Технология түн көйлегінің мойын ойындысын әдіппен өңдеу



Дата07.07.2017
өлшемі60.46 Kb.
№ 275 орта білім беретін коммуналдық

мемлекеттік мекемесі


ТЕХНОЛОГИЯ

Түн көйлегінің мойын ойындысын әдіппен өңдеу

Технология пәнінің мұғалімі

Узакбаева Рысты Узакбаевна

Байқоңыр қаласы



Күні:

Сыныбы: 7 "Г"

Өтілген орны:



Сабақтың тақырыбы: Киімнің мойын ойындысын өңдеудің әдістері. Түн көйлегінің мойын ойындысын әдіппен өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға киімнің мойын ойындысын әдіппен өңдеуді меңгерту, өңдеудің технологиясымен таныстыру, қолданылатын тігіс түрлерін, терминдердің мағынасын түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, іс тігуде шыдамдылыққа үйрету, көз мөлшермен жобалау дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік: іс-әрекет барысында ұқыптылыққа үйретіп, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, мамандық таңдауға жол сілтеу;

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік, танымдық жаттығулар, практикалық, репродуктивті;

Көрнекіліктер: тірек сызбалар, нұсқау карталар, слайдтар, үлгілер, дайын бұйым, манекен;

Техникалық құрал - жабдықтар: мультимедиялық проектор, тігін машиналары

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия пәнімен байланысты;

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

3. Ағымдағы нұсқау беру. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Кіріспе нұсқау беру.

5. Сарамандық жұмыс.

6. Қорытынды нұсқау беру.

7. Үйге тапсырма беру.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгелдеу.

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару (психологиялық дайындық).

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

1. Түн кқйлегін дайындау үшін қандай жұмыстар орындалады?

2. Түн көйлекке қойылатын талаптар.

3. Түн көйлегін дайындаудың технологиялық жүйесі.

4. Түн көйлекті пішу.

5. Бұйымды бірінші өлшеуге дайындау.

6. Иық тігістерін өңдеу.

Үй тапсырмасын сұрап жатқанда екі оқушыға үлестірмелі карта таратылады.



1 тапсырма: таблицаны толтыр. Дұрыс жауабын жаз.


Өлшемдер

Өлшемдердің қолданылатын орны

Ма

Ко

Бұ



Қо





2 тапсырма: Түн көйлегінің иық қиықтарын өңдеу реттілігін айтып бер, қолданылған машина тігісінің сызбасы мен шартты белгісін тақтаға сызып бер.

Үй тапсырмасын қорытынды үшін сұрақтар беріледі, жауаптарын тыңдап толықтыру.

Оқушылар, біз өткен сабағымызда түн көйлегін өңдеудің

1. Қиылған бөліктерді бірінші өлшемге дайындап;

2. Түн көйлегінің иық қиықтарын өңдеу жолдарын өткенбіз. Бүгінгі сабағымызда осы реттілік бойынша иойын ойындысын әдіппепн өңдейміз.

ІІІ. Ағымдағы нұсқау беру. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақырыбы: Киімнің мойын ойындысын өңдеудің әдістері. Түн көйлегінің мойын ойындысын әдіппен өңдеу.



Мақсаты: оқушыларға киімнің мойын ойындысын әдіппен өңдеуді меңгерту, өңдеудің технологиясымен таныстыру, қолданылатын тігіс түрлерін, терминдердің мағынасын түсіндіру;

Әдіп-бұйымның қиықтарын өңдейтін бөлшек. Ол бұйымның қиықтарын өңдейтін бөлшек. Ол бұйымды сетінеуден және созылудан сақтайды. Егер әдіп өңделетін қиық(ойынды) пішінін қайталаса ойылған әдіп кесіндісі деп аталады.

Мойын, қолтық ойындысы және өңірасты шеттері ойылған әдіппен өңделеді.

-қиғаш қиылған;

-негізгі жіптің бағытын сақтап қиылған;

-бұйымның оң жағына салынып тігілген;

- бұйымның терістеме жағына салынып тігілген;

Қиғаш қиылған жолақшалар матаның негізгі және арқау жіптеріне 450 бұрыш жасап қиылады. Олармен дөңгелек және сүйір(сопақ) ойындыны өңдеуге болады. Жолақшаның ені 3.5-4.0см, дайын күйінде 0.7см.

Бұйымның оң және теріс жағына әдіп салғанда мойын ойындысының пішіні мен негізгі жіптің бағытын сақтап қияды. Пішіні төртбұрышты, домалақ, бұрышты, күрделі пішінді ойықтар болуы мүмкін.

IV. Кіріспе нұсқау беру.

Біз өткен сабағымызда әркім өз көйлегіне алғашқы өпшем өткізгенде мойын ойыдысын өз қалауларыңша өзгертіп, соған сәйкес пішінде әдіп дайындау үшін үлгі қиып алған болатынбыз.(дайындалу реттілігін слайдтан оқушылардан сұрау арқылы түсіндіру)



V. Сарамандық жұмыс.

Түн көйлегінің мойын ойындысын әдіппен өңдеу.

Оқушылар, ойылған әдіптің пішіндері әр түрлі болғанымен, өңделуі ұқсас сондықтан әр түрлі пішінде өңдейтін боламыз.

Нұсқау картасы

1. Артқы және алдынғы бөліктерді

қағаз бетіне инешелермен қыстырып

бекіт. Артқы және алдыңғы бөліктердің

мойын ойындыларын қағазға бастырып,

сызып ал.

2 .Бөлшектерді қағаздан бөліп ал.

Қағаздағы үлгі - мойын ойындысынын

әдібі, әдіптің жалпақтығы 3,5-5см етіп

сызып, әдіпті бұйымға байланысты әр

түрлі пішімде алады
3.Матаны негізгі жібі бойынша екіге

бүктеп, оның бетіне әдіптерді

жайғастырып қой. Иыққа берілетін

тігісті алуды ұмытпа, үлгіні бормен

немесе қаламмен сызып, қиып ал.
4.Әдіптерді желімді қатырмамен өңде.

Ол үлгіні матаның теріс бетіне қатырма

қойып үтікпен бастырып біріктіріп ал.

Әдіпке астарды жапсырарда оны қолмен

тартыңқырап үтікте, өйткені әдіптің бастапқы

пішімі өзгеріп кетеді.

5. Әдіптің ашық кесіндісін торлап, оң беттерімен

қосып, иық кесінділерін біріктір.

6. Дайын әдіпті бұйымның оң жақ беті

арқылы жайғастыра орналастырып

қиықтарын түзетіп, иық тігістерін

беттестір. Әдіптердің ортасын тауып,

бұйымға көктеп қой, әдіп дәл келген соң,

мойын кесіндісі бойынша бұйымға

айналдыра сырып тігіп шық (0,5см).

Тігістің ойық жерлерін тігіске

жеткізбей 2 мм, кертіп қиып шық.


7.Әдіпті оң жағына аударып тігісті

дұрыстап,

әдіпке 1-2мм әдіп қалдыра отырып,

көктеп қой. Үстінен бастыра үтіктеп

шық.


VI. Қорытынды нұсқау беру.

1. Дайындалған әдіпті бұйымға тіккізу.

2. Оқушылардың жұмыстарын тексеру.

2. Жұмысты жақсы, шалт, ұқыпты орындаған оқушылардың жұмыстарын атап көрсету.
Жаңа сабақты бекіту.

1. "Кім жылдам?" танымдық ойыны (мойын ойындысының пішініне қарап қалай, немен өңделгенін сұрау).

2. Манекендегі түн көйлегіне сипаттама беру.
VII. Үйге тапсырма беру.

1. Әдіпті бұйымға көктеу.



2. Дәптерге жаңа термин сөздерді жазу.
VIIІ. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 1371
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1371 -> Клеточное строение организма
1371 -> Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет