Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы Пән: Бейорганикалық химия Тақырыбы



бет3/4
Дата27.04.2018
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4

5 Тәжірибе.

1 мл күміс нитраты ерітіндісіне, бастапқыда пайда болған сары тұнба AgJ ерігенше тамшылатып қаныққан калий иодиді ерітіндісін қосады. Тұрақты емес комплексті қосылыс K[AgI2] түзіледі. Ерітіндіні қосқанда комплекс бұзылады және қайтадан тұнба AgJ түседі.



6 Тәжірибе.

1 мл қаныққан CoCl2 ерітіндісіне, 1 мл қаныққан аммоний роданиді ерітіндісін қосады. (NH4)2[Co(SCN)4] ашық-көк түсті комплексті қосылыс түзіледі. Ерітіндіні екіге бөледі. Біріншісіне амил спиртін, екіншісіне су қосады. Алынған ерітіндінің баяуының түсіне қарап, амил спиртіндегі және судағы комплексті қосылыстардың тұрақтылығын салыстырып, нәтижесіне қорытынды жасауға болады.



7 Тәжірибе. FeCl3 ерітіндісіне бірнеше тамшы калий гексацианоферратты (2) құйяды. Алмасу реакция нәтижесінде көк түсті тұнба берлин көгі (лазурь)түзіледі.
Лабораториялық жұмыс «Реакция жылдамдығының әр түрлі факторларға тәуелділігін зерттеу»
1-ші тәжірибе. «Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі»

Жұмыстың мақсаты: Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігін натрий тиосульфаты мен күкірт қышқылының арасындағы реакция арқылы зерттеу.

Na2S2O3 + H2SO4 = S↓ + Na2SO4 + H2O

Жұмыстың жүргізілуі: Нөмірленген үш пробиркаға натрий тиосульфатының 1М ерітіндісін құяды: біріншісіне – 7 тамшы, екіншісіне – 14 тамшы, үшіншісіне – 21 тамшы. Бірінші пробиркаға 14 тамшы су, ал екінші пробиркаға 7 тамшы су тамызады. Басқа үш пробиркаға 7 тамшыдан күкірт қышқылын тамызады.

Реакция жылдамдығын анықтау үшін натрий тиосульфаты мен қышқыл құйғаннан бастап ақ түсті лай пайда болғанға дейінгі уақытты (күкірттің пайда болу белгісі) секундомердің көмегімен анықтайды. Натрий тиосульфаты құйылған басқа пробиркаларға да алдын-ала дайындалған (7 тамшы) күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, ақ түсті лай пайда болғанға дейінгі уақытты анықтайды. Алынған мәліметтерді кестеге жазады.:




Пробирка

Ерітінді көлемі (тамшылар)

Ерітіндінің жалпы көлемі (тамшы)

Натрий тиосульфатының меншікті концентрациясы (C)

Ақ түсті лайдың пайда болу уақыты

t, с

Реакцияның меншікті жылдамдығы

w=1/t-1)


Na2S2O3


H2O


H2SO4

1

7

14

7

28

1







2

14

7

7

28

2







3

21

-

7

28

3







Реакцияның меншікті жылдамдығын уақытқа кері шама ретінде анықтайды. (w=1/t). Тәжірибе нәтижесінде реакция меншікті жылдамдығының натрий тиосульфатының меншікті концентрациясына тәуелділік графигін тұрғызады (абцисса осінде концентрация, ордината осінде – реакция жылдамдығы).

Қорытынды: Әрекеттесуші заттар концентрациясының реакция жылдамдығына тәуелділігін сипаттаңыз. Натрий тиосульфаты бойынша реакцияның ретін анықтаңыз
2-ші тәжірибе. «Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі»

Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу.



Зерттелетін реакция:

Na2S2O3 + H2SO4 = S↓ + Na2SO4 + H2O

Жұмыстың жүргізілуі: Нөмірленген үш пробиркаға натрий тиосульфатының 1М ерітіндісін 10 тамшыдан құяды. Басқа үш пробиркаға 10 тамшыдан күкірт қышқылының 1М ерітіндісін құяды.

Бірінші жұп пробиркаларды (күкірт қышқылы – натрий тиосульфаты) және термометрді бөлме температурасындағы су құйылған стаканға салып, 5 минуттан соң пробиркалардағы температура теңескенде термометр көрсеткіштерін жазады. Пробиркаларды бір-біріне құйып араластырады да, құйғаннан бастап лай пайда болғанға дейінгі уақытты санайды.

Пробиркалардың екінші жұбын бөлме температурасынан 10 градусқа, ал үшінші жұбын 20 градусқа жоғары су құйылған стаканға 5 минутқа салады. Температура теңескеннен кейін пробиркалардағы ерітінділерді бір-біріне құйып араластырады да, бірінші тәжірибедегі сияқты құйғаннан бастап лай пайда болғанға дейінгі уақытты санайды. Алынған мәліметтерді кестеге жазады:


Пробирка

Ерітінді көлемі (тамшылар)

Температура, оС

Ақ түсті лайдың пайда болу уақыты, t, с

Реакцияның меншікті жылдамдығы

w=1/t-1)

Na2S2O3

H2SO4

1

10

10










2

10

10










3

10

10









Тәжірибе нәтижесінде реакция меншікті жылдамдығының температураға тәуелділік графигін тұрғызады (абцисса осінде температура, ордината осінде – реакция жылдамдығы).

Вант-Гофф теңдеуі бойынша температуралық коэффициенттің орта мәнін есептеңіз. ΔТ = 10-ға тең болғандықтан температуралық коэффициентті жылдамдықтардың қатынасы бойынша анықтайды:

; ;

Қорытынды: Берілген реакция үшін температуралық коэффициенттің мәнін есептеңіз және реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін сипаттаңыз.
Жұмбақ:
Кескен болам, кесілмейді, кесілсе де бөлінбейді. (Су)
Дұрыс таптыңдар, енді сол суға байланысты кім тақпақ біледі.
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жусаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың.
Тәрбиеші: Тыйым сөз, мақал – мәтел, жұмбақтар білесіңдер ме?
Жұмбақ шешу
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды.
Санамасаң – қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. (Су)
Тыйым сөз
Ыдыстағы суға аузыңды батыруға болмайды.
Су турлы тағы не білесіңдер?
Мақал – мәтелдер:
1. Сусыз өмір жоқ.
2. Судың да сұрауы бар.
- Су сөйлей алама? (Сылдырлайды, ағады, сарқырайды, құяды)
- Судың қандай қасиеті бар (су жылғадан ағады, мұз болып қатады, теңіз болып толқиды, ауаға бу болып ұшады.
- Судың дәмі бар ма?
- Судың дәмі жоқ.
- Судың иісі бар ма?
- Судың иісі жоқ
- Судың түсі жоқ, ол мөлдір.
- Балалар су туралы көп білесіңдер екен енді біз қазір сендермен сол су арқылы тәжірибе жасаймыз.

V Қорытындылау

Студенттерді жеке жауаптарына және тобына байланысты бағалау.

Жеке тапсырмалардың тексеріп,қорғау нәтижелерін қорытындылау.

VІ Үй тапсырмасы

Патсаев.А.Қ,«Бейорганикалық химия»,Шымкент,2006 «Атом құрылысы мен химия-лық элементтердің периодтық жүйесі» 24-87бет, «Химиялық байланыстың түрлері» 95-125 бет,«Химиялық реакциялардың жылдамдығы»158-192 бетте және тақырып бойынша өзіндік жұмыс дайындау

«Ақтөбе медициналық колледжі»МКҚК

Бекітемін

Директодың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____ А.А.Куздыбаева

«__» _____201__ж




Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Пән: Бейорганикалық химия

Тақырыбы : Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі.
Мамандық: Фармация.

Курс: І

№2 Ғылыми-жараты-

лыстану пәндері бір-

лестігі ЦӘК отырысын-

да қаралды

Хаттама № ___

«__» ____20__ж

ЦӘК төрайымы: Сүйін Ф.М.

Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған:Қалжанов Н.К.
Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Тақырыбы: Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- Студенттерге катализ және катализдік процессі,электролиттік



диссоциация, электролиттер мен бейэлектролиттер ұғымдары

туралы мағлұматтармен таныстыру, тұздардың гидролизі туралы

түсіндіре білу,білімді қалыптастыру;

Дамытушылық – Студентке катализ және катализдік процессі туралы дағды-

ларын және біліктерін дамыту; Химиялық реакцияның

жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіре білу,

қорытындылау.
Тәрбиелік - білім алушыларды іздемпаздыққа, әр құбылысты ғылыми тұрғы

түсіндіре білуге тәрбиелеу. Құрамы мен қаситтері,кристалл то-

ры арасындағы байланысқа көңіл аудару, есте сақтау,көңіл ау-

дару қабілеттерін дамыту;сабақ уақытын бағалауға үйрету, ең-

бекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс,тест,есеп шығару.

Сабақтың уақыты: 270 мин

Сабақты өткізу орны: 214 ауд.

Пәнішілік байланыс: Атом құрылысы мен химиялық элементтердің периодтық

жүйесі.Химиялық байланыстың түрлері.Химиялық реакция-

лардың жылдамдығы.

Пәнаралық байланыс: физика, биология және фармакология.

Сабақтың жабдықталуы: дәріс материалы, презентация, слайдтар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі: Патсаев А.Қ, «Бейорганикалық химия»,Шымкент, 2006 жыл

142-168 беттер

Қосымша:Патсаев А.Қ. Дауренбеков К.Н. Бейорганикалық химия пәнінен

тәжірибелік – зертханалық сабақтарына қолданба. Шымкент, 2006

Студент білуі тиіс: - диссоциация практикада дәрежесіне байланысты электролит-

тердің жіктелуңн анықтауды білуі тиіс;

- диссоциация дәрежесі бойынша электролиттердің жіктелуін;

- рН-ты анықтаудың колориметриялық әдісін

- катализатор мен ингибиторлар қолдану арқылы реакция

жүргізу және реакцияны, концентрацияны, температураны

қақтығысу ауданын өзгерту арқылы жүргізу;

- катализаторларды қолдану арқылы концентрацияны,

температураны өзгерте отырып реакция жүргізу;

Студент істей білуі тиіс: - электролиттік диссоциация теориясын, тұздардың

теориясын білуі керек.



  • химиялық ыдыстарды және негізгі приборларды пайда-

лануды;

- медицинада керекті физио – химиялық әдістер,

өлшемдерді;


  • катализдің механизмі және мәні.

  • практикада катализаторды қолдану.


Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы:

І Ұйымдастыру бөлім – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 30 мин

ІІІ Кіріспе нұсқау беру – 25 мин

IV Cтуденттердің өзіндік жұмысы - 180 мин

V Қорытындылау - 25 мин

VІ Үйге тапсырма – 5 мин

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқу кабинетінің тазалыңына көңіл бөлу.

2.Студенттердің сыртқы киімдеріне (колпак,халат) көңіл аудару.

3.Сабақта жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.

4.Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Сергіту сәті:

ž NaCl,ZnO,Al2O3,Ca(OH)2,HNO3,FeS,

ž SO2,NaF,H2S,H2SO4,BaSO4,CuSO4,

ž BaCl2,Na2S,KNO3,NaCl2,AlCl3,CaCO3

ž K2SO4,Na2SO3

ž 

Сұраққа жауап беріңдер:

1. Катализдік процесс дегеніміз не?

2. Реакцияның жылдамдығын артыратын зат?

3. Промоторлар дегеніміз не?

4. Автокаталиттік реакция дегеніміз не?

5. Ингибиторлар немесе каталиттік улар деп нені айтамыз?

6. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар?

7. Ферменттер дегеніміз не?

8. Электролиттер деген не?

9. Электролиттердің диссоциация дәрежесі мен константаларына анықтама беріп,

олардың өзара байланысын көрсетіңіздер.

10. Электролиттер мен бейэлектролиттер айырмашылығы?

11. Изотонды коэффициенттің мағынасын түсіндіріңіздер.

12. С. Аррениус ұсынған электролиттік диссоциация теориясы негізі.

13. ЭДТ тұрғысынан негіздер,қышқылдар,тұздар дегеніміз не?

14. Электролит дегеніміз не?

15.žБейэлектролит дегеніміз не?

16. Әлсіз,орташа,күшті электролиттер дегеніміз не?

17.Бейтараптану реакциясына анықтама бер.

18.Тұздар гидролизі дегеніміз не?

19.Күшті негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздарды ата

20.Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан құралған тұздар

21.Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздар

22.Қышқыл ортада түстерін қызылға өзгертетін индикатор

23. Тұздар гидролизі дегеніміз не?

24. Мына заттардың қайсысы сілтілік орта көрсетеді?

25. Гидролиз теңдеуінің ортасы қандай?

26. Қай тұздың ерітіндісінде қышқылдық орта болады?

27. Гидролиз процесі деген не?

28. Гидролиз константасы және дәрежесі қалай есептеледі?

29. Қандай тұздар гидролизге ұшырайды?

30. Реакция қай уақытта аяғына дейін жүреді?

Тапсырмаларды орындаңдар:

1 нұсқа


K2CO3,KNO3, K2SO4,KCI,NaCI, NaNO3,NaNO2,Na2SIO3,Na2CO3

2  нұсқа


Ca(NO3)2,CaSO4,CaCI2,CaCO3, CaSiO3,Ca3(PO4)2,Zn (NO3) ZnCo3,Na2CO3

3 нұсқа


AICI3,AI(NO3)AIPO4, AI2(SO4)3,FeCI4,FeSO4,Fe(NO3)3, CuCI2
 Деңгейлік тапсырманы орындаңдар:

1. Күшті электролиттер қатарын тап:

а) KCI, H2S, FeCI3 б) HCIO4, H2SO4, HI c) HCN, HCI, K2S

2. Әлсіз электролиттер қатарын тап:

а) KCI, NaNO3, H2O б) H2S, NaOH, NaCI с) Fe(OH)2, H2S, HCN

3. Гидролизденетін тұздар жұбы:

a) FeCI2, NaNO3 б) MgSO4, K2SO4 с) FeCI3, CrCI3

4. Қышқылға тән диссоциациялану теңдеуі:

а) Na+ + HSO4- б) H+ + CI- с) Mg2+ + 2CI-
Есептерді шығарыңдар:

1.Құрамында 49 г күкірт қышқылы бар ерітіндіге 6,5 г мырыш салғанда бөлінген сутектің көлемі қандай?

2. Құрамында 49 г күкірт қышқылы бар ерітіндімен 4 г магний оксидін өңдегенде алынған тұздың массасын табыңдар.

3 Молярлы концентрациялары 0,1моль/л NaNOжәне HCOOK ерітінділерінің гидролиз дәрежелерін есептеу керек.

Жауабы: 1,6×10-5 және 2,4×10-5 .

4. 0,1моль/л NH4Cl тұзы ерітіндісінің гидролиз дәрежесі және гидролизденген тұз концентрациясын есептеу керек.

Жауабы: 7,45×10-және 7,45×10-6 моль/л.

5. Бір негізді қышқыл мен сілтілік металл тұзының 0,1моль/л ерітіндісінің гидролиз дәрежесі 0,04% тең. Осы тұздың гидролиз константасы мен тұз түзген қышқылдың диссоциация дәрежесін есептеу керек.

Жауабы: 1,96×10-11; 5×10-4.

6. 0,5моль/л ZnCl2 тұзының I саты бойынша жүрген гидролиз процесі үшін гидролиз дәрежесін h (ZnCl2) есептеу керек, егер КD(ZnOH+) = 1,5×10-9. Жауабы:3,7×10-3.

7. 0,1моль/л NH4Br тұзының гидролиз дәрежесін және рН мәнін есептеу керек. Жауабы: 7,45×10-5 және 5,13.

8. 0,02н Na2CO3 тұзының I саты бойынша жүрген гидролизі үшін ерітінді рН-ын есептеу керек. Жауабы: 11,66.

9. 0,01М КF ерітіндісі үшін гидролиз константасын, гидролиз дәрежесін және рН анықтау керек. Жауабы: Кг = 1,5×10-11; h = 3,9×10-5; рН = 7,59.

10. 0,1М және 0,001М KCN ерітінділерінің гидролиз дәрежесін және рН есептеу керек. Жауабы: h = 1,12×10-2; рН = 11,05; және h = 0,107; рН = 10,03.

11. 0,1М бір негізді органикалық қышқылдың натрий тұзының гидролизінің рН = 10 болса, осы қышқылдың диссоциация константасы. Жауабы: Кd = 10-7.

12. Мына тұздардың NaCN, NaNO2, Cr(NO3)3 гидролизінің ионды-молекулалық теңдеулерін жазып, ортасын көрсетіңдер.

13. 0,1М натрий карбонаты ерітіндісінің гидролиз константасын мен дәрежесін және ерітіндісінің рН-ын есептеу керек.

Жауабы: Кг = 2,1×10-4; h = 4,7×10-4; рН =11,7.


Жаттығуларды орындаңдар:

1. Қай тұздар гидролизге ұшырайды? Олардың гидролиз теңдеулерін жазу керек: K2SO4, Na2Se, BaS, LiCl, NH4NO3, ZnCl2, K2SO3, Na3PO4, HCOOK, NH4ClO4, KBrO, CuSO4, Bi(NO3)3.

2. Мына тұздар ерітінділерін бір-бірінен индикатор арқылы ажыратуға бола ма: NaClO4 және NaClO; KClO3 және NaAsO3; BeCl2 және BaCl2; KJ және NH4J; Na2CO3 және Zn(NO3)2?

3. Орта тұздарға қарағанда гидро- не гидроксотұздар гидролизге көбірек ұшырауы мүмкін бе? Мысал келтіріп, түсіндіріңдер.

4. Қандай тұздар гидролизге сатылап түседі? Саты саны неге байланысты және гидролиз интенсивтігі бірінші сатыдан соңғы сатыға қарай қалай өзгереді?

5. Гидролиз дәрежесі деген не, оған қандай факторлар әсер етеді? Оның мәнін қалай көтеруге не азайтуға болады?

6. Концентрациялары бірдей және бірдей температурада жүрген мына тұздар гидролизін гидролиз дәрежесі өсу ретімен орналастыру қажет:

CH3COONa, HCOOK, NaCN, KNO2. Висмут және сурьма тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл қосады. Неге?



7. Гидролиз константасы (Кг) деген не? Оның мәні тұздар табиғатына, ерітінді концентрациясына, температураға тәуелді ме? Әр түрлі тұздар үшін Кгмәнінің көп не аз болуы неге байланысты?

8. Екі тұздың ерітіндісін араластырғанда неге өзара бір-бірінің гидролизін күшейтеді? Кез келген тұздар жұбы осындай эффект бере ме?

Химиялық лото

ž 2HCI    Na2SO4     BaSO4  BaCI2

ž NaCO3     H2O   2HF   2NaF  CO2

ž HNO3  H2O  KOH   KNO3

 

Есепті орындаңдар:

1-мысал. Егер 0,1 М сірке қышқылының диссоциация дәрежесі

1,32×10-2 болса, оның диссоциация константасы және рК мәні қанша болады?



Шешуі: Освальд заңынан К = aСм = (1,32×10-2 )2 × 0,1 = 1,77×10-5, одан

рК = - lg K = − lg1,77×10-5 = 5 − lg1,77 = 5 – 0,25 = 4,75.



2-мысал. Циан сутек қышқылының диссоциация константасы

7,9×10-10 болса, оның 0,001М ерітіндісінде диссоциация дәрежесі қанша?



Шешуі: Освальд заңынан a = √ К м = √7,9×10-10 /10-3 = 8,9×10-4 .

3-мысал. 0,1М хлорлылау қышқылындағы НОСІ (К =5×10-8) сутегі ионы концентрациясын есептеу керек.

Шешуі: a = √К/См = √5×10-8/10-1 = 7×10-4 қышқылдың диссоциация дәрежесін есептеп, [Н+] = a∙См формуласына қойып, не [Н+]=√К×См формуласына қойып анықтауға болады.

4-мысал. 125г суға 0,85г мырыш хлоридін еріткенде ерітінді -0,23°С температурада кристалданатын болса, диссоциация дәрежесі қанша болады?



Шешуі: Ерітіндідегі тұздың моляльды концентрациясы

m = 0,85×1000/136,3×125 = 0,05моль/кг, мұндағы 136,3г/моль – тұздың молярлық массасы. Енді электролит диссоциациясын есепке алмай, кристалдану температурасының төмендеуін анықтаса, ▲tкрист.сан. = 1,86×0,05 = 0,093°С,

1,86 – судың криоскопиялық тұрақтысы.

Саналған және тәжірибе нәтижесінде анықталған кристалдану температураларын салыстырып, изотонды коэффициентті есептейді:

і = ▲tкрист. /▲tкрист.сан. = 0,23/0,093 = 2,47. Енді тұздың диссоциация дәрежесін есептейді: a = (і − 1)/(k – 1) = (2,47−1)/(3−1) = 0,735.


Каталог: uploads -> doc -> 073a
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
073a -> Қр білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, АҚтау қаласы «№13 гимназиясы»
073a -> Сыныбы: 3 Ә Уақыты: 02. Тақырыбы: «Жануарлардың көп түрлілігі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет