Тақырыбы: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы



Дата19.07.2018
өлшемі66.43 Kb.
#79621
Тақырыбы: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы.
Сабақтың мақсаты:
а) Қосмекенділер класына сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысы, оның тіршілігі, жылдық тіршілік циклы, қоректенуі, көбеюі және дамуы туралы, қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдердің балықтарға ұқсастығы туралы түсіну.
б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру.
в) ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс, ойын
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызбанұсқа, бақаның құрылысының суреттері т.б смайликтер, стикерлер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару,оқушыларды түгендеу)

1-кезең. Көпір тапсырмалары

1.Балықты зерттейтін ғылым

2.Балықтардың терісінде болатын ерекше сезім мүшесі

3.Шеміршекті балықтардың түр саны

4.Балықтың аталық безінен бөлінетін сұйықтық

5.Шеміршекті балықтардың қабыршақтарының атауы

6.Қазақстанда кездесетін балықтардың түр саны

7.Торсылдағы болатын балықтар тобы

8.Ерте заманнан бері сақталып келе жатқан балық

9.Балықтардың дене бөлімдерін ата

10.Қара уылдырық алынатын балықтар

11. Шеміршекті балықтарды ата

12. Желбезек саңылаулары сыртқа жеке-жеке ашылатын балықтар тобы

13.Акулалардың ішінде адамға қауіптісі

14.Тік ішектің кеңейген бөлігі

15.Сүйекті балықтарда болатын ерекше мүше





2-кезең.Жаңа тақырып

Білу: Электронды оқулық

Қосмекенділер класы

1.Аяқсыздар 2.Құйрықтылар 3.Құйрықсыздар

отряды отряды отряды

c_tentaculata саламандра настоящая озёрная лягушка --------- (click to open in full-screen mode)

Түсіну: оқулықпен жұмыс

1- топ. Аяқсыздар отряды

2-топ. Құйрықтылар отряды

3- топ. Құйрықсыздар отряды

Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доға омыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқа омыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.
Жаңа сабақ бойынша түсінгендерін айтады. Сосын электронды оқулықтан тыңдайды.



http://massaget.kz/userdata/uploads/u61377/1425297985_l.jpghttp://massaget.kz/userdata/uploads/u61377/1425298034_l.jpg

Бақаның сыртқы құрылысы: 1-ауыз; 2-көз; 3-танау тесігі; 4- дабыл жарғағы; 5-басы; 6-тұлғасы; 7-алдыңғы аяқ; 8-саусақтар; 9-арқасы; 10-артқы аяқтар 



Бақаның ішкі құрылысы: 1-жүрек; 2-ұйқы безі; 3-бауыр; 4-қарын; 5-аш ішек; 6-тоқ ішек; 7-клоака; 8-қуық; 9-несеп ағар; 10-бүйрек; 11-аналық без; 12-өт; 13-өкпе.

Талдау: Семантикалық карта,

р/с

Жануарларға тән белгілері

Балықтар

Қосмекенділер

1

Тері жабынында мүйізді қабыршақтар болмайды.







2

Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.







3

Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбе -қанаттары бар.







4

Жүрегі үш қуысты.







5

Бір ғана қанайналым шеңбері бар.







6

Екі қанайналым шеңбері бар.







7

Мишығы нашар дамыған.







8

Ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.







9

Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады.







10

Жүрегі екі қуысты.







11

Қантарату жүйесі –тұйық.







12

Терісі арқылы да тыныс алады.







13

Дернәсілдері тек желбезектерімен тыныс алады.







14

Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір

сызығы бар.









2. “Кім шапшаң?”
Қосмекенділердің отрядтарын ата және өкілдерін отрядтарға бөл.

Қосмекенділер отряды

Өкілдері

Аяқсыздар




Құйрықтылар




Құйрықсыздар




1.Тритон 2.Шөп бақа 3.Жасыл құрбақа 4.Жетісулық бақатіс 5. Саламандра 6.Сақиналы құртпошым 7.Көл бақа 8.Даната құрбақасы 9. Қызылаяқ бақа

Жинақтау: Біліміңді сына

1. Класс неліктен қосмекенділер деп аталған?

2. Қосмекенділерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

3. Қосмекенділердің арғы тегі

4. Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты ?

5.Қосмекенділерде ең алғаш пайда болған мүшелер?

6. Қосмекенділер қалай көбейеді?

7.Қосмекенділердің дернәсілінің атауы.

8 .Қосмекенділердің суда тіршілік ететін дернәсілдері немен тыныс алады?

9. Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген қосмекенділерді ата.



Қолдану: “Білгір достар”



Түсініп,есте сақтаңдар:

Қосмекенділер.Батрахология, Кіші (өкпелік )шеңбер, Ортаңғы құлақ қуысы, Дабыл жарғағы, Шөмішбалық(итшабақ), Стегоцефалдар, Аяқсыз қосмекенділер, Тритондар,Саламандралар, Ең ірі бақа- Ага,ұзындығы24см,салмағы 1кг.Оңтүстік Америка мен Аустралияда кездеседі, Ең кіші бақа – қара кеуделі бақа,ұзындығы 1см, Ең ірі құрбақа-Голиаф,ұзындығы 32см,салмағы 3 кг, Ең кіші құрбақа- Куба карлигі,ұзындығы 1,2 см.



Үйге тапсырма. Қосмекенділер класына жалпы сипаттама оқу. Қызыл кітапқа енген қосмекенділер туралы мәлімет жинау.

Қарағанды қаласы, Жамбыл атындағы

мамандандырылған мектеп - интернатының

биология пәнінің мұғалімі



Жусупова Айгуль Абильтаевна
Каталог: uploads -> doc -> 0482
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0482 -> 1. Cағақты жапырақ болады


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет