Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы Пән: Бейорганикалық химия Тақырыбы



бет4/4
Дата27.04.2018
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4

5-мысал180г суда 5г натрий гидроксиді бар ерітіндінің 100°С температурадағы ерітінді үстіндегі қаныққан су буының қысымын есептеу керек. Натрий гидроксидінің диссоциация дәрежесі 0,8.

Шешуі: Изотонды коэффициентті анықтап і = 1 + a∙(k – 1) = 1 + 0,8(2 – 1) = 1,8; Ерітінді үстіндегі бу қысымының төмендеуін мына формуламен анықтайды: ▲p = po×(in/n1 + in2); 100°С температурадағы су үстіндегі қаныққан су буының қысымы 101,33кПа (760 мм сын.бағ.). n1(су) = 180/18 = 10моль;

n(NaOH) = 5/40моль, бұдан ▲p = 2,23кПа (не 16,7 мм сын. бағ.).

Сонда ерітінді үстіндегі қаныққан су буының қысымын анықтайды:

р = ро − ▲p = 101,33 – 2,23 = 99,1кПа (не 743,3 мм сын. бағ.).


Деңгейлік есепті орындаңдар:

1-есеп.

Тазалық дәрежесі 75 % болатын 64 гр техникалық темір дисульфидін ауада өртегенде түзілген газ тәріздес өнімнің (қ.ж) көлемі қандай?



2-есеп.

Мына өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?



Fe FeCl2 Fe(OH)2 → FeO FeSO4

3-есеп.

40 гр мыс ( II) сульфаты бар ерт-ге 16 гр темір ұнтағын қосқанда бөлінген мыстың массасы қанша ?



4-есеп.

Алюминий сульфатының 4% -тік 171 гр ерт-не тұнба түзілгенше натрий гидроксидінің ерт-сі құйылды. Сульфат толық әрекеттесті деп есептегенде , түзілген алюминий гидроксидінің массасы қандай болады?



5-есеп.

Мына өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?

Mg→ MgO→ Mg(OH)2 → MgCl2

6-есеп.

Массасы 6,4г күкірт жанғанда неше литр (қ.ж) күкірт(IV)  оксиді түзіледі.



7-есеп.

Массасы  200г темір сульфиді  ертіндісін массасы 8г натрий гидроксидің ертіндісімен араластырғанда неше грамм тұнба түзіледі. 



Тест жұмысы:

1. Кальцийдің химиялық таңбасы

A) Са B) Cr C) Cs D) К E) С



2. Электролиттік диссоциациялану процессі

A) гидроксид ионының түзілуі

B) электр тогын өткізбеуі

C) электр тогын өткізу

D) электролиттер иондарға ыдырауы

E) иондарға мүлдем ыдырамауы



3. Заттардың оттегімен әрекеттесу реакциясы

A) Айырылу B) Орын басу

C) Бейтараптану D) Тотығу-тотықсыздану

E) Алмасу



4. Синтетикалық талшық

A) жібек


B) капрон

C) ацетатты талшық

D) жүн

E) мақта



5. Спирттерде болатын химиялық байланыстардың түрі

A) сутектік, металдық.

B) ковалентті полюссіз, ковалентті полюсті.

C) ковалентті полюссіз, сутектік.

D) иондық, ковалентті полюсті,

E) металдық.



6. Күлгін түсті тұз ерітіндісі-

A) натрий нитраты.

B) аммоний дихроматы.

C) калий перманганаты.

D) калий фосфаты.

E) алюминий хлориді.



7. Висмут (III) гидросульфат атауына сәйкес формула

A) Bi(HSO3)3

B) Bi(OH)SO4

C) Bi(H2SO3)3

D) Bi(HSO4)3

E) [Bi(OH) 2]2 SO4



8. «Бром» атауының мағынасы——

A) сасық


B) қызыл қоңыр

C) хош иісті

D) қатты

E) сұйық


9. Фосфор (V) оксидінің физикалық қасиеттеріне сай емес:

A) су тартқыш ұнтақ.

B) борпылдақ ұнтақ.

C) ақ ұнтақ.

D) суда жақсы ериді.

E) балық иісі бар.



10. Сыртқы электрондық деңгейінің формуласы ...3d104s2 болатын элемент

A) Zn


B) Cu

C) W


D) V

E) Cr



Тест жұмыстар:

1.рН ерітіндінің дұрыс өрнегін көрсетіңіз:

А) pH = -lg[H2O];

B) pH = -lg[H+];

C) pH = pOH;

D) pH =-ln[H+];

E) pH = lg[H+].

2.Берiлген заттардың қайсысы гидролизiнде қышқыл тұз түзiледi?

А) KNO3;

В) CuSO4;

С) NiCl2;

D) K2S;

Е) Na2SO4.

3.0,01 М HNO3 ерітіндісінің рОН мәнін есептеңіз.

А) 10;

В) 12;


С) 8;

D) 2;


Е) 6.

4.0,01 М КОН ерітіндісінің рН мәнін есептеңіз.

А) 2;

В) 6;


С) 8;

D) 10;


Е) 12.

5.Ерiтiндiсінің ортасы сiлтiлiк болатын тұзды анықтаңыз.

А) K2SO4;

В) K2CO3;

С) MgSO4;

D) CuCl2;

Е) NaNO3.

6.Гидролизге ұшырамайтын тұзды анықтаңыз.

А) KNO3;

В) K2S;

С) MgSO4;

D) AlCl3;

Е) Na2CO3.

7.Қай тұз гидролизге түскенде негiздiк тұз түзіледi?

А) CsCl;

В) Ba(NO3)2;

С) FeCl3;

D) K2S;

Е) Na2CO3.

8.Қайсы тұз ерiтiндiсi гидролизденгенде сiлтiлiк орта (рН>7) болады?

А) CuSO4+HOH®

В) MgCl2+HOH®

С) KNO3+HOH®

D) CH3COONa+HOH®

Е) Na2SO4+HOH®

9.Қайсы тұздың гидролизі үш сатыдан өтедi?

А) CrCl3;

В) (NH4)2SO4;

С) NaCN;

D) K2S;

Е) Zn(NO3)2.

10.Қайсы тұз ерiтiндiсi гидролизденгенде қышқыл орта (рН<7) болады?

А) Na2CO3;

В) K2SO4;

С) CuCl2;

D) NaCl;


Е) FeS.

11.Тұздың қайсы гидролизденеді?

А) (NH)2S;

B) K2SO4;

C) NaCI;

D) NaNO3;

Е) KCI.

12.Тұздар бiрлесе гидролизденгенде қандай газ бөлініп шығады: AlCl3+Na2CO3+HOH®…



А) Cl2;

В) H2;

С) CO;

D) O2;



Е) CO2.

13.Қайсы түз гидролизденбейдi?

А) K2CO3;

В) NH4Cl;

С) Na2SO4;

D) (NH4)2S;

Е) FeCl3.

14.Қайсы түз ерiтiндiсiнiң гидролизiнде реакция ортасы нейтралды болады, яғни рН=7?

А) NaHCO3;

В) NH4CN;

С) Cu(NO3)2;

D) K2S;

Е) AlCl3.

15.Негізгі тұздың түзілуіне қай теңдеу сәйкес келеді?

А) Zn(OH)2+HNO3®

В) KOH+H2SO4®

С) NH4OH+H2S®

D) NaOH+HCN®

Е) LiOH+H3PO4®

16.Қышқыл тұздың түзілуіне қай теңдеу сәйкес келеді?

А) KOH+HNO3®

В) HCl+Fe(OH)3®

С) Cr(OH)3+CH3COOH®

D) NaOH+H2SO3®

Е) Ca(OH)2+HCl®

17.Келтірілген тұздардың қайсысы негізгі?

А) K2SO4;

В) BaCl2;

С) NaHCO3;

D) Al2(SO4)3;

Е) MgOHCl.

18.Тұздардың қайсы калий дигидроортофосфат деп аталады?

А) KH2PO3;

В) K2HPO4;

С) K3PO4;

D) KH2PO4;

Е) KPO3.

19.(MnOH)2SO3 тұзды атаңыз?

А) марганец гидросульфиті;

В) марганец гидроксиді;

С) марганец сульфиті;

D) марганец сульфаты;

Е) марганец гидроксосульфиті.

ІІІ Кіріспе нұсқау беру

Химиялық реакциялардың жылдамдығын катализатор көмегімен реттеуге болады. Химиялық реакциялардың жылдамдығын өзгертіп және осы реакциядан кейін өзі өзгеріссіз қалатын заттарды катализатор дейді. Ал осындай өзгерісті реакцияларды, яғни катализатордың қатысуымен жылдамдығы өзгере жүретін реакцияларды катализ деп атайды.

Катализ термині ғылым тіліне енбей тұрып, адамзат өте ерте-денақ биологиялық катализаторларды күнделікті тіршілікте пайдаланған. Мысалы, олар шарап әзірлеген, уытқы арқылы сыра, боза ашытып, айран алған, қамыр ашытып нан пісірген, тері илеген. Бертін келе, XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында химиялық әдебиеттерде, химиялық реакциялардың жылдамдығын тек биологиялық катализатор — ферментпен ғана емес, бейорганикалық қосылыстан алынған катализатор көмегімен де өзгертуге болатыны жарияланды.
Аррениус теориясының негізгі қағидалары


  1. Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.

  2. Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады. Ағылшын физигі М. Фарадей XIX ғасырдың 30-шы жылдары «электролит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді. Ионды және ковалентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды:

NaCl↔ Na++ Cl-;b HCl ↔ Н++ CI-; H2S04 ↔ 2Н+ + S042-

Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:

  1. Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.

  2. Диссоциацияның себебі - заттардың гидратациялануы. Электр шамы жанады.

  3. Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.

  4. Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔ ассоциация (бірігу)

  5. Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).

  6. Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен

анықталады.

  1. Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.

Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тогын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.

Осы тұздардың ішінде орта тұздар гидролиз реакциясына түседі.



Тұздардың сумен әрекеттесіп, алмасу реакциясына түсуі гидролиз

деп аталады.

Кез келген тұзды қышқыл мен негіздің әрекеттесу өнімі деп қарастырамыз. Тұздардың құрамы мен қасиетіне қарай күшті қышқыл мен күшті негізден тұратын тұздар NaCI, KNO3, Li2SO4

Әлсіз негізбен күшті қышқылдан тұратын тұздар: FeCI2, CuCI2, NiCI2

Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар: Na2CO3, K2S, K2SO3

Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар: AI2S3, CH3COONH4

Енді осы тұздардың ортасын анықтап, гидролиз теңдеулерін жазамыз.



Сутектік көрсеткіш дегеніміз теріс таңбамен алынған сутегі иондарының концентрациясының ондық логарифмін айтады.

pH = - lg [ H+] Сутектік көрсеткіш түсінігін 1909 жылы дат химигі

Серенсен енгізді.

p әріпі дат тіліндегі potenz – математикалық дәреже

Н әріпі – сутегі символы

10-1 10-2 10-3 10-4 10-5 10-6 10-7 10-8 10-9 10-1010-1110 -1210-13

[H+]
Моль/л Қышқылдың өсуі Сілтіліктің өсуі


Ерт 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

реак/сы Күшті қыш- Әлсіз қыш- Әлсіз сілтілік күшті сілтілік

қылдық қылдық

Нейтралды
рН арқылы ерітінділердің реакциясы былай сипатталады:

нейрал рн = 7, қышқыл рн < 7, сілті рН > 7
Кейбір ерітінділердің рН мәндері:
Асқазан шырыны рН = 1,7 (күшті қышқылдық реакция)

Шымтезек суы рН = 4 (әлсіз қышқылдық реакция)

Жаңбыр суы Рн = 6 (әлсіз қышқылдық реакция)

Құбыр суы рН = 7,5 (әлсіз сілтілік реакция)

Қан рН = 7,4 (әлсіз сілтілік)

Сілекей рН = 6,9 (әлсіз қышқылдық)

Көз жасы Рн = 7 (бейтарап реакция)

IV Cтуденттердің өзіндік жұмысы

Зертханалық жұмыс №1. Тұрақты катализатор қабаты бар зертханалық қондыр-

ғыда вакуум газойлін каталитикалық крекинглеу



Тапсырма:

1. Тұрақты катализатор қабаты бар каталитикалық крекингтің зертханалық қондыр-ғысында 470-5000С температура мен шикізат берудің көлемдік жылдамдығы 0,7; 1,2 жəне 2 сағ-1 жағдайында ауыр газойлді крекингтеу.

2. Тəжірибенің материалдық балансын құру.

3. Жүргізілген тəжірибеге қорытынды жасау.


Тұрақты катализатор қабаты бар каталитикалық крекингтің зертханалық қондырғысы

Каталитикалық крекингтің зертханалық қондырғысының сызбанұсқасы 2,4-сурет-

те бейнеленген. Реактор диаметрі 25-35 мм, биіктігі 550-600 мм баяу балқитын шыны немесе легирленген болат түтіктен жасалған. Оның төменгі жағы фарфор кесектерімен толтырылған, үстіне қажет биіктіктегі катализатор қабаты, ал оның үстіне қайтадан фарфор кесектері салынған. Жоғарғы қабаттың мақсаты – реакторға берілетін шикізаттың булануын қамтамасыз ету.Реактордың ортасында термопараға арналған қалта орналасқан. Реактор электр жылытқышпен қамтылған. Реакторды шығару үшін қыздырғыш пеш 5 бір жағынан (тік бағытта) алмалы-салмалы етіліп жасалған. Реактордың жоғарғы жағы бұрандамен бекітіледі жəне насостың шығу сызығымен жалғанған патрубокпен қамтылған. Катализаторды регенерациялау кезінде патрубок ауа беру үшін, регенерацияға дейін – азот беру үшін пайдаланылады. Егер реактор шыныдан жасалған болса, онда түтіктің төменгі бөлігінде, қалтаның шетінде оны ортада орналастыру үшін қажет жаншылған бөліктер бар, ол сондай-ақ фарфор кесектері мен катализатордан жасалған қабат үшін тірек болады.

Температура ЛАТР-мен реттеледі. Шикізат өлшегірден (бюреткадан) реакторға түседі; бюретканың сыйымдылығы 400-500 мл, градуирлеу əрбір 1мл арқылы. Ұзындығы 500 мм-ге жуық шыны тоңазытқыш реактордан шығатын булардың конденсациялануы мен суытылуы үшін қажет. Сұйық дистиллят үшін қабылдағыштар бар: біріншісі реактордан шыққан буларды алдын-ала конденсациялау (реактордан шыққандағы қысымға қарсы қысымды азайту үшін) үшін керек; екіншісіне суыған конденсат пен крекинг-газ түседі.

1 - сорғы; 2 – шикізат өлшегіш; 3 – фарфорлы толықтырма;

4 - реактор; 5 – пеш; 6 - потенциометр; 7 - катализатор;

8 - термопара; 9 - тоңазытқыш; 10 - қабылдағыш, 11 - абсорбер;

12 – газдық сағаттар; 13 – газометр.

Сурет 2.4 - Тұрақты катализатор қабаты бар каталитикалық

крекингтің зертханалық қондырғысының сызбанұсқасы

Қабылдағыштар ретінде сыйымдылығы 500 мл қарапайым конустық құтыларды қолдануға болады. Крекинг-газдағы бензиннің бөлшектері абсорберде сіңіріледі. Абсорбер ретінде 3-4 см биіктікте құйылған соляр майы бар дроссельдік шыны сауыт пайдаланылады. Анализ үшін газ сынамасын алғанда астұзының қаныққан ерітіндісімен толтырылған əдеттегі типтегі шыны газөлшегішті пайдалануға болады. Газ сынамасы тəжірибе ортасында немесе қалыптасқан режимі бар тұтас период ағымында үздіксіз таңдалынады.Реактор арқылы өтетін газ көлемі газдық сағаттар көмегімен өлшенеді. Термопара – темір-констандық немесе хромель-алюмельдік.
Тəжірибені дайындау жəне жүргізу

Электржылытқыш пеш 5 қосылып құм, қабаты астынан ауа берілу басталады; құммен температура 250-3000С-ға жеткенде реактордың 1 төменгі жағына ауа беріле бастайды (5-6 л/мин) жəне араластырғышты 2 қосады (n=200 айн/мин). Тəжірибенің берілген температурасында (500-5500С) реакторға ауа беруді азот берумен ауыстырады (мұнда араластырғыш тоқтап қалмау үшін газ беруді үзбеген жөн) жəне ауаны шығару үшін реактор мен барлық жүйені 5 мин бойы азотпен үрлейді. Сосын шикізаттық сорғы 10 қосылып тəжірибе жүргізуді бастайды. Шикізаттық сорғы іске қосылысымен, бір мезгілде азот беруді тоқтатады.

Өнімдер булары тоңазытқышта 9 суытылады жəне конденсирленеді,конденсат қабылдағышта 10 жиналады, газ санағышта 12 газ өлшенеді; газдың бір бөлігі анализге алынады.

Тапсырмада шикізат беру жылдамдығы мен тəжірибенің басқа да жағдайлары көрсетілген. Шикізат беру жылдамдығын катализатордың салынған көлемімен анықтайды, шикізаттың 0,5-2 көлемдік бөлігіне катализатордың 1 көлемдік бөлігі (100-120 мл) алынады. Циклдің жұмыс бөлігінің ұзақтығы, яғни шикізатты үздіксіз беру периоды катализатор белсенділігімен, шикізат беру жылдамдығымен жəне ондағы шайырлы заттардың мөлшерімен анықталады. Катализатордың тұрақты қабаты бар каталитикалық крекингтің өндірістік қондырғыларында цикл ұзақтығы 10

минутқа тең; зертханалық қондырғылар үшін ол 30 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін, өйткені катализаторды жиі регенерациялау техникалық жағынан қолайсыз. Тəжірибенің жалпы ұзақтығы анализ үшін қажет сұйық өнімнің 200- 250 мл-ден аз болмауымен анықталады, яғни циклдер саны 1-2-ге тең.Реактордағы температураны тапсырмаға сəйкес етіп ұстайды. Тəжірибені бастамас бұрын қабылдағыштар мен абсорберді өлшейді.

Бюретканы шикізатпен толтырады, сорғыны қосады. Егер тəжірибе регенерацияға ұшырамаған жаңа катализаторда жүргізілсе, онда алдымен катализатордан ылғалды аластату керек. Ол үшін реакторды 300-3500С-ға дейін қыздырады, жоғарғы түтікті ауа көзімен жалғайды жəне реактордың төменгі бөлігі мүлдем құрғағанша катализаторды үрлейді. Əрі қарай қондырғыны ұсынылған сызбанұсқа бойынша жалғайды.

Жұмыс дəптері жазу жүргізуге мынадай түрде дайындалады:


Каталитикалық крекинг ...... (шикізаттың аталуы)




Тəжірибенің берілген жағдайы::

температура, °С ...............................................................

шикізат берудің көлемдік жылдамдығы, сағ-1

... ................

циклдің ұзақтығы, мин .......................................................

Бірінші қабылдағыш массасы, г:

дистиллятпен ...................................................................

бос ......................................................................................

_________________________________________

Дистилляттың массасы, г ................







Екінші қабылдағыш массасы, г:

дистиллятпен ...................................................................

бос .......................................................................................

_________________ ________________________

Дистилляттың массасы, г...........





Абсорбер массасы, г:

Тəжірибеден соң..................................................................

Тəжірибеге дейін ...............................................................

______________________________________ ___

Абсорбер массасының өсімі, г ....





Жиналған газ, л....................................................................



Реактордағы температура берілген температурадан 5-100С-ға жоғары болғанда шикізат берілу басталады. ЛАТР көмегімен тəжірибеге қажет температура реттеліп отырады. Шикізатты беруді бастағаннан кейін əр 5 мин сайын жұмыс дəптеріне жазу жүргізіледі. Тəжірибе 30 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Тəжірибе біткен соң адсорбцияланған көмірсутектерді катализатор бетінен аластату үшін 15 мин бойы азотпен реакторды үрлейді, əрі қарай температураны 600-6500С-ға дейін көтереді де,4-6 сағат бойы катализаторды ауа ағымында регенерациялайды.

Регенерация аяқталуын регенерация газында СО2 болмауымен анықтайды.

Электр пеші мен реактордың төмен жағынан ауа беруді, сондай-ақ үрленетін азотты реометр көмегімен өлшейді.


Бақылау сұрақтары:

1. Каталитикалық крекингтің негізгі мақсаты қандай?

2. Каталитикалық крекинг барысында қандай негізгі өнімдер алынады?

3. Крекинг процесінде катализатор қандай рөл атқарады?

4. Катализаторды регенерациялау дегеніміз не?

5. Шикізатты берудің көлемдік жылдамдығы дегеніміз не жəне оның

өлшем бірлігі қандай?

6. Катализатордың белсенділігін қандай көрсеткіш бойынша бағалайды?

7. Неге каталитикалық крекинг процесіне қайнау температурасы 3000С-

дан жоғары фракциялар ұшырайды?

8. Каталитикалық крекинг процесі қандай механизммен жүреді?

9. Карбкатиондардың негізгі реакцияларын атаңыз.

10.Катализатордың белсенділігі, тұрақтылығы жəне талғамдылығы

дегеніміз не?


Зертханалық жұмыс№2 . Берілген концентрация бойынша ерітінді дайындау.

Электролиттiк диссоциация жəне иондық процестер



Тапсырмалар

1. Берілген концентрациядағы тұздың массасын есептеу;

2. Ерітiндiлердiң электрөткiзгiштiгi;

3. Иондық процестер. Қышқыл мен негiздердiң химиялық активтiлiктерін

салыстыру.

Жұмыстың мақсаты

1. Құрғақ тұздардан берілген концентрацияда ерітінді дайындау білігін қалыптастыру;

2. Əлсiз жəне күштi электролиттердiң қасиетiн зерттеп, оларды алу жолдарымен танысу жəне иондық теңдiктi жазып үйрену.
Жұмыстың барысы

1-тəжірибе. Берілген концентрациядағы тұздың массасын есептеу

Зертханадағы технохимиялық таразыда қажетті тұзды өлшеп, колбаға салыңдар. Цилиндр арқылы қажетті суды өлшеп, колбаға құйып, араластырыңдар. Барлық тұз еріп болғаннан кейін, цилиндрге қайта құйып, ареометрмен ерітіндінің тығыздығын өлшеңдер. Егер ареометр жоқ болған жағдайда анықтамалық кітаптан сəйкес кон-центрациядағы ерітіндінің тығыздығын тауып, мольдік, эквиваленттік концентрация-сын анықтаңдар.



2-тəжiрибе. Ерiтiндiлердiң электрөткізгіштігі

Ерiтiндiлердiң электрөткізгіштігін өлшеу үшiн қышқылдардың, тұздардың жəне гидроксидтердiң сулы ерітінділері алынады.Көлемi 100мл 7- стаканға 20-30мл - ден кестеде көрсетiлген ерітiндiлердi құйып алады да, көмiр электродтар батырылады, электр тоққа қосылады, электр шамының жану күшiне қарап, электролиттің күшi туралы қорытынды жасалады.

№ Электролит Электр шамының жану күші

1 Қанттың ерітіндісі

2 Дистилленген су

3 Нитраты

Зерттелген ерітiндiлердiң электрөткізгіштігі неге əртүрлi? Осы электролиттердiң диссоциациялану теңдеулерін жазып, əлсiз электролиттердiң диссоциациялану константасын Кд анықтаңыз.

3-тəжiрибе. Иондық процестер

а) нашар еритiн негiздердi алу

Бiр пробиркаға 2-3мл темiр (Ш) хлоридiнiң ертiндiсiн құйыңыз жəне 2-3мл натрий гидроксидiнiң ерітiндiсiн қосыңыз.

б) əлсiз негiздi алу

Бiр пробиркаға 2-3мл аммоний хлоридiн құйыңыз жəне 2-3мл (Скон=2 моль/л) натрий гидроксидiн қосыңыз. Иісiнен қандай газ бөлiнетiнiн байқаңыз.

в) нашар еритiн қышқылдарды алу

Бiр пробиркаға 2-3мл натрий силикатының, екiншi пробиркаға 2-3мл аммоний молибдатының ерітiндiсiн құйыңыз. Екi пробиркаға қышқылдардың тұнбалары түзiлгенше тұз қышқылының ерітіндісін қосыңыз.

г) əлсiз қышқылдарды алу

Бiр пробиркаға 2-3мл натрий карбонатының ерітiндiсiн, екiншi пробиркаға натрий ацетаты ерітiндiсiн құйыңыз. Екi пробиркаға да тұз қышқылы ертiндiсiн қосыңыз. Бiрiншi пробиркада қандай газ бөлiнедi? Иісiнен екiншi пробиркада қандай қышқыл түзiлгенiн байқауға болады?

д) қиын еритiн тұздарды алу

Пробиркаға 1-2мл қорғасын нитратын құйыңыз, содан кейін тұз қышқылын қосыңыз. Түзiлген тұнбаның түсiн байқаңыз. Тұнбаға калий иодидiн қосыңыз. Тұнба түсi қалай өзгередi? Ендi аммоний сульфидiн қосыңыз. Соңғы тұнбаның түсi қандай? ЕК-дi пайдаланып, осы реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. 1л ерітіндіде 10,6г натрий карбонаты бар. Мольдік, эквиваленттік,

моляльдік концентрациясын есептеңіздер.

2.Калий гидроксидінің ерітіндісін дайындау үшін 5,6г КОН 500г суға

ерітілді. Моляльдік концентрациясы мен мольдік үлесін есептеңдер.

3.100мл-де 8,7г калий сульфаты болатын ерітіндінің мольдік жəне

эквиваленттік концентрацияларын анықтаңыздар.

4. 0,1моль/л натрий хлориді мен 0,1моль/л барий хлориді ерітіндісінің

иондық күшін есептеңіз.

3 Зертханалық жұмыс. Тұздар гидролизi.



Тапсырмалар

1. Гидролиз кезiнде қышқылдық тұздардың түзiлуi.

2. Гидролиз кезiнде негiздік тұздардың түзiлуi.

3. Бiрнеше тұздардың бірге гидролизденуi.

4. Температура мен сұйылтудың гидролизге əсерi.

Жұмыстың мақсаты

Тұздардың гидролиздену реакцияларын зерттеу, орта рН-ның өзгеруiн жəне

гидролиздiң температура мен сұйылтуға тəуелді екенін байқау.

Жұмыстың барысы

1-тəжiрибе. Гидролиз нəтижесiнде қышқылдық тұздардың түзiлуi

Екi пробиркаға 2-3мл дистилленген су құйып, 1-2 тамшы фенолфталеин тамызыңыз жəне 1микрошпательден төменгi тұздардың кристалдарын салыңыз:1-шi пробиркаға калий карбонатын, 2-шiге натрий сульфитiн. Əлсiз қышқылдардың диссоциациялану константасын пайдаланып, гидролиз



2-тəжiрибе. Гидролиз нəтижесiнде негiздік тұздардың түзiлуi

Екi пробиркаға 3-4мл дистилденген су құйып, универсалды индикатор қағазын салыңыз жəне суда 1-микрошпатель келесi тұздарды ерітiңiз: 1-шi пробиркада - магний хлоридiн, 2-шi пробиркада алюминий хлоридiн. Қайсысының рН-ы жоғары болады?



3-тəжiрибе. Екi тұздың бiрге гидролизі

Бiр пробиркаға 6-8 тамшы алюминий хлоридiн құйыңыз. Оған сонша

тамшы натрий карбонатын құйыңыз. Пробиркада көмiртегi (IV) оксидiнiң

бөлiнетiнін байқаңыз. Осы жағдайда алюминий гидроксидiнiң тұнбасы түзiледi.

Не себептен алюминий карбонаты түзiлмейдi?

4-тəжiрибе. Температураның гидролиздену дəрежесiне əсерi

Пробирканың жартысына 1/2 дейiн дистилденген су құйыңыз жəне оған 2-3 микро-шпательмен натрий ацетатын салыңыз. Ерiтiндiнiң рН мəнi қаншаға тең?

Пробиркаға 1-тамшы фенолфталеин қосыңыз. Пробирканы су моншасына салыңыз, қайнағанға дейiн қыздырыңыз. Фенолфталеиннің түсi қалай өзгередi?

Гидролиз процесінің тепе-теңдiгi қай бағытқа ығысады?



5-тəжiрибе. Ерiтiндiнi сұйылтудың гидролиздену дəрежесiне əсерi.

Пробиркаға 2-3 тамшы сурьма (III) хлоридiн құйыңыз оған ақ тұнба сурьма хлороксидi - SвОСI пайда болғанша бiртiндеп тамшылатып су құйыңыз. Бұл тұнба гидролиздiң екiншi сатысында Sв(ОН)2СI-дан су молекуласы бөлiнiп шығуы нəтижесiнде пайда болады. Түзiлген тұнбаны қалай ерiтуге болады, яғни гидролиздiң иондық тепе-теңдiгiн қалай сол жаққа қарай ығыстыруға болады?


Бақылау сұрақтары:

1.СuCI2, Fe(NO3)3 тұздары гидролизінің молекулалық жəне иондық теңдеулерін, ортаның рН-н көрсетiп жазыңыз.

2. 00,5М КОН ерітіндісінің рН-н анықтаңыз.

3. Гидролиз дəрежесі қалай анықталады?



V Қорытындылау

Студенттерді жеке жауаптарына және тобына байланысты бағалау.



Жеке тапсырмалардың тексеріп,қорғау нәтижелерін қорытындылау.

VІ Үй тапсырмасы

Патсаев.А.Қ,«Бейорганикалық химия»,Шымкент-2006 жыл «Катализ» 24-87бет, «Электролиттік диссоциация» ,«Тұздардың гидролизі» 142-168 бетте және тақырып бойынша өзіндік жұмыс дайындау
Каталог: uploads -> doc -> 073a
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
073a -> Қр білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, АҚтау қаласы «№13 гимназиясы»
073a -> Сыныбы: 3 Ә Уақыты: 02. Тақырыбы: «Жануарлардың көп түрлілігі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет