Тақырыбы: «Жануарлар әлемі» Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»



Дата10.12.2017
өлшемі87.76 Kb.
Тақырыбы: «Жануарлар әлемі»

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», Шығармашылық,

Ұйымдастырылған оқу қызметі: : Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, Жаратылыстану. Жапсыру.
Мақсаты: Математика орталығында балаларға, цифр мен заттың арасындағы сәйкестікті табуды үйрету оларды салыстыра білуге, балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға,оқу қызметінде алған білімдерін тиянақтау. Жануарлар туралы білімдерін әрі қарай жетілдіру Өнер орталығында жапсырудың жаңа техникасымен таныстыру, мақтаны домалақтау арқылы қойдың жүндерін жасау тәсілін үйрету. Түйе,сиыр,жылқы,қой,ешкіден алынатын астық өнімдерімен таныстыру.Жүнінен түрлі киім-кешектер алынатынын және олардың жасалу жолдарын көрсету. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру Математика орталығында цифр мен заттың арасындағы сәйкестікті табуды үйрету,оң жақта ,сол жақта , Жыл мезгілі- көктем туралы түсініктерін қалыптастыру

Балалардың жануарларға деген сүйіспеншілігін арттырып, оларға қамқор болуға баулу. Өнер орталығында таза , ұқыпты жапсыруға тәрбиелеу.



Билингвальды-компонент: Қыс-зима-winter, үй жануарлары-домашные животние-domestik animals, қой-баран- sheep, , сиыр-корова-cow, жылқы-лошадь-horse, түйе-верблюд-camel, ешкі-коза- shef

Көрнекіліктер: сандар, суреттер, үлестірмелі құралдар, бояу қарындаштар, мақта.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ шешу, әңгімелеу, мадақтау қорытындылау

Қажетті заттар: Жүн жіп,бояу, әртүрлі жүннен жасалған бұйымдар ,киімдер.

Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.

Жұмыс жасайтын орталықтар: «Ғылым», «Есеп», «Өнер».
ОҚУ ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫ:

Музыка әуенімен балалар кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Бүгін бізде ерекше күн! «Жануарлар әлемі» атты оқу қызметіне қош келдіңіздер!

-Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.



Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

-Сәлеметсіздерме! Здраствуйте! Good morning!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс-зима-winter.

-Қай айы?

-Ақпан-февраль-February.

Тәрбиеші: Балалар,өткен оқу қызметімізде біздер «Үй жануарлары мен жабайы жануарлар» туралы өткен болатынбыз.Қане есімізге түсірейікші!

Балалар: үй жануарлары-домашные животние-domestik animals, қой-баран- sheep, сиыр-корова-cow, жылқы-лошадь-horse, түйе-верблюд-, ешкі-коза-

Тәрбиеші: Ал жабайы жануарларға нелер жатады екен?

Балалар: жабайы жануарлар- дикие животние- wild animals, Қасқыр –волк-wolf, түлкі-лиса-fox, аю—медведь-bear, қоян-заяц-Hare.

Тәрбиеші: Балалар, бізде бүгін «Есеп», «Ғылым», «Өнер» орталықтары жұмыс жасайды.Әжеміздің берген тапсырмаларын орындауға қалаған орталықтарға текшелерді таңдау арқылы бара қойыңыздар.

Кіріспе бөлімі:

«Есеп» орталығы

Тәрбиеші: Балалар есеп орталығына қош келдіңдер!

-Балалар жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын өткен оқу қызметімізді есімізге түсіріп алайық.Біздер сандар қатары және пішіндер туралы өткен болатынбыз естеріңдеме? Ендеше сендерге тапсырма берейін.



1-тапсырма «Пішіндер поезді» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Әртүрлі пішіндерді бір-бірінен ажыратуға үйрету.



2-тапсырма «Сиқырлы сандар» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Сандарды ретімен орналастыра білуге үйрету.

-Жарайсыңдар балалар өткен тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер.Ендеше бізге берген әжеміздің тапсырмасын орындайық.

Жаңа тақырып: Цифр мен заттың арасындағы сәйкестікті табу,оң жақта ,сол жақта , Жыл мезгілі- көктем

-Балалар біздің әжеміз қайда тұратын еді?

-Жайлауда.

-Жайлауда нелер бар?

-Жануарлар

-Ендеше балалар осы жануарларды бүгінгі тақырыбымыз бойынща цифрлармен сәйкестендірейік.

3-тапсырма «Цифрмен сәйкестендір» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Белгілі бір зат пен цифрды сәйкестендіру арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиеші алдымен балалардан оң және сол қолдарын көрсетуін сұрайды.



4-тапсырма «Оң жақта сол жақта» дидактикалық ойыны.

Мақсаты:Жануарлардың қай жақта орналасқанын табу арқылы оң жақта немесе сол жақта білімдерін қалыптастыру



5-тапсырма «Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Тәрбиеші оқыған өлең мазмүны бойынша,қай мезгіле екенін тауып көрсету.



«Бұл қай кезде болады?
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,

Сай – салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Цифрлармен заттарды сәйкестендіруді.

Игереді:Оң жақ сол жақ туралы үғымды.

Меңгереді:Жыл мезгілі-көктем туралы түсінік алады.

«Ғылым» орталығы

Тәрбиеші:Балалар ғылым орталығына қош келдіңдер!

-Балалар жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын өткен оқу қызметімізді есімізге түсіріп алайық.

Өткен оқу қызметімізде ғылым орталығында үй жануарларынан алынатын өнімдерді зерттеген болатынбыз.Қане есімізге түсірейікші.

-Үй жануарлары туралы не білеміз?

-Сүт өнімдерін не алады екенбіз?

-Айран, қаймақ, ірімшік, балқаймақ,құрт,қатық.

-Жарайсыңдар балалар.

Жаңа тақырып.

Ендеше балалар экранға назар аударайық.



Экраннан малшы мамандығы туралы бейнеролик көрсету.

Жұмбақ жасыру

Төл өсіріп момақан

Уыз ішкен қоймалжың

Білсең айтшы балақан

Еңбегі зейнет қай маман? (Малшы)

-Дүрыс айтасыңдар балалар.

-Малшы мамандығынан басқа қандай мамандықтарды білесіңдер?

-Дәрігер,мұғалім,жүргізуші, тәрбиеші,шашатараз деп балалар жауап береді.

-Дұрыс айтасыңдар балалар «Малшы» да осындай мамандық атауы екен.

Малшы мамандығы туралы қысқаша түсінік беру.

Қой малынан алынатын өнімдер туралы суреттен көрсете отырып қолдарын алдарында тұрған сиқырлы қоржынға салуды сұрайды.

1-зерттеу жұмысы « Жүннің жұмсақ әрі мамық» болатындығын сипап сезу арқылы

Жұмбақ жасыру

Мамық әрі жұмсақ

Шыр айалып жіп болар

Тоқыса жылылығы күшті

Ағашқа құйындап оралар (Иірілген жүн, жіп)



2-зерттеу жұмысы «Жүннен жіп жасалатындығын көрсету, түту)
3-зерттеу жұмысы «Жүнді бояу».

-Түрлі-түсті бояу ұнтақтарын қосу арқылы жүннің түсінің өзгеретіндігіне көз жеткізу.


1-Бақылау : Балалардың назарын экранға аударып қазіргі техниканың дамыған уақытында жүнді машинамен өңдейтінін көрсету.

2-Бақылау: Тәрбиеші балаларға осының бәрі адамдардың еңбегі екендігін түсіндіру

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Малшы мамандығы .Ауыл адамдарының еңбегі.

Игереді: Жүннен жасалатын бұйымдардың жасалу жолдарын.

Меңгерді: Жүнді зерттеу жұмыстарын.

Өнер орталығы

Тақырыбы : Бұйра қошақан

Мақсаты:Үй жануары қой туралы білімдерін кеңейту.Жапсырудың жаңа техникасымен таныстыру,сулықты домалақтау арқылы қойдың жүндерін жасау тәсілін үйрету.Тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Жануарлар макеті,желім үлестірмелі құралдар.

Билингвальды компонент: Қой-баран, қозы-ягненок.

Оқу қызмет барысы:

Жетекші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын:

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Қойды алып көрсетеді.

-Балалар қой үй жануары ма, жабайы жануар ма?

-Үй жануары.

-Қой төрт түліктің бірі.Ол шөппен қоректенеді.Қой-момын жануар.Қойдың жүнінен әртүрлі киімдер тоқиды.Көрпе жасайды,киіз басады.Етін азық етеміз,сүтінен түрлі сусындар жасаймыз.



Жетекші ертегі айтып береді.

Ерте,ерте,ертеде бір аппақ қошақан болыпты.Жүнінің аппақтығы сондай аппақ мақтаға ұқсайды екен.Ол күнде жайлауда жайылып,құнарлы шөптер жеп,таза бұлақтан су ішіп бақытты өмір сүріп жатқан.Сөйтіп жүргенде қыс мезгілі де кіріп келеді.Бір күні қошақанның иесі келіп,қошақанның үстіндегі жүнін қырқып тастайды.Оның жүнінен шопанның әйелі балаларына шұлық тоқып береді.Сөйтіп қошақан өзінің аппақ үлпілдек жүнінен айырылып қалыпты. Бейнелеу жетекшісі:-Балалар,біздер осы қошақанның үстіне өзінікіндей үлпілдек жүн жапсырып беремізба?

- Балалар: Иә.

Бейнелеу жетекшісі:Енді біз бүгінгі оқу қызметімізге көшейік. Бүгін біз «Бұйра қошақан» жапсырмасын жасаймыз. Балалар «Бұйра қошақан» жапсырмасын жасауға ынта білдіреді. Балалардың назарын үлестірмелі материалға аударту.Мына қойға қараңдаршы біз жүнін мақтадан дөңгелектеп жапсырамыз. Жұмыстың жасалу ретін түсіндіріп,көрсетеді. Мақтаны алалқан арасына салып домалақтап, кішікентай дөңгелектер жасаймыз. Осылай қозының үстіне жететіндей етіп, жапсырамыз. Бір-біріне мақтаны жақын қою арқылы, қозының денесін толтырамыз да, желімдейміз. Міне, біздің қошақанымыз дайын,оған жүру үшін аяқтарын жасаймыз.

Бейнелеу жетекшісі: Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді. Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды. Балалар қызыға жасайды. Жақсы жасалынған жұмыстарды жайлауға орналастырады.

-Балалар жасаған жұмыстарың өзеріңе ұнадыма?

-Ұнады.

Балалар жұмыс орындарын жинақтайды.Жетекші балаларды мақтап, мадақтайды.

Қорытынды

-Балалар біз бүгін есеп орталығында қалай жұмыстандық, нені үйрендік?

-Цифрмен затты сәйкестендірдік, оң жақ сол жақ туралы ұғымды, жыл мезгілі-көктем туралы білдік.

-Ал ғылым орталығында нені зерттедік?

-Қойдың жүнін, жіп жасалатындығын бақыладық.

-Ал өнер орталығында немен айналыстық?

-Бұйра қошақанды жасадық.

-Жарайсыңдар балалар ендеше бүгінгі «Жануарлар әлемі» оқу қызметіміз аяқталды.

Балалар:

Біз кішкентай баламыз

Айтқан тілді аламыз

Үлкен болып өскенде

Биік шыңға шығамыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет