«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата20.05.2017
өлшемі50.75 Kb.




«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.




Құрастырған: «Теміртау қаласының

№3 жалпы білім беретін орта мектебі»

КММ-нің бастауыш сынып



мұғалімі: Кеншілік Гулбаршын


Алғы сөз.

Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының негізі, бұл-қимыл белсенділігі, түрлі дене жаттығулары,сергіту сәттері. Дене белсенділігі-бұл шипалы күш.Әйгілі ғалым Н.М.Амосов былай деген: “Дені сау болу үшін қозғалу керек.Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы жетуге болады”.Дене белсенділігі адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды аластатып, өмірді ұзартады. Аз қимылдау ағзаның дамуына кедергі келтіреді, семіздікке әкеліп соғады. Адам денесіне артық салмақ қосады. Ал сергіту сәттері оқушыларға күш–қуат береді. Сергіту сәттері оқушылардың зейінін тұрақтандыруда,денесін сергіту,демалдыру үшін өте қажетті де, пайдалы. Бастауыш сынып оқушылары қимылмен көрсеткен өлең жолдарын тез жаттайды.Ал сергіту сәттері күніне бірнеше рет қайталанып отырады ,оқушылар қысқа өлеңдерді тез жатап алады,есіне сақтайды.


Бала,бала,балақан,

Қане ,қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

Топ-топ-топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық,

Жаса-жаса алтын күн,

Жаса-жаса жарқын күн!


Қанаттады жазайық,

Аққуша тез қағайық,

Бір отырып,бір тұрып,

Демімізді алайық.


Иіл оңға,түзу тұр!

Иіл солға,түзу тұр!

Алға қарай бір адым

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.
Қуыр-қуыр-қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әй-әй ,балапан,

Жамандықтан қаш!

Қаз-қаз-қаз,

Қаздаң бас,

Бір-екі-үш,

Аздан бас,

Құлама,құласаң,

Жылама!
Аспанды бұлт торлады,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек.
Он рет оң қолмен,

Он рет сол қолмен,

Көтеремін гиріңді,

Таянып ап бүйірді.



Қолымыздан ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тербелейік теңіз боп,

Толқын болып толқиық.
Мен құрылысшы боламын,

Биік үйлер саламын.

Кіп-кішкентай болсам да,

Биік менің арманым.




Қуыр-қуыр-қуырмаш,

Бидай салам,қолыңды аш,

Төгіп алма,күлем деп,

Балапанға барып шаш!
Аяқты алшақ қоямын

Жұдырықты түйемін.

Қос қолымды жоғары

Көтерем де иемін.

Көтерілген қолымды

Қапталыма түсірем.

Тіктеп ұстап денені,

Бәрі айнала жөнелді.

Тоқтамайды аяғым,

Дөңгелене беремін.



Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем дұрыстап,

Сәйгүлікше жүруді.

Бір!Екі! Бір!Екі!

Епті болса екі қол,

Шебер болса он саусақ,

Биік үйлер саламыз,

Қашпас дәулет,кетпес бақ.

Ғарышкер де боламыз,

Көктен жұлдыз теріп ап.
Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ашып-жұмып көздерін,

Бір отырды,бір тұрды.
Бала, бала баламыз

Бақшаға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.
Қане балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық

Оң аяқ, сол аяқ

Шынығып алайық.





Шаршасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар Бір,екі,үш,төрт,бес

Саусақтармен ойнаңдар

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын
Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз

Қолымызды көтереміз

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз.
Сағаттың тіліндей,

иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ.

Жаттығу оңай-ақ.


Жел еседі бетімізге,

Шалқаяды ағаштар.

Желге айтамын тыныш-тыныш

Тынышталсын ағаштар.
Ішке тартып ауаны,

Деміңді алшы тереңнен.

Денсаулықтың жауабы,

Қайталасаң менімен.
Аю, аю тұршы,

Беті қолыңды жушы

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.
Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?
Каталог: uploads -> doc -> 1267
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1267 -> Сабақтың тақырыбы: Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет