Тақырыбы Сөз саны



Дата05.02.2018
өлшемі51.48 Kb.
5 сынып

Жылына – 8 диктант

Сөздер саны – 90-100 сөз




Тақырыбы

Сөз саны

І тоқсан

1

Ана тілі

90 сөз

2

Алтын күз

93 сөз

ІІ тоқсан

3

Домбыра

92 сөз

4

Жолда

95 сөз

ІІІ тоқсан

5

Ұлпан ауылы

99 сөз

6

Жарастық

92 сөз

ІҮ тоқсан

7

Наурыз – тазару күні

90 сөз

8

Айғанша

108 сөз

АНА ТІЛІ

Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, ержеткен сайын, халықтан, мектептен, кітаптан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол – біздің өзгелермен ұғысатын қатынас құралымыз.

Әр халық тың жер бетінде жасағаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз – ертегілері, шығаратын өлең-жырлары, жазған кітаптары, көргені, білгені, жалпы дүние жайындағы ойы, сезімі, бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. (90 сөз)

АЛТЫН КҮЗ
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.

Жомарт күз! Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?

Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды музыкант бар ма? Иә, ондай таланттар өмірде жоқ шығар. Күз келгенін далада телегей-теңіз астық дариясының сары ала тартқан дидарына қарап білесің. Ал қалада да күзге салым жаппай сарғая бастайтын нәрселер бар. Күз келгенін қалада осыдан да байқауға болады. (93 сөз)

ДОМБЫРА

Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын ұлттық музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраның өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қиын, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан қиыстырыап немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерінің сүйемелеуге және күйлерге тартуға қолданылады. (92 сөз)


ЖОЛДА
Күн шайдай, ашық, жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың иірім-иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай және әредік қалың қайың, қарағаймен жарыса шыққан теректер де көрінеді. Қайың мен терек ағаштардың жапырақтары сарғылт тартып, сарғая бастаған.

Хамит төңірекке қарап, қалың жылқысын түстеп түгендеген жылқышыша, ағаштарды аралап келеді. Иірім-иірім орманның ара-арасы - далаң-далаңқай ашық. Далаңқай жердің шөптері бурыл тартып бозарған. Кейбір шөбі, шалғыны қалың жерлер шабылған. Әр жерде, анда-санда үюлі тұрған шошақтар көрінеді. Кей жерлерде қыстаулар бар. Қыстау маңында жайылып жүрген мал. (95 сөз)

(С.Сейфуллин)
ҰЛПАН АУЫЛЫ
Ертеңіне бүкіл Сибан ауылдары Ұлпанның көшіне ілесе, жайлауға тұтас көшті. Бұлары Ұлпанға көрсеткен қошемет еді.

Жазғытұры жайлауға бел алған бірінші көш мал ұстаған елдің жыл сайын болып тұратын табиғи көрмесі. Әр ауыл қыстан қалай шықты, жұрттың айдаған малы бытырғыдан көбейген бе, азайған ба? Жастар жағы қалай, ажарлы ма, жас балаларға тай-құтан тиген бе, жоқ па? Осының бәрі төрт – бес күнге созылатын көш-жөнекей түгел көзге түседі. Биыл Сибанның көңілі көтеріңкі еді. Көш тізбектер де үзілмей-бұзылмай ағылып кете барады. Егін-шөп тасуға үйренген жұрт қазақ арбаны азайтып, қос қалқанды бришкеге ауыса бастаған. Анда-санда әр ауыл үйір-үйір жылқыларын айдап өтеді. (99 сөз)



ЖАС ҚАЛА - АСТАНА

Республика даңғылымен жүріп келеміз. Бас көпірден қаланың тура орталығына апаратын жол бұл. Сол қанатта – түріктердің «Ахсел» компаниясы салған «Самал» ықшамауданы жайласқан. Тұрғын үй кешенінде 16 қабатты 64 пәтерлі мұнара үйлер сап түзепр тұр. Қала тұсаукесерінің рәмізі – жас ақ қа йың. Даңғылдың екі шетінде самал желмен баяу тербелген ақ қайыңдардың жас жапырағы үлбірейді. Астананың қай бұрышына ат басын тіресеңіз, бір жақсысы, телефон – автоматпен тегін сөйлесесіз. Таяуда Франциядан телефон-автоматтардың мүлдем жаңасы әкелінеді деген сөз бар. Зәулім де сәулетті үйлердің төбесі мен маңдайшасындағы жазулардан көз сүрінеді. Тура Алматыдағыдай – «Шапағат», «Мобил - цесна», «Бұлақ»...

Төңірек мұнтаздай, қисық түскен бір тал шөп таппайсың. (100 сөз)

НАУРЫЗ – ТАЗАРУ КҮНІ

Шығыс халықтарының ежелгі мейрамы наурыз – ұлыстың ұлы күні келеді. Қазақ Республикасының ерікті ел ретінде азаттық туын тіккен кезінде бұл күннің қадір-қасиеті арта түскендей. Күні кешеге дейін Наурыз қазақтың ұлттық мейремы деп айтуға қорқып келдік. Бүгінгі ккүкөріс қиыншылықтарын айтып, шетімізден жылап жүрміз. Бірақ шүкіршілікті ұмытпауымыз керек.

Адам баласы жақсылыққа тоймайды, болған сайын бола түссе екен дейді. Дүние жақсылыққа толуы үшін әр адам өзі жақсылық жасауы мейірімді, кешірімді болуы шарт. Бүгінгі ұлыстың ұлы күні бір жағынан тазару күні. Адамның денесі ғана емес жандүниесі де таза болса дүние жаңарады, жаңғырады. (90 сөз)
АЙҒАНША

Төлеудің үйі кәдімгідей қонданып қалды. Төлеудің өзінен гөрі қазір Тәңірбергеннің құлшылығында жүрген інісі – Қалау табыскер. Жаз бойы ол ағасының үйіне азық-түлікпен киім-кешекті науадай құйып жатыр. Мырзаға еріп қалаға барған сайын қолы құр қайтпайды. Таққа құрғанда қоржынның екі басын шай, бекерге сидалып әкеледі. Кейбіреулері мұнша мол табысты жаман Қалаудың бойына сыйымсыз көреді. Келер жері кең екенін сезетін.



Бұл өңірдің халқы емге таба алмайтын қара азықты да кейінгі күндері ақалай пыттап – сандап әкеп тастап жүр. Орамал шаршыда есеп жоқ. Екі жеңгесі мен бөпелері қос-қостан көйлек киді. Ал Төлеу білте мақпалдан бешпент шалбар киіп, азғана уақыттың ішінде үй ішінің иығы бүтінделіп қалды. (108 сөз)
Каталог: uploads -> doc -> 0398
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0398 -> Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін арттыру,ой-өрістерін дамыту
0398 -> 1. Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?
0398 -> Вазопресси́н, или антидиурети́ческий гормо́н (адг) — гормон задней доли гипофиза, секретируется при повышении осмолярности плазмы крови и при уменьшении объёма внеклеточной жидкости
0398 -> Тест «Высшие споровые растения»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет