметті оқушылар!

         Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

         «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

          Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші,

  «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Барысы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: Сынып төрт топқа алдын ала бөлініп қояды. Әр топтың басшылары тағайындалады. «Қазына» « Дастан» « Мұрагер» «Шежіре»

1.     “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

2.     “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу

3.     “Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы

4.     “Тапқыр дос” өлең құрастыру

5.     “Сөз тапқанға қолқа жоқ” керек сөзді тауып,  екі тілге аудару

6.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

1. турымыз    “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз. Әр топ өздерін таныстырады.

2. турымызды “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”  деп атап,

 Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.  - дей келе,

  Қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Ақындардың өлеңіне арналады.

    3.  туры мақал-мәтелдерге арналады. Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны  қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..

Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы мақалдың жалғасын тауып, жалғастырып айтады.

 

1. Өнер алды –  ....................


 2. Ана тілі азбасын, 
     .......................................
 3.  Тіл тас жарады, ............................
 4. Бас кеспек болса да, ............................
 5. Шебердің қолы ортақ, .........................
 6. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл,
     ..............................................
 7. Ақылдың көркі – тіл.
      ......................................................
 8. Тілден артық қазына жоқ, 
       ................................................
 9.  Тіліңді ноқталасаң,
      ...................................................... 
 10. Білекті адам бірді жығады, 
       .............................................

 

4. тур. Осы  кезекте алдын-ала дайындалған парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.



 

             1.Құлақтан кірген....       Жүрекке барып мұз  болар                                                                                                                                

                                                                   (Сөз-слова)

 2.Таза мінсіз асыл ...  Су түбінде жатады,

                Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.

                                                         (тас-камень)

              3. Бас кеспек болса да, ...   кеспек жоқ.

                                                              (тіл – язык)

  4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.

                                                                         (су – вода)

  5.Ілім – бұлақ... – шырақ!

                                                                      (білім – знание )

   6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы  болсын.

                                                            (сегіз – восемь )

    7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.  

                                                            (бас-голова)

    8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.

                                                                         (Ілім-знание)

     9.Қаһарлы сөз ... бұзар.

                                                              (Қамал-замок) 

          10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.

                                                                     (Шешен –оратор)

           11.Айтылған сөз, атылған ... тең.

                                                                     (Оқ-пуля)

            12 ... сөз  жарым ырыс.

                                                                      (Жақсы-хорошее)  



7.     Сайысымыздың  келесі бөлімі  “Тапқыр дос” өлең құрастыру

 деп аталады, берілген әріптерге өлең құрастыру . А,Б,Қ,О



8.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

Берліген сөздерден мақалдар құрайды.

Қорытындылау, марапаттау.

Жүргізуші:      Ана тілі – асыл күні бабамның,

                          Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

                          Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

                          Туған тілді жаттап өскен баламын.

Қорытындылау:

«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»  атты тәрбие сағатымыз   осымен өз мәресіне жетті.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

 

 

                 


«Ақсай орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Сынып сағатының тақырыбы:
« Үш бәйтерек –

үш алып»


7-сынып

2014-2015 оқу жылы



« Ақсай орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Қош келдің, Наурыз!»

7-сынып

Сынып жетекшісі А.А.Жунисова

2014-2015 оқу жылы


29.09.2014.

Тәрбие сағаты: «Ұстаз-ұлағатты ұлы есім»



Мақсаты: Мұғалімдердің ұлы мерекесімен құттықтап,көңіл-күйлерін көтеру.

Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

2.  Жүргізушілер шығады.

1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!

2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

1- жүрг. Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!

 

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!



Ән. Ұстазым.   

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Асел? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Әдемі, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-Жүргізуші:   Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен

2-жүрг.     Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1- жүрг.   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүрг.  __Асел__, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Асел, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

 

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.



2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші:  Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға  мектебіміздің  м ұғалімі  __Талшын апайды _______шақырамыз.

2-жүргізуші:       Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

ӨЗБЕК   БИІ  орындайтын………………………………………………………………………………….

1-  Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен  аздап әзілге орын берсек.

2-жүргізуші: Әзіл – қалжың отауы.      ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

1-жүргізуші:  Мектеп –өмірінен алынған сөздерге  түсінік беріп өтсек:

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

1-жүргізуші: Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

2-ж:Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

1-ж:Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

1-ж:Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

2-ж:Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.

1-ж:“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

2-  Жүргізуші: Әдемі, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

1-      жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің  кеп тұр ма?

2-      Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

 

1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.



Сұрақтар:

1.         Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2.         Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3.         Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4.         Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5.         Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6.         Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

2-жүргізуші:Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

 /Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

Қорытындылау: Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған кешіміз аяқталды.



Келгендеріңізге көп рахмет!!!!

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

13.10.2014.

Тақырыбы: «Құқыңды біл»

Мақсаты: Жастардың жеке құқығы мен міндеттері меңгеруінен тұратын құқық негізін жасау, ерекше жағдайларда қорғау, жұмыс әрекеттерін құқығы мен міндеттері негізінде белгіленген норма бойынша іске асыру және әлеуметтік нормаларды ретке келтіру. 

БАРЫСЫ: Қоғамның басты байлығы – адам. Ендеше оның игілігі мен мүддесі үшін қызмет етуде конститутциямыз лайықты қызмет атқаруда. Біз өмір сүріп отырған қоғамның мақсаты кемелетке толмаған жасөспірімдер мен жас жеткіншектердің тәрбие мәселесі мәнінде шешу. Олардың келешегіне заман талабына сай жол салу. Бұл салада жасөспірімдер арасында теріс әрекеттердің алдын – алу мақсатында ҚР предиденті 1995 жылдың маусымының 25 – інде қабылданған «Жалпыға бірдей құқықты қорытуды жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысының негізінде 
Қала мектептерінде оқушылар арасында құқықтық тәрбие беру туралы лекциялар, әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы іс шаралар жүргізіліп келеді. 
Сіздердің алдарыңызда осы іс – шараларды жүргізетін «Ақиқат» үгіт бригадасын шақырамын. 

1. Ақиқатым, аңсағаным, өзіңсің, 
Бірлік, шындық, қасиетті сөзімсің. 
Өзгеруін бұл заманның халқына, 
Ұғындырар ақиқатын өзіңсің. 

2. Болу керек әркім зерек білімде, 
Қорғау керек өз құқығын әлінше. 
Ата – заңын, туған жерін, әдет – ғұрпын, дәстүрін, 
Барлығының ұмытылмай сақталуы үшін де. 

3. Тарихын өткен жалын өшірмейді, 
«Ақиқат» тәуелсіз ел – көгершін. 
Қашанда артық тұтар Ата – заңым, 
Ұланы ынтымақты өсер елдің. 

Ұран: Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
(Абай) 

Ата заң 

«Оқы да, білім ал деген», 
«От бол да, мәңгі жан» деген – 
Ата заңым менің. 
«Еңбек ет, еркін жүр» деген, 
«Асыр сап, ойнап күл» деген, 
Ата заңым менің. 
Қорғасын аспан күнімді, 
Қолдасын бостандығымды, 
Ата заңым менің. 
Құптаған көңіл қоштығын, 
Ұлттардың берік достығын – 
Ата заңым менің. 
Тәуелсіз еркін ел бүгін, 
Талай жыл күткен теңдігім – 
Ата заңым менің. 
Санама құйған таң нұрын, 
Бақытым, бағым, тағдырым – 
Ата заңым менің!

Қорытынды: Әр адам өз құқын білу керек....

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

20.10.2014.

Сынып сағатының тақырыбы: «Әдепті бала - арлы бала»


Сынып сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.


Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1 - оқушы
Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
2 - оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3 - оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4 - оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.

Ән: «Не деу керек?»


«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу – құралдарын -
9. Сыныпта айғайлауға -
10. Ысқыруға -
11. Құстың ұясын -
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата - аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал - мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер айту.


Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
1. Ұлық болсаң - кішік бол.
2. Кішіден ізет - үлкеннен құрмет
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
1. Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.

1. Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,


Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ - жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?


1 - оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

Жас - кәріге сіз деген


Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Көрініс: Байлық пен ақыл
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ - жауап
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Қорытынды: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

4.11.2014.



Тақырыбы: « Біз достықты сүйеміз!»

Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Тәуелсіздік жайында түсінік беру. Міндеттері: - Оқушы, мұғалім және ата – ана арасында жағымды қарым – қатынас жасауға, ата – аналардың мектеп өміріне араласуына, өздерінің бала алдындағы жауапкершіліктерін, оларға қажет екендігін сезінуге бағдарлау. - Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. - Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар. Сюжетті суреттер, үнтаспа, үлестірме қағаздар, гүлдер, жүрекшелер. Әдісі: Ата – аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Кіріспе сөз: Бүгінгі біздің ата – аналармен бірлесіп өткізгелі отырған сабағымыз тәуелсіздігіміздің мерей тойына арналып өткізілмек.Шара демекші, біз де өз үлесімізді осы іс – шара арқылы қоспақшымыз.

Сабағымыздың тақырыбы «Біз достықты сүйеміз» деп аталады.Себебі, достық бар жерде бірлік, татулық болады. Сол достықтың арқасында осындай бейбіт жерде өмір сүріп жатырмыз. Сабақ өзін - өзі тану пәнінің тәсілдерін қолдану арқылы өтіп қана қоймай, жарыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары мен ата – аналардан үш топ құралып, топтарға ат қойылады. 1 – топ – Жігер тобы. 2 – топ – Бірлік тобы. 3 – топ – Парасат тобы. Тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа қатысты беріледі. Дұрыс орындалған тапсырмаларға жүрекшелер беріледі. Әр тапсырмамен сайыс кезінде танысып отырасыздар. Сайысымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық. 1. Шаттық шеңбері: Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата – аналары ішкі шеңберде тұрады. Оқушылар: Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ту ғып ұстап бірлікті, Тату – тәтті жүреміз. Ата – аналар. Достық - өмір тірегі, Достық - әр адамның тілегі. Татулық дәйім сақталса, Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі. 2. Әңгімелесу. «Достық.» тақырыбы бойынша әңгімелеу. Бұл тақырыпты еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырып айтуға болады. 3. Дәйек сөз. Әр топ бүгінгі тақырыбымызға қатысты қандай дәйек сөздер айтуға болатынын айтады, ішінен біреуі таңдалып алынады. Ол дәйек сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мысалы: «Достық қымбат өмірде» 4. Шығармашылық жұмыс. «Балғын бояу» айдары. Әр топ «Достық қымбат өмірде» тақырыбына қатысты сурет салады. Салған суреттерін қорғайды. 5. Өзіммен өзім. Үнтаспада баяу музыка қойылады. Мұғалімнің айтқан сөздерін көз алдына елестетіп және әңгіме барысын сезінуге тырысады. - Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді.Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата – анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай балаларымыз. Олар қашан да бір – біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек. Енді бұрынғы қалпымызға түсіп, көзімізді ашайық. Тақтада Қазақстан картасы тұрады. - Бұл қандай ел ? Ол біздің Қазақстан. 6. Жаттығу – ойлану. 1. Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.

Менің елім ------------ ---------- ---- жарасқан. Ту ғып ұстап --------------- ------- ---------- алыстан. 7. Мақал – мәтел жарысы. «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші, мақал – мәтел айтып жарысайық. Үш топқа үш тақырып беріледі. 1. Достық, татулық. 2. Отан, туған жер. 3. Еңбек, еңбексүйгіштік. Осы үш тақырыпқа қатысты мақал - мәтелдер айтып жарысады. 8. Ойын жаттығу: «Мен достықты сүйемін, себебі мен .........» деп аталатын ойын – жаттығуда балалар мен ата – аналар өз білім – біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады. 9.

Қорытындылау. Әр топтың жинаған жүрекшелерін санап жеңімпаз топты анықтау, марапаттау. 10.Жүректен жүрекке. Әр топта балалар ата - аналарына үлкен жүректі ұсынып, тілектер айтады. Ата – аналары ол жүректерді тақтадағы күн шапағына жапсырады. «Достық» әнін хормен айтады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Біз достықты сүйеміз» тақырыбында өткен жарыс сабаққа қатысқан ата – аналардың пікірі тыңдалады.


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

29.11.2014.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы 

Мақсаты:
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді. 

Барысы: 

Қазақстан Республикасы әнұранын айту 

“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” 

Нұрсұлтан Назарбаев 



1-жүргізуші: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың, 
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. 
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, 
Қазақстанның бақтаыменен бірге жапырақ жаясың. 
Тұманбай Молдағалиев 
2-жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады. 
Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ). 
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. 
(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету) 
2-жүргізуші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 
Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету). 
1-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. 
2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері: 
(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 
1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы. 
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы. 
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 
1-жүргізуші: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 
(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі). 
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ: 
- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет; 
- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті; 
- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды; 
- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет; 
- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан; 
1-жүргізуші: Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. 
Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық. 
(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі). 
Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. 
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады». 
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді». 
Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. 
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. 
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. 
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы». 
Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді». 
2-жүргізуші: Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. 
Әндерімен таныстыру. 
Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету) 
1-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық. 
• ... Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. 
• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды». 
• Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп. 
• Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. 
• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. 
• Сөз бостандығы шексіз емес. 
Ол – табындыратын ғана емес, 
Талқандайтын да қуатты күш. 
Тәрбиеші: балалар енді Елбасымыздың дәрежесін атайық. 
(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады ) 

Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде: 


Тәуелсізбін! Бар ма мұң? 
Тәләйлі болсын талғамың! 
Өркені өссін қазақтың, 
Осы – менің арманым! 
Күн тұрғанда тұратын, 
Жұрты сайран құратын 
Қала болсын Астана, 
Осы – менің мұратым! 
О, Ақорда, Ақ шатыр, 
Ұлысыма бақ шатыр. 
Баянды болсын Азаттық, 
Осы – менің мақсатым! 
Халқым – менің тірегім, 
Құрбан жаным, жүрегім! 
Атымыз озсын бәйгеде, 
Осы – менің тілегім. 

Қорытынды: Құрметті тәрбиешілер, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабағымызды балалар үйі музыка үйірмесі жетекшісі Беделбек Нұрғалиевтың «Елбасы арманы» әнімен аяқтаймын

Тәрбие орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана- өмірдің қуанышы»


Мақсаты:  Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік  
                      беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы 
                      қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған  
                   плакаттар. 
Түрі: тәрбие сағаты


Барысы:

Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
         Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
 
Дидар: терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде Айдос кіріп келіп:
Ақжол: -Данияр, неге көңілсіз жүрсің?
Ұлпан: -Е-е, Айдос, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Жандосс: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды!
Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Аружан:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Жұлдыз:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. 
Қуаныш: -Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
А
рман: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән айтайық.  

«Анашым» әні орындалады. С.Аружан

Шуғыла:          Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
                            Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
                            Әдемі сөз- Ұсынамыз бүгін
                            Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
                            Анаға айтар лебізі.

    Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,


                            Ана дейді жас сәби де жарқылдап
                            Ана деген бәйтерегі өмірдің
                            Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
                            Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
                            О адамдар қадірлей біл ананы
                            Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
             
    Ана десем сезім білер тым ыстық
                            Жарасымды адамдарға туыстық
                            Бар адамға берсе ананың мейірін
                            Орнар еді бар әлемге тыныштық
 
Биржан:               Бүгін – наурыздың сегізі
                            Сұлулықтың негізі
                            Әдемі сөз – Адамның
                            Анаға айтар лебізі
 
Жүргізуші:  Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
 


Гулбайрам:         Ойлы қызы халқымның
                            Отаным деп туады
                            Бас жібермей әр күні
                            Ана жолын құады.
                            Қанаттанса балапан,
                            Қалайынша ұшпайды
                            Әр бір қыз, әр бала.
                            Мамасына ұқсайды.
 
Жандос:           Ана десем, алғыс алам халқымнан,
                            Ана десем, теңіз болам шалқыған
                            Ана десем, ашылады қабағым
                            Ана десем, әділдікті ұғамын
 
    Айналайын Анашым
                            Әлпештеген мамашым
                            Еліп өскен бөлеміз
                            Маматайдың мамасын
 
 Мұхтар:          Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
                            Жанымды жадыратып күлдіретін
                            Сендегі маған деген махаббатты
                            Нұр толы қос жанарың білідіретін
                            Бар ана туған елдің гүлі дер ем
                            Анажан қайғың болса күңіренем
                            Таусылмас тау суындай ақылың бар
                            Сен барда менің әр бір күнім өлең


Жүргізуші:  Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
 
«Асыл әжем» әні орындалады. Дидар мен Нұрсултан
 
Дамир:            Бас қосты бүгін жиынға
                            Аналардың қауымы
                            Таусылмасын әрдайым
                            Отбасының сауығы
             Ана өмірдің қуанышы, тірегі
                            Бала – оның жұбанышы, жүрегі
                            Ана алдында ел жауы да бас иген
                            Олар дәйім тыныштықты тіледі.


Шуғыла:    Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың. 


Жұлдыз: :    Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарсада өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.


1.  «Ассосация» әдісі

2. Сұрақ-жауап
1. Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?


Қорытынды: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің қорытындысы

Біздің мектебімізде 5-15-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралар өткізілді.Осыған орай онкүндігіміз мерекелік жиынмен басталды.Жиында орыс және қазақ сыныптары әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айттып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді.Қазақ және орыс сыныптарында жоспар бойынша «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Государственный язык-мой язык» атты тақырыпта 5-11 орыс және қазақ сыныптарында сынып сағаттары жүргізілді. Мектеп кітапханашысы кітапханамызда тіл мерекесі күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырды. Орыс және қазақ сыныптарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 5-11- сынып оқушылар арасында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы», «Единство языков-единство народов» тақырыбына шығармалар байқауын жариялап,бағалады. «Ең үздік шығарма» деп 10 «А» сынып оқушысы Дінислам Жанаргүлдің шығармасы бағаланды.Тіл мамандары «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз», «Язык-бесценное богатство» тақарыбында ашық сабақтар өткізді.Тарих пәнінің мұғалімі Самал Асанқызы Қазақтың ұлы тұлғаларына арналған әдеби кеш ұйымдастырды.Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және ірге тасы атты тақырыбына мақалалар байқауы жарияланып, ең үздік мақала деп танылған 9-сынып оқушысы Опарин Д ,

 10 «А» сынып оқушысы Жанаргүл  Д, 11 «А» сынып оқушысы Исина Б. мақалалары аудан газетіне жіберілді.Сынып сағаттарының ішінде «Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең-әлем» тақырыбында Төңкерқызы Айгүлдің 5 «А» сыныбында жүргізген сайыс сабағы өте қызықты өтті. Заңова Б.А.  өткізген «Тіл-достық көпірі» 7- сыныптағы ашық сабағына оқушылар қызыға да,белсене қатысты.Тіл мамандары ұйымдастырған 5-9- сынып Амангельдинова З.Б. Рахадыл Т. Ұйымдастырған көркем сөз шеберлері байқауында 6- сынып оқушысы Рахимғұлова К, Корниенка Н,  Корниенка А. үздік деп танылды. 15 қыркүйекте апталқтың аяқталу салтанатты жиыны өткізіліп, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

 

 



 

 

28.10.2014.



Тақырыбы: «Адамгершілік- адам арының айнасы»

Мақсаты:

1. Білімдік - танымдық: Адамның бойындағы ұнамды – ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас дағдыларын жасауға баулу

2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.

2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.



Көрнекілік: Мультимедиалық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т.б.с

Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Адамгершілік тәрбиесі.

1 жүргізуші:

Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады.



2 жүргізуші:

Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.



1жүргізуші:

Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.



2жүргізуші:

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.



1жүргізуші:

Адамгершілік -- ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.



2 жүргізуші: Адамгершілік туралы Мақал- мәтелдер

1жүргізуші:

... Адаспайсың ақылды арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақниет адамдардың,

Алданбайсың артынан ере берсең.


2 жүргізуші:

Азаматтық жасай алмаған адам – 
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей

1 жүргізуші: Көрініс

2 жүргізуші:

Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.
1 жүргізуші: Слайд /5минут/ «Адамгершілік дегеніміз не?» - /Дидар мен Улпан/

2 жүргізуші:

Құдықтан су ішкен,

Қазғанға рахмет айтады.

Ағашты көлеңкелеген,

Еккенге рахмет айтады.

1 жүргізуші:

Адамның ұяты бетінде , 
Адамгершілігі ниетінде дей келе келесі кезекті

/ Оқушылардың адамгершілік туралы тақпақтарына берейік/

2 жүргізуші: Сонымен адамгершілік дегеніміз не?

1 жүргізуші:

Мұның жауабы , әрине , адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек ,асыл қасиетіміз –еңбек сүйгіштік ,достық,әдептілік, көмек беру,қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін , жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни , адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса ,ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықта, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі шайпау,менмен мақтаншақ ,керенауыз кесір мінезден аулақ болуымыз керек.

2 жүргізуші: Осы жерде үлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап,босқа күлүге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрседеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек ,өтірік, мақтаншақ,

Еріншек ,бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат рахым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз....»-

деп , адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

1 жүргізуші:

Демек, асыл қасиет – адамгершілік ,сондықтан сөзімнің басында айтқан адамдық белгісі- адамгершілік екенін айта отырып,Б өлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдыңда сызылып сөйле,

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді,- деген екен.

Тәрбие сағатымыздың жалғасын «Балам анау не?» көрінісімен жалғастырайық.

Сатымбай Аружан: /автордың сөзін оқу/

...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп: - Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:



Әкесі «Балам, анау не? » деп сұрапты. –

Баласы: «Ол - түйе» - деп жауап беріпті.

Автор: Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы: -

Баласы: «Ол - түйе, түйе !» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті.

Әкесі: - «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Автор: Бұл көріністер қандай баланы көрдіңдер?

1 оқушы: Бұл жерде бала өз әкесін құрметтеп, мен сізді тәуіпке апарамын дейді. Бірақта өзінің істеген жақсылығын,міндет қып,әкесіне екі қайталап жауап бергісі келмей ,өз қылығымен жақсылығын шайды. Сондықтан мынандай мақалды айтқым келіп тұр «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді». /Ақжол/

Автор: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік сіздерге көп рахмет.

2 жүргізуші: Олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып,

Ақсай ауылының имамы Қожай атамызға сөз берсек:

Сұрақтар:

  1. Ислам дініндегі тәрбиенің ерекшеліктері туралы айтсаңыз?

  2. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.

Бұл туралы не айтасыз?

  1. Адамгершілікке жатпайтын іс – әрекеттерді байқағанда не істер едіңіз?

  2. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады.

  3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?

1 жүргізуші: Ата, Сізге көп рахмет, біздің тәрбие сағатымызға келіп сұрақтарымызға жауап бергеңізге.

2 жүргізуші:

«Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол өзінің тәжірибесі арқылы жететін адамның ішкі жағдайы»- деген екен, орыстың ұлы жазушысы Владимир Соловьев.

1 жүргізуші:

Дұрыс айтқан екен, адамгершілік адамдар арасындағы қарым- қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі имандылық шарттарын білдіретін ұғым.

2 жүргізуші: Қорытынды сөзді 7 сыныптың жетекшісі А.Жүнісоваға берейік.

Слайд «Адамгершіліктің 7 қасиеті»

1 жүргізуші:

Осымен «Адамгершілік – адам арының айнасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рахмет!!!!

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

17.11.14.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мусылманның бес парызы»

Мақсаты: Жас буынға дін, имандылық, бес парыз туралы мәлімет беру және жақсылыққа, сенім рухында рухани табандылыққа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал –мәтелдер.

Сабақтың барысы: /ұйымдастыру/

Сынып жетеші:
Мұсылмандық қағидалар
● Иманның басы – сенім,
Иманның тәні – намаз,
Иманның жүрегі – құран.
● Иманның көрінісі – ықылас.
Иманның сөзі – Аллаға тілек
● Иманның нұры – шындық.
Иманның дәмі – тазалық, пәктік
● Иманның жемісі – ораза.
Иманның шипасы – ар, ұят

Ұлағат сөздер


● 1. Түйе – жүктен, адам – ұяттан шегеді. (Сағди).
● 2. Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ. (Абай).
● 3. Арсыз – адам қоры. (Жүсіп Баласағұн)
● 4. Ұят кейде заңдар шектелмеген нәрсені шектейді. (Сенека)

Хадистерден


● Иманның абзалы – сабыр мен шындық – дүр.
● Әдемі киім кию де имандылық.
● Кімде - кім күнә жасаса, оның иманы ұшады.
Тәубә қылса, Алла тағала кешіреді.
● Кімде - кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды.
● Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер имансыздар.
Бес парыз
● Намаз оқу (бес уақыт намаз)
● Ораза ұстау (30 күн)
● Зекет беру (қайыр садақа)
● Қажыға бару (құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау)
● Иман және ихсан (нану, сену)

Қорытындылау: Әр мусылман адам бес парызды білуге тиіс....

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова



Сынып жетекшісі: А.Жунисова

Тәрбие сағатының тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер. Тәрбие сағатының ұйымдастыру бөлімі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Түгелдеу. Кіріспе сөз: Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді. СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді. Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог). - Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт! Өзімнен өзім сыр таптым, Өле алмай жүрген сырқатпын. Шіріген картоп сияқты, Бұрышында қалған бір қаптың. Өзімнен өзім тістенем, Шарабым да тұр ішпеген. Ұйықтайын десем қорқамын, Көрмейтін сұмдық түс көрем. (Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.) -Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін. (Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.) Әлпештеп алды анам алдымнан шығы, Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып. Ата-ана перуана боп перзенті үшін, Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық. Ардақтап ата-анаңды сол секілді, Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық. Түседі еске кей кез бала кезім, Бала кезім... кетуші ем дала кезіп. Ақ қайынға шайқалған қараушы едім, Қараушы еді мөлдіреген қара көзім. - Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?! Тамырын умен суарып, Денсаулық деген егістің, Шірітіп апсың біразын, Ғаламат қымбат жемістің. Инемен таза денеңді, Тесуге неге келісті? Көк түтінмен уланып, Ащы суды неге іштің? Төсекке асыл азамат, Ауру аеңдеп құлайсың. Дәрігерлерді мазалап, Не үшін енді жылайсың? (Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.) - Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін. Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім. Менің-дағы жетті кетер кезеңім. Оны көптен тарқамаған қайғы мен Жүрегімнің мұң көзінен сеземін. «Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем, Мені есірткі найзасымен түйреген. Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай, Қанатымнан жараланған күйде мен. -Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді. О, Жаратқан! Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты. (Мұңлы ащы әуен ойналады.) Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім, Құрбанымын СПИД деген кеселдің. Ақтамай-ақ кетіп барам арманың, «Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің. Кім кінәлі,аялаған анам ба? Бар қажетті даярлаған қоғам ба? Тек қана өзім кінәлімін сол үшін Улы дерттің құрбаны мен болам да. Жас жеткіншек! Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым, Ауырсаңдар бұл кеселмен, Дәрігер де бере алмайды қол ұшын. Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің, Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін! Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді. Гүлмаржан: СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе? Төлеген: ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда. Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен. Мейрамгүл: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38. Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады. Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Гүлдана: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр. Денсаулығыңды ойласаң (лото) Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып,ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да,даналы сөздері бар.Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ.Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай,амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді. Иә, мақал-мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де. Карточкалар үлестіріледі. (мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған). Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды,екінші бөлігін тауып оқу керек. 1. Ішпеген,шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген 2.Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды. 3. Темекінің кермегі- Еріккеннің ермегі. 4. Шарап-арақ ішіңе көшеді, Ақыл шөлмек ішіне түседі. 5. Жабылады шарабыңды ішерде, Бәле төнсе,жоқ араша түсерге. 6. Жасында темекісін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан. 7. Адам арақты ішеді. Ақыл арақты ішеді. 8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр. Қорытынды: ТЕСТ 1. СПИД жұқпалы ма? а) Иә ә) Жоқ 2. СПИД вирусын не дейміз? а) Кох талшығы ә) Айде б) А вирусы 3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды? а) 1983 ә) 1985 б) 1956 в) 1988 4. Ауру белгілері бірден біліне ме? а) иә б) жоқ 5. СПИД қандай жолдармен таратылады? а) жыныстық жолдар арқылы ә) қан арқылы б) тағам арқылы в) насекомдар арқылы г) кір қол арқылы. 6. Қай континетте адамдар СПИД-пен ауырғанын білмеген? а) Африка ә) Азия б) Америка г) Австралия 7.Қазақстанда СПИД-пен ауыратын адамдар кімдер? а) жастар ә) балалар в) үлкен адамдар 8.СПИД-ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін. а) норкомания ә) әңгіме кезінде в) темекі шегу г) жезөкшелік 9.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні? а) 1 қазан ә) 1 желтоқсан б) 1 қаңтар 10 Қай ел СПИД-пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды,оларға жағдай жасайды? а) Жапония ә) Канада б) Қытай в) Куба

Қорытынды: СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова


Каталог: uploads -> doc -> 0845
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0845 -> Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар мен гейзерлер. Мақсаты
0845 -> Сабақтың мақсат-міндеттері
0845 -> Самостоятельная работа по теме «Каучуки» Вариант-1 Напишите уравнения реакций полимеризации изопрена и дивенила


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет