Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы қорқыныш(фобия) Секция



Дата22.12.2017
өлшемі274.01 Kb.
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы


Тақырыбы:

Жасөспірімдер арасындағы қорқыныш(фобия)


Секция: Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау.

Жоба авторы:Ахметханова Айгерім10 сынып оқушысы

Қ.Билялов атындағы гимназия КММ

.

Жетекшісі: Шаймарданова Алтынай Ермековна.



Қ.Билялов атындағы гимназияның өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

2015 жыл


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...........................................................................................................3


І. Негізгі бөлім

1.1. Қорқыныштың психологиялық ғылымдағы мәселесі............................4

1.2. Қорқыныш дегеніміз не?...........................................................................6.

а)Қорқыныш және оның түрлері.................................................................7

б)Қорқыныштың пайда болу салдары.........................................................9

с)Қорқыныштан құтылу жолдары...............................................................11

ІІ. Практикалық бөлім

2.1 Жасөспірімдер арасындағы қорқыныштарды зерттеу. ...........................13

2.2 Зерттеу нәтижесі бойынша диаграмма құру................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................19


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................20

Аннотация

Қ.Билялов атындағы гимназияның 14 – 16 жас ерекшеліндегі жасөспірімдерде кездесетін қорқыныш түрлерін анықтауға арналған жұмыс.

Жасөспірімдердің қорқынышын зерттеу барысында И.П. Шкуратовтың «Қорқыныш түрлері» атты еңбегінен сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жасөспірідерде қай қорқыныштың түрлері басым екендігі анықталды. Адамдардың қорқынышын анықтауға арналған анықтамалық кітапша ұсынылады. Онда қорқыныштың ғылыми атаулары, өз бойындағы қорқыныштың түрлерін анықтайтын тесттік тапсырмалар, сауалнамалар және қорқынышты жеңу туралы кеңестер баяндалады.

Аннотация

Эта работа предназначенно для определения видов страха у учащихся 14-16 ти лет гимназии им Қ.Билялова.

В ходе работы у подростков было проведено анкетирование. Анкетные вопросы были взяты из трудов И.П Шкуратова «Виды страха».

Результат иследования показал, какой вид страза у подростков первенствует.

В своей иследовательской работе, я предлагаю спавочник, который преднозначен для определения видов человеческих страхов. В этом справочнике собраны научные название страхов, вопросы анкетирования и советы по борьбе с ними.

Abstract


This project work is about the fears of 14-16 aged learners of the gymnasium after K.Bilyalov. The learners were interviewed according to the questions from the book of I.P.Shkuratova “Types of fears”. In the result of the research dominated kinds of fears were found out. A reference book of fears is suggested as a product of this project work. It includes such topics as the names of phobias, interviewing questions and the ways of fighting with phobias.

КІРІСПЕ


Адамзат үшінші мыңжылдыққа аяқ басып, техникалық прогресс жағынан көрінбеген жетістіктер арқылы өзінің өмір сүрген уақытына дейін жаңадан қорқыныштар қосып алды. Балалар және жасөспірімдер өздерінің күш жігері және эмоционалдық құбылғыштығы арқылы болып жатқан қорқыныштарды ерекше ынтамен қабылдайды. Бұл қорқыныштар шынайы ауруға ұшыратуы мүмкін, тіпті психологиялық ауытқушылыққа дейін. Бұл байланыспен балалардың және жасөспірімдердің қорқыныштары оларға қосылатын тұлғалық фактор арқылы қазіргі кезде көп қолданбалы психологиялық мәселеге айналады.

Болжам: Қазіргі замандағы жасөспірімдерге қорқыныштың кері әсері тиюде.
Мақсаты: жасөспірім жастағы қорқыныштың түрлері,пайда болу себептері және одан құтылу жолдарын анықтап, олардың психолгиялық денсаулығын сақтау және жақсарту.
Міндеттері:

  • Қорқыныштың түрлерін сипаттау және оларға анықтама беру.

  • Жасөспірім жастағы қорқыныштың түрлері және кері әсер ету салдарын анықтау;

  • Гимназия жасөспірімдерден анкеталық сауалнама жүргізу;

  • Қыздар және ұлдардың қорқу дәрежесін диаграмма арқылы шығару;


Зерттеу нысаны – гимназияның 14 -16 жас аралығындағы жасөспірімдері
Зерттеу заты – жасөспірім шақтағы қорқыныштар.
Зерттеу әдістері:

  • Зерттеуде баяндау, жинақтау;

  • Анкеталық сауалнама жүргізу;

  • Ақпараттар жинақтау;

  • Әдебиет оқулықтарымен жұмыс жасау;

  • Ғаламтор көздердерін пайдалану;


Зерттеу дерек көздері:
Захаров А.И. «Неврозы у детей и психотерапия»2000

Роберт Уинстон «Менің денем неден құралған» 2006 Алматы

Халық мақалдары

Ғаламтор көзі «Фобия түрлері»


Негізгі бөлім

    1. Қорқыныштың психологиялық ғылымдағы мәселесі.

Қорқыныш туралы көптеген түсініктер болады. Бұны бұл салада жұмыс істейтін мамандар былай түсіндіреді:

А.Петровскийдің пікірі бойынша«Қорқыныш – бұл эмоция, қауіп-қатер төнген кезде биологиялық немесе әлеуметтік тұрғыда жауап қайтара білуі».

А.С.Спиваковскийдің ойлауынша: «Қорқыныш – бұл күрделі эмоционалды адамның қалпы, ерекше сезілмелі реакция қауіпті кезде пайда болады».

Белгілі физиолог И.П.Павлов қорқыныш сақтану түйсігінен пайда болады деп ойлаған, ол қорғаныштық мінез белгілі бір өзгерістердің жүйке қызметіне, жүректің қағысына әсер етеді.

Ресей психологы А.И.Захаров қорқыныш – адамда түбірі қаланған көңіл күй, өзіне қарсы бағытталып келе жатқан күшке жауап беру қасиеті.

Қорқыныш адамдардың өмірінде белгілі бір қызметтерді атқарады:



  • Мобилизациялық

  • Қорғаныштық (қауіппен кездеспеуге қосымша қызмет атқарады)

  • Танымдық (қоршаған ортаны тануға көмектеседі)

Сондықтан, А.И.Захаровтың ойынша қорқынышты адамның шынайы өмірі ретінде көруге болады.

Ғалым К.Изард «қорқыныш» пен «дабыл» терминдерін былай түсіндіреді: «дабыл» - эмоцияның бірнеше жиынтығы, ал «қорқыныш» - осылардың тек біреуі ғана.

Психиаторлар XIXғасырдың өзінде қорқыныш пен дабылды дәл айыра білген. Қорқыныштың әрқашанда себебі болады.Қауіп жоғалса – қорқынышта жоғалады. Дабылдың қандайда бір себебі болмайды. Қорқыныш, сезімді бойлап, күшті қоздырып оны жұмсауға бағытталады. Дабыл күш жігеріңді бойлап, іштей қинап, жүйкеңді тоздырып ол жан дүниеңе және сыртқы күшіңе де салмақ салады. Көптеген ауруларға душар етуі мүмкін.

Бірақта, адам дабылмен оңай күресе алады. Бұл туралы Виктор эмиль фон Гебзаттель: « Әлбетте, өмірге қорқынышсыз ұмтылу керек, бірақ бұлай өмір сүруге бола ма? Қорқыныш басқада қасиеттермен тығыз байланысты, бұл адамның өмірдегі басты қағидасы да болуы мүмкін емеспе... »

«қорқыныш» пен «дабылдың» бір-бірінен айырмашылықтары бар.

«дабыл» - эмоцияның бірнеше жиынтығы, ал «қорқыныш» - осылардың тек біреуі ғана.

Бірақ көбінесе екеуі тек синоним ретінде қолданылады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша біздің ой санамыз ғана емес сондай-ақ денемізде түрлі қауіпті жағдайларға күшпен жауап қайтарады. Қорқыныш- адамның жүрек қан тамырларының жиырылуына, тершендікке, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына, тыныс алу жүйесінің белсенділігігің бұзылуына, ауа жетіспеушілік сезімін тудыруы мүмкін.

Жалпы алып қарағанда қорқыныш эмоциясы мен ішкі ағзаның арасындағы байланыс түрліше болып келеді. Бір жағынан қорқыныш пен мазасыз ойлар ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін, ал екінші жағынан ішкі ағзаның бұзылуынан қорқыныш дүрбелені пайда болуы мүмкін.

Статистикаға сенетін болсақ, невроздық қорқыныш бізідң ғаламшарымызда әр үш адамның біреуінде кездеседі екен.Қорқынышпен күресу жолында

« нағыз өмір-қорқынышсыз өмір» деп айтар едік. Бірақ кейбір қорқыныш түрлері бар ол табиғи, одан құтылудың қажеті жоқ. Өйткені оны қорғаныш инстингтері деп атайды. Мысалы адам көпір немесе бір құздан сырғып құлап кетеп ау деген қорқыныш дұрыс-ақ, ал он қабатты үйден құлаудан қорқпайтын адам, бұл дұрыс емес деп есептейміз. Сондықтан бұл қорқыныш түрінен адам қорықпаса, ол өз денсаулығын физикалық жарақатқа ұшыратады. Ал невротикалық қорқынышты жою және одан құтылу керісінше адамға рухани тәніне жағымды әсер етеді.

Ең маңыздысы қорқыныштың табиғи және невротикалық түрлерін ажырата білу керек.

Негізгі мәселені түсінген жағдайда, енді былай айтуға болады. Невроздық қорқынышпен күресу керек екендігін, ал табиғи қорқыныш адамзат үшін қажет екендігін, тіпті кей жағдайда өте пайдалы екен.

-Біріншіден, қорқыныш адамның күш белсенділігін қиын жағдайға тап болғанда арттырады.Бұл адреналиннің қанға түскен кездегі бұлшық еттерді оттегі мен қоректік заттармен қанықтыру нәтижесінде жүреді.

-Екіншіден, қорқыныш қауіпті немесе жағымсыз оқиғаларды есте сақтауына ықпал етеді. Және ол адамның өмір сүруі үшін қажет, бірақ кей жағдайда қорқыныш елесінен ахуалға түсуі мүмкін.

- Үшінші қорқыныш – ол қандайда бір шешім қабылдар кезде, жеткілікті ақпараттын болмауы. Ал мұндай жағдайда негізгі бағытты талап ететін ол қорқыныш.

Сау адамдарда бұл әрдайым ирония тудырады, бірақ шын мәнінде кез келген нәрседен қорқуға шалдыққан адамдар өте көп. Қорқыныш-белгілі бір қауіп-қатер төнген кезде пайда болатын биологиялық немесе әлеуметтік тұрғыда жауап беру эмоциясы.

1.2. Қорқыныш(фобия) дегеніміз не?

Ешқандай мотивациясыз бір нәрседен қорқу түрлерін дәрігерлер фобия санатына жатқызады.

Фобия, автомобильдің сигнализациясы сияқты, кенеттен іске қосылады.

Фобия (гр. phobos — қорқыныш) - небір жағдайларда қайта-қайта пайда болатын қоркыныш; бұл невроздың ығыр қылатын түрінің көрінісі. Белгілі бір жағдайда немесе белгілі бір заттың алдында кетпейтін үрей мен мазасыздануды байқайды, ауырулар өздерінің үрейлерінің ерсіз және дәлелсіз екенің жақсы сезеді, бірақ бұл күшті олар жеңе алмайды. Фобиялар субъектіні белгілі бір (фобиялық) жағдайда билеп алатын вегетациялық дисфункциялардың астасатын (жүректің атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері. Фобиялар невроздар, психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды.

Қорқыныш белгілері:


• Күшті дабылдар мен қорқыныш сезімі ;
• Жүрек қағуынынң жиілігі және кеуде қуысының қысылуы;
• бас айналуы және бостықтың белгісі;
• конфузия және жанаспайтын;
• ашуланшақтық;
• түрлі болмас ойлардың келуі;
• жүрек айнуы, асқазан ауыруы және диарея;
• бозару және қызаруына;
• тыныс алу қиындығына;
• бақылаусыз мінез қатты ашулану;
• дипрессия және үмітсіздікке ұшырау;

Фобиялардың неге себептері жоқ?



а)Қорқыныш және оның түрлері.

Фобия тудыратын обьектілер- жүздеген, және олардың барлығына ғылыми атаулар берілген.Соның ішінде жиі кездесетін 10 түрін ғалымдар анықтаған.



1. Жалғыздықтан қорқыныш

Аутизммен ауырып жүрген адамдардың ішкі жан дүниесінде жалғыздық атты үлкен қорқыныш бар. Олар үнемі жабық есік саясатын ұстауға бейім. Оның басты сыры неде сұрасаңыз, түсініктерін тым тереңге бастап кетеді. Кез келген адам бақытты болғысы келетінін ескерсек, онда қоғамсыз бақыттың болмайтынын естен шығармау ләзім. Себебі, сенің бар мүмкіндігіңді жүзеге асыратын да, жарға соғатын да қоғам.



2. Өлімнен қорқыныш (акрофобия, гематофобия және т.б.)

Ойлау жүйесі сезімтал әрі секемшіл жандардың қорқынышы. Бүгінгі таңда осы қорқыныш түрінен қаншама жандар өліп кетіп жатыр. Ажалдың араны десек те болады: ішкі әлем кеңістігі, қан көру, биіктіктен қорқу, өлген жандарды көру, зорлық пен зомбылық, тағысын тағылар.



3. Социофобия (сахнаға шығу қорқынышы), агорафобия (ашық ортадан қымсыну)

Әрине, көпшілік адамдар өз сезімдері мен эмоцияларын бөгде адамдардан жасырып ұстағанды дұрыс көреді. Әрине, олар білімді, ойлау жағынан келгенде шығандап озып кеткен. Бірақ, осы бір қорқыныштың ауылында жүргендері түсініксіз, бір қарағанда күлкілі болып көрінетіні өтірік емес.



4. Өрмекшіге, тышқанға, тарақанға, ұшаққа, динозаврға, жыланға, елеске, құбыжыққа, биік өкшелерге (аяқ-киім) деген қорқыныш  

Осынау қорқыныштардың ұзын-ырғасы бір жүйеге кірігеді. Интеллектілік ойлау жүйесімен ауыратын адамдарда жиі  болып тұрады. Оған дау жоқ. Себебі де түсінікті, олар өте сезімтал келеді: әртістер, суретшілер, сәнқойлар, т.б. 



5. Жақын қарым-қатынастан қорқыныш

16 жастағы жасөспірім балаларда ғана емес, 40 жастағы ерлерде де, әйелдерде де  кездесетін нышан. Бір қызығы, аталған қорқыныш түрімен сезімге бей-жай қарамайтын жандардың ауырады. Олар: бірінші қарым-қатынастары сәтсіздікке ұшыраған, бала кезден қалып қойған өкпелері бар, төпеп тастайтын эмоцияның кесірінен зиян шеккен жандар.



6. Естен ауысу қорқынышы

Абстрактылы түсінікке негізделген немесе сондай ой-пікірмен жүретін адамдар сезінетін тұрақты қорқыныш түрі. Олар тылсым дүниелермен тілдескісі келеді, ғарыш әлеміне саяхаттағысы келеді, философия мен физиканы жете меңгергісі келеді. Олар өстіп жүріп, адам баласының ойына кіріп-шықпайтын фантастикалық пікірлерді тудырады.



7. Верминофобия (микроағзалар мен бактериялардан қорқыныш)

Өмірде осы қорқыныш түрін аз кездестірмеген шығарсыз. Күнделікті асқа отырарда немесе бейберекетсіз әр бес минут сайын қолдарын жуа беретін адамдар болады. Олар өздіктерінен барып, ешқандай дүниеге жақындай алмайды. Себебі, оларда бактерия жұқтырып алам деген қорқыныш басым болады.



8. Қорқақ болып қалу қорқынышы

Ерлердің қорқынышы десек те болады. Мұндай қорқыныш түрі көбіне өзін басқа жандарға жауапты санайтын адамдарда болып тұрады. Міне, осынау адамдар өз-өздерін үнемі қыл үстінде жүргендей сезініп, билікті ешкімге бергісі келмейді. Және бір қызығы, бұл қорқынышты әйелдер қауымы да сезінетін болып шықты.



9. Уланып қалу қорқынышы

Бұл қорқыныш түрі өз алдына жеке дүние іспетті. Басқа қорқыныш түрлерімен қарым-қатынас орнатуға тырыспайды. Әрине, қорқыныштың осы түрі интуитивтік ойлау жүйке жүйесі дамыған адамдарда да болса да. Жер бетіндегі қорқыныштың аталған түрі - 5 пайыз. Мәселен, уланып қалу қорқынышы Сталинде болған.



10. Кәріліктен қорқу

Жастар арасында сирек кездесетін қорқыныш. Орта жастағы әйелдер мен 50 жасты алқымдап қалған еркектерде жиі кездеседі. Аталған қорқыныштың себебі түсінікті, себебі, әйел міндеті - баланы туу мен өсіру, ал ерлердің міндеті - ұрпақ өрбіту мен отбасын қамтамасыз ету.

Жасөспірімдерде жиі кездесетін фобияның кейбір түрлері:

Антропофобия - көп кісілерден қорқу;

Атазагорафобия – елеусіз қалудан қорқу. Бұл тек поп-жұлдыздарында ғана кездеседі деп ойламаңыздар. Ол әсіресе жасөспірім және қартайған шақта жиі болады екен;

Ателофобия - жетілмегендік қорқынышы

Атихифобия – сәтсіздікке ұшырау қорқынышы;

Гипенгиофобия–жауапкершіліктен қорқу. Қазіргі замандағы фобиялардың кең таралған түрлерінің бірі. Адам өзіне артқан жауапершілікті ойдағыдай орындай алмай қалудан қорқады.

Пейрафобия – қоғам алдында сөз сөйлеуден қорқу.(емтихан тапсыру, сөзді дұрыс айту.

Рабдофобия – физикалық және моральдық жазалаудан;

Социофобия – қоғамнан қорқу,қоғамдық жағдайаттардан, айналадағылардың бағалауынан қорқу;

Изолофобия – жалғыздықтан қорқу;

Эниссофобия – сыни көзқарастардан қорқу;

Эрейтофобия - қоғам алдында ұялу, қызару т.б.

б) қорқыныш және оның пайда болу салдары.
Зерттеулер бойынша, әрбір екінші бала кіші немесе үлкен жаста қорқыныш сезімі билейді. Бұл екіден -он жас аралығындағы балалардың арасында кездеседі. Балалық қорқыныш – бұл өте терең уайымдау көбінесе улкен жаста өзінің тосын сыйларын қалдырып жатады. Балалардың қорқынышы – жас аралығында және невротикалық болып бөлінеді.Жас аралығындағы қорқынышқа барлық балалар жатады десек те болады. Көбінесе ол эмоционалды балаларда көптеп кездеседі, баланың психикалық және жеке дамуы ретінде қарастырылады.

Бұлардың пайда болуына:



  • Жақын адамдардың қорқынышы.

  • Балалармен сөйлескенде қандайда бір алаңдаушылық.

  • Артық қауіп қатерден сақтану.

  • Көп нәрсеге қарсы болу.

  • Ата – анасының орындалмайтын қауіппен қорқыту.

  • Психологиялық жарақат. Мысалы: шошу, қорқу.

  • Отбасыдағы ата-ананың рөлін басқа бір адамдар басқан кездегі психологиялық қалыптасуы

  • Отбасындағы жанжалдар

Невротикалық қорқыныштар пайда болады:

  • Ұзақ және шешілмейтін мәселелердің болуы.

  • Психологиялық жағдай ауруға айнала бастаған кезде.

Қорқыныш шартты түрде екіге бөлінеді оның біріншісі жағдайға байланысты, екіншісі тұлғалық қалыптасуға байланысты.

Жағдайға байланысты қорқыныштар өте қауіпті болып келеді, улкен адамды немесе кішкентай балаларды шошытуы мүмкін. Бұндай жағдайға мысал ретінде: иттің адамға жүгіруі жатады.

Шартты түрде қорқыныш тағыда екі үлкен топқа бөлінеді. Олар «туа біткен» және «жүре пайда болған».

«Туа біткен» қорқыныш өмірде белгілі бір жас аралығында пайда болады.Бала 3 жасқа толған кезде көптеген нәрселерді өзіне жақын қабылдайды. Осы жаста балалардың қызығушылығы оянады. Бірақ, балалар үлкендердің айтқанына оңай сеніп қалады. Осы жаста балалар кез келген жылдам дауыстан, ойыншықтардан қорқуы мүмкін. Бала қандайда бір қорқынышты бастан өткізгеннен кейін бойында қорқыныштар билей бастады.



Қорқыныштың пайда болу себептері:

  • Бірінші себеп – шынайы болған оқиғаның қайтадан қайталануы. Мысалы: бала лифтіге кіруден қорқады, себебі бұл лифтіде бұрында адам қамалып қалған.

  • Қорқыныш қандайда бір адамдардың түрлерінен қорқуы. Мысалы: мультик кейіпкерлерінің қорқынышты түрлерінен қорқуы.

  • Үшінші себеп – баланы тәрбие кезінде қорқыту.

  • Қорқытудың әсерінен тәрбиеленген отбасылардағы балалар қорқыныш сезімі көп болады. Олар қараңғыдан, жануарлардан, айғай -шудан көптеп қорқады. Оларға қорқынышты түстер жиі кіреді.

  • Әлеуметтік желілерде жазылған қорқынышты хабарлардан

  • Теледидардың жанында әрқашанда әдебиет тұрады. Баланың жасы кіші болған сайын әдебиет оған көбірек әсер етеді.

Жасөспірімдік шақтағы қорқыныштың себептері мен салдары.

Жасөспірімдерде қорқыныштың түрлері әр түрлі жағдайларға байланысты туындауы мүмкін.

Біріншіден: қорқыныштың пайда болуыжәне дамуы түрлі невроздық жағдайларға байланысты.Невроз-жүйке-жүйесінің бузылунан туындайтын функционалды құбылыс, яғни психологиялық ауыру-психозға ұшырауы мүмкін.

Екінші себеп- жасөспірімдің өзін-өзі бірқалыпты ұстай алмауы. Ол ерекше темперамен түрімен байланысты. Созылмалы дабыл сезімі,қорқыныштың бұл түрі жасөспірімдің мазасыз түріне жатады.

Үшінші себебі-сенімсіздік. Белгілі бір білімнің болмау, өзіндік сенімсіздікке,мазасыздыққа, өзін-өзі төмен бағалауына алып келеді. Яғни ол да фобияға ұшыратады.

Төртінші себебі- ата-ананың әсер етуі. Ата-аналардың қорқынышы, мазасыздануы тікелей балалрына әсер етеді

Бесінші себебі- қоғамның әсер етуі. Жеке үйде туратын жасөспірімдердің қорқынышы коммуналдық үйлерде туратын жасөспірімдерден басымырақ. Жеке уйде туратын балалар өз жақындарымен күнде көрісе алмайды сондықтан олар жалғыз болудан қорқады. Ал коммуналдық үйлерде ересектер, өзімен жасты балалар көп сондықтан жалыз болам деген қорқынышта азырақ келеді. Отбасындағы жалғыз балаларға ата – аналары көп қамқорық көрсетеді олардың қорқынышы сол ата – анасының махаббатынан айырылу ең ауыр боп келеді.

Алтыншы себеп: өз достарының арасындағы беделінен айырылып қалам ба деген қорқыныш. Ол сабаққа жаман баға алып қаламба, достарымның арасында беделімді жоғалтып алам ба, достарым сыйламайдыма деп қорқу. Бұндай балалар жабық, мазасызданғыш болып келеді.

Жетінші себеп: балалардың психикаларына әлеуметтік желілердің әсер етуі. Олардың ішіне: әлеуметтік желілердегі түрлі бейнелер, радиохабарлар, теледидардағы жаңалықтар әсер етеді.

Сегізінш себеп: жасөспірімнің ішкі жан дүниесі: өмірден түңілу, өкпе реніш, жазалаудан қорқу көптеген оқиғалар, жасөспірімдердін өз-өзіне қол салуына әкеп соқты.



С) Қорқынышты жеңу жолдары.

Мәселелердің шешу жолдары қорқыныштың түрлеріне байланысты.

Зерттеушілердің пікірі бойынша:


  • Психиаторлармен кеңесу және невроздың алдын алу:

Адам өзі сыртынан неден қорқатынын байқауы мүмкін. Бірақ адамдар өз- өздерін алдамшы сезімге әкелуі мүмкін. Сондықтан оларға психотерапевт дәрігер мен психолог мамандармен кеңесу қажет болады.

  • өз - өзін тәрбиелеу;

Адам – көпөлшемді табиғаттың жаратылысы. Ол әрқашанда көптеген мәселелердің түйінін оңтайлы шешуге тырысады.өмірлік кедергілер нәтижесінде өз-өзін тәрбиелеу жүреді. Тек белсенді өмір мен алға жылжу нәтижесінде көптеген қорқыныштарды артта қалдырады.



  • Жан тыныштығы;

Ол дегеніміз жан дүниемізге тыныштық орнату. Ішкі жайлылықпен эмоционалды тыныштық, сырқы көрінісінен әлдеқайда маңызды. Адам өзіне қызықты іспен айналысқан кезде қорқыныш сезімі бәсеңдей бастайды.

  • Жұмыстың дұрыс қозғалысын жоспарлайды;

  • Эмоционалдық демалыс;

Әрбір адамға сонымен қатар жасөспірімдергеде жалғыздықта болу керек. Болашақ жоспарларын тыныштықта анықтап ойланып алу және жай ғана демалу. Жақсы демалыс - өзіндік жұмысын өзгерту жолы.

  • Дұрыс тыныс алу жаттығулары;

  • өзінің іс әрекетіне есті түрде қарау;

  • адам өз жағдайларын өзі де шеше алады.

Маманардың кеңесі:

1 кеңес: кішкентай жеңістерден бастаңыз.Өздеріңе ғана байқалатын жетістіктеріңіз,кейіңен белсенді ынтаңызды тудырып, өзіндік бағалауыңызды көтеру мүмкін. Психолог мамандар сондай-ақ, айнаға қарап кулімсіреу арқылы аутотренинг жасауға кеңес береді.

2 кеңес: өз-өзіңізбен ойша сөйлесіңіз, қорқамын деген сөзден аулақ болыңыз. «Мен қорқпаймын» деген сөзді жиі айта беріңіз.

3 кеңес: өз ойңызды жаманнан жақсы ойларға өзгертіңіз және де оны көп уақытқа дейін ұстаңыз.

4 кеңес. Халық мақалын ұмытпаңыз:

  • Қасқырдан қорқсаң, орманға барма;

  • Қорқыныш бар жерде қолапас та бар;

  • Батырлық бар жерде жеңіс те бар;

  • Ерлік жоқта, қуаныш та жоқ;

  • Кімде-кім өзінің қорқынышын жеңсе сол адам ең қуатты болып табылады?

  • Қорқақтың қолы қысқа;

  • Қорықанға қос көрінеді;

  • Алысқан жауға арқаңды көрсетпе;

  • Қорқақ қол бастамас;

  • Көз қорқақ, қол батыр;


2.1 Жасөспірімдер арасындағы қорқыныштарды зерттеу

Зерттеу нысаны ретінде- адами қорқыныштар болып табылады.



Зерттеу заты – жасөспірімдердің ең айқын қорқынышы.

Мақсаты: жасөспірім жастағы қорқыныштың түрлерін анықтап және пайда болу себептері мен одан құтылу жолдарын анықтау, олардың психолгиялық денсаулығын сақтау және жақсартуболып табылады.

Болжамын мынандай деп санаймыз:



  • Қыздарда үлдарға ұарағанда қорқыныштың көп түрлері байқалады.

  • Қорқыныштың айқын түріне өз өмірлерінің қаупсіздігі жатады.

Жасөспірімдердің қорқынышың зерттеу барысында И.П. Шкуратовтың «Қорқыныш түрлері» атты еңбегінен сауалнама жүргізілді. Онда 36 қорқыныш түрі сипатталған. Осы қорқыныштың түрлерінің барлығы 5 топқа жіктелді:

А)фобиялар

Ә)Оқу фобиясы

Б)Қоғамдық фобия

В)Қылмыстық фобия

С)Мистикалық фобия

Зерттелушілерде қай қорқыныш түрлері көбірек байқалатының 0-4 балдық жүемен бағалау керек.

0 – мұндай қорқыныш менде мүлдем болған жоқ

1 – мұндай қорқыныш бір рет байқалды

2 –осындай қорқыныш бірнеше рет байқалды

3 –осындай қорқыныш мезгіл-мезгілімен болып тұрады.;

4 –осы қорқыныш менде үнемі.


Жас ерекшеліктер динамикасы бойынша И.П Шкуратовтың «Қорқыныштың еркін сипаттамасы» атты методикасы қолданылды. Онда зерттеушілерге өздерінің қорқыныштарын 3 кезеңде анықтау болды: өткен, қазіргі, болашақ кезде. Зерттеушілер мынандай сұрақтарды негізге алады:

1)кішкентай кезімде мен неден қорқтым?

2)қазір неден қорқамын?

3)болашақта неден қорқамын?

Осы сипаттамалар жоғарыда көрсетілген қорқыныштың 5 топқа негізделіп орындалады.

Зерттеу нысаны ретінде 9-сынып арасынан 41 оқушы қатысты. (Оның ішінде 18–ұл, 23 қыз бала болды)


Негізгі мақсаттың бірі болып жасөспірімдердің қорқыныш түрлерін анықтау болды. Негізгі ұлдар мен қыздардың «Қорқыныш түрлері» методикасы бойынша жиындық құны 1 таблицада берілген.



Қорқыныштың түрлері

Ұлдар

Қыздар

1

Қаранғыдан қорқу







2

Сабақ сурап қалама деген қорқыныш







3

Жақындарыңның махаббатынан айырылу







4

Физикалық зорлық-зомбылықтан қорқу







5

Қарақшылардан қолына ұсталыпқалудан қорқу







6

Биіктіктен қорқу







7

Класс қа мазақ болып қалудан қорқу







8

Достарының сатқындығынан қорқу







9

Жақын адамдарының сенімін ақтамай қалудан қорқу







10

Инопланетяндық күштерден қорқу







11

Жануарлардан қорқу







12

Жаман баға алудан қорқу







13

Достарына және отбасына мазақ болудан қорқу.

Достарымен және отбасымен мазақ болуы қорқыныш









14

Дүрбелең сәтте жұрттын арсында қысылып қалудан қорқу







15

Көз тиюден қорқу







16

Жабық кеңістіктен қорқу







17

Жол апатына ұшыраудан қорқу







18

Директор алдына шақырылудан қорқу







19

Күлкіге және мазақ болудан қорқу







20

Құдайдан қорқу







21

Ұшақпен ұшудан қорқу







22

Басқа оқушылар сияқты болмаудан қорқу







23

Өтіріктің құрбаны болудан қорқу







24

Аттракционнан қорқу







25

Далада тоналудан қорқу







26

Ауырудан қорқу







27

Сыныптан шығарылудан қорқу







28

Медициналық процедурадан қорқу







29

Айналаныздағы адамдардың сынауынан қорқу







30

Жақын адамдарының өлімінен қорқу







31

Жалғыздықтан қорқу







32

Өз өлімінен қорқу







33

Ата-ананың мектепке шақырылуынан қорқу







34

Асырылмаған мүмкіндіктер үшін ата-ананнаң жазаланудан қорқу







35

зорлық зомбықтан қорқу







36

Террорлық жарылыстан қорқу






1 таблица

Бірінші таблицадан көріп отырғанымыздай, ең жоғарғы көрсеткішті құдайдан қорқу болып отыр(76балл ұлдарда және 92 балл қыздарда). Бұның себебі біздін менталитетимізге байланысты ма деп ойлаймыз. Өйткені біздің барлығымызды алла жаратты деген сөз біздің санамызда ертеден- ақ қалыптасқан. Ол отбасындағы тәрбиеге байланысты деп айтар едік. Сондықтан олар құдайдан бірінші қорқады. Ол дұрыс та. Сондай-ақ жақын адамдарының өлімінен қорқатындар да біршама пайызды көрсетті. (57балл үлдарда, 69 балл қыздарда). Ал өз өлімдерінен сондай қатты қорқпайды екен.Ұлдар (18балл), ұыздар(36балл). Ол жағдай өздерінің қорғаныштық қасиеттерінің болуында немесе бұндай жағдай мүмкін емес деп есептеуінен болар.

Келесі қорқыныш дәрежесі бойынша әлеуметтік қорқыныштар жатады: жақын адамдарының махаббатынын айырылу қорқынышы(25 балл); достарының сатқындығынан қорқу (28 балл); жалғыздықтан қорқу(29 балл). Сонымен қатар жол апатынан қорқу (27балл). Қыздарда алдынғы орында қылмыстық қорқыныш болып келеді. Оның ішінде террорлық жарылыстардан қорқу (30 балл), физикалық зорлық зорлмбылық (36 балл). Қыздардың арасындағы ең жарқын қорқыныштын түрі, ол қаранғыдан қорқу (46 балл). Олар сондай-ақ жалғыздықтан(42балл); жақын адамдарының үмітін ақтамау(45балл).

Зерттеу бойынша қыздар мен ұлдар арасында басқа оқушылар сияқты болу қорқынышы мүлдем мазаламайды екен.Олардың орташа көрсеткіші ұлдарда (2балл), қыздарда (8 балл). Снымен қатар ұлдар жабық кеңістіке қалудан (3балл), көз тиюден де (4 балл) қорықпайды.

Осы өлшемдердің барлығы 5 топ бойынша жіктелген(фобиялар, оқу, әлеуметтік, қылмыстық, мистикалық)

Жалпылама алғанда жасөспірім оқушыларда әлеуметтік қорқыныш басымдылық көрсетеді(76балл), екінші орында фобиялар мен қылмыстық қорқыныштар(68балл), үшінші орында оқу және мистикалық топтар жатады.

Демек біздің болжамымыздың біреуі дұрыс еместігі анықталды.

Келесі қорқыныш түрі ұлдарда оқу қорқынышыбойынша келеді: жаман баға алудан(23 балл); ата-анасын мектепке шақырылуынан(38балл)

Қыздарда бірінші бестікке медециналық процедуралардан(78балл), ауырудан қорқу(68 балл), жаман баға алудан(67 балл)қорқады екен. Ең аз қорқыныш зорлық зомбылықтан қорқу ұлдарды соншалықты аландатпайды екен. Ал қыздар үшін бұл өте өзекті мәселе болып табылды(62 балл). Бұл деген қорыныштың әлі де аландататындығын сипаттайды.

Жалпы қорқынышты талдау үшін, олардың барлығы келесі топқа біріктірілді.



Фобиялар

Оқу қорқынышы

әлеуметтік қорқыныш

Қылмыстық қорқыныш

Мистикалық қорқыныш

Қаранғыдан қорқу

Сабақ сурап қалама деген қорқыныш

Жақындарыңның махаббатынан айырылу

Физикалық зорлық -зомбылықтан қорқу

Тылсым дүниелерден(елес) қорқу

Биіктіктен қорқу

Класс қа мазақ болып қалудан

Достарының сатқындығынан

Қарақшылардан қолына түсуден

Көз тиюден қорқу

Жануарлардан қорқу

Жаман баға алудан қорқу

Жақын адамдарының сенімін ақтамай қалудан қорқу

Дүрбелең сәтте жұрттын арасында тапталу

Құдайдан қорқу

Жабық кеңістіктен қорқу

Директор алдына шақырылудан

Достарына және отбасына мазақ болудан қорқу.

Далада тоналудан қорқу

Өз өлімінен қорқу

Жол апатына ұшыраудан қорқу

Басқа оқушылар сияқты болмаудан қорқу

Күлкіге және мазақ болудан

зорлық зомбықтан қорқу

Жақын адамдарының өлімінен

Ұшақпен ұшудан қорқу

Сыныптан шығарылудан қорқу

Өтіріктің құрбаны болудан

Террорлық жарылыстан қорқу




Аттракционнан қорқу

Ата-ананың мектепке шаұырылуынан қорқу

Айналаныздағы адамдардың сынауынан қорқу







Ауырудан қорқу

Асырылмаған мүмкіндік тер үшін ата-ананнаң жазаланудан

Жалғыздықтан қорқу







Медиц-лық процедурала















Қыздарда

1 орында-фобиялар мен қылмыстық қорқыныш;

2 орын-әлеуметтік

3 орын-оқу мен мистикалық
Ұлдарда

1орын-әлеуметтік пен фобиялар

2орын-қылмыстық қорқыныш пен оқу

3 орын-мистикалық





Қорытынды
       Сіз көз алдыңызға ешқашан күлмейтін, жыламайтын, таңғалмайтын, ренжімейтін, қорықпайтын адамды елестете аласыз ба?... Әрине, сіз ондай адамдар болмайды деп айтасыз. Шынында да біз өміріміздің белгілі кезеңдерінде жылаймыз, күлеміз, қорқамыз.

Қорқыныш - теріс, жағымсыз эмоциялық тәжірибе болып табылады. Әдетте ол қорғаныштық қызмет атқарады, сондықтан да баланың дұрыс тәрбиесі үшін керек. Қорқыныш қаупі қауіп төнген кезде пайда болады. Қорқыныш - қауіпке жауап, қауіп сезімі болып табылады.


       Ғылыми-зерттеу жұмысын қорытындылай келе, мынандай қорытынды шығарамыз:

Балалық шақтан ересек жасқа көшкен кезде қорқыныш азаяды;

Қорқыныштың барлық түрлерін салыстырғанда қыздарда қорқыныш сезімі басым, ал ұлдарда аз. Бұл айырмашылықтар қыздар мен ұлдардың тәрбие айырмашылықтарының нәтижесі болып табылады. Дәстүр бойынша, жас адамдар бала кезінен түрлі құбылыстардан қорықпауы қажеті, немесе, кем дегенде өз қорқынышына жол бермеуі керек, бұл шын мәнінде өз қорқынышын мойындамау болып табылады. Сонымен қатар қыздардың әлсіздік көрсетуі ер азаматтардан қорған іздеуге мүмкіндік берді.

Осылайша, қыздардың адамдарға қарағанда қорқынышқа бейім, және жасына байланыстыда қорқыныш түрі азаяды.


Оның теріс сипаттамаларына қарамастан, қорқыныш адамға төнген қауіп қатерден құтылуға көмектеседі. Қолайлы жағдайларда қорқыныш кетеді. Бірақ кей жағдайлар болады, қорқыныштар жиналып – жиналып қар көшкіні сияқты жиналып, кедергі жасайтыны.

Оқушылар қорқыныштарын жеңе білуге тиісті,ол үшін қиындықтарды жеңіп, қиын жағдайларда ересектерге жүгіну керек. Әрқашанда сен қиналған кезде көмек беретін адамдар болады, сондықтан әрқашанда қандай қиындық болмасын алдыға ұмтылу қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Захаров А.И. «Неврозы у детей и психотерапия»2000

Роберт Уинстон «Менің денем неден құралған» 2006 Алматы

Халық мақалдары

Ғаламтор көзі «Фобия түрлері»




Каталог: uploads -> doc -> 00a9
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
00a9 -> Қызылорда,2016ж Мұғалімдердің шығармашылық зерттеу жұмыстарын тарату мақсатында «Тәжiрибе. Жаңашылдық. Шығармашылық» тақырыбында педоқу
00a9 -> Бекітемін: Мектеп директоры: Г. Бегмуратов алгебра (орта мерзімді жоспар) 9-сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет