Технологиялық машиналар мен жабдықтар



Дата18.06.2018
өлшемі444 b.


Алин Жумагул Кулахметович Доцент, каф. МОНГП,ғылыми- педагогикалық стажы 35 ж Курс «Iштен жану қозғалтқыштары» ,050724-”Технологиялық машиналар мен жабдықтар ”мамандықтары үшін Курс көлемі- 3 кредит


  • Алдыңғы реквизиттері: «Іштен жану қозғалтқыштары» пәні «Жылутехникасы», «Теориялық механика», «Газтурбинді қондырғылар», «Материалдар кедергісі», «Машиналар мен механизмдыр теориясы», «Машиналар бөлшектері», «Сызба геометрия және инженерлік графика» пәндеріне тікелей негізделген.

  • Артқы реквизиттері: «Газмұнай құбырларының машиналары мен жабдықтары», «Технологиялық машиналарды жөндеу», «Ұңғыларды күрделі жөндеу жабдықтары».



  • Іштен жану қозғалтқыштары» пәнін оқытудағы мақсат студентерді мұнай және газ өндірісінде пайдаланылатын іштен жану қозғалтқыштарының құрылымдық ерекшеліктерін,жұмыс процестерінің теориясын, олардың жұмыс істеу процестерін, негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, техника-экономикалық көрсеткіштерін, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ережелерін үйрету.

  • «Іштен жану қозғалтқыштары» пәнінің міндеттері студентерге ІЖҚ пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыру, олардың жұмыс қорларын арттыру, отын мен жағар майларды үнемдеу, жылуды толық пайдалану және қоршаған ортаны улы шығарылымдардан қорғау, ІЖҚ отын ретінде газды пайдалану бойынша іс-тәжірибесі кезінде қажетті дағдылар мен білімдерді игерту. Бұл мұнай мен газ өндірісінің технологиялық процестерінің (бұрғылаудың, мұнай мен газды өндірудің және тасымалдаудың, құбырларды салудың) үздіксіздігі және жұмыс өнімділігі тәуелді, іштен жану қозғалтқыштары агрегаттардың және дербес энергия көздерінің жетектеушісі болуымен байланысты.



Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студентер:

  • - білуі керек поршеньді іштен жану қозғалтқыштарында қоспа жасау, жану, газ алмасу және жылу алмасу процестерінің негізгі заңдары мен теңдеулерін; қозғалтқыш жұмысының негізгі тиімді көрсеткіштерін, жұмыс процесінің көрсеткіштеріне, оның ішінде жұмыс істеп шыққан газдардың улы компонентеріне әртүрлі факторлардың әсерлерін, ІЖҚ дамуының бағыты мен болашағын;

  • - жасай алуы керек іс жүзіндегі циклді есептеу және математикалық моделдеу әдістерін пайдаланып қозғалтқыш жұмысының режимдерін есептеуді және қозғалтқыштардың жұмысының сипаттамаларын салуды;

  • - дағдылануы керек қозғалтқыштың жұмыс процесінің оңтайлы көрсеткіштерін алуға арналған стенділік сынақтарда, күйіне келтіру мен реттеулерде ІЖҚ тәжірибелік сипаттамаларын алуға және өңдеуге.

  • Оқуға ынталы болғанда бұл білім, тәжірибе және дағдылар мұнай және газ машиналары мен жабдықтарына өндірістік қызмет көрсету базаларында, автотракторлар және жөндеу кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінің лабораторияларында және т.б. қажет болуы мүмкін.



Білімді бақылау және бағалау

  • Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтинглік бақылау қолданылады. Балдық-рейтинглік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілген шкала түрінде беріледі.





Курстың саясаты мен процедурасы

  • 1. Жұмыстарды көрсетілген уақытта тапсыру.

  • 2. Жұмыстарды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

  • 3. оқу материалдарын игеру дәрежесі тестермен тексеріледі.

  • 4. Сабаққа кешікпеу.

  • 5. сабақтан қалмау.

  • 6. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  • 7. Үй тапсырмасын өз бетінше орындау.

  • Қазіргі кезде менің ғылыми бағыттарым мынадай: жылу двигательдерін зерттеу.

  • Дипломдық жұмыстардың тақырыптары мұнай өндіру кезіндегі пайдаланатын машиналардың конструкциясын жобалау .

  • Студенттердің оқылатын сабақтардан тапсыру кезіндегі орташа балы 85-90 %.



Каталог: files -> teacher-presentations
teacher-presentations -> Компьютерлік графика негіздері; Компьютерлік графика негіздері
teacher-presentations -> Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (эем) немесе компьютер болып саналады
teacher-presentations -> Тар мағынада құрылымдық және генетикалық құрылымдағы
teacher-presentations -> Сақабекова Ш.Қ. Т. Түс теориясы және түсті шығару. Оқу әдістемелік кешен. Алматы: ҚазҰТУ, 2014ж
teacher-presentations -> «Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы
teacher-presentations -> Философии түсінігі
teacher-presentations -> Презентациясы 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
teacher-presentations -> Хіх ғасырдағы-хх ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды
teacher-presentations -> Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады
teacher-presentations -> Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет