Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27» сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
19-қосымша
«Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші кеңсе немесе "Акцизделетін өнімнің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы мен өндірісін бақылау" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Акциз АЖ) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
қағаз түрінде өтініш және құжаттар келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші темекі өнімдеріне акциздік таңбалар (бұдан әрі – акциздік таңба) және жүкқұжат беруді жүргізеді;
көрсетілетін қызметті алушылар табыс еткен алдағы жылға арналған өтінімдер күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде Акциз АЖ арқылы келісіледі;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) алдағы жылға арналған өтінімдерді келісу;
2) акциздік таңбаларды және жүкқұжатты беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) Акциз АЖ – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Акциз АЖ арқылы акциздік таңбаларды жасау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтінімдер – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;
2) акцизделетін тауарлар әкелу жүзеге асырылатын негізде (темекі өнімдерін импорттайтын көрсетілетін қызметті алушылар өтінім беру кезінде) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі;
3) Акциз АЖ арқылы және қағаз түріндегі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес акциздік таңбаларды алуға өтініштің тұпнұсқасы;
4) көрсетілетін қызметті алушының қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының қызметкерінің атына ЕБТ алуға берілген сенімхат;
5) акциздік таңбаларды алуға төлемді растайтын төлем құжаты.
Темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған көрсетілетін қызметті алушылар акциздік таңбаларды жасау үшін акциздік таңбаларды алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге Акциз АЖ арқылы табыс етеді.
Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын берілген өтінімдерде акциздік таңбалардың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулары бар өтінімдерін таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
Акциздік таңбаларды жасап шығарғаны үшін есеп айырысулар жеткізушінің есеп шотына ақша аудару жолымен акциздік таңбаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импортталған темекі өніміне көрсетілетін қызметті алушыға акциздік таңбалар берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің материалдық жауапты адамы екі тарап қол қоятын екі данада жүкқұжат жазып береді. Жүкқұжаттың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіде қалады.
Көрсетілетін қызмет алушыларға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарынан импортталған темекі өніміне акциздік таңбаларды берген кезде жүкқұжат үш данада жазып беріледі: бірінші және екінші дана көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі (екінші дана – Кеден органына табыс ету үшін), үшінші дана көрсетілетін қызметті берушіде қалады.
Акциз АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйенің журналында өтінімнің қабылдағаны туралы хабарлама алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
9-1. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімдерін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларында, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы 2017 жылғы 6 ақпандағы № 80 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14875 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, почталық мекенжайын, күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет–ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда Акциз АЖ арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8–800–080–7777, 1414.
«Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
_____________________________________
(салық органының атауы)
_____________________________________
(салық органы басшысының Т.А.Ә.)
_____________________________________
алушының атауы, БСН/ЖСН
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды дайындауға
өтінім
өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)
мың дана
қаңтар
|
ақпан
|
наурыз
|
сәуір
|
мамыр
|
мау
сым
|
шілде
|
тамыз
|
қыр
күйек
|
қазан
|
қараша
|
желто қсан
|
жылына барлығы
|
Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз «парақтық» немесе «қиылған»)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы _________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер____________________________________________
(Т.А.Ә.)
М.О.
«Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
__________________________________
(салық органының атауы)
___________________________________
(салық органы басшысының Т.А.Ә.)
___________________________________
алушының атауы, БСН/ЖСН
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды дайындауға
өтінім
өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)
мың дана
қаңтар
|
ақпан
|
наурыз
|
сәуір
|
мамыр
|
мау
сым
|
шілде
|
тамыз
|
қыр
күйек
|
қазан
|
қараша
|
желтоқ
сан
|
жылына барлығы
|
Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағына импортталған темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз, «парақтық» немесе «қиылған»)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы _________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер____________________________________________
(Т.А.Ә.)
М.О.
«Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
__________________________________
(салық органының атауы)
___________________________________
(салық органы басшысының Т.А.Ә.)
Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алуға
өтініш
_______________________________________________________________
(алушының атауы, мекенжайы, БСН/ЖСН-і)
«____» саны _____________________________________________ данада
(жазбаша)
есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беруді сұрайды.
Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбаларын сатып алуға ақша
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
сомасында 20_____жылғы «____»_______________ № _____________төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді
Акцизді төлеу үшін ақша _____________________________________________
(сомасы жазбаша)
сомасында 20_____жылғы «____»_______________ № _____________төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді
Басшы__________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер___________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |