Тақырыптың өзектілігі



Дата03.12.2017
өлшемі27.96 Kb.
#47658
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда нарыққа негізделген экономика үрдісі егіс дақылдарының бір сортында шаруашылық үшін құнды белгілер мен қасиеттердің кешенді қамтылуын талап етеді. Сол себепті тәлімі жоңышқа селекциясының өзіне тән міндеттері, ерекшеліктері және қиындықтары көптеп саналады. Оның үстіне осы бағытта зерттеу жүргізудің генетикалық және селекциялық негіздерін қалыптастыруда, атап айтқанда, комбинативтік қабілетін анықтау әдістерін жетілдіруде ақтаңдақтар бар. Әсіресе, осындай жұмыс жүргізу үшін арнайы жасалған әдістемелердің жетіспеуінен шөлді дала аймағындағы қолайсыз жағдайларда будандар егілген жылы-ақ сиреп кетіп, зерттеулер доғарыла берген.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында және бұған iргелес суармалы егіс аймақтарында соңғы жылдары тәлімі жер көлемінің кеңеюі осыған лайықты жоңышқа сорттарына сұранысты арттыра түсуде. Өкінішке қарай, Семиреченская местнаядан басқа оған ұсынатын сорт жоқ, өйткені осы өңір үшін шығарылған сорттардың барлығы суармалы егіске арналған. Жоңышқаның жаңа тәлімі сортына көптеген шаруашылық мұқтаж болып отыр. Осындай өндіріс қажеттігі тұрғысынан тәлімі жоңышқа селекциясының маңызы айтарлықтай жоғарылауына байланысты белгіленген жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.

Жоңышқаның тәлімі сорты ауа райының суықтығына, құрғақшылығына және ыстығына, сондай-ақ нақты топырақ-климат жағдайларының басқа да қолайсыздықтарына бейімделген болуы тиіс.

Егістік жоңышқа − көпжылдық өсімдік. Оның жер бетіндегі барлық мүшелері жыл сайын күзде қурап, тек топырақтағы тамыр жүйесі ғана тірі қалады. Кіндік тамырдың ең жоғарғы ұшындағы бұталану гетерогендік органындағы (тамыр мойыншасы немесе тамыр тәжі) сабақтық бүршіктерден көктемде және орған сайын өсімдіктің қайта көктеуі басталады [2].

Жоңышқаның кіндік немесе өзектік тамыры Лубенец П.А. және Байтулин И.О зерттеулері бойынша топыраққа 3-21 м тереңдікке енеді, ал тұтас тамыр жүйесі жан-жаққа 1-2 м жайылады. Кіндік тамырдан бүйірлік тамырлар тарайды. Ең ұсақ тамырлар 4-6-шы реттік болып есептеледі. Тамыр жүйесінің өн бойында ауа азотын сіңіре алатын бактериялардан тұратын түйнектер дамиды.

Көк, көкбудан және алабудан жоңышқа сорттарының өсімдіктері көп өркенді және мол жапырақты. Сабақтарының іші қуыс, өркендеуі жиі, көлденең кесіндісі дөңгелек немесе төрт бұрышты, биіктігі 160 см дейін жетеді, кей жерде одан да биік өседі. Жапырағы үш тармақ және сабақтың өн бойына кезектесіп орналасады. Негізгі сабақ пен бұтақша ұшындағы жапырақтар ара тісті болса, орта тұсындағылардың жиектері тегіс. Жапырақтың үстіңгі жағы түкті де, астыңғы жағы тықыр, түсі ашық жасылдан қошқыл жасылға дейін өзгереді. Егістік немесе көк жоңышқа жапырақтарының аумағы үлкендеу, пішіні дөңгелек, теріс қойылған жұмыртқа, сопақша немесе эллипс, ал орақ пішінді немесе сары түрінікі кішілеу, эллипс, ланцет немесе сызықша сияқты болады [3].

Жоңышқаның гүл шоғыры – шоқша іспетті. Онда шамамен 15-30 гүл болады. Гүлінің түсі оның ең негізгі жүйелеу және жіктеу белгісі. Гүлінің түсіне қарай жоңышқаның көк, сары, көгілдір және басқа түрлерге, сондай-ақ көкбудан, сарыбудан және алабудан деп аталатын сортотиптерге бөлінуі сондықтан [4].

Жоңышқа энтомофильдік айқас тозаңданатын өсімдіктер тобына жатады. Оның ұрығы – көп тұқымды бұршақбас. Гүл түсіне қарай жүйелегеннен кейін жоңышқаны одан ары қарай жіктейтін белгі ұрығының пішіні болып саналады. Көк жоңышқаның бұршақбасы 3-5 айналымға дейін ширатылады. Сары гүлді түрлері ұрығының ширатылуы бір айналымға толмай, орақ пішіндес болып келеді. Бір бұршақбаста 14-ке дейін тұқым байланады. Тұқымы ұсақ, ұзындығы 1,5-1,8 мм, көлденеңі 0,4-0,6 мм, жалпақтығы 0,5-0,8 мм, пішіні бүйрек немесе үрме бұршақ сияқты, түсі жасыл немесе қошқыл тартқан сары болады. 1000 тұқымының салмағы 1,3-2,7 г аралығында ауытқиды [5].



Ұрықтық тамырша тез өсіп, топыраққа тереңдей береді, өсімдіктің дамуы бастау алады, ұрық жарнағы топырақтың бетіне шығады. Одан екі жарнақ жапырақшасы пайда болады Осы қос жарнақ жапырақшалардың ортасынан бірте-бірте алғашқы нағыз жапырақ өсіп шығады. Ол дами келе үш тармақты нағыз жапыраққа айналады. Осы құбылыс – жоңышқа егістігінің өскін (көктеу) фазасының басталуы деп аталады. Бірінші үш тармақты жапырақ сабақшаларының қойнауынан келесі жапырақ көрінісімен өсімдіктің сабағы қалыптаса бастайды [6].
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет