Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау Мақсаты



Дата30.12.2016
өлшемі117.4 Kb.
Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау ...

Мақсаты:

Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.

Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдеттер - араққа, есірткіге және темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру.

Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында Қазақстан егеменді еліміздің болашағы жастар олардың денсаулығы мықты болып, шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді.. Бірақ бізге әрдайым қалын бұқара үшін біздей адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін, адамдарға бағыттайтын, оларды үлгі өнегелермімен еліктіріп, ілестеріп жүретін ұстаз. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып отыр. «Саулық байлық негізі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың алдың алу және болдырмау. Дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту туралы, сонымен дене тәрбиесімен айналасуы керек. Есірткілерді темекі мен алкогольды тұтынуды қойып тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет.

Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.

Біздің мектеп 2010-2012 оқу жылынан бастап денсаулық сақтау технология бойынша жұмыс атқарып келеді. Жылдың басынан өз сыныптарымызға жоспар құрып, сол құрылған жоспар бойынша іс- шаралар өткіземіз. әр сабақтарда денсаулық сақтау элементерін қолданамыз. «Алтын күз» және «Денсаулық күні » мектептік бұл іс-шаралар таза ауада көктемде және күз айларында өтеді. Бұл шараға 1-4 сынып оқушылары белсене қатысады. Оқушылар бұл жерде өтетін сайыстарды өздері ойлап ұйымдастырады, қайынды жер текке таңдалған жоқ, мұнда жақсы дем алып слетті ұйымдастыруға өте қызықты. Әр сыныптың жетекшілері әдістемелік және ұйымдастыруда оқушыларға көп көмек көрсетеді. Қалалық сайыстарға өз жоболарын дайындап, орындарға ие болып келеді. Оқушылармен сайыстар мен слеттерге қатысады.

Менің 3 «б» сыныбым мектептегі денсаулық сақтау бойынша үшінші жыл тәжірибеге қатысады. Осы уақытқа дейін оқушылардың өздерінің «Бақылау күнделіктері» бар, олар осы күнделіктер бойынша жылда өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік алды. Толығырақ айтсақ оқу жылының басында және аяғында өздерінің бойларын және салмақтарын, денсаулық жағдайларын бақылайды. Оқушыларға түрлі тақырыптар беріліп, олар осы берілген тақырыптар бойынша өздерінің ойларын шығарма, композиция және суреттер арқылы өте қызықты жеткізді. Оқушылар түрлі спорт дайындықтарына белсене қатысады. Қыс бойы сыныппен бассейінге де жиі барып тұрдық, сонын арқасында байқағаным олар түрлі вирустық ауруларға аз шалдықты. Ал осы жылы ең қызықтысы, оқушыларға ол сыныптың «Қарағанды көшелерімен жүріп өтелік » атты жобаға қатысып, «Алтын тұлпар» ат баптау кешеніне барулары болды. Олар өздері қазақ халқының жылқы малымен жақын танысып, жылқы малы өте сезімтал жануар екенін және оны баптау оңай еместігін білді. Қазақтарда жүйрік аттарды тұлпар, сәйгүлік, арғымақ деп атағандарын біліп, қандай тұлпар аттар қазақтың көптеген аңыз, эпос жырларында керемет суреттелгендерін білді. Мәселен, Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, ХІХ ғасырдағы тұлпар аттың ардақтысы Саңырақтың Құлабестісі, Ақан серінің Құлагері екені.

Қазақ халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидасын бала санасына енгізе алсақ, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.


«Салауатты өмір – салтымыз» , «Денім сау болсын десең...» атты тренинг сабақтар, «ЖҚТБ - ғасыр тажалы» ашық сынып сағаттары, «ЖҚТБ ауруымен қалай күресуге болады?» сабақтар, «Шынықсан, шымыр боласын», «Бақытың да, байлығың - денсаулық» ашық тәрбие сағаттарын, әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыру арқылы оқушы балалардың денсаулықтарын нығайтуға көп көңіл бөлеміз. . Сондай-ақ оқушылардың денсаулық туралы білімдерін жетілдіретін «ЖҚТБ ауруымен күрес» , «Дені саудың - жаны сау» денсаулық күндерін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Сонымен қатар, ата-аналармен де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық жарыстар болып тұрады.. Спорт саласы бойынша да баскетбол, волейбол, футбол, ойындары арасында сыныптар бойынша жарыстар өткізіліледі.
Осы сабақтарда оқушыларға денсаулыққа байланысты көптеген мәліметтер беріледі, денсаулық сақтау ережелері мен аурудың алдын алу бойынша білімдерін дамыту жұмыстары жүргізіп отырамыз.
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау өсіп келе жатқан жеткіншектерге денсаулық-зор байлық екендігін түсіндіру аса маңызды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі ұзақ мерзімді және баяу процесс, бірақ та бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады.
Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.



  1. Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.

  2. Дұрыс тамақтану.

  3. Дұрыс тынығу.

  4. Дене еңбегімен шұғылдануы.

  5. Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу.

  6. Табиғат аясында болуы.

  7. Зиянды әдеттерден сақтану.

  8. Дұрыс қозғалыста болуы.

Біз мектебімізде оқушыларға денсаулық туралы үйрете отырып, жоғарыда айтылғандардың барлығын сабақ процессінде қолданамыз. Мысалы , «Өмір қозғалысты талап етеді» деп Аристотель айтқандай, адамда қозғалыссыз өмір жоқ. Мұны әркім білуі тиіс, ұзақ өмір сүргің келсе қимыл қозғалыста болу керек. Адамдарда аз қозғалудың нәтижесінде аурушандық пайда болады Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам! 


 
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Денсаулық.


Мұғалім: Әр топ өздерін таныстыра кетсін.
Топ спикерлері өз топтарының аты мен ұрандарымен таныстыра кетеді.
1- «Есірткіге қарсы» тобы, 2- «Темекіге қарсы» тобы, 3- «Араққа қарсы» тобы.
Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
І: Денсаулық –зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
ІІ: Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың – жаны да сау. Ендеше әр топ денсаулық туралы ой бөлісіп, топтастырсын. Уақыт біткен кезде әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

1- оқушы: Денсаулық ол – шыныққан


Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

2- оқушы: Денсаулық ол - күлуің


Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

3- оқушы:Қара айнаға, көресің


Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің-
Құрылысың бұл ішкі.

4- оқушы:Сымбат - мүсін дегенің


Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.

І: Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.


ІІ Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық –гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.

5- оқушы: Гигиена - бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.


Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен:
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз – түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.

6- оқушы:Мен айтайын тақпақ,


Алғың оны жаттап.
Тісіңді жу, тазарт
Маржандай болсын аппақ.
Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар:
Ұсататын тамақты
Отыз екі тісі бар.
Алғашқы тіс – сүт тістер
Түсіп бірте тынады.
Алты жастан нық тістер –
Тұрақты тіс шығады.

7- оқушы:


Тіс болмаса,
Асты қалай шайнарсың,

Тазалап жүр тісіңді.


Тісті күнде екі рет

Кішкене де ыңғайлы,


Тазартуды ойларсың.

Тіс щеткасын пайдалан.


әдет қыл бұл ісіңді:

Тазалауға болмайды,


Щеткасымен басқа адам.
«Тіс пастасының әзіл жарнамалық үзілісі». Интерактив тақтаны қолдану.

8- оқушы: Аяқ — қол –көмекші,


Күт оны ерекше.
Қол жиі ластанар
Сондықтан істің әр
Соңында қолды жу,
Жояды кірді су.
Аяқ – қолды кірлетпей,
Тырнағыңды алып жүр.

9- оқушы: Тері - сезім мүшесі, Тері дайым дұрыстап,


Маңызды оның үлесі. Қызуыңды реттейді.
Сол арқылы білесің Зиян микроб, вирустар
Сезіп затты, ыстықты, Ағзаға одан өтпейді.
Қатты, жұмсақ, суықты.

10- оқушы:Еріншектен – салақтық, Еріншек таза жүре алмас,


Салақтықтан – надандық. Кір қолын да жуа алмас
Бірінен бірі туады, қаракет жоқ, ғылым жоқ
Жоғалар сөйтіп адамдық. Өз бойынан ұялмас.

І: Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар туралы не айтамыз?

Екі оқушыны шығару. Біреуінің үсті басы кір, ал екінші оқушы ұқыпты бала.

11- оқушы: Күнде бетін жумайды, Жатып алап тұрмайды,


«Жу» десең – ақ тулайды. Дейді ақырып «Жолама»,
Өз - өзінен өкпелеп, Сондай бала бола ма?

12- оқушы: Беті қандай кір еді, Күледі – ау жұрт, күледі.


Айниды адам жүрегі. Сондай бала бола ма?
Көрсе осы бір кескінін, сендер оған жолама

ІІ: Ал тазалықты сақтайтын, жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз?

13- оқушы: Жақсы бала құлақ сап, Жақсы бала ол анық
Істемейді шалалық,
Айтқаныңды ұғады. Тап – таза боп жуынып,
Төсегінен тұра сап, Алады өзі таранып.
Таза ауаға шығады.

І: Кір балаға қарап, оның ұялғанын байқайды. Сен енді тазалықпен дос болысың ба? Жаман бала: Ия, ант етемін дейді.


Барлығы: Тазалық –денсаулық кепілі.

14: Күн тәртібі –бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте. Күн тәртібі –бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру.


Үйде жоқ апашым, Киімді шашпадым.
Үйде жоқ папашым. Үйді де жинаймын,
Жинадым төсекті, Себебі мамамды
Суардым көшетті. Мен өте сыйлаймын.
Тартпаны ашпадым,

15: Көзді неден қорғау керек? Әр топ топтастырып, ой бөліседі.


Аружан: Көзің - екі жанарың, Көзді сақта қоқыстан,
Көз көреді, барлайды. Жарыққа тік қарама.
Оны кірпі қабағың, Соғып алма оқыстан,
Шаң мен желден қорғайды. Зақым келер жанарға.

Айнұр: Көз нашарлап қалысқан, Ондайда адам шаршап тез,


Кезде әлдене зақымнан. Басы ауырып жүреді.
Біреу көрмес алыстан, Қабілетін сақтап көз,
Біреу көрмес жақыннан. Көзілдірік киеді.

16: Тиімді тамақтану деген не? Қандай пайдалы тамақтар бар? Топтастыру, қорғау.


Дана: Бірдей емес жұрт барлық, Алуан түрлі азық бар,
Бірі - толық, бірі – арық. Ет, май, сүт пен балықтар.
Байланысты ол талғамға, Көкөністер, жемістер,
Қоректенер тағамға. Витаминдер, жидектер.

Ас – адамның арқауы.


17:
Ас – адамның арқауы Тамақты ішкің күнде сен,
Деген сөз бар ежелден. Белгілі бір мезгілде.
Бойға сіңіп, тарқауы, Таңертең, түс, түстен соң,
Үшін керек ереже. Жатар алды кезінде.

18 Су – тіршілік негізі


Айгүль: Су – тіршілік негізі, Үйде ванна, душ болса,
Онсыз өмір сүрмейсің. Салқын сумен құйынғың.
Гигиена егізі Ыстық сумен шомылсаң,
Су деп және білгейсің. Салқын сумен шайынғың.

19 Витаминдер.


Аяжан: Витаминдер –тірегін, А – сы қажет көзіне,
А,В,С,Д,Е –деп аласың. В – жүйкені тоғайтар.
Жетіспесе бірі оның, С – дан микроб безінер,
Ауырып сен қаласың. Д – сүйекті нығайтар.

ІІ: Дене шынықтыру сабағында үйренген жаттығуды жасап, бір серігіп алайық.


Арлан: Жалқаулықты тастаймыз, Иілеміз оңға бір,
Жаттығуды бастаймыз. Иілеміз солға бір.
Қиынсынып қашпаймыз, Қимылдайды әр сәтте,
Шынығамыз жастай біз. Аяқ та бір, қол да бір.

20: көгілдір мұз, тайғанақ,


Жылтылдайды мұз айдын.
Конькиімді байлап ап,
Зымыраймын зулаймын.
Шынығу және денсаулық
Жазда ықпай ыстықтан, Жазда суда жүземіз,
Қыста бұқпай суықтан. Құмда күнге күйеміз
Айналысып спортпен, Жалаң аяқ жүреміз.
Біз боламыз шыныққан, қыста қызып денеміз,
Денсаулығы мықты жан. Коньки, шаңғы тебеміз.

І: Ал, енді мен жұмбақ жасырамын, шешуін тез табайық.

Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым. (шаңғы)

Аяқтарым қалтылдап,


Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды,
Бір – бірінен озбайды. (коньки)

Бір атым бар


Құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. (Велосипед)

Ұрып қалсаң кері атып,


Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе (Доп)

Отыз екі мықты,


Қаз –қатар болып шықты,
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. (тіс)

ІІ: Тұмау туралы не білеміз?


Егер денең қалтырап, Дәрігерге жедел сен
Сүйектерің сырқырап, Көрінгенің жөн болад.
Екі көзің жасаурап, Бұл тұмаудың тигені
Бас ауырып, жөтелсең, Жөн оны ерте білгенің.

І Тұмаумен ауырмау үшін бөлмені жиі желдетіп, адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған дұрыс. Тұмауратып ауырсаң, мына ережелерді сақта: төсек режимін сақтап сұйық заттарды, витаминдерді көп мөлшерде іш.

21. Жұқпалы аурулар.
Түрлі аурулар туады Ал бұларды таратар
Микробтан зиянды. Микроб пен құрттарды,
Жұқпалы ауру-қантышқақ, Тазалықпен құртыңдар.
Іш сүзегі,тырысқақ. Тарақандар,шыбындар
Болса ,қуып шығыңдар.

І:
Қауіпсіздік ережесін сақтамасақ біздің денсаулығымызға келтірер зияны бар ма?

Жол апатының жарақатынан сақтандыру.
Сақта көше тәртібін, Сары жанса, сабыр
Бағдаршамның ал «тілін». Сақтай тұрам әзір.
Біліп алдым мен де: Жанса қызыл шоқтай,
Жасыл жанса,демде Қаламын кілт тоқтай.
Алға кетем лезде.

22 Жағымсыз әдеттер.


Саусағыңды сормағын, Әрбір жанға жау мықты
Салдыр - салақ болмағын. Арақ – шарап ішпегін.
Әдет қылма мұрныңды, Денсаулыққа қауіпті
Шұқылама мұрныңды. Темекі де шекпегін.

23 Жан сезім саулығы


жан сезімнің – өзіңнің Сенім, рахат, жұбаныш
Көңіл – күйің сезімің. Денсаулыққа зиянды:
Денсаулыққа жағымды: Ашу, қиял, реніш,
Көңілді шақ, қуаныш, Көңілсіздік, қорқыныш.

ІІ :
Табиғат аясындағы су тоғандарын, өзендерді, көлдерді ластама! Табиғатты тамақ қалдықтарымен, өзендерді, көлдерді ластама! Табиғатты тамақ қалдықтарымен, целлофан қалталармен, қағаздармен ластама. Демалыс жорықтарға шыққан кезде айналаңды жинап жүр.

24 : Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл.
Қауіп – қатер төнсе оған
Қамқорға алып, сүйе біл.

25 Білгің бұны балалар, Ескертеміз бар ұлға,


Сусыз – құрғақ далалар, Ескертеміз бар қызға,
Сусыз – қараң қалалар. Суды босқа ағызба.

І: Енді тамашадан үзінді «Соқыр шек».

Әр топқа жағдаяттан шығу тапсырмалары беріледі.
І топ: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сырының иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

ІІ топ: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда есірткі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?

ІІІ топ: Саған 11-сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе...... » деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

1: Әр топ өз тақырыптарына эссе жазады. (5-6 сөйлем).

Әр топ спикерлерін тыңдау

ІІ: Енді Әр топқа сұрақ қойылады, топтастырып ойларыңды ортаға саласыңдар:


І топ: «Денсаулық» , ІІ топ «Табиғат» , ІІІ топ «Зиян» сөзін топтастырыңдар.
Жанел: денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?

Мақал – мәтелдерді тыңдау.

: Тіс ауырса, іш ауырса,
Саған дәрі береді.
Балаға да, анаға да
Мейірімін төгеді.
Ол кім?

Оқушылар: дәрігер


Жанел: Дәрігер апайымызға «Қош келдіңіз» дей отыра, сөз кезегін сізге береміз.

Дәрігер сөйлеп болған соң.

26: Қарсы алып жылы сөзіңмен,
Ем жасадың аянбай.
Бауыр боп кеттік өзіңмен,
Жақсы бір көріп жанымдай.

27: Нәр алып жылы сөзіңнен,


Жақсарып келем жалындай.
Шипалы сөзің, еміңмен,
Көктемгі жасыл жайлаудай.

28 Адалдық ақ жол сеніммен


Алғысын көптің ала бер.
Ақжарқын адал көңілмен
Сырқаттың жайын таба бер.
Күш – қуат алып өмірден,
Қартайма, лаулап жана бер.

29 Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,


Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Ей болашақ, саулығың өз қолыңда,
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

30: Нашақорлық жайлаған әндет білем,


Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем.
Күресуге ғасырдың тағдыры үшін
Оған сен де міндетті, міндетті мен.

«Күн әлемі» әні.

ІІ : Ата – анамыз, ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз:
Берекелі заман болсын,
Балаларың аман болсын.

І: Жиырма бірінші ғасырда,


Ашық аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.

ІІ: Бүгінгі тәрбие сағаты


Денсаулық жайлы сөз еткен.
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен

І: Қымбатты қонақтар, ұстаздар! Көңіл қойып, тәрбие сағатымызды тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет! Қош, сау болыңыздар



[c]

»
Каталог: files -> blog
blog -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
blog -> Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> «Өзім тұратын үй» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстардың қашықтан өткізілетін республикалық интернет-байқауының ережелері
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> Терінің құрылысы Терінің түсі
blog -> Мына ақпаратқа назар аударсақ
blog -> Ресми сттистика бойынша жыл сайын өз-өзіне қол жұмсап 1 000 000 адам қайтыс болады екен


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет