Тақырыбы: Ортаазиялық тасбақаның ерекшелігі Мақсаты



Дата27.10.2018
өлшемі151.64 Kb.
#95883

Астана қаласы Білім басқармасы

№31 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: Ортаазиялық тасбақаның

ерекшелігі

Орындаған: 2Е сынып оқушысы Адилов Саян


Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраева Қ.А.

Астана- 2018

Аннотация.
Тақырыбы:
Ортаазиялық тасбақаның ерекшелігі
Мақсаты:

1.Тасбақаның шығу тегімен, әрі түрлерімен таныстыру.

2. Қазақстанды мекендейтін тасбақалар жайлы білу.

3. Сыныптағы ортаазиялық тасбақаның ерекшелігін зерттеу.


Өзектілігі:Тасбақаның ішіндегі орта азиялық тасбақаның құрылысы, ерекшелігі жайлы білімді тереңдету.

Тасбақаның аз күтім керек ететіндігін дәлелдеу.

Көңіл көтеру және көңіл-күйді жайландыру әсері зор екенін айқындау.
Зерттеу обьектісі: мектептегі тасбақа.
Зерттеу пәні: дүниетану.
Зерттеу болжамы: 1. Егер сыныпта тасбақа тіршілік етсе, онда оқушылар қоңырауда бос жүрмейді, олардың жан-жануарға қызығушылықтары оянады, танымдық көзқарастары дамиды.

2. Оқушыларды қамқорлыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу жолдары қалыптасады.


Зерттеу міндеттері:

1.Тасбақаның ерекше жаратылысын білу.

2.Біз білмейтін құпияларды ашу.

3.Тасбақаның қоршаған ортаға бейімделуі.


Зерттеу кезеңдері:

1.І.кезең (2017 жыл, қазан- қараша айлары)

Тасбақамен танысып,күнде бақылауға алу

2.ІІ.кезең (2018 жыл,қаңтар-сәуір)

Тасбақаның адамның көңіл-күйіне әсері
Зерттеу жаңалығы:

Тасбақаның дамуына әсер етуші факторларды зерттеу;

Тасбақаны жақсы көретін оқушылардың ерекше іс-әрекеттері;
-1-
Мазмұны

І. Кіріспе

Тасбақа және оның шығу тегі............................................... 3
ІІ.Негізгі бөлімі.

а) Тасбақаның сыртқы түрі және құрылымы ................... 4-5

ә) Тасбақаның түрлері.............................................................6

б) Тасбақалар мәдениет пен өнерде ....................................7-8

в) Ортаазиялық тасбақа ........................................................8-9
ІІІ.Қорытынды.....................................................................10-11

І. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................12

-2-

Кіріспе.

І. Тасбақа.

Тасбақалар-біздің әлемдегі тірі қазып алынған жануар.Оларға эволюциялық өзгерістердің де күші жетпей отыр, себебі: соңғы 200 миллион жылдарда олар тіптен өзгерген жоқ.

Тасбақа- бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі.Триас кезеңінен белгілі,котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін тасбақаның 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді.Тасбақа барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталары мен көбірек кездесетін жерлері бар.

Ғылыми зерттеулердің анықтауы бойынша ең үлкен тасбақа бор мерзімінде теңізде өмір сүрген архелон тасбақасы болып есептеледі.Осы түрдің табылған сүйегінің өлшемі 4 метрден асып, салмағы шамамен -2,2 тоннаны құраған.

Тасбақа ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ,елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Тасбақаның ерекшелігі денесі сүйекті- терілі сауытпен қапталған.Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12см –ден ,2м –ге дейін жетеді.Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарын тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді.

Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан тасбақаның басы, мойны,аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады.Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді.Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар.

-3-


Негізгі бөлім.

1.Сыртқы түрі және құрылымы.

Тасбақалардың өлшемдері үлкен диапазонды аралықтарда өзгеріп отырады.теңіз тасбақалары құрлықтағы қарағанда әлдеқайда үлкен болып келеді. Қазіргі заманғы тасбақалардың ішінде ең ірі келетіні тері қабатты тасбақалар.Олардың тасқабық ұзындығы 2метрге жетіп, салмақтары 900 кг құрайды.Ал ең ұсақ тасбақаның түрі ұзындығы 10 см –ден аспайтын секпілді немесе намакваленд тасбақасы.





Тасқабық.

Қазіргі тасбақаларды басқа жануарлардан тасқабық арқылы айыруға болады.Тасқабық арқа қалқаны – карапакс және құрсақтық- пластроннан тұрады. Карапакстың сүйек бөлігі қабырға және омыртқамен сүйек қабаттары арқылы бірігіп кеткен, ал екінші пластрон көптеген тасбақаларда кеуде, бұғана және құрсақ қабырғаларымен құралған. Тасбақаның көпқатарында тасқабық мүйіздік қалқандармен симметриялы түрде жабылған, тек кейбір жұмсақ денелі және терілі тасбақалардың түрлерінде ғана оны қалыңтері қаптайды.Жас тасбақалардың тас қабықтары жұмсақ болып келеді, алайда ол өскен сайын қатаяды.

Жота қалқанында мойын,омыртқа,қабырға қалқандары бөлініп көрінеді,ал құрсақта- өңеш,йық,кеуде жамбас, айланшақ,қолтық, шап қалқандары жалғасады.Әрбір қалқандар өз бетімен өсіп,оларға орталық жылдық шеңберлер орын алады.

Тасқабықтың алдыңғы және артқы жағында тесіктер бар, олар арқылы жануар басын, құйрығын және аяқ- қолын қозғай алады. Кейбір тасбақалардың түрлерінде қауіпті кездерде тесіктердің екеуі немесе біреуі ғана қозғалмалы қалқанмен тығыз жабылып қалады.


-4-

Қорапты тасбақаларда алдыңғы және артқы пластрон бөліктері карпаксқа тығыз тартылып тесіктер жабылады да,жануарды сенімді қорғайды.

Тасқабықтың түрлері тасбақаның өмір сүру дағдысына байланысты: құрлықтағыларда биік. Дөңгелек тәрізді, тұщы сулардағы тасбақалардың тасқабығы аласа, жатық, жұмыр,ал теңіздегілерде тамшы тәрізді сүйір болып келеді.

Қаңқа.


Қабыршақты бассүйектің түрлері- қазіргі теңіз тасбақаларында доғалы самайлы, ал басқа тасбақаларда – псевдоапсидты болып келеді.Қазіргі барлық тасбақалардың ауызжақтарында тістер жоқ, ал бұрынғыларда сүйір тістері болған.Омыртқаның мойын мен құйрықжақ бөліктері қозғалмалы, ал басқа бөліктері бірге біткен. Тасқабықтың даму салдарынан тасбақалардың аяқ- қолдары қабырға астына қарай ығысқан, бұл омыртқалылар топтарының арасындағы ерекше құбылыс.Тасқабықтың пайда болуына орай тасбақаның ішкі органдар құрылысы бірталай өзгерістерге тап болды. Дененің бұлшық еттері семіп қалды да, ал аяқ-қол бұлшық еттері жақсы дамыды. Кеудемен тыныс алу тасбақаларға мүмкін емес. Олар ауаны тіл астындағы мүшемен жұтады.Жұмсақ денелі тасбақаларда терімен тыныс алу жақсы дамыған..[1]

Тасбақалар қалайша бастарын ішке тартып алады?Қорыққан мезетте барлық тасбақалар бастарын тасқабықтың ішіне S-тәрізді қисық формада тартып алады. Бұл мезетте бас тек алға және артқа жылжиды. Алайда мойнын жанға иығына бұрып тығылатын тасбақалардың түрі де кездеседі, әсіресе жер шарының оңтүстік өңірінде орналасқан құрлықтарда кездеседі.

Жүйке жүйесі мен сезімтал органдары.

Тасбақаның миы нашар дамыған, оның салмағы дене салмағына қатынас 1/1000 мөлшерді құрайды.Жұлын керісінше өте жақсы дамыған.

Тасбақалар түстерді жақсы айырады.Өздеріне азық іздегенде алдымен олар заттың түсіне, содан соң барып иісі мен дәміне көңіл бөледі. Құрлықтағы тасбақаларды әсіресе қызыл түс қызықтырады, сондықтан әуелі қызыл түсті жемістер мен көкөністерге және азық емес қызыл түсті заттарға көңіл аударады. Оларға жасыл да ұнайды,әсіресе ашық жасыл түс.

Тасбақаның құлақтары жұпыны жасақталған,себебі дыбыс қабылдауға сыртқы тесік және құлақ жарғағы жоқ.Ал дабыл жарғағы басының дәл үстіне орналасқан.Көпшілік оларды саңырау деп есептейді. Бірақ қазір тасбақалардың есту қабілеті жақсы, тек олар 3000 герйке дейінгі төменгі жиіліктегі дыбыстарды еститіндігі белгілі болды.

Өмір сүру дағдысы және қорегі.

Құрлықтағы тасбақалар өсімдіктермен қоректенеді.Тасбақалар негізінен жеке өмір сүреді,тек көбею кезеңде өзіне тән сыңар іздейді.

-5-

Алайда тасбақаның кейбір түрлері қыстау кезеңдерде тобымен бір жерде өмір сүреді. Тұщы судағы тасбақалар жыртқыш болып келеді,олар ұлулар,бунақаяқтылар, балықтар және басқа да омыртқалылармен қоректенеді.Бірақ аталған қостүрдегі тасбақалар өздерінің қорегіне кейде керісінше құрлықтағылар жануарлық тағамдар, ал жыртқыштар өсімдіктерді қалайды.Теңіздегі тасбақалардың ішінде жыртқыштар да өсімдікті талғайтындары да бар.

Кейбір түрлері күшімен ерекшеленеді;теңіздің жасыл тасбақасы тасқабығына қанша сиса,сонша адамды алып жүре алады.Бұл жануарлардың агрессивтік өкілдері де бар.Қаймандық белгілі тасбақалар тістегіш болып келеді,мысалы жағажайдағы жыландар мен құстарды ұстап алады, сонымен қатар жүзіп жүрген адамдардың саусақтарын жұлып алған оқиғалар да кездескен.Олардың тағы бір қызық ерекшелігі суықтан қорықпайды, мұзбен жорғалай береді.Ал оның туысы- мойынды тасбақаның айрықшылығы «құртқа» балық аулайды.Атап айтқанда,су түбінде жасырынып аузын ашады да, тілінің арқасындағы құртқа ұқсас алқызыл жотаны шығарады.

Құрлықта тасбақа негізінен өсімдік қоректі;тұщы су тасбақасы балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады.)Жыныстық жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сыртқы әктасты қабыршақпен не терілі жабынмен жабылған. Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.

2.Тасбақа түрлері: Матамата, аррау, жылан мойын тасбақасы,африка пеломедузасы, үнді тасбақасы, жұлдызды ,терілі,ортаазия тасбақасы,жерортатеңіз,бисса,жасыл түсті тасбақа қызылқұлақты, әшекейлі, қиыр шығыс тасбақа,батпақ тасбақасы, каспий,қайман тасбақасы.



-6-
3. 38 түрі мен тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізген.



Тасбақалар мәдениет пен өнерде

Әрбір халықтардың аңыздарында және мәдениеттерінде тасбақалар көрнекті орын алады.

Әсіресе, Қытай аңыздарында маңызды орын алады.Ол аңызда айдаһармен, цилин және феникспен қатар тасбақа салтты түрде игілік тілегіш төрттікке енген, ал ежелгі тарихтан бұрынғы кезеңде тасбақа дүние, әлем моделі болып табылған.

Тасбақаның түрі көптеген мүсіншілерді шабыттандырған.Тастан жасалған тасбақалар қытай императорларының ескерткіштерін бір жарым жылдар бойы безендірген.Ал 2009 жылдың 21 мамырында Латвия қаласы Даугавпилсте батпақ тасбақасына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылған.

Тасбақа бейнесіндегі маркалар.



-7-


4.Ортаазиялық тасбақа.

1. Жануарлар әлемі жүйесіндегі орны. Монотиптік түр. Жалғыз түрі- далалық немесе ортаазиялық тасбақасы.Ұзындығы 25- 29см дейінге барады.Тасқабығы биік,біртүсті сары немесе қоңыр, кейде ірі қара дақтары болады. Алдыңғы аяқтарында 4саусағы болады.

2.Түр статусы, ареал

Кең тарған түрі: Ортаазия немесе дала тасбақасы Қазақстан, Орта және алдыңғы Азияда, Иран,Өзбекстан,Түрікменстан,Қырғызстан, Үндіде тараған. Ол сазды және құмды шөлдерде мекендейді.Ұзындығы 25 см –ден аспайды.



Бақылау кестесі.




Жыл-айы

Ұйқы уақыты

Шомылдыру

уақыты


Сергіту

уақыты


Тамақтану уақыты

1

07.10.2017

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

2

22.10.2017

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

3

10.11.2017

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

4

26.11.2017

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

5

9.12.2017

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

6

19.12.2017

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

7

11.01.2018

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

8

26.01.2018

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

9

10.02.2018

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

10

24.02.2018

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

11

05.03.2018

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

12

18.03.2018

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

13

14.04.2018

07:30-12:30

5 мин

10 мин

12:45

-8-
Аналығы аталығынан үлкен. Қорегі- алуан түрлі бұталар мен шөптер.Суды құмарлана ішеді.

3.Белсенділігі, көбеюі, қоректенуі.

Қыстаудан наурыз – сәуір айларында шығады.Сәуір аяғына дейін жұптасады.Мамыр айының ортасында және маусым айында 2-5 жұмыртқа салады.Жұмыртқа жарылғаннан кейін бала тасбақалар келесі жылдың көктеміне дейін жерге көміледі. Инкубация мерзімі 80-100 күнге дейін созылады. 10-13 жасында жыныстық толысуға жетеді.Ортаазиялық тасбақа өмірінің ұзақтығы 30-40 жас.Өсімдік тағаммен қоректенеді.

Біздің зерттеуге алып отырған тасбақа түрі- ортаазиялық немесе дала тасбақасы.

Аналығы және аталығы.

Аталығының ұзындығы – 17-18см, ал аналығының ұзындығы-20-29 см. Салмағы: аталығы- 125грамм. Аналығы- 150 грамм. Түстері сарғыш қоңыр.

Аналығының аты- Дони

Аталығының аты-Нинзя

Олар күнде таңертеңгі кезде ұйықтайды. Сағат 11-12-де қимылдай бастайды,сол кезде біз оны алып,шомылдырамыз.

Сыныптың ішіне қоя береміз.Сосын орнына салып қоямыз.

Тамағы- орамжапырақ.

Ал қазір барлығымыз тасбақаны күтеміз, қамқорлық жасай отырып, бір-бірімізге деген көзқарасымыз өзгерді.Достығымыз күшейіп, еңбекқорлығымыз аса түсті.

Алғашқы кездерде тасбақалар бізден қорқатын, ал қазір басын шығарып ойнағысы келеді.


Оқушылармен өткізілген тасбақа жайлы сауалнама мониторингі.

-9-

Қорытынды

Сыныпта тасбақаны ұстауға болады.

Түстен кейін ұйқыдан тұрған кезде бірінші жуындырып, содан кейін тамақтандырған дұрыс.

Ерекше күтімді қажет етпейді.

Тасбақаға қарап, бір ерекше дем алып, зеректігіміз,ойлау қабілетіміз артады.

Бір нәрсеге қобалжып,ренжіп тұрсаң,ренжігенді басады.Көңілімізді көтереді.

Тасбақа ауа райын жақсы бақылайды.

Себебі: тасбақалар әр қалай ұйқыдан оянады. Күн бұлтты, салқын болса ұйықтай береді,тұрмайды. Ал күн жылы, шуақты, қоңыржай болса,онда жәшіктен шығарсың дегендей тыпырлап,шыныны қағады.

Мен өзім тасбақалар туралы ертегі, мультфильм жақсы көремін.

Өзім ойдан қиял -ғажайып ертегілер құрастырғанды жақсы көремін.

Сыныптағы тасбақаларға қараймын да неше түрлі әңгіме құрастырамын.

Өте жақсы көретін мульфильмдерім: «Тасбақа мен арыстан»,«Тасбақа Нинзя», «Бемби» т,б.







-10-





Жазғы демалыс жақындап қалды. Сондықтан сынып оқушылары тасбақаны жалғыз қалдырмауға шештік. Сөйтіп, мен "Дониды" үйге алып келдім. Енді, ол өзінің жаңа мекеніне- біздің үйде тіршілік етуге дағдыланады. "Донидың" біздің үйге жылдам сіңісіп кетуіне барынша көмектесемін деп ойлаймын.

-11-

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. Жануарлар әлемінің биоалуан түрлілігі.

М.Жұмалиев,Б ЕсжановАлматы-2005ж

2. Даревский И.С., ОрловН.Л Редкие и исчезающие животные.

3. Омыртқалылар зоологиясы. К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов

Алматы-2007 ж

4.Герасимова.О., Пестов М. Внимание,черепаха! //Наука и жизнь

. М 2006-№12ы

5. http://www.peacekaz.net/cherepaxa- bolotnaya.html

6. http://rkubykin.chat.ru/turtle.html

-12-


--- -

-12-


- -1-121

----1


Дар

Дддддд 13--------1212ррр--


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет