Тазалық денсаулық кепілі! 18 сәуірде аудан әкімдігінің 31



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата09.08.2018
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5

ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

18  сәуірде  аудан  әкімдігінің  31

наурыздағы аудан елді мекендерінде екі

айлық  санитарлық  және  көріктендіру

жұмыстарын  жүргізу  жөніндегі

қаулысын  орындау  мақсатында  қызу

жұмыстар  басталып,  барлық  ауылдық

округтерде  сенбілік  өткізілді.

Екі  айлық  тазалық  жұмыстарын

жоғары  деңгейде  ұйымдастыру

мақсатында  аудандық  штаб  құрылып,

ауыл  және  селолық  округ  әкімдерінің

қатысуымен  өткен  аудандық  штаб

отырысында  13  сәуір  мен  13  маусым

аралығында  атқарылар  жұмыстар

көлемі  анықталып,  оған  қосымша

мемлекеттік  мекемелер  басшыларынан

олардың  келісімімен  әр  елді  мекенге

және  аудан  орталығындағы  көшелер

тазалығына жауапты тұлғалар бекітілді.

Сенбілік 

күні 


мекемелер

қызметкерлерінің, 

қоғамдық

ұйымдардың, 

этно-мәдени

бірлестіктердің  мүшелері,  шаруа

қожалықтарының,  кәсіпкерлердің,

жастардың  және  ауыл  тұрғындарының

қатысуымен  көшелерді  көң-қоқыстан

тазалау,  ағаш  түптерін  әктеу,

қоршауларды  сырлау,  көшеттер

отырғызу, 

саябақтардағы

ескерткіштерді  қалыпқа  келтіру,  Ақсу

өзенінің  жиегін  тазалау  жұмыстары

атқарылды.

Аудан бойынша өткізілген сенбілікке

55  мекеме,  кәсіпорын  қызметкерлері

қатысты.  Тазалық  жұмыстарына  ауыл

және  селолық  округтар  бойынша  40

автокөлік жұмылдырылды.

Жалпы  аудан  бойынша  сенбілікке

4300  адамнан  аса  ауыл  тұрғындары

атсалысты.

Сенбілік  күні  1  мың  тонна  қоқыс

шығарылды,  1820  ағаштар  мен

көшеттер 

түзетіліп, 

әктелінді.

Гүлзарлар  орындарына  арналған  910

шаршы  метр  аумақ  әзірленді.  Аудан

бойынша көң-қоқыстан тазаланған жер

көлемі  68000  шаршы  метрді  құрады.

Ауыл  және  селолық  округтар

бойынша  1050  ағаш  және  245  бұталар

отырғызылды.

Сенбілікке 

қатысушылардың

белсендігіне  қарамастан,  аудан

бойынша 


сенбілік 

күнінен


жоспарланған  жұмыс  көлемі  толықтай

орындалған  жоқ.  Аудан  орталығы

Көктөбе  ауылында  және  селолық

окургтар  орталықтарында  кейбір

көшелерде  жиналған  көң-қоқыстар

шығарылмай қалды. Көше бойында өсіп

тұрған  ағаштар  әктелген  жоқ.

Көптеген  сауда  орындарына

қарасты  аумақтар  дұрыс  тазаланбай

және  көріктендіру  жұмыстары

жүргізілмеген.  Сондай-ақ,  Көктөбе

ауылындағы  Нұрлыбек  Баймұратов

көшесінде кезінде бау-бақша салу үшін

берілген  жерлерді  үй  иелері  дұрыс

қолданбай,  сол  жерлерді  мал  қамауға,

көң-қоқыс  төгуге  пайдалануда.  Бұл  да

ауыл  ажарын  бұзатын  іс.

Республикалық  маңызы  бар  Ленин

кенті 

– 

Ақсу-Көктөбе-Ақжар-



Курчатов 

жолының 


бойында

орналасқан,  оның  ішінде  Баскөл

ауылындағы  «Жоламан»,  аудан

орталығындағы «Астана» дәмханалары

тазалық  жұмыстарын  атқармағаны

анықталды.  Аталмыш  қоғамдық

тамақтану  орындарының  маңайы

ластанған,  тұрмыстық  қалдықтар

төгетін  орындары  қоршалынбаған.

Бұндай кемшіліктер аудан көлемінде аз

емес.

Үлкен  ақсақалдардан  жеткен



Алаңдауға негіз жоқ

Қыс  бітіп,  көктемнің  алғашқы

күндерінде аудан көлемінде екі күн қар

жауып,  ойда  жоқта  бәрімізді  әбігерге

салды. 

Күннің 


күрт

жылынуымен  бірге  жоспар

бойынша  Ертіс  өзенінің  су

қоймаларынан  су  жіберіліп,

өзен  жағалауындағы  өзектер,

тоғай алқабын су басып, жағаға

жақын  орналасқан  ауылды  елді

мекендерге су өте жақын келді.

Төтенше 

жағдайлардың

алдын  алу  мақсатында  аудан

әкімі  Б.З.Ысқақова  бастаған

штаб  мүшелері  аудандағы

ахуалды  зерттеп,  жағдайды

бағамдай  келе,  өзен  арнасының

көлемін  тәулік  бойы  бақылау

үшін кезекшілік ұйымдастырды.

Бақылау  жұмыстарының

қорытындысы 

бойынша


Көктөбе 

ауылына 


және

Малайсары  селолық  округіне

қарасты  Ақсарай  ауылына  су  басу

қаупі төнуі мүмкін екендігі анықталып,

тиісті  шаралар  қолға  алынды.  Оның

ішінде Ақсарай ауылының өзен жағына

ұзындығы 2 шақырымдай арық қазылып,

«Азаматына қарап ауылын таны» деген

даналық  бәрімізге  де  ортақ  айтылған

ақыл  сөз.  Осыған  орай  үлкен  саяси

науқанның  алдында,  Қазақстан

халқының  бірлігі  күні  және  Ұлы  Отан

соғысындағы  Жеңістің  70  жылдығы

қарсаңында  екі  айлық  тазалық

жұмыстары аясында ауыл және селолық

округтер  аумақтарында  санитарлық

тазалық 

және 


көріктендіру

жұмыстарын қолға алып, жоспарланған

жұмыстарды  уақытында  орындап,

ауылымызды  көркейтуге  баршамыз

атсалысайық,  ағайын.

М.Қызыр

Н.Баймұратов көшесінің бүгінгі тазалық жағдайы

бөген  жасалды.  Оған  қосымша  құм

салынған  қапшықтар  дайындалды.

Аудан орталығы Көктөбе ауылының

Кеңтүбек  ауылына  іргелес  жатқан

бөлігіне  де  су  басу  қаупін  болдырмау

ж ұ м ы с т а р ы

атқарылды.  Бұнда  да

барлық 

қажетті


шаралар  қабылданды.

Т ө т е н ш е

жағдайлардың  алдын  алу  жұмысына

«Май-сервис» 

коммуналдық

кәсіпорнының 

техникалары

жұмылдырылды. Коммуналдық мекеме

басшылығы  бұл  істі  атқаруда  бар

мүмкіндігін  пайдалана  отырып,  өте

жоғары  жауапкершілік  танытты.

Төтенше  жағдай  төну  қаупі

сейілгенше  аудан  әкімі  Б.Ысқақова

бірнеше рет селолық округтерді аралап,

ондағы 

жағдайды 



байқап,

т ұ р ғ ы н д а р м е н

кездесіп, 

сол


ж е р л е р д е г і

кезекшіліктегі  штаб

мүшелеріне, 

ауыл


және  селолық  округ

әкімдеріне 

нақты

тапсырмалар  беріп,



халық 

арасында


т ү с і н д і р м е

жұмыстарының  одан

әрі 

жүргізілуін



күшейтуді  тапсырды.

Қазіргі 


уақытта

аудан 


көлемінде

көктемгі 

су

тасқынынан  кейінгі



жағдай  бірқалыпты,

алаңдауға  негіз  жоқ.



Өз  тілшіміз.

PDF created with pdfFactory Pro trial version 

www.pdffactory.com


«Қазақстан  2050»  Стратегиясының

мақсаты  –  Қазақстанның    әлемнің

дамыған  30  елдің  қатарына  кіруі.

Қазақстан 

Республикасының

Президенті          Н.Назарбаевтың  жыл

сайынғы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа

бастар  жол»  атты  Жолдауында

көрсетілген  жаңа  экономикалық

саясатта 

рөлі 

Қазақстанның



экономикалық өсуінің драйвері ретінде

айқындалған  шағын  мен  орта  бизнесті

қолдауға    және  дамытуға  бағытталған

шаралар  кешені  белгіленген.

Қазір  Май  ауданы  бойынша

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының

негізгі  миссиясы  тек    салықтар  мен

кедендік  төлемдерді    өндіріп  алудан

емес,    салықты  жеңіл  әрі  қолайлы

төлеуге  болатын  табысты  бизнес-

ортаны  қалыптастырудан  тұрады.

Осыған 


байланысты, 

бірыңғай


механизм ретінде салық және кедендік

тәуекелдер  жүйелерін  қалыптастыру

аяқталуда,  тиісінше  бақылау  үшін

объектілерді  іріктеу  тиімділігі  артады.

Негізге  алынатын  ұстаным:  «Заңның

бұзылуы  жоқ  болса,  жаппай  бақылау

болмайды».  Тексеруді  жоспарлау

тәуекелдерді  басқару  жүйесі  негізінде

қалыптастырылады.  Тексерудің  жалпы

саны елеулі қысқартылады, бірақ сапасы



Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар

жол» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы

мен    нәтижелілігі  артады.

Біздің  міндетіміз    –  бірыңғай

қазыналық  жүйенің  интеллектуалдық

және  талдамалық  деңгейін  көтеру!

Қолайлы  кәсіпкерлік  ахуалды  жасау

үшін    көрсетілетін  қызметтер  сапасын

арттыру  жұмысы  жүргізілуде:  тіркеу

есебінен  алу  үшін  дара  кәсіпкерлер

ұсынатын құжаттар саны қысқартылды,

ХҚО арқылы жеке салық өтініштері  мен

салық  есептілігі  нысандарын  ұсынуға

жағдай  жасалды,  салық  төлеушінің

кабинеті арқылы кедендік декларацияны

беру  мүмкіндігі  іске  асырылды.

Жалпы аудан бойынша электрондық

үкімет  және  ведомстволық  портал

арқылы  электрондық  түрде  қызмет

көрсетудің  жақсаруы  байқалады.  2014

жылы  электрондық  түрде    көрсетілген

қызметтердің  үлес  салмағы  74%-ды

құрады.


Тарату  салықтық  тексеруге  балама

ретінде 


аудиторлық 

ұйымның


қорытындысы 

негізінде 

салық

төлеушілерге  таратылуға  мүмкіндік



беру  арқылы  ерікті  тарату  рәсімі

оңайлатылды.

Сонымен  бірге,    бақылау  іс-

шаралары  жалпы  санының  азаюына

қарамастан, біз жосықсыз кәсіпкерлерге

бақылау  жүргізуді  күшейтеміз.

Ағымдағы  жылғы  қарашадан  бастап

жұмыс  істейтін  құрылымымыздағы

экономикалық  тергеу  қызметі  құқық

бұзушылықтардың  алдын  алу  және

салықтар  мен  төлемдерді  бюджетке

өтеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс

жүргізеді.

Басқармасының  негізгі  мақсаты  –

заңды  бизнеске  жағдай  жасау,  таза

бәсекені  қамтамасыз  ету.

Бүгінгі  күні  кәсіпкерлерге  ашық,

адал жұмыс істеуге және өз құқықтары

толық қорғалатынына сенімді болуына

мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда.

Нәтижесінде  бизнес  тұрақты  дамып,

салықтардың  жиналуы  өсуде.    2010

жылы 

мемлекеттік 



бюджетке

салықтардың түсуі  326,6 млн. теңгеден

2014  жылы    483,4  млн.  теңгеге  дейін

ұлғайды.


Жүргізіліп  жатқан  қайта  құрулар

қойылған  міндеттерді  іске  асыруға  да,

бюджетке  салықтар  мен  өзге  де

төлемдер 

түрінде 

қаражатты

қайтаруды қамтамасыз етуге де жағдай

жасайды.


Т.Масалимов,

Май  ауданы  бойынша

Мемлекеттік  кірістер

басқармасының  басшы.

Май  аудандық  тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасы 2015

жылдың  22  сәуірінде  Май  ауданы

әкімшілігінің акт залында  «Ауданның

сауықтыру 

мекемелерінде

дайындық іс-шараларын өткізу және

ұйымдастыру» 

тақырыбына

дөңгелек  үстел  өткізді.

Дөңгелек  үстелге  аудан  әкімінің

орынбасары  –  Құсайынова  М.Қ.,

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші

орынбасары – Байғалиев А.Б., білім

беру бөлімінің басшысы – Әлібекова

Т.Қ.,  тұрғын-үй  коммуналдық,

шаруашылық,  жолаушылар  көлігі

және автомобиль жолдары бөлімінің

басшысы  –  Қалияқбаров  А.С.,  Май

аймақтық кәсіпкерлер Палатасының

директоры  –  А.К.  Шамбасов  және

мектеп  директорлары  шақырылды.

Дөңгелек  үстел  барысында,

ауданымыздың 

сауықтыру

мекемелерінде 

дайындық 

іс-

шараларын 



өткізу 

және


ұйымдастыру,  сонымен  қатар

дайындық  жұмыстарын  жүргізу

кезінде 

кездесетін 

маңызды

мәселелер 



туралы 

айтылды.


Дөңгелек 

үстел 


барысында

қойылған  сұрақтарға  жауаптар

беріліп,  түсіндіру  жұмыстары

өткізілді.



Аудандық  тұтынушылардың

құқықтарын  қорғау  басқармасы.

V  сайланған  Май  аудандық

мәслихатының  кезектен  тыс  XLVІІІ

сессиясы  2015  жылғы  28  сәуір,

сейсенбі  күні,  сағат  15-00-ге

шақырылады.

Өткізілетін  орны  :        аудандық

мәслихат


Күн  тәртібінде  негізгі  мәселе:

1. Май аудандық мәслихатының (V

сайланған  ХLІІІ  (кезекті)  сессиясы)

ХАБАРЛАНДЫРУ

2014  жылғы  24  желтоқсандағы

«2015-2017  жылдарға  арналған  Май

аудандық  бюджет  туралы»  №  1/43

шешіміне  өзгерістер  енгізу  туралы.

2.  Басқадай  мәселелер.

Сессияға  аудандық  мәслихаттың

депутаттары  шақырылады.



Май  аудандық

  мәслихат  аппараты.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70

жылдығы  мерекесіне  дайындық  және

салтанатты  түрде  атап  өту  мақсатында

аудан  орталығы  Көктөбе  ауылында

және 


селолық 

окуругтардың

орталықтарында орналасқан Ұлы Отан

соғысына  ауданымыздан  аттанып,

майданда  қаза  тапқан  жауынгерлерге

қойылған ескерткіштерді жаңарту және

жөндеу  жұмыстарын  өткізу  үшін

аудандық  бюджеттен  10  миллион  754

мың  теңге  қаражат  бөлінді.  Оның

ішінде  Ақшиман  ауылына  431  мың

теңге,  Баскөл  селолық  округіне  1

миллион  115  мың  теңге,  Көктүбек

селолық  округіне  3  миллион  560  мың

теңге,  Кеңтүбек  ауылына  1  миллион

47  мың  теңге,  Малайсары  селолық

округіне 733 мың теңге, Саты селолық

округіне 557 мың теңге, Қазан селолық

округіне  820  мың  теңге,  Майтүбек

ауылына  517  мың  теңге,  Қаратерек

селолық  округіне  874  мың  теңге,  Май

селолық  округіне  567  мың  теңге,

Ақжар  ауылынан  533  мың  теңге

қаражат  берілді.

Ауыл  және  селолық  округтар

әкімдерінің  аппараттары  аталған

жұмыстарды  өткізу  мақсатында

конкурстар  жариялап,  мердігерлер

анықталды.  Бүгінгі  күні  барлық

ауылдарда  ескеркіштерге  жаңарту

және  жөндеу  жұмыстары  атқарылып

жатыр.

Аудан  бюджетінен  ең  көп  қаражат



ЖЕҢІС САЯБАҚТАРЫ

ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛУДЕ

Көктүбек  селолық  округіне  бөлінді,

қазіргі  уақытта  саябақ  түгелдей

өзгертіліп,  қураған  ағаштардан

тазартылып, Мәңгілік алауға барар жол

брусщаткадан салынуда. Бұл жұмысты

атқаруға  атсалысып  жатқан  белгілі

кәсіпкер,  аудандық  мәслихат  депутаты

Жасқайрат Нұров жөндеу жұмыстарын

Жеңіс 


күніне 

дейін 


аяқтау

жоспарланғанын  айтты.

Сондай-ақ,  ескеркіштерге  жаңарту

және  жөндеу  жұмыстарын  Кеңтүбек

селолық  округында  «Темир  Каррида»

жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі

келісімшарт  бойынша  бастаған

жұмыстарын  мезгілінде  аяқтап,

тапсырыс  берушіге  тапсырды.

Майтүбек  ауылында,  Саты  селолық

округында  мердігер  «Әсел  жарнама»

жеке кәсіпкерлігі бүгінгі күні жұмыстың

едәуір  бөлігін  тәмамдап,  шарт

бойынша  30  сәуірде

бітіруді  көздеп  отыр.

Баскөл, 


Қазан,

Қ а р а т е р е к ,

Малайсары  селолық

о к р у г т е р і н д е г і

е с к е р т к і ш т е р д і

жөндеу  жұмыстарын

өткізу 

үшін


конкурсты 

ұтып


алған  «НұрСила»

ж а у а п к е р ш і л і г і

шектеулі  серіктестігі

шарт 


бойынша

қ ұ р ы л ы с

жұмыстарын  сәуір

айының соңына дейін

бітіруді  жоспарлап

отыр.


Ұлы  Жеңістің  70

жылдығы қарсаңында

соғыс  ардагеріне,

аудан  тұрғындарына,

оның  ішінде  тыл

ардагерлеріне,  еңбек  ардагерлеріне,

әсіресе,  еліміздің  болашағы  бүгінгі

өскелең  жастар  үшін  ескерткіштердің,

олар  орналасқан  саябақтардың  көз

тартар  көрікті  болуы,  ондағы  құнды

деректер  үлкен  тәрбиелік  құрал.  Оған

қоса,  бұл  жастардың  патриоттық,

Отансүйгіштік  сезімін  оятады.

Олай  болса  Жеңіс  саябақтарын

жөндеуден  өткізіп,  үлкен  мерекелерді

өткізгеннен кейін де ол жерлерді үнемі

қастерлеп,  кие  тұтқанымыз  абзал.

Өйткені,  бұл  біздің  өткен  өміріміз,

терең  тарихымыз.

Өз  тілшіміз.

23 сәуір күні Көктөбе ауылындағы

Тәуелсіздік  алаңында  Ақтоғай

ауданынан  келген  «Жас  қанат»

жастар  бастамаларын  дамыту

орталығының  директоры  Серік

Аяғанов  арнайы  нышан  белгісінде

«Жастар  –  ел  болашағы»  атты

жазуы  бар  ауыспалы  кубокты  Май

ауданының  «Армандастар»  жастар

орталығының  директоры  Ернұр

Ибраевқа  табыстады.  Ауыспалы

кубокты  табыстаудың  мәні  -

жастарды  алдағы  саяси  науқанға

қатысуға 

шақыру, 


олардың

қоғамдағы  белсенділігін  арттыру

екендігі  айтылды.

Орталық 


алаңда 

жиылған


жастарға  «Армандастар»  жастар

орталығының  директоры  Е.Ибраев,

Жастар сайлауды

қолдайды


аудандық  мәслихат  депутаты

А.Жетібаева  сайлауға  қатысудың

ел  өмірінде  алар  орны  жайлы

түсіндірсе,  биыл  алғаш  рет  дауыс

бергелі отырған жастар М.Қадыр мен

М.Галиева 

замандастарын

Президент  сайлауына  белсене

атсалысып,  өз  дауыстарын  беруге

үндеді.


Тәуелсіздік 

алаңында 

ән

шырқалып,  жастарға  түрлі  тілектер



арналды.  «Жастар  сайлауды

қолдайды» 

флешмобы

ұйымдастырылып,  дауыс  беруші

белгісінде  би  билеген  жастар

көпшілікті  26  сәуірден  өтетін

сайлауға  қатысуға  шақырды.

Өз тілшіміз.

PDF created with pdfFactory Pro trial version 

www.pdffactory.com


Ұлы Жеңіске - 70 жыл! Бұл Жеңіске

жеткендер де бар, жете алмай арманда

кеткендері  қаншама.

Бұл 


Жеңіс 

халқымызға

оңайлықпен  келген  жоқ.  Сұм

соғыстың  оты  шалмаған,  қайғы-

қасірет  әкелмеген  отбасы  кемде-

кем  шығар.

Ұлы  Жеңіс  –  Отан  соғысы

жылдары  аянбай  еткен  тыл

еңбеккерлерінің  төккен  тері  мен

соғыс  даласында  жанкештілікпен

Отанын  қорғаған  ерлеріміздің

төгілген  қанымен,  ерлігімен  келді.

Мен  бүгін  осындай  тылда  жан

аямай  еңбек  еткен  әкем  Шайхы

Мықышұлы  мен  соғыс  төрінде,

алған  жарақаттарына  қарамай,

ерлікпен  елін  қорғаған  майдангер

ағам  Уәлиев  Жамақ  туралы

айтпақпын.

Бұл екі адамның туыстығы жоқ,

бірақ  туыстан  да  артық  адал  дос

болған  адамдар.

Екеуінің  достығы,  досқа  деген

адалдығы, 

қимасын 

қиған


жолдастығын  айтсақ,  бүгінгі  жас

ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Екеуі

де  кезінде  Павлодар  облысы

Бесқарағай  ауданында  дайындау

саласында  (система  заготовки)

бірге  қызметтес  болған,  көрші

тұрған.

Өкінішке  орай  Уәлиев  Жамақ



ағаның  артында  жақын  туыс,  ұрпағы

қалмаған.  Ол  кісінің  ұрыс  даласында

жүрген  жерлері,  әскери  шені  туралы

мәліметтерден  хабарым  жоқ.  Сол

себептен  Ресей  Федерациясының

Подольск  қаласындағы  орталық

архивіне  сұрау  салып  хат  жазған  едім,

әлі  жауап  ала  алмай  отырмын.

Екі дос соғыс жылдары хат жазысып,

байланыстарын  үзбеген.  Жамақ

ағамның  18.12.1944  жылы  «№59224

полевая  почта»  деген  адреспен  келген

хаты  ғана  сақталыпты.

Екеуінің  достығының  шынайы

екендігіне,  адалдықтарына  дәлел  әкем

мен  шешемнің  кейін  айтып  отыратын

әңгімелері  ойымда  қалыпты.

Мен  жастары  келіп  қалған  әке-

шешемнің  өліп-өліп  өлім  сарқыты

болып  қалған  15-ші  баласы  екенмін.

1943  жылдың  20  шілдесінде  мен

дүниеге  келіппін.  Әкем  Жамақ  ағама

менің  дүниеге  келгенімді  айтып,

Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңіске  70  жыл

болмаса шынайы достық туралы

қуанып хат жазады. Сонда Жамақ ағам

Бибізия  тәтем  екеуінің  балалы  бола

алмайтынын  айтып  «...  Мен  соғыстан

аман 


оралсам 

Бәтесті 


маған

бересіңдер»  деп  әкеме  қолқа  салған

екен.

Әкем  де  анам  Биша  да  сонда  «Тек



жер  бетінде  тірі  жүргенін  білсек

болды,  бала  сенікі.  Өзің  аман  орал»  -

деген  екен.

Сол  соғыстан  Жамақ  ағам  елге

оралып,  Семиярда  әкеммен  көрші

тұрып, мені бауырына басқан көрінеді.

Өкінішке  орай,  соғыста  алған

жараның себебінен көп ұзамай қайтыс

болып  кетеді.  Бибізия  тәтем  біраз

жылдан  кейін  бір  алыс  жамағайын

туыстарына 

тұрмысқа 

шығып,

бұрынғы Ермак, қазіргі Ақсу қаласына



көшіп  кетеді.

Алғашқы кезде 1-2 рет мен қонаққа

барып  жүрдім,  кейін  қарым-қатынас

үзіліп  кетті.  Қазір  хабарсызбын.

Міне  осындай  қимас  дос  болған  екі

әкемнің өмір және ерлік жолдары ауыз

толтырып айтып, мақтануға тұрарлық.

18.12.1944  жылы  келген  Жамақ

ағамның  хатының  мәтінін  келтіріп

отырмын:


«Шайхы,  Биша!  17.11.-дегі  жазған

хатыңды  18.12-де  алдым.  Өздерінің,

Бәтестің  амандығын  естіп  қуанып

қалдым.


Шайхы!  Жұмыстарың  қалай?

Бұрынғыға  қарағанда  ауыр  ма,  жеңіл

ме,  осы    кезде  елдің  берген  затына

табар  бере  ме?

Шайхы! Ауа  райы қалай? Күн суық

па,  қар    қалың  ба?  Қазір  біз  жүрген

жерде  қар  жоқ,  күн  жылы,  күздің  күні

сияқты,  жаңбыр  жауады.  Денім  сау,

қалым  жақсы,  осы  кезде  Узбек,

Түрікмен, 

Қазақтар

арасында  пропагандис

болып 

қызмет


істеймін. 

Бұл


орында бір айдан

бері 


істеп

жатырмын.

Шайхы! Сқақ біржолата

аман-есен  қайтып  келді

ме?  Сқаққа,  Қамилаға,

шешесіне,  Бекмағамбетке,

үйінің 

ішіне,


Б е й с е м б а й ғ а ,

Қайырмағамбетке  тегіс

сәлем  айт.  Тағы  басқа

сұраған  жанға,  хат  жазып

тұр,  жиі  жаз.

Қош  амандық  болып,

көрісейік.

Хат  жазушы  (қолы)

Уәлиев  Жамақ  18.12.1944

ж»

Міне  қан  майданнан



келген жауынгер әке хаты

осындай  еді.  05.03.1945

жылы  түсіп  жіберген

суретінде  кеудесіне  5

түрлі орден қадалған екен.

Мен  суретті  жергілікті

әскери  комиссариатқа

апарып  көрсетіп  едім,  ол

кісілер бұл ордендер нағыз

соғыс  даласындағы  ерлігі

үшін  берілген  деп,  3

орденнің  атын  жазып  берді:  Орден

боевой  славы,  Орден  Красной  звезды,

Орден  боевого  Красного  знамени.

Тағы  2  орденнің  атауы  табылмады.

Соғыста  орден  тұрмақ  медаль  алу,

менің  түсінуімше,  үлкен  ерлікті  талап

етеді.  Жауынгердің  ерліктері  туралы

толық  мәлімет  болмаса  да,  осы

ордендер  көп  сырды  баяндап

тұрғандай.

Мен  Жамақ  әкемді  бүгінгі  күні

сағына  да,  мақтана  да  еске  аламын.

Өз  әкем  Шайхы  Мықышұлы  да,

еңбегімен  ер  атанған,  адал,  туа  бітті

қабілетімен,  өмірлік  ұстанымының

мықтылығымен  ел  ортасында  абырой

мен  беделге  бөленген  жан.

Ол 1900 жылы Павлодар уезі, Бестау

елді мекенінде туған. 1931 жылға дейін

Баянауылда астық дайындау пунктінде

еңбек етті. Губерниялық одақ мекемесі

әкемді Семей қаласында ашылған қысқа

мерзімді  мал  шаруашылығын  дамыту

курсына  оқуға  жіберді.  Сол  оқуды

бітіргеннен кейін Павлодар облысының

Бесқарағай  ауданына  келіп,  аудандық

дайындау  кеңсесінде  (заготживсырье),

соңынан 1937 жылдан 1941 жылға дейін

Бесқарағай  ауданының  «Тополька»

(«Топалке»)  колхозының  төрағасы

болады,  соңынан  мал  шаруашылығы

өнімдерін  дайындау  мекемесіне

ауыстырылады,  майданға  азық-түлік,

тері,  жүн  өнімдерін  жинаумен

айналысады.

Ол  кезде  бұл  жұмыстағы

қызметкерлерді  әскерге  алмайды.

Әкем  де  броньмен  соғыстан

босатылып, елде әскерге киім, азық-

түлік  дайындау  жұмысымен

айналысады.

Соғыс  кезіндегі  жанқиярлық

еңбегі  ескеріліп,  1943  жылы  СССР

қарулы күштерінің бас қолбасшысы

И.В.Сталиннің алғыс хаты мен 1946

жылы  30.11.  –  СССР  жоғарғы

Президиумның  06.06.1945  жылғы

Жарлығымен  «За  доблестный  труд

в  Великой  Отечественной  войне

1941-1945 

г.г.»  («1941-1945

жылдардағы 

соғыс 


кезінде

көрсеткен  қажырлы  еңбегі  үшін»)

медалімен  марапатталады.

Кейіннен  1980  жылдары  болса

керек,  өкінішке  орай,  менің  әкем

1974 жылы қайтыс болып кеткеннен

кейін, 

осы 


медальмен

марапатталған  адамдар  соғыс

ардагерлерімен  теңестірілсін  деген

жарлық  шықты.  Бірақ  бүгінгі  күні,

бұл жарлық ескерілмей ұмыт болып

отыр!


Әкем  өмірде  мінезі  жұмсақ  өте

мейірімді,  адал  жан  болды.

Табиғаттың  берген  ақындығы  мен

домбыраға қосылып кәсіби деңгейде

шырқай  салатын  кең  тынысты  әндерді

өте  жақсы  орындайтын.

1932  жылы  әйгілі  әнші  Қосымжан

Бабақовтың  ұсынуымен  Қызылордада

ашылған  қазақ  театрына  да  кезінде

шақыру  алған.

Белгілі 

жазушы 


Бексұлтан

Нұржекеев  «Ерлі-зайыптылар»  атты

романында  әкем  Шайхы  Мықышұлын

«...өмір  көрген,  көп  нәрсені  қөңіліне

түйген,  үлкен-кішіге  қадірлі,  үлкен

жүректі,  жан  дүниесі  әдемі  шырқау

әндей  шуақты...»  -деп  суреттеген.

Адамның  мінез-құлқын,  болмыс

б і т і м і н

жазушылардан

артық кім айта алушы

еді?!


Соғыс  аяқталғаннан  кейін

|Павлодар  облысы,  Май  ауданының

сол кездегі «заготживсырье» (дайындау

мекемесіне)  қызметке  ауысып,  1961

жылы  зейнеткерлікке  шыққанша

абыройлы еңбек етті. Жиыны дайындау

саласында  38  жыл  аянбай  нәтижелі

еңбек  етеді.

1956  жылы  20  қазаннан  бекітілген

«За  освоение  целинных  земель»

медалімен  көптеген  алғыс  хат,  мақтау

грамоталарымен  марапатталды.

Зейнеткерлікке  шыққаннан  кейін  де

денсаулығының  сыр  бере  бастағанына

қарамастан, Жалтыр совхозында 5 жыл

бойы  (1961-1966)  жүн  даярлау

саласында    шерстовед  мамандығы

бойынша  еңбек етті. Себебі шерстовед

мамандары  жеткіліксіз  еді.  (совхоз

директоры  Ж.Қорабаев)

Осы  Ұлы  мереке  күндерінде

әкелеріміздің  еңбегі  мен  ерлігі

ескеріліп, жас ұрпаққа өнеге болса екен

деген  оймен  осы  мақаланы  жазып

отырмын.


Каталог: storage
storage -> Наименование Реквизиты регистрационного удостоверения
storage -> Директорлар кеңесі 2013 жылдың 10 қаңтарында (№1/2013 хаттама) Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді, онда төмендегі мәселелер қарастырылды: «Автоматты басқару жүйесі «Энергодиспетчерлік тартым»
storage -> Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты
storage -> В россии заболеваемость достигает 14-15 ‰
storage -> Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы
storage -> Сценарийлер жинағы Сборник сценариев Көкшетау 2015 Әож 821. 512. 122-93 кбж 84 (5 Қаз) е 74
storage -> Оқу-әдістемелік құрал Қасен Гүлжазира Аманжолқызы Астана 2013 ж Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет