Талдықорған аймағындағы рекреациялық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері Карменова Нұрсипа Нұрсанқызы



Дата06.07.2017
өлшемі50.47 Kb.
Талдықорған аймағындағы рекреациялық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері

Карменова Нұрсипа Нұрсанқызы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университеті, география және туризм

кафедрасының профессоры, г.ғ.к.

Туризм - белгілі бір мемлекет аумағындағы және оның аймақтарындағы рекреациялық басымдықтарды әлеуметтік және саяси жағдайда пайдалану.

Қазіргі кезде Қазақстанда рекреациялық ресурстар толыққанды зерттеліп,туризмді дамыту мүмкіндіктері туындап отыр.



Жетісу – өзінің климат жағдайына қарай өзгеше өлке болып табылады, оның тарихы да бай. Бұл жерді Жоңғар басқыншылығы шабуылдарынан қазақ жерінің ұлы батырлары Райымбек пен Қабанбайдың бастауымен біздің ұлы ата-бабаларымыз қорғады. Бұл жерде сонау X-XII ғасырларда шекаралас елдер байланыстаа болған,сауда жасасқан қытай, араб және еуропалық көпестер мен саяхатшылар таң қалған гүлденген қалалар болды. Жетісу тарихи географиялық аймақ. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын жеті өзен туралы әртүрлі пікірлер кездеседі. А.К.Гейнс бұлардың қатарына: Лепсі, Басқан,Сарқан, Ақсу,Бүйен,Қаратал және Көксу өзендерін жатқызады. А.Влангели Басқан,Сарқан өзендерінің орнына Аягөз және Іле өзендерін жатқызады. В.В.Бартольд айтуынша Іледен бастап солтүстікке қарай созылған аймақты және сол өзендер тобын айтады. Олар: Лепсі, Басқан, Ақсу,Бүйен, Қаратал,Қызылағаш және Көксу. Жетісу туралы деректер де алуан түрлі. Тарихи географиялық тұрғыда анықтама берілуі оның тек табиғи жағдайымен ғана емес, оның өткендегі экономикалық, саяси, этникалық және мәдени ерекшеліктерімен де байланысты.

Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 шақырымды, ал ені 800 шақырымды құрауы оның табиғатының, тауларының биіктігінің алуан түрлі болып келетіндігі, климаты мен ландшафтысының ерекшеліктерін көрсетеді. Қолайлы табиғат жағдайлары Жетісуды Қазақстан жеріндегі ертедегі мәдениет ошағына айналдырғанына тарих куә. Сондықтан да Талдықорған өңірінің туризмі тікелей Жетісу жерінің туристік, табиғи,тарихи және мәдени мұраларымен тығыз байланыста болуы біршама заңдылықтарға толы.



Талдықорған қаласы – Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Жетісу Алатауының батысында орын тепкен Алматы облысының орталығы (2000жыл). Алғаш рет іргетасы 1869 жылы Гавриловка селосы болып қалыптасты. Аумағы 82,3 мың га. Тұрғындар саны 2015 жылғы есеп бойынша 163,3 мың адамды құрайды.

Талдықорғанның климаты континентальды. Қаңтар айының орташа температурасы –11-13°С. Жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400мм шамасында. Оның басым бөлігі наурыз-сәуір және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс және солтүстік бағыттан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айларында қалыптасады, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды. Талдықорған қаласы бұта аралас сұлыбас, бетеге, эфемерлі шөлейт белдемде жатыр. Ауа райы қоңыр салқын, жанға жайлы болып келеді.

Қазақстандық туризм дамуында Жетісу өлкесінің,Балқаш және Алакөл су айдындарының орны ерекше. Еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап туризм дамытуда Жетісі Алатауынаң орны бөлек.

Осы өңірдегі табиғи ресурстардың бірі – Алакөл қорығы. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатарАлакөл көлі аралдарындағы мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы, Алакөл ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында орналасқан.

Алакөл ресейлік, қытайлық тарихшыларға ежелден таныс. Алакөл деген атаудың өзі айтып тұрғандай, көл суы кейде мөп-мөлдір, кейде қарақошқылданып жатады, судың жартысы тұщы,жартысы теңіз суындай ащы. Емдік қасиеті бар тұсы Үржар ауданының Жарбұлақ өңірі маңайында ғана екен. Көлдің суы шындығында шипалы. Сонау Кеңес одағы дәуірінің кезінде-ақ Мәскеулік ғалымдар оның емдік қасиетін зерттеп, ғарышкерлер демалатын жабық жағажайлы демалыс орнын ашқан. Көл суы минералдық қоспаларға бай, адам ағзасындағы иммунитетті арттырып, жұқпалы тері ауруларын жазатын қасиетке ие.

Қорық территориясынан ботаниктер 57 тұқымдасқа жататын 193 туыстың 269 түр өсімдігін анықтады. Күрделі гүлділер,алабұталар, қоңыраубастар, бұршақтар мее ерінгүлділер тұқымдастары алуантүрлілігімен сипатталады.



Жоңғар Алатауы аймағы. Жетісу Алатауының таулы жоталары мен тауаралық ойыстары үйлесімділігі байқалады. Олар солтүстігінде Балқаш-Алакөл, оңтүстігінде Іле ойыстары арасында орналасқан.

Бұл жерде таулы жоталардың биік бөліктері қар сызығынан жоғары, яғни 4000-5000 метрге дейінгі жерлерде кездеседі. Таудың етегі Балқаш-Алакөл ойысына 350-400 метр тереңдеп енеді.

Жоңғар Алатауының құрылысы күрделі.Биік таулы орталық бөлікте 2 негізгі суайрық жота – Оңтүстік және Солтүстік болып бөлінеді. Олар биік таулы ойыстармен ажыратылады. Онда Көксу,Боротала өзендері ағып жатыр. Солтүстігіндегі жота 300-350 км. Қаратал өзенінен Жоңғар қақпасына дейін созылады.

Оңтүстік жота таулы массивтері Суықтөбе, Сарышабын батысы Қазақстан аумағынан тыс Қытайда жағасады. Оңтүстік жотаның батысы Ешкіөлмес,Қотырқайық, Жалғызағаш,Көкшөл, Асқарлы таулары, Алтынемел жотасы және т.б. солтүстік шығыстық және субендік бағытта орналасқан. Оның орталық ауданы көлемді жерді қамтиды ( Тышқантау,Тоқсанбай,Беджинтау таулары). Шығыстағы жалғасы - Боро және Хоро жотасы. Осыған байланысты Жоңғар Алатауы атауы солтүстік шығыс және солтүстік батыс бағыттағы таулар қатары болып табылады.



Балқаш көлі аймағы. Балқаш көлі – әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі.Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен,ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

Балқаш көлі-Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Бұл көл демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын елімізден ғана емес, жақын шет елдерден де көптеген туристер келіп демалады.

Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық потенциалын реформалау туризм мен оның инфрақұрылымына оң әсерін тигізеді. Талдықорған өңірінің туристік әлеуетін жеделдету үшін Елбасымыздың «Қазақстан 2050» стратегиясында айтылған «Бизнес туризм» сегментін дұрыс жолға қойып, іске асыруымыз қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Талдықорған қаласы туралы мәліметтер. Тарихы. Көрнекі жерлері

2. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13 маусымдағы №211-ІІ

3. Руководство по развитию туристического кластера в Алматинской области. –Талдыкорган.

4. Алматы облысының туризм, денешынықтыружәне спорт басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

5. Байпақов К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути.-Алматы: Ғылым, 1998.- 76-78бб.

6. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Жұмағамбетов Т. Қазақстан археологиясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-188-192бб.

Резюме-Summary

В данной статье рассматривается туристический рекреационный потенциал Талдыкурганского региона. Так же мы дали уточнение личным туристическим объектам Жетысуского Алатау.



This article examines tourist recreational potential Taldykurgan region. We also gave a personal clarification of tourist sites Zhetysu Alatau.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет