«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата05.04.2018
өлшемі70.45 Kb.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру»

мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) және жоғары оқу орындары (бұдан әрі –ЖОО) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ТжКБ және ЖОО веб-сайтарында орналасқан.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жатақхана берілетіні туралы жолдама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелмейтін ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 минуттан артық емес;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 7 күннен аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

10. Мемлекеттік қызмет ТжКБ ұйымдарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында күту үшін және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажетті құжаттар тізбесі мен құжаттарды рәсімдеу үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орындар). Дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушылар кедергісіз қол жеткізуі үшін ғимараттарда пандусы бар кіреберіс қарастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:



1) Стандарттың 1- қосымшасына сәйкес жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2) 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет;

3) 086-У нысандағы медициналық анықтама;

4) факультет деканатының қолдаухаты

5) отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама;

6) ата-анасының біреуі немесе ана-аналары қайтыс болған жағдайда ата-анасының қайтыс болғаны туралы анықтама (жетімдер үшін);

7) отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін);

8) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

9) оқу орнынан анықтама.

12. Мемлекеттік қызметті алу туралы өтініштер нысандары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының фойесінде орналасады немесе мамандарда болады.

13. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін сұраныс құжаттары ТжКБ ұйымының және ЖОО-ның фойесінде орналастырылады, немесе мамандардан алуға болады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрлері;

3) қосымша құжаттардың атауы мен саны;

4) күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдап алған ТжКБ және ЖОО өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;

15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмағанда. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады;

2) ТжКБ және ЖОО жатақханаларында орын болмағанда.


3. Жұмыс қағидаттары

 

17. ТжКБ және ЖОО қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпияда ұстау қағидаттарында жүзеге асырылады.


4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.



20. Мемлекеттік қызметтің сапа және нәтижелілік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. ТжКБ ұйымдары мен ЖОО қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ТжКБ ұйымдары мен ЖОО оқу бөлімдерінен алуға болады. Арыздар ауызша және жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.



22. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда белгіленген жұмыс кестесін сәйкес жоғарғы апелляциялық инстанция – ҚР Білім және ғылым министрлігіне шағымдана алады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Азаматтардың өтініштері, соның ішінде шағымдары жазбаша түрде еркін нысанда қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына қарай қосымша құжаттарды беруге болады.

25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

_____________________________________

«Техникалық және кәсіптік білім

беру ұйымдарында, жоғары оқу

орындарында оқитындарға

жатақхана беру» мемлекеттік қызмет

стандартына 1-қосымша

Өтініш

_____________________________________________________________________________'>_____________________________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

_____________________________________________________________________________

(факультет/бөлім, мамандық)



_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
«_____»_________20__ж.

______________(қолы)

__________________________________________


«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша




Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 



Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған

мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)



 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпараттық қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 



______________________________________


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет