Ескертпе:
-
Егер оқушылар ақпаратты орыс тіліндегі білім көздерінен алынған жағдайда оны дұрыс аудармайды, соған байланысты жауаптарында биологиялық логика жоқ. ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІ!!! оқушыларға сөзбе-сөз аудармай, материалды өз сөзімен жазуды ескертсеңіздер
-
Тест тапсырмаларының сұрақтары мен жауаптарын көшіріп алудың қажеті жоқ. Сұрақ нөмірі мен жауап әріпі қойылса болғаны
-
Тапсырмаларды көшірмей бірден жауап берсін!
-
Май ауданы Көктөбе мектебінің оқушысы Кульжанова Д. Екінші рет мүлде басқа тапсырмаларды орындайды. Сондықтан пән мұғалімі (Аньсар Жайнахан) «Ертіс Дарыны» сайтынан тапсырмаларды дұрыс жүктеп алыңыздар («Талапкер» мектебі). Бала еңбегін бағалайық!
«Талапкер» жас зияткерлер мектебінің
5-6 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану пәні бойынша
ІІІ кезең тапсырмалары
1-тапсырма.
Көптеген шеміршекті балықтардың тірі туатыны, немесе саруызға бай ұрықтанған ірі жұмыртқалар қалайтыны белгілі. Керісінше, сүйекті балықтар уылдырық қалайды. Балықтар дүниесінде қандай ерекшеліктер бар?
2-тапсырма.
Тірі бақаның жабынды ұлпасын микроскоппен қалай қарауға болады?
3-тапсырма.
«Басаяқтылар – теңіз приматтары» деген сөзді қалай түсіндіре аласыңдар?
4-тапсырма.
1875 жылғы 15 сәуірде бортында үш аспанкезі бар «Зенит» әуе шары 8000 метр биіктікке жетті. Шар жерге түскен кезде тірі қалған бір адам ғана болды. Адамдардың қайтыс болуына не себеп болды?
Достарыңызбен бөлісу: |