Тақырып: Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Мақсаты: Білімділік



Дата05.07.2018
өлшемі43.34 Kb.
#78441
түріСабақ
Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы

8сынып


Күні: 30.11.2010ж

Тақырып: Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр.

Мақсаты:

Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: электр кернеуі, анықтамасы, өлшем бірлігі, есептеу формуласы, вольтметр

Дамытушылық: Топтық жұмыстар кезінде өзгеің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу.

Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар

Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.

Экспресс-тест «Формулалар»

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІІІ. Есеп шығару.

IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

V . Қорытындылау



Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру

Экспресс-тест «Формулалар»



ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

§ 35. ӘЛЕКТР ТОГЫ. ТОК КӨЗДЕРІ.

Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.

еркін шапшаң электр зарядтарын тасымалдаушылары бар болғанда ғана өткізгіште электр тогы пайда болады;

электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты тасушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы қажетті болып табылады;

электр тогының ұзағынан сақталуы үшін электр өрісін тудыратын құрылғының болуы міндетті, яғни ток көзі керек.

Электр тогы жүретін тұйықталған электр тізбегі ток көзінен, өткізгіш сымдардан және электр энергиясын тұтынушылардан құралады.

Электр тогы көзінің, ягни зарядтарды бөлуге арналган құрылгылардың есебінен өткізгіштерде электр өрісі туғызылады және оның ұзақ уақыт бойы болып тұруы қамтамасыз етіледі.

Өткізгіштегі электр тоғын оның ендіретін әрекетінен байкауға болады.



1. Токтың жылулық әрекеті.

2. Токтың химиялық әрекеті.



3. Токтың магниттік әрекеті.

4. Токтың физиологиялық әрекеті.

Ток көздеріне гальвани элементтері, аккумуляторлар, генераторлар жатады.

Бөлінген зарядтар ток көзінің полюстерінде жинакталады, олардың біреуі — оң, ал екіншісі — теріс зарядталады..

Гальваникалық элемент итальяндьщ анатом жөне физиолог Луиджи Гальванидің күрметіне аталған, ол1786 жылы атмоссрералық электрдің бақа еттеріне әсерін зерттеген.

Бүл қүбылысты зерделеп, оны түсіндіру итальян ғалымы Александро Вольтаның еншісіне тиді. 1800 жылы А. Вольта алғашқы болып тұракты ток көзін алады. Бұл тұракты ток көзі — Вольт баганасы деп аталады

Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде куштер деп атайды.

Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын электр қозгаушы куш деп бөгде күштер жұмысының Aq орын ауыстыратын электр зарядына q қатынасына тең шаманы айтады:

= Aq / q

S1 жүйесінде ЭҚК бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады:

1 В = 1 Дж / 1 Кл

§ 36 ТОК КҮШІ. АМПЕРМЕТР. ЭЛЕКТР КЕРНЕУІ. ВОЛЬТМЕТР.
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уаңыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды:

Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші ампермен (А) өрнектеледі:



1 A = 1Кл / 1 с

Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды .

Амперметрдің шартты белгісі

Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбектеп қосады.



ІІІ. Есеп шығару.

469. Егер мыс жөне болат сымдарын көкөніске (картоп, қызанак, пияз, сәбіз) немесе

жеміске сұғып қойса, одан гальвани элементін алуға бола ма?



459. Тізбекте ток жүріп түрғанын немесе жүрмейтінін қандай белгілері арқылы анықтауға

болады? Мысал келтіріндер.






463. а) Электрофор машинасының разрядтау шарларының арасындағы ұшқын;

ә) бұлттар арасындағы найзағай электр тогы болып табыла ма?



464. Мыс өткізгіштің екі ұшын бірдей күкірт кышкылының судағы ерітіндісіне батырса,

онда электр тогы жүре ме? Неге?



465. 39-суретте қандай ток көздері кескінделген? Бұл ток көздері энергияның қандай

түрлерін электр энергиясына айналдырады?



IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

I = 10 А ток t = 10 мин уақытта тасымалдайтын заряд.

A) 3000 Кл. B) 600 Кл. C) 6000 Кл. D) 0,6 Кл. E) 60 Кл.

Металл өткізгіш бойымен 320 мкА ток ағып жатыр.Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр секунд сайын өтетін электрондар саны

A) . B) C) D) E)

Ток күші 30 мкА. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 нс ішінде өтетін электрондар саны (е =1,6∙10-19Кл)

A) B) C) D) E)

5 с ішінде өткізгіш қимасы арқылы өтетін заряд 50 Кл болса, онда ток күші



А) I = 200А В) I = 100А С) I = 2А D) I = 10А Е) I = 20А
Үй жұмысы : 78 сурет ( шартты белгілері)

IV. Қорытындылау

Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет