Тазалық-денсаулық кепілі



Дата10.04.2018
өлшемі44.61 Kb.
#65730
түріСабақ
Тазалық-денсаулық кепілі

Смагулова Майкен Қалымқызы

Қ.Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Негізгі мақсаты:

Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен тансытыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.

Салақтық, ұқыпсыздық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету.


Оқу нәтижлері:

Тазалық шараларын сақтауға, ұқыпты болуға үйренеді.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың сөйлеу, тиянақты ойлау сезімін дамыту;

Оқушы мүмкіндігі мен қабілетін ашатын әдістерді қолдану;

Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру:

Өзін және өзгені әділ бағалауды үйрену.



Сабақтың көрнекілігі:

Бейне көрсетілім, постер, стикер, смайлик, қапшықтар, қағаз ақшалар, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер.

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Сабақ кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Модуль

Ұйымдастыру

2 мин

«Ақ тілек. Әсем күлкі»

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет! (қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

-Ынталарыныз қалай?

-Ғажап! (бас бармақтарын көрсетеді)

Ендеше сабағымызды бастайық!




Оқушылар ойынды ереже бойынша ойнап, көңілдері көтеріліп, сергіп қалады.

Ынтымақтастық орнату; Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері.

2 мин

Шаттық шеңберінде тұрып, жақсы психологиялық ахуалды қалыптастырып алған соң, «Тазалық», «Денсаулық», «Айнадай», «Мұнтаздай» сөздері жазылған қима қағаздардан сөз құрастыру арқылы, топтарға бөлініп отырады.

Оқушылардың назарын тақтаға аудартып, қазақтың ұлттық «Теңге алу» ойынының суретін көрсетемін. Оқушылар суретті сөйлету арқылы ойының шартын анықтап, бүгінгі сабақтың бағалау тәсілімен танысады.



1-топ: «Тазалық»

2-топ: «Денсаулық»

3-топ: «Айнадай»

4-топ: «Мұнтаздай»

Оқушылар бағалау тәсілімен танысып, жеке қапшықтарға әр тапсырма бойынша жауаптарына байланысты теңгелер жинайды.



Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. Формативті бағалау.

Білу

6 мин

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін, оқушыларға интерактивті тақтадан ai-mektep топтамасынан Ыбырай Алтынсарин туралы жас ерекшеліктеріне сай бейне көрсетілім көрсетіледі. Визуалды көру арқылы оқушылармен диалогқа түсіп, сұрақтар қойылады.

  1. Бейнеролик бойынша нені түсіндік?

  2. Мен үшін не жаңа мағлұмат болды?

  3. Нені білгім келеді?

Оқушылар бейнероликті мұқият көріп, визуалды есте сақтау қабілеттері арқылы, көрген, түйген мәліметтерін талқыға салады. Алынған мәлімет талқыланып, оқушылардың өздерінің білетін мәліметтерімен толықтырылады.

Сын тұрғысынан ойлау. Формативтік ауызша марапаттау.

Түсіну

8 мин

Сабақтың тақырыбын ашу, мақал-мәтелдегі жасырынған сөздерге құылған сөзжұмбақ шешу арқылы жүргізіледі.

  1. Ғылым таппай..

  2. Асық ойнаған...

  3. Ақыл азбайтын...,

Білім – таусылмайтын кен.

  1. Әдепті бала...

  2. Бірлік түбі...



  1. ... инемен құдық қазғандай.

  2. ...-арлы бала.

  3. ...талпынған құстай.

  4. Тазалық-....кепілі.

  5. Ұрлық түбі-...

Сөзжұмбақ шешіліп, «тазалық» сөзіне қарама -қарсы сөз «салақтық» сөзі екені анықталу арқылы, сабақтың тақырыбы ашылады.

Сын тұрғысынан ойлау. Формативті бағалау. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту.

Қолдану

6 мин

Оқулықпен жұмыс.

ЖИГСО әдісі арқылы оқулықтағы Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» тақырыбындағы әңгімесін оқу.



Оқушылар берілген мәтінді жеке оқып шығып, жұбымен бөлісіп, топта өзара талқылап, әр топтың топ басшылары бөлімдерді жалғастыру арқылы ой-пікірлерімен бөліседі.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту. Сын тұрғысынан ойлау. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Сергіту

3 мин

Тазалық тақырыбына байланысты «Микробтар» мульфильмі көрсетілді.

Жақсы әсер алып, талдап, «отшашу» жасалынды.

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту.

Талдау

10 мин

  1. Тазалық тобы.

Постер қорғайды.

  1. Денсаулық тобы.

«Мәтінді сахналау»

  1. Айнадай тобы.

Ой толғау «Керімге хат»

  1. Мұнтаздай тобы.

«Салақтық» сөзіне кластер құру.

Оқушылар оқулықты және қосымша ақпаратты пайдаланып, берілген тапсырманы топпен ақылдаса отырып талдап, постер қорғап шығады.

Сын тұрғысынан ойлау. Диалогтық оқыту. АКТ Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Жинақтау

4 мин

Рефлексия

Сиқырлы тілек.

Оқушылар бүгінгі тақырыптан алған білімдерін пайдалана отырып, Керімге деген ақыл-кеңестерін стикерге жазып, салақ Керімге жолдайды. Кері байланыс орнатылады.



Оқушылардың сиқырлы қағазға жазылған ақыл-кеңестері Керімнің жақсы жағынан өзгеруіне көмектеседі. (Бұл тапсырманы интерактивті тақтада жасалған слайдтың көмегімен көрсетіледі.)

Сын тұрғысынан ойлау. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Бағалау

3 мин

Критериалды бағалау.

  • Оқушылардың критерий бойынша жинаған теңгелерін санап, формативті бағалауларын ескере отырып, өзім жиынтық бағаларын қойып шығамын.




Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.

Үйге тапсырма

1 мин

Мәтінді түсініп оқып, «Тазалақ – денсаулық кепілі» тақырыбына шағын эссе жазу.

Күнделікке тапсырманы жазып алады.






Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет