Құтқару және бақа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері



Дата21.04.2017
өлшемі73.92 Kb.
Кіріспе

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және  қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуде техника мен көлікті қолданудан басқа болжау, жағдайды бағалау, төтенше жағдай аймағын бақылау, құтқаруды жүргізу алгоритмін құру, жұмыс аймағының ерекшеліктерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі.



Құтқару және бақа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері

Құтқарушы – құтқару және шұғыл жұмыс жүргізуге арнайы дайындықпен аттестациядан өткізілген азамат. Құтқарушылар статусы ҚР заңдылығымен бекітілген құтқарушының міндеті мен құқығының жиынтығы. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі. ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді .

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);

— қосалқы.


Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

— басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

— зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

— зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.
Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

— өрт сөндіру ;

— коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

— тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

— осал құрылыстарды күшейту.
Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

— алаңдарды тазалау;

техника орнату;

— қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

— жұмыс орындарын жарықтандыру.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:



  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі .

Құтқару және басқа шұғыл қалпына келтіру жұмыстары

Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі Қазақстан Республикасы заңындағы негізгі түсініктемелер: авариялық-құтқару қызметі, авриялық-құтқару құрылымы, төтенше жағдайды алдын-алу кезіндегі шұғыл жұмыстар, құтқарушы, төтенше жағдайды алдын-алу кезіндегі басқарушы, авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері. “Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі” Қазақстан Республикасының 1997 жылы 27-ші наурызды қабылданған. Бұл заң табиғи техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдардың ұйымдастырылуын реттейді. Заңда құтқарушылардың қызметі, статусы, құқығы менміндеттері, жұмыс тәртібі, демалысы, еңбек төлемі қарастырылған.

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар:

-қорғаныс ғимараттарын,жертөлелерді ашуға арналған көліктер(экскаваторлар,крандар,домкраттар);

-тесіктер жасап ауа жіберуге арналған пневматикалық құралдар;

-темірді кесуге арналған құралдар;

-жолсыз жермен көліктің жүруін қамтамасыз ететін құралдар,

-сумен қамтамасыз ететін құрылғылар(бұрғылауқұрылғысы,сүзгіш стансылар);

-адамдарды іздеу құралдары(кинолог,иттер,жылу пеленгаторы).


Аралас зақымдау ошағында құтқару жұмыст арын жүргізу

Аралас зақым ошағында құтқару жұмыстарын жүргізіп, ұйымдастыру, ядролық және химиялық зақым ошағына қарағанда қиын. Бұл қарсыластың бір мезгілде жаңа қарудың барлық түрлерімен шабуыл жасағандағы жағдайдың қиындығымен түсіндіріледі. Аралас зақым ошағы бейбіт кезеңде де болуы мүмкін. Мысалы, жер сілкінісі кезінде ғимарат қирағанда газ магистральдарының жарылысына әкеледі,бұл бөлме ішінің газданып,өрт шығып,адамдардың улануын туғызады.Химиялық өндірістерде улану өте улы заттар сақталған ыдыстардың бұзылуынан пайда болады. Аралас зақым ошағында құтқару жұмыстары дұрыс жүргізілуі үшін барлаудың барлық түрлерін ұйымдастырады.Бактериялық заттардың түрлерін анықтауда,аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау режимі бойынша шаралар жүргізіледі.Қоздырғыштың түрін анықтағаннан кейін зақымдану ошағы мен жақын жатқан аудандарда эпидемияға қарсы оқшаулау шаралар жүргізіледі.Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бастығының шешімімен биологиялық зақымдану ошағында карантин,ал айналасындағы аудандарда обсервация жарияланады. Барлаудың негізгі күші улағыш заттар мен әсері өте күрделі улағыш заттардың түрін, концентрациясын, таралу бағытын,жұқпалы аурулар қоздырғышының түрін және қолдану әдісін,зақымданған аудан шекарасы мен учаскелердің барлық түрлерін анықтауға жұмылдырылады.



Құтқару жұмысындағы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері

Құтқару жұмысындағы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері.Медициналық көмекпен қамтамасыз ету жеке құрылымдардың денсаулығы мен жұмысқа қабілетін сақтау үшін,науқастар мен зақымданғандарға дер кезінде медициналық көмек көрсету,оларды көшіру,емдеу және тез арада қатарға қосылуы,сонымен қатар жеке құрылымдар арасында жұқпалы аурулардың өршуінің алдын алу үшін қажет.Медициналық көмекпен қамтамасыз етуге емдеу,алдын-алу,санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және емдеу-көшіру шаралары,сонымен қатар құрылымдардың әрекет етуінің барлық кезеңдерінде жүргізілетін жұмыстар кіреді.Құтқару жұмыстарымен қатар медициналық көмекпен қамтамасыз ету санитарлық жасақтар күшімен құрылған медициналық құрылымдар бекеттерінде жүргізіледі.Ауылдық нысандардағы медициналық көмекпен қамтамасыз ету құрылымдарының қызметін санитарлық бекеттер немесе совхоздардың фельдшерлік учаскелеріне жүктеледі,қажет болған жағдайда олар аудандық аурухананың мамандарымен күшейтіледі.Жалпы басқаруды ауданның азаматтық қорғаныс,төтенше жағдай медицина қызметінің бастығы жүргізеді.



Суға батушыға алғашқы медициналық көмек

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады[3].

Суға батқан адамды құтқарудың тәсілдері: Сильвестр, Шефер

Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру. Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.

Шефер. Жүректің сыртқы сылауы. Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі .Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды , ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді. Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.



Кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу шаралары

Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі. Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.



Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды. Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет