Тапсырмалар А 1. Тірек – қимыл жүйесі деп неліктен атайды? 2. Қаңқа дегеніміз не, ол қанша бөлімге бөлінеді? 3. Омыртқа жотасы неше бөлімге бөлінеді, жеке омыртқаның құрылысын талдаңдар. В Тұлға қаңқасын құрайтын сүйектерді атаңдар. Омыртқа жотасын құрайтын омыртқалардың, ағзада атқаратын қызметі қандай? Пішініне қарай сүйектер қаншаға бөлінеді, олар дененің қай жерінде орналасады? С Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі, нәрестелерде иілімдер бола ма? Иілімдердің қандай маңызы бар? Адамдағы қабырғалар саны және олардың ерекшеліктерін атаңдар. Кеуде торы қандай сүйектерден құралады?
Тапсырмалар А 1.Сүйектер қандай ұлпадан түзілген? Қаңқаның толық сүйектенуі қанша жасқа дейін қалыптасады? 2.Сүйектің құрамындағы ағзалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? 3.Сүйектердің байланысы нешеге бөлінеді,жеке-жеке сипаттаңдар. В - Буын дегеніміз не,құрылысы, орналасуы, қызметі қандай? Буын қапшығының ерекшелігі неде?
- Сүйектің жуандап және ұзарып өсуін түсіндіріңдер.
- Сүйекке қоректік заттар қалай жеткізіледі? Сүйек шетіндегі шеміршектер сүйекке не үшін қажет?
С 1. Сүйектің құрылысын түсіндіріңдер. 2. Сүйектің құрамында қандай заттар болады? Сүйектердің буындық байланысуы қалай жүзеге асады?
Тапсырмалар А 1.Сүйектің сынуы мен буынның шығуының қандай айырмашылығы бар? 2.Ересек адамдардың сүйегі неге морт сынғыш келеді, себебін түсіндіріңдер. В Сүйек сынғанда қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі? Морт сынған сүйек қантамырларға, бұлшықеттерге, теріге қандай зиян келтіреді? С 1.Буынның шығуы дегенге қалай түсінесіңдер? 2.Сүйектің сынуы нешеге бөлінеді?
Кестені толтырыңдар
Құрылысы. Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.
Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек,қарын,қантамырлар,несепағар,қуық, т.б.) астарлап жатады
Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады.Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді,диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм- ге жетеді. Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады.Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді,диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм- ге жетеді. Жүректің көлденеңжолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Қаңқа бұлшықеттеріне – тұлға,бас,мойын және иық,жамбас белдеулер мен қол – аяқ бұлшықеттері жатады.Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды.
Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды.Осыған байланысты бірбасты,екібасты,үшбасты,төртбасты бұлшықеттер деп атайды.
Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы,трапеция,алмұрт т.б. деп бөлінеді.Мөлшеріне қарай-ұзын,қысқа,жалпақ үлкен,кіші делінеді.Талшықтар будаларының бағытына қарай қиғаш,көлденең бұлшықеттер деп те аталады.Бұлшықеттердің атқаратын қызметі:бүгу,жазу,айналдыру,бұру,көтеру т.б.Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды,екі буынды,көп буынды болады.
Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді
Шайнау бұлшықеттері төменгі жақсүйекке бекінеді.
Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге,екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді.Ыммен адам қуануды,ренжуді,ашуды және т.б.білдіреді.
Мойынның бұлшықеттері бас пен мойынды бұруға көмектеседі. Тұлғаның бұлшықеттері – орналасқан орнына қарай: арқаның,көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді. Арқа бұлшықеттері: трапеция пішінді бұлшықеттер – жалпақ,пішіні үшбұрышты,арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне,екінші ұшы арқа омыртқаларының қанаттарына бекінеді.
Көкіректің бұлшықеттері 1)көкіректің үлкен бұлшықеттері – пішіні желпуіш тәрізді, кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып жатады. 2)сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер – қабырғалардың аралығында орналасқан.Жиырылғанда қабырғалар көтеріліп,кеуде қуысын кеңейтеді(көлемін үлкейтеді) де тынысалуға қатысады. 3)ішкі қабырғааралық бұлшықеттер – сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында орналасқан.Бұл еттерде кеуде қуысының көлемінің кішіреюіне әсер етеді. 4)көкем (диафрагма) адам денесінің кеуде және құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет. Құрсақтың бұлшықеттері: құрсақты қаптап тұратын бұлшықеттерге алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік және т.б. бұлшықеттер жатады. Құрсақтың бұлшықеттері: құрсақты қаптап тұратын бұлшықеттерге алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік және т.б. бұлшықеттер жатады.
Қолдың бұлшықеттері Қол бұлшықеттері – иық белдеуі және қол бұлшықеттері деп бөлінеді.
Аяқ бұлшықеттері – жамбас белдеуі және аяқтың (санның, балтырдың, аяқ ұшының) бұлшықеттері деп бөлінеді. Аяқ бұлшықеттері – жамбас белдеуі және аяқтың (санның, балтырдың, аяқ ұшының) бұлшықеттері деп бөлінеді. Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті – жиырылғыштық. Бұлшықеттердің қажуы (шаршауы).Бұлшықеттердің ұзақ уақыт дамылсыз жиырылуы жұмыс істеу әрекетін төмендетеді. Бұлшықеттердің қажуы: 1) жүйке жасушалардың шаршауына байланысты. 2) зиянды заттардың әсерінен болады.
Тапсырмалар А 1. Бұлшықеттердің топтарын атаңдар. 2. Қолды бүгетін, жазатын бұлшықеттер топтары қай жерде орналасқан? 3. Бұлшықеттердің қажуы қандай жағадайларға байланысты? В 1. Бұлшықеттердің бірбасты, екібасты,үшбасты және төртбасты деп бөлінуін түсіндіріңдер, олар дененің қай жерінде орналасқан? 2. Тынысалуға қатысатын бұлшықеттерді атаңдар,олар дененің қандайжерінде кездеседі? 3. Бұлшықеттердің гигиенасын қалай сақтауға болады? С Көкет дененің қай жерінде орналасқан құрылысы мен қызметі қандай? Трапеция,ромбы тәрізді бұлшықеттерді сипаттаңдар. Қол,аяқ бұлшықеттері нешеге бөлінеді және олар қандай қызмет атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |