«текстильді материалдар мен бұйымдарды жобалау»


-дәріс. Тоқыма өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер



бет2/5
Дата16.07.2017
өлшемі0.79 Mb.
#37907
1   2   3   4   5

5-дәріс. Тоқыма өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер

Дәріс сұрақтары:



  1. Ағын сулардың көздері және классификациясы

  2. Жаңа заман сатысындағы иіру цехының және тоқыма өндірісінің экологиялық

мәселелері

  1. Мата өндіру кезіндегі экологиялық қиындықтар


Дәрістің мақсаты: Тоқыма өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер мен экологиялық қиындықтармен таныстыру

Өндірістік ағын сулар ластану дәрежесі бойынша қатты ластанған және аса ластанбаған болып бөлінеді. Жаңа заман тоқыма комбинаттарыкүрделі су шаруасына ие. Өндірістік су жабдықтаудың жабдықтар құрамына аудандық  су өткігіш техникалық судан, су дайындау резервуарынан, насосты станциядан, су ағынды ғимараттан, құбырлар торынан құралады. Шаруашылық жүйесі - өртке қарсы сумен қамту суды қалалық су құбырынан алады.Өндірістік жерасты құбыры ішкі цехтық  қондырғыны  аз ластанған ағын суды қайта қолдану үшін  талшық аулағыштар және ағын сулар құрамындағы химиялық заттарды тұндырғыштар, оларды қайта тазалауға қондырғылар ,насосты стнация және құбырлар  қолданылады.

Ағын сулар өзімен күрделі гетерогенді жүйені құрайды, олардың ластануы еріген, колоидты және ерімеген жағдайда болады. Колоидты және ерімейтін заттар  тұрақты дөрекі және жіңішке дисперсті суспензияны және эмульсияны  түзуге қабілетті.Ағын суларда әртүрлі қатынаста әрқашан ластанудың органикалық және бейорганикалық қоспалары болады. Органикалық ластануға жануартектес және өсімдіктектес заттардан басқа органикалық синтездің әртүрлі заттары жатады- бояғыштар,өңдеу қоспалары,синтетикалық ПАВ.

Қалаларда өндірістік ғимаратты орналастырғанда  олардың өндірістік ағын суларын қалалық жерасты құбырына аэрация станциясында тазалануы үшін қосқан дұрыс. Жерасты жабдықтары бұзылмас үшін  өндірістік ағын сулар  өзінің құрамымен  жобалаудың нормасына сәйкес болуы тиіс, негізгілері келесідей болады:

1) өндірістік суларда ауыр және ерітінді болмауы тиіс,олар колекторды және жерасты құбырының жабдықтарын тотықтырады

2) олар құбырлар және  қондырғылардың материалдарына агрессивті болуы тиіс.

ХХІ ғасыр адамзатқа көптеген жаңалықтар алып келді, олар ғылыми –техникалық прогресс болып табылады, алайда сонымен қоса Жерді экологииялық бұзылудың  шегіне әкеліп қойды.

Жаңа заман  даму сатысында экология мәселелері  қоғамның дамуына аса мән берілмейді, экономикалық дамуға қарағанда.Экология экономика сияқты  өмір сүреді және өзінің объективті заңдарымен дамуда.

Әрбір елдің экономикалық мәселелері  көптеген өзара байланысқан себептермен байланысты, олардың ішінде физика - географилық, экономикалық жағдай, мемлекеттің әлеуметтік – саясаттық орнласуы.

Тоқыма өнеркәсібі соңғы жылдары үлкен айналымдарға ие.фабрикалардың басшыларының жоспары бойынша Қазақстан нарығында, ТМД және жақын шетелдерде өздерінің бұйымдарының шығатынын болжап отыр. Тоқыма кластері табысты және өзінің профилі бойынша бәсекеге қабілетті.

Тоқыма фабрикаларының мәселелері майда мамық және минеральді, жануартектес шаңдар болып отыр.шаңмен күрес желдету және жүйелік шаң тазалау көмегімен жүргізілуде.

Әрбір кәсіпорын  кез-келген салада  тек пайданы ғана емес  өндірілетін шикізаттан шығатын қалдықтардың, қондырғының қоршаған ортаға зияны жайлы да ойлануы тиіс.

Грек тілінде «экос»-«үй», «логос»-«ғылым».Экология – үй, өмір сүретін орын  жайлы ғылым.Барлық Жерт жаны барлар үшін үй болып табылады.

Тоқыма өндірісінде экологиялық мәселелер тудыратын 2 мәселе түрі бар. Мата өндіру кезінде және бұйымды қолданумен байланысты қиындықтар.

Зауыттар жұмысы барысында мата өндіру кезінде негізгі мәселе– улы заттар, қоршаған ортаға және ағын суларға түсетін заттар болып табылады. Егер зауыт матаны бояу және өрнек түсірумен айналысатын болса, олардың улы заттарға қоса, жағымсыз иіс те бөледі. Желдеткіштен бөлінген заттардың құрамында еріткіштер буымен, әртүрлі химиялық қосылыстары. Еріткіштер кейде жиналып, тазаланып екінші рет қолданылуға алынады.

Үлкен бөлшектер сүзгіштік тәсілімен алынады. Газда тазалау тәсілі суда ерігіш ұшып кететін қосылыстарда, метанол сияқты қолданылады. Тез жанатын заттарды өртеуге болаы, бірақ ол қымбатырақ түседі. Алайда, негізгі мәселенің шешімі өндірісте аз мөлшерде улы заттар бөлінетін материалды қолдану болып табылады.

Ағын суларды ластау экологиялық мәселе ретінде адам, жануар өміріне қауіпті және табиғат көрінісі де көзге түсетін ластау болып табылады.

Бояу кезінде бояғыш заттың - 90%, матаға түр алу кезінде 60%-ке жететіні анық. Бұл химиялық бояғыштың 1/3 бөлігі ағын суға кеп түсетіні белгілі. Ал бояғыштың тағы бір бөлігі торды барабанды алу кезінде ағын суға кеп құйылады. Көп елдерде ағын сулар құрамындағы ластау заттарына лимит қойылған, бірақ оны жақсы тазарту құралдарынсыз жүзеге асырады.



6- дәріс. Тігін цехтың құрал-жабдықтары

Дәріс сұрақтары:

1. Дайындау цехы туралы жалпы мағлұмат

2. Дайындау цехында қолданылатын көтерме-көлікті қондырғылар


Дәріс мақсаты: Тігін цехтің құрал-жабдықтарымен дайындау цехі туралы жалпы мағлұматтармен танысу
Киімді дайындау барысында тігін машиналар негізгі технологиялық құрал-жабдықтар болып саналады. Барлық тігін машинала сырып тігетін, арнайы және жартылай автоматты деп бөлінеді.

97 кл. ОЗЛМ машинасы жұқа маталы бұйым бөлшектерді екі жіпті тігіспен шөлмекті тоқымамен сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 5500 мин-1; тепшім ұзындығы — 4 мм.

997 кл. ОЗЛМ машинасы көйлектік маталы бұйым бөлшектерді екі жіпті тігіспен шөлмекті тоқымамен сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 5500 мин-1; тепшім ұзындығы — 5 мм.

51-А кл. ПМЗ торлау машинасы бөлшек қималарын торлау үшін арналған. Екі жіпті және үш жіпті. Басты біліктің айналу жиілігі — 3500 мин-1; тепшім ұзындығы — 1,5-4 мм.

«Паннония» фирмасының С8 761-2 кл. Машинасы көйлектің етегін тігу үшін арналған. Машинамен орындалған тігіс оң жағынан жасырынды көрінбейді, бір жіпті. Басты біліктің айналу жиілігі — 3500 мин-1; тепшім ұзындығы — 2-8 мм.

«Минерва» фирмасының 337 кл.машинасы зигза тәріздес тігіспен шілтірлерді бұйымға сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 4000 мин-1; тепшім ұзындығы — 3 мм.

«Текстима» фирмасының 8630 машинасы төрт инелі жұқа маларға және тоқыма кездемелерге жібек жіптермен кесте тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 300 мин-1; тепшім ұзындығы — 4 мм.

«Текстима» фирмасының 8607 машинасы барлық түймелердің түрлерін, яғни екі және төрт көзді түймелерді, дөңгелекті және тіктөртбұрышты тоғаларды (кнопка), ілгектерді (крючки) тігуге арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 1500 мин-1.



ПМЗ В-241 кл. машинасы шөлмекті тігіспен тігілген бүрмелерді кесу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі 1800-2200 мин-1; үстінгі тепшім ұзындығы — 10 мм, астыңғы тепшім ұзындығы —4 мм.

Дайындау цехының негізгі мәселесі – маталарды сапалы және саны бойынша қабылдау, матаны пішуге дайындау (енін, ұзындығын өлшеу, полотнадағы тоқыма ақауларын белгілеу), кішігірім маталарды минималды.

Цехта материалдарды қабылдау, бұмадан шешу, сапасын тексеру жұмыстары орындалады. Сонымен бірге матаның ұзындығы мен енін өлшейді, жайма жасайды, матаның пайдалануын есептейді, және матаны төсемге іріктеп алады.

Тігін фабрикаға мата контейнер ішінде кесек немесе бума тәрізді түрінде келіп түседі. Жүкті түсіріп болған сон, оны бума шешетін және бумадан босатылған мата сақтайтын учаскеге апарады. Матаны жолдама құжаттар бойынша қабылдайды (есеп-фактура, тізім бойынша). Әр бір партияға өлшеу ведомость жазылады, ал әр бір мата кесегіне реттік нөмер беріледі.

Содан кейін мата жарамдылығын тексеру бөлмеге түседі, бұл жерде матаның сапалығы мен санын анықтайды, ол дегеніміз матаның әр кесегінің ұзындығы мен енін анықтап, матаның сұрыпын (сапасын) белгілейді. Осы жұмыстар ПРС-140 сияқты машина арқылы бір мезгілде орындалу мүмкін. Бұл машина болмаған жағдайда, кәдімгі, ұзындығы 3 метр столды қолданады. Сапасы тексерілген матаны бір тіндеп немесе топтастырып қатар сөрелерде сақтайды. Мата сақталатын бөлменің іші құрғақ, жақсы желдетілетін, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60-65%, температура 16-20 °С градус болу керек.

Мата кесегін тиімді пайдалану үшін матаны алдын ала төсемге есептейді. Төсем есебін мамандандырылған машинада және арнайы бағдарлама көмегімен компьютерде орындауға болады.

Дайындау цехында қолданылатын көтерме-көлікті көтерме-көлікті қондырғылар екі үлкен топқа бөлінеді, олар: құрылысы жағынан қоймамен байланысқан құрал-жабдықтар (скаттар, тельферлер, элеваторлар және басқалар); қоймамен байланыспаған құрал-жабдықтар, яғни қоймада еркін қозғалады (рельсіз механикалық және қолды көлікті саймандар. Роликті конвейердің роликтері осі бойынша жылжымайтын рамада бекітілген. Роликтер өзінің осі бойынша еркін жылжиды. Роликтер әртүрлі металдардан жасалғандықтан оның жылжуы жұмсақ және дыбысы төмен.

Станционарлы таспалы конвейер бекітулі таспа болып келеді. Конвейер таспасының ені 300-1200 мм болады. Станционарлы таспалы конвейердің ұзындығы 5-20 м және биіктігі 1,3-7 м болады, таспаның жылжу жылдамдығы 0,63-4 м/с.



Еркін қозғалатын қондырғылыар. Еркін қозғалатын көтерме-көлікті қондырғыларға әртүрлі механикалық және қол арбалар, электрокарлар, электроштабелерлер және басқалар жатады.

Қол арбалар бірнеше типті болып шығарылады. Олар: Көтерме платформасы бар ТПП арбасы, У24-71 арбасы, түбі бар ТШП-94 арбасы.

Электроштабелерлер көтерме-көлікті машиналарға жатады. Оның ерекшелігі ол өзінің айыры бар жүккөтергішпен арнайы арбаға жүкті көтеріп апарады.

Қозғалмалы таспалы конвейер кипті маталарды және басқа жүктерді автокөліктен дайындау цехға дейін тасымалдайды.

ТШП-82 жүк тасығыш рельсті өзі жүретін арба болып келеді. Жүк тасығыш орама маталары бар немесе дайын бұйымдары бар әмбебапты конвейерлерді тасымалдау үшін арналған.

Жер асты жүк тасушы - КШП 53 жүйелі блокты және тоқ сымды жазық платформалы өзі қозғалатын релісті арба болып табылады, онда тоқты двигателін алу үшін шлейфті кабель орналасқан. Жүк тасуды басқару дистанционды, сонғы орында автоматты тоқтатытуды қамтамассыз етеді.

Штабелелер ТШП 89 көтергіш платформалы, өзі қозғалатын бағытталуы бойынша ауыстрылатын арба болып табылады. Платформада жұмысшы оператор орналасады. Оператор рулондарды жүктеу және мата рулондардың стелажға жүктелуі бойынша әр түрлі жұмыстарды орындайды. Оперетордың қауіпсіздігі үшін платформаларда сақтау қоршауы бар.

7-дәріс.Эксперименталды цехтың жалпы сипаттамасы

Дәріс сұрақтары:

1. Лекалдарды дайындауға қойылатын технологиялық талаптар

2. Лекалдарды дайындауға арналған құрал-жабдықтар


Дәріс мақсаты: Эксперименталды цехтің технологиялық талаптарымен және құрал-жабдықтармен таныстыру
Экспериментальді цехтің мақсаты өндіріске модельдерді сапалы дайынау, оған мыналар кіреді:

- жаңа модельдерді конструкторлы және технологиялық дайындау;

- технологиялық процестің тиімді режимдерін жасау;

- бұйымды жасауға пайдаланатын материалдардың шығындарын нормалау;

- лекалдарды, трафареттерді дайындау;

- модельге техникалық құжаттаманы дайындау;

Экпериментальді цехтің функцияларына мыналар кіреді:

- өндіріске енгізілген авторлық моделдергеқадағалауын іске асыру;

- тиімді және пайдаланған материалдарды бақылау;

- сән бағытына қарай және тұтынушылардың сұранысы бұйым ассортиментін жаңалау;

- бұйымның конструкциясын және технологиясын үнемі жетік пайдалану;

- бұйымның, модельдің, жабдықтардың жаңа түрлерімен танысуға цехтарға көмек көрсету;

Экпериментальді цехта келесі топтар жұмыс істейді:

- модельді-конструкторлы топ;

- өндірістің технология және ұйымдастыру тобы;

- нормалау тобы;

- лекалды жасау тобы.

Модельді-конструкторлы топ әртүрлі модельдер мен конструкцияларды өңдеу және оларға лекалдарды дайындайды; бұйымның әртүрлі жаңа силуэттерінің негізгі конструкциясын өңдейді, осы бұйымдардың лекалдарын пайдалану жөнінде пішушілерге көмек көрсетеді, ортақ пішу үшін бөлшектерді унификациялау.

Сән бағытын ескере отырып алдағы маусымға жаңа коллекция модельдерін жасайды; көрмелерде жаңа модельдерді көрсетеді; пішушілерге семинарларды өткізеді. Топ құтамына суретші-сәнгерлер мен конструкторлар кіреді.Технология және өндірісті ұйымдастыру тобы киімді дайындаудағы технологияны толық жетілдіру, бұйымды өңдеудің жаңа әдістерін енгізуді бөлек операцияларды механизациялайды, өндіріс цехтарында арнайы қондырғыларды пайдалана отырып еңбекті бөлу схемасын және өңдеудің тиімді әдістерін жасау және енгізу; жаңа модельдерді, техниканы және технологияны, маталарды оқып білу үшін жұмысшылар оқытудағы тәжірибелік көмек көрсетеді, өндіріс жұмысшыларына мамандық бойынша жаңа әдебиеттер туралы алда келе жатқан өндірістердің жұмыс істеу әдістері туралы ақпараттар береді.

Сонымен қатар технологиялық топқа модельдердің үлгілерін және бөлек түйіндерді дайындайды. Дайындалған киім модельдерінің үлгілерінің негізінде экпериментальді цехтың лобаранттары өңдеу әдістері және арнайы қондырғыларды пайдалану бойынша инструкциялы карталарды құрастырады.

Нормалау тобы негізгі және көмекші материалдарды пайдалану әдістерін тиімді енгізумен айналысады. Топ жұмысшылары барлық модельдерге маталар шығынын, нормаларын орнатады. Олар фотоэлектронды ИЛ машинасында лекалдар ауданын өлшейді, бұйымның өлшем және бойдың анықталған жинағын (сочетание) пайдалана отырып экспериментальді жаймаларды орындайды.

Материал шығынның нормасын анықтағаннан соң арнайы жылжымалы көшірме ПКУ қондырғы көмегімен жайманы суретке түсіреді. Лекалды топ картоннан лекалдарды дайындайды және барлық модельдердің лекалдарын көбейтеді. Жинақтағы әрбір модельге лекал дайындайды.

Лекалдар сызбасы бөлшектердің құрылысын, пішінін, өңдеу және пішу үшін техникалық шарттардың анықтаудың техникалық құжат болып табылады. Лекалдар сызбасының құрастыруы салалық стандарттарды ұсынылған нормативті-техникалық құжаттары негізінде орындалады.

Лекалдар сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның үлгілік ерекшеліктері тұрғызылған. Техникалық сызба, бұйымды дайындауға ұсынылатын маталар қасиеттері, технологиялық өңдеу тәсілдері пайдаланылады.

Арнайы міндетіне байланысты лекалдар келесі түрлерге бөлінеді:

- оригинал лекалы;

- эталон лекалы;

- жұмысшы лекал;

- көмекші лекал.

Оригинал лекалы бұйымның негізгі өлшеміне дайындалған үлгісіне сәйкес болып келеді.

Эталон лекалы градация (көбейту) арқылы барлық бой өлшемдер үшін лекал-оригинал негізінде дайындалады. Эталон лекалдары жұмысшы лекалдардың сапасын тексеру үшін қолданылады.

Жұмысшы лекалдары эталон-лекалы бойынша дайындалып, бұйымның пішу шамасын орындау, мата шығынын анықтау және пішілген бөлшектердің сапасын тексеру үшін қолданылады.

Бөлшектердің қималардың сәйкестігін тексеру үшін көмекші лекалдар дайындайды.

Жалпы лекалдарды безендіру барысында бұйымның бөлшектердің негізгі және туынды бөлшектерге бөледі.

Негізгі бөлшектерге негізгі матадан пішілетін: артқы бой, алдыңғы бой, жең жатады.

Негізгі бөлшектер негізінде өңделетін бөлшектер туынды болып аталады. Бұл бөлшектер бұйымды безендіру немесе пішінді қалыптастыру үшін қолдануымыз мүмкін.

Туынды бөлшектерге келесі бөлшектер жатады.

1) Негізгі матадан – өңір астары, жоғарғы жаға, қалта, жапырақша, қақпақша, әдіптер, белдік.

2) Астарлы матадан – артқы бой, алдыңғы бой, жең, шалбар астары, майда бөлшектер.

3) Астарлық матадан – өңір аралығы, иық көтергіштері.

4) Желімділік (қатырма) аралықтан – алдыңғы бойдың қатырмасы, жырықтың қатырмасы, стегінің қатырмасы, жоғарғы жағаның қатырмасы және т.б.

Туынды бөлшектердің лекалдарын негізгі бөлшектер лекалдар бойынша технологиялық өңдеу тәсілдері есебімен орындайды.

Астарлы маталардың пішіндері қалыптастыру қасиеттері төмен, сондықтан бұл маталардан пішілетін бөлшектер де көлемдік пішіні құрылыстық тәсілдер арқылы пайда болады (бүкпелер, құрылыстық сызықтар).

Көмекші лекалдар дегеніміз бұйымды өңдеу барысында, мыс.- қалтаның орналасу жерін белгілеу үшін қолданылатын лекалдар.



Лекалдарды безендіру үшін қойылатын талаптар.

Тігін бұйымдарының лекалдар жинағына келесі мәліметтерді белгілейді:

- лекалдар аталуы (оригинал немесе эталон);

- бұйымның аталуы (бір негізді бөлшекте белгілер қойылады);

- үлгінің номері;

- лекалдардың арнайы (негізгі, түйінді, көмекші) міндеті;

- бөлшектердің аталуы (артқы бой, алдыңғы бой, өңір астары);

- бұйымның өлшемі, см (Т1-Т16-Т19).

Бір негізгі бөлшектің лекалына қосымша мәліметтерді жазып шығады:

- ұсынылатын өлшемдер;

- құрастырушының аты-жөні;

- өңдеу күні.

Оригинал лекалдарда келесі құрылыстық бөлшектердің өлшемдерін белгілеп шығады. (бақылау сызықтар):

- артқы бойдың ені;

- алдыңғы бойдың ені;

- бұйымның кеуде деңгейіндегі ені;

- бұйымның бел тұсындағы ені;

- бұйымның бөксе тұсындағы ені;

- жеңнің ені, ұзындығы;

- бұйымның ұзындығы.

Бір негізгі бөлшекте лекалдар жиынтығының кесте түрінде тізімін ұсынады (бөлшектер спецификациясы)

Бұйымның бөлшектерін пішу үшін лекалдарда келесі шартты белгілерді қойып шығады:

- негізгі типтік бағыты (нЖ);

- негізгі типтік бағытынан ауытқуы (%, һ см);

- бақылау керітпелер (қималарды сәйкестіру үшін қолданылады).

Өндірісте жұмыс лекалдары эталон лекалдар бойынша айсайын тексеріліп тұрады.

Негізгі жіптің бағыты мемлекеттік стандарттар бойынша белгіленеді (әр бөлшекте жеке түрінде қойылады). Мысалы, артқы бойдың н.ж. ортаңғы сызығына параллель бағытта түседі. Негізгі жіптің бағытынан ауытқу шамасы пішу жаймасын орындау кезінде бөлшектің бағытын қай шамаға өзгертуге болатынын көрсетеді. Ауытқу шамасы бөлшектің түріне байланысты пайыз бойынша беріледі.

Лекалдарды дайындау бір ізділігі келесілерден тұрады:

1. Берілген ұзындық бойынша картон парақтарын кеседі. Бір пакет үшін 3-6 дана картон парақтарын кеседі. Парақтардың біреуіне фигуралы тесіктердің орнын көрсетуімен лекал контурларын сызады.

2. Парақтар пакетін машиналы тізбекті бір жіпті тепшіммен бекітеді. Тепшімді лекалдарды жасаған кезде бөгет болмау үшін бекітеді.

3. Сыртқы контур бойымен лекалдарды кеседі.

4. Үлкен емес фигуралы тесіктерді теседі, мысалы түймелікті торлау үшін.

5. Ішкі контур бойымен лекалдарды кеседі.

6. Лекалдардың контуры немесе қималары бойынша таңбалайды.

Рулоннан картон лекалдарды кесу үшін РЛЗ-2 машинасы арналған. Картонды лекалдар пакетін бекіту үшін 226 кл тігін машинасы арналған. Лекалды сыртқы контур бойымен кесу үшін ВЛН-1 машинасы арналған. Лекалда фигуралы тесіктерді тесу үшін ВЛО-1 машинасы арналған. Лекалды ішкі контур бойымен кесу үшін ВЛВ-1 машинасы арналған (бүкпе, қатпарлар және т.б.). Лекалдарды таңбалау үшін КСЛ-1 машинасы арналған. Лекалдар станционарлы кронштейндерде немесе бір немесе екісөрелі тізбекті ілмекті конвейерде ілініп сақталынады. Лекалдар сақтайтын бөлмеде температура 18-20 °С және ауаның ылғалдығы 60-70% болады.
8-дәріс. Пішу цехы жөнінде жалпы мағлұмат

Дәріс сұрақтары:



  1. Матаның жаймасы

  2. Маталарды қолмен төсеу

  3. Маталарды машималы төсеу

  4. Пішу машиналары


Дәріс мақсаты: Пішу цехында орындалатын жұмыстардың реттілігімен және жұмыс машиналарымен танысу
Кәсіпорнының барлық жұмыстарының бір қалыптығы пішу цехтын жұмысын ұтымды ұйымдастыруына байланысты.

Пішу цехта келесі жұмыстар орындалады:

- матаны төсеу – маталарды белгілі ұзындығы мен ені бойынша қабаттап төсеу, шеттерін, жиектерін түзелеу. Төсемді қол мен немесе арнайы төсем жасайтын машина көмегімен орындайды;

- матаны пішу - өндірістің өте маңызды кезеңі болып табылады.

Бұл жұмыс екі тәсілмен орындалады:

а) жылжымалы арнайы пішу машиналарды (мысалы ЭЗДМ-3, ЭЗМ-3, С3-529, 530 және т.б.) қолдана отырып төсемді бөлшектерге бөледі, және үлкен бөлшектерді шамалап жарым-жартылай қиып алады.

б) жылжымайтын ленталы пішу машиналар (мысалы РЛ-3, РЛ-4 және т.б.) көмегімен төсемнің жеке бөліктерінен бұйымның бөлшектерің қиып алу;

в) бақылау лекалдар арқылы пішілген бөлшектердің сапасын тексеру;

г) пішу бөлшектерді нөмерлеп, жинақтау. Бір бұйымның барлық бөлшектерінде бірдей номір болуға тиіс. Бөлшектерді бумаға бір модель, өлшем бойымен бұйым бойынша жинақтайды;

д) пішу бөліктерді сақтау – жинақталған пішу бөліктердің бумаларын көп қатарлы сөрелерде сақтайды. Тігін цехтардың ұзілмей жұмыс істеуіне пішу бөлшектердің 1,5 күнге жететін қоры болуға қажет.

Жайма дегеніміз – ол лекалдардың мата бетіне немесе қағазда орналасқан көшірмесі. Егер де лекалдардың қағаз немесе клеенка бетінде орналастырып, содан кейін бөлшектер қималарың тесіп шықса оны трафарет деп атайды. Пішу кезінде төсемнің ең үстінгі қабатына лекалдар жаймасы салынады. Трафаретті қолдану кезінде төсемнің үстінгі қабатына лекалдар орналасқан сүретті трафарет тесіктер арқылы бор немесе синьканы себіп түсіреді. Трафаретті дайындау үшін крафт деген қалын қағазды, орау арналған қағазды, немесе арнайы клеенканы қолданады. Ең сапалы, төзімді кездеме крафт қағаз болады.

Кездемелердің жаймасы «бетін төмен қаратып» және «бетке бет» төсеу болады. Жайманың бірінші әдісі барлық маталар түрлеріне қолданады. Кездемелердің төсеу саны тақ және жұп болады. «Бетпе бет» төсеу әдісі төсеу жұп кездемелердің оң бетін ішке қаратып төсейді. Бұндай жағдайда жұп бөлшектер, мысалы артқы бойдың екі бөлігі, алдыңғы бойдың екі бөлшегі екі кездемеден пішілуі мүмкін. Нәтижесінде олардың пішін үйлесімі және өлшемдері үлкен нақтылықты береді.

Пішу цехында бір есептеу картасы бойынша маталарды жайма столдарына орналастырады. Маталарды төсеу маталар орамдарынан немесе алдын ала белгілі ұзындыққа кесілген маталардан болуы мүмкін.

Маталарды төсеу төсеу машиналар көмегімен орындалады немесе маталарды жаймалардың шеттерін қысатын сызғышы бар құралған столға қолмен төсейді.

Түкті маталарды және суреті бар маталарды түктің және суреттің бағытымен, әрбір тақ кездемені 180° бұрып «бетпе бет» төсейді. Жолақтары немесе тор көздері бар маталарды «бетпе бет» жаймаға төсеген кезде әрбір кездемеде жолақтары немесе тор көздері бір біріне сәйкес болуын қадағалайды. Кейбір жағдай осы шартты орындау үшін кездеменің шетін жатық боялған жерін сәл көбірек жылжытады.

Әр түрлі суреттері ұзына бағытталған маталарды, сонымен қатар тоқыма кездемелерді пішу кезінде лекал аралық аралықтарды азайту үшін лекалдарды бір бағытға бағыттап орналастырады. Маталарды төсеген кезде матаның ақауларын дайын бұйымға түспеуін қадағалайды.

Маталардың жаймасы бір ізді немесе параллельді әдісті болуы мүмкін.

Есептеу картаға сәйкес бір ізді әдісі кезінде бірінші төсем орындалады сосын екінші төсем және солай сияқты орындалады. Бұл әдісті әр түрлі орамнан маталарды төсеу үшін орындайды.

Алдын ала есептеу картасында қарастырылған параллельді төсеу әдісі кезінде жаймаларды бір уақытта орындайды. Осы әдісті орындау үшін бірнеше төсем столдарды пайдаланады. Бірінші столда мата орамын төсейді, қалған мата орамды екінші столға төсейді. Бір столдан екінші столға мата орамын жылжыту үшін КШП-116 және ТШП-84 құралдарды пайдаланады.

Төсем столдың ұзындығы және ені алдын ала төсемге дайындаған матаның ұзындығы мен еніне байланысты. Маталардың ені бойынша кесі үшін және кездеменің шетін бекітіп ұстау үшін ОПН машинасы арналған. Бұл машина әр түрлі енді жұқа жібек матадан қалың жүн матаға дейін маталарды төсеу үшін қолданады.

КД-1 сақиналы сызғыш маталарды қолмен төсеген кезде кездемелерді кесу үшін пайдаланады. Кездеменің екінші шетін тегістеп қысып ұстау үшін ЛП-1600 және ЛП-1300 сақиналы сызғыштар қолданылады. Егер төсем столда әр түрлі ұзындықты кездемелерге МЛ-1 сызғышын пайдаланады.

Маталарды төсеу үшін екі типті машиналар болады:

- орамды маталарды немесе маталарды төсем стол бойымен жылжыту үшін арналаған электр жетегі бар арбалар;

- маталарды төсем стол бойымен тарту үшін арналған арбалар.

Берілген сызықтар бойымен маталарды кесу физикалық процесс болып саналады. Бұл процесс әр түрлі типті пышақтар көмегімен орындалады. Пішу құрал-саймандарды екі топқа бөлінеді: маталарды әмбебапты құрал-саймандармен пішу және маталарды арнайы құрал-саймандармен пішу.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет